Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 13:24, курс лекций
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
1.Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2.Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3.Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы).
4.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.
Қорыта айтқанда, қандай да бір қоғамда адамның әлеуметтік жүйедегі орны бар. Ал, қоғамның адамға белгілі бір талап қоюы оның әлеуметтік рөлінің мазмұнын, мәнін құрайды. Сонымен, әлеуметтік рөл дегеніміз, әлеуметтік дүйеде белгілі бір статусы бар адамның орындайтын іс-әрекетінің жиынтығы.
Әрбір статус бірнеше рөлдерден құралады. Нақтылы статустан шыққан бірнеше рөлдердің қосындысын рөлдер жиынтығы (набор) деп атайды. Әлеуметтік рөл рөлдік тосу, күту, үміт ету және рөлдік мінез-құлық болып екіге бөлінеді.
Рөлдік тосу, күту, үміт ету (ожидание) – бұл ойын ережесіне сәйкес нақтылы рөлден бірдеңені үміт ету, тосу, күту, ал, рөлдік тәртіп дегеніміз, адамның өзінің рөлі шеңберінде белгілі бір міндеттерді атқару. Күнделікті өмірде адам бір рөлді алып, осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді анық түсінеді, бұдан іс-әрекеттің, жұмыстың жобасын, оларды атқарудың реттерін біледі және өзінің мінез-құлқын айналасындағы адамдардың мүдделерімен сәйкестендіреді.
Қоғам бұл мәселеде әр уақытта «осылай болу керек» деген қағиданы басшылыққа алады. Осыған сәйкес қоғамда бақылау жүйесі орнаған. Ол қоғамдық пікірден тәртіп сақтау органдарына дейін бар және осыған орай қоғамдық-әлеуметтік санкция жүйесі орнап, қызмет арқарады. Ол адамды ұялтып бетіне басудан (порицание), кінәлаудан, айыптаудан (осуждение), күштеуге дейінгі шараларға барады.
Жоғарыда көрсетілгендей, тұлға дегеніміз, жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты, терең жетілген адам. «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.
Осыдан барып, тұлға-қоғамдық қатынастардың жемісі деген тұжырым жасалады. Екінші жағынан, әрбір тұлға өзінше ерекше, қоғамнан біршама тәуелсіз, еркін болады. Оның осындай өзгешелік қасиеттерін, қабілеттерін тұлғаның ерекшелігі деп атайды.
Құқықтық мемлекеттерде жеке тұлға өркениет пен мәдениеттің жоғары адамгершілік қасиеттердің жиынтығы және субъектісі ретінде танылады.
Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру
процесі тек қана адамдардың алуан
түрлі біліктері мен топтық шеңберінде
болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру
оны өз бетімен еркін адамзаттың
алдыңғы қатарлы
а) іс-әрекет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады
ә) қарым-қатынас, бұл – адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді
б) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс-әрекет етуі жатады.
Осылардың негізінде тұлғаның ерекшелік қасиеттері одан әрі тереңдей түседі, оның әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі тануы, өзінше бағалау қасиеттері қалыптасады. Әлеуметтік тәжірибеде, мәдениетте сабақтастық болады. Бұл бағалы, құнды нысана-бағыттарды, тәжірибелерді, іске бейімделуі, мұраттарды ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруы, бұларды толық игеріп, меңгері, өмірде нақты қолданумен тығыз байланысты. Құндылық, бағалық мұраттар, бағыттар адамның нақты дүниедегі бағалы, құнды қатынастарын анықтайды, өйткені бағалық-құндылықтар адамның талап-тілегін, мұқтаждығын, мүддесін қанағаттандырады, ал, олар екінше жағынан, адамның белсенді іс-әрекеттерінің, қызметінің көзі болып саналады. Осындай жағдайларға байланысты әрбір адамды әлеуметтендіру қоғамның дамуындағы көкейтесті мәселелердің қатарына жатады.
Тұлғаны әлеуметтендіру. Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс-әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда іске асады. Тұлға – белгілі тарихи-мәдени ортада өмір сүретін, қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық және моральдық (яғни адамгершілік) қасиеттерді бойына сіңірген, шынайы өмірді тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз іс-әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, тұлға қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп, жан-жақты жетілген адам.
Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс-әрекеті мен басқа адамдармен пікір алмасу процесінде өтеді. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес. Керісінше, индивидтің іс-әрекетке белсеңді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез-құлқын қоғам талабына сай, лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруы арқылы іскғе асады.
Соның арқасында адамда өз мінез-құлқын, іс-әрекетін, қызметін басқа адамдардың сондай мінез-құлықтарымен салыстыра бағалау, сөйтіп өзінің кім екенін түсіну, өзін-өзі тану қабілеті жетіледі.
Тұлғалық қасиеттердің ішіндегі аса маңыздысы соның өмірге өзіндік көзқарасының болуы. Адамның көзқарасы ғылыми немесе ғылыми емес болуы мүмкін. Осыдан көзқарастың әлеуметтік жағына көңіл аударсақ, жеке тұлғаның қандай қоғамдық топтарға, саяси қозғалыстарға қызмет жасайтынын, қандай топтар мен қозғалыстарға қарсы екенін, озық ойлы, не кертартпа екенін аңғаратын боламыз.
Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді. Біріншісі – туғаннан ер жеткенге дейін. Екіншісі – ер жеткен, кемеліне келгеннен кейінгі кезең. Бірінші кезеңде жасөспірім бала сыртқы дүние туралы белгілі бір деңгейде білім жиынтығының жүйесін, негізгі бағалы, құнды бағыттар мен нұсқаларды игеріп, меңгереді. Ол бірнеше әлеуметтік рөлдер атқарады.
Екінші кезеңде тұлғаның бүтін, біртұтас көзқарастары, идеологиясы және белсеңділігі, өмірлік құбылыстарға байланысты бағыты қалыптасады. Осы екінші кезеңде тұлға әлеуметтік сипатта болады, оның өмірлік стратегиясы және өзіндік ерекшелігі басым көрінеді.
Тұлғаға айналудың бірінші кезеңі басрлық адамдарда бар, бірақ, екінші кезеңнің сипаты барлық адамдарға байқала бермейді. Кейбір адамдар өзінің соңғы күніне дейін өзгермей, қарапайым болып қала береді. Ал, кейбіреулер тіпті жиырма бес жасында тұлғаға айналады. Әрине, өкінішке қарай, мұндайлар қоғамда өте сирек кездеседі. Жеке дара адамды, индивидті тұлғаға айналдыруда әр түрлі оқу орындарының атқаратын қызметі зор.
ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық
қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен
қатар әлеуметік іс-
Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды пайдаланады. Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық топ болып саналады. Ал, саналы емес іс-әрекеттің салдары әруақытта қалыптасқан нормадан ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты.
Вебер әлеуметік іс-әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:
а) ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір-біріне сәйкестігі көзделеді.
ә) іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс-әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық) көзделеді.
б) аффективтік, бұл адамның эволюциялық реакциясына негізделген (аффективия).
в) дәстүрлік (яғни салт-дәстүрлік), мұнда адмның іс-әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.
Тұлғаның әлеуметік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдіруін айтады.
Әлеуметтік іс-әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайлармен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң-мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.
Басқаша айтқанда, адамды іс-әрекетке, қызметке итермелейтін негізіг себептер – қажеттілік, мұқтаждық, мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол қолда жоқ зәрулікке жатады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады.
Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана қажеттіліктер (мқұтаждықтар) жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыста болу, қоғамдық өмірге араласу т.б. мұқтаждықтар кіреді. Қажеттілікті адам терең сезініп, түсінесе, оны өтеуге, іске асыруға тырысса, ол мүддеге, ал, мүдде мақсатқа айналады. Мұның өзі екінші жағынан, тұлғаның қажеттілікке, мұқтаждыққа, мүддеге, мақсатқа терең көзқарасын қалыптастыруын керек етеді.
Адам мүддесі, мақсаты белгілі бір қажеттілікті (мұқтаждықты, зәрулікті) қанағаттандыру мүмкіндігіне қарай тұлғаның іс-әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады. Жалпы мүдде, мақсат адамның қоғамда өмір сүру қызметінің қалыптасқан жағдайлар мен орындарын сақтау немесе оларды өзгерту үшін күреске жеке адамдарды жұмылдыратын шешуші себеп ретінде байқалады.
Мүдделердің, мақсаттардың негізінде әлеуметтік талап-тілектерді білдіретін адамдардың қажеттіліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір нәрсеге, затқа деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде көрінеді.
Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттен керегін алып, өзінің мүддесін, мақсатын қанағаттандырып отырады. Ол табиғатқа тәуелді болады, бірақ, бұл тәуелділікті біршама бәсеңдетуге, төмендетуге тырысады. Сөйтіп ол табиғаттағы жоқ заттарды қолдан жасап, өзінің қажетілігін, мұқтаждығын қанағатандырады. Осылардың нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.
Қажеттілік – объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажетілікті терең, жан-жақты түсініп, оны меңгеріп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсеңділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс-әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.
Кейбір жағдайларда адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерін өзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрмысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімделуге мәжбүр болады.
Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.
Қажеттіліктің мүддеге айналуы, ал, мүдденің мақсатқа айналуы бұл субъект қызметінің екі сатысы. Мұның әрқайсысы іс-әрекеттің себебі ретінде сипатталады,
Мүдденің мақсатқа айналу сатысында қозғаушы күш ретінде болатын адамдардың ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды рөл атқарады, осылардың өзара байланыс-қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік жағын құрайды. Әлеуметтік іс-әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады. Тұлғадағы жоғары адамгершілік, құнды, бағалы нұсқаулар, мұраттар, бағдарламалар оны қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделу ретінде бола отырып, тұлғаның жоғары кәсіби мамандығын, белсеңділігін, жауапкершілігін, іскерлігін ұдайы арттырып отырады. Бұл қатынастар индивидтің нақтылы қызметінің мәні мен мазмұнын, оның мақсаты мен міндетін қалай түсінетініне, осы қызметтің қажеттілігіне деген сезіміне қарай өзінің қызметінде қанағаттану немесе қанағаттанбау сезіміне сәйкес құрылады.
Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.
Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.
Сол сияқты әлеуметтік бақылау дегеніміз – ол жеке дара адам мен (индивидтің) қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін құрал. Әлеуметтік бақылау шеңберіндегі әлеуметтік қатынас дегеніміз, ол – субъект (адам, адмдардың алуан топтары мен бірлестіктері) мен объектінің (сырт дүниенің), жай ғана қатынасы емес, бұлар әр түрлі сипаттағы элементтердің өзара қарым-қатынастары.
Сөйтіп әлеуметік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек қана саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль) тарапынан да реттеу болып табылады.
Әлеуметтік бақылау – топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтыдығын, бірлігін сақтайды.
Адамның іс-әрекеті деп, оның мұқтаждығы мен алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттердің жиынтығын айтамыз.