Әлеуметтану ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 13:24, курс лекций

Краткое описание

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Содержание

1.Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2.Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3.Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы).
4.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sotsiologia_Ikenov_kazt.doc

— 834.00 Кб (Скачать документ)

Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының бастамасымен елден қаржы жинап, 1913-жылы «Қазақ»  атты газет шығару ұйғарылды. Сөйтіп ол 1913-ші жылдың басынан 1917-ші жылдың соңғы айларына дейін осы ұйымның редакторы болып еңбек етеді.

«Қазақ» газеті 5 жылдай (1913-1918ж.ж.) уақыт өз қаражатымен, сол  кезең үшін едуәір көп таралыммен (8000 дана) шығып тұрған. Бұл газет ең алдымен қазақ халқының ұлт-азаттығын және мәдени-әлеуметтік дамуы үшін күресті мақсат етіп қояды.

А. Байтұрсынов 1917-ші жылғы  Ақпан революциясын, монархияны құлатып, халықтарға азаттық әкелді деп шын  көңілмен қарсы алды. Осы азаттықты  нығайту саясатымен патшаның қол астында болған әр халықтың өз ішінде бас қосып, бірігу, ол үшін құрылтайлардың өткізу әрәекеттері қолға алынды. Әрине, бұл әрекеттерді жүзеге асыру сол халықтың көзі ашық, озық ойлы зиялы қауымының мойнында болды. Зерттеуші Б. Қойшыбаевтың жазғандарына қарағанда, Торғай облысының осындай құрылтайын ұйымдастырып, оны 1917-ші жылдың сәуір айында өткізушілердің А. Байтұрсынов болды. Бұл құрылтайда қазақ құрылтайын шақыру керек деген мәселе қойып, оны ұйымдастыратын алқа сайлайды. Қазақ құрылтайы осы оқиғадан бірнеше ай өткен соң 1917-ші жылдың 21-28 шілдесінде өтті. А. Байтұрсынов сол қрылтайды ұйымдастырушылардың бірі болды. Қазақ ішінде саяси партия құру жөнінде тұңғыш рет мәселе осықұрылтайда көтерілді. Петроградта өтетін мұсылман құрылтайына – Құрылтай жиналысында осы партияның делегаттар сайлауы керектігі айтылды. «Қазақ» газеті осы мақсаттй орындау үшін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ұлт комитеттерінің басын құрап, партия етіп, оған «Алаш» деп ат қойып, делегаттар сайлау найқауынына кірісу керектігін жазды.

Бұл газеттің 1917-ші жылдың 21-қарашасындағы санында жанадан  құрылған «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаны жасап, қол  қойған алты адамның бірі А. Байтұрсынов  болған. 10 тармаққа бөлініп көрсетілген  бағдарламада Ресейдің демократиялық-федератвитік республика боолуға тиістігі, Қазақтың ұлттық автономиялық мемлекетінің құрылуы, дінді мемлекеттен бөлу, сот істерінің тәртібі, салық салу тәртібі, халыққы білім беру, жұмысшы заңдары, жер заңы, т.б, мәселелер көзделді. 1917 – ші жылдың 5 – 13 желтоқсанында өткен екінші жалпы қазақ құрылтайына 25 мүшеден тұратын «Алашорда» атты уақытша халық кеңесін (үкіметін) құру туралы шешім қабылданды. Қазақтан сайланға 15 мүшесінің ішінде, яғни «Алашорда» үкіметінің басшылық құрамында А. Байтұрсынов болған жоқ. Ол оқулықтар жазу жөніндегі Комиссияға сайланды.

«Алаш» - 1917-ші жылдың орта тұсында құрылып, 1920-жылдың орта шенінде  тараған ұйым болатын. Ұлттық идеологияны  негізге алған бұл партияның  алғашқы кезіңдегі платформасы  ұлттық даму, ұлттық тең құқықтық үшін күрес болса, бұл идея сол теңдікке оқу-білім, халықтың мәдениетін көтеру арқылы жетуге болады деп танып, осы майданда ширек ғасырдай аянбай тер төгіп, еңбек етіп келе жатқан А. Байтұрсыновты елеңдетпей тұра алмады. Демек, жалғыз А. Байтұрсынов емес, сол кезеңдегі көзі ашық, санады қазақ зиялыларының көпшілігінің «Алаш» партиясына тоатасуының субъективтік жағымен қатар, объективтік те себептері болғанын ескеру керек, яғни өнер-білімнен кенже қалған қазақ қауымын оқуға шақыру, сол жолда қызмет ету – ағартушылық идеясы ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі қазақа қоғамындағы басты ағымдардың бірі болғаны белгілі.

А. Байтұрсынов «Алашқа» қызмет ете жүріп, өзге партиялардың да көздейтін мақсаттарына, ұстаған  бағыттарына үңілді. Оны қазақ  халқы үшін қай партияның бағдарламасы қолайлы деген ой толғандырды. «Алаш» партиясының Қазақ төңкерілісінен кейінгі ұстанған автономия-ұлтшыл платформасы қазақ қоғамының әрі қарай дамуына қол емес екенін түсінеді. Сондықтан 1919-ші жылдың Наурыз айынан бастап өз қалауымен Кеңес үкіметі жағынан шығарады да,бірден алуан түрлі жауапты мемлекетік істерге араласады. 1919-ші жылы «Алащ» партиясынан шығып, ол 1920-шы жылдың РК(б)П қатарына енеді. Сол жылы ол Коминтерннің РК(Б)П 2-ші конгресінде Ленин бастаған делегация құрамында болып, қатысады. А. Байтұрсынов халық ағарту комиссары, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі лауазымдарын атқара жүріп, Қазақстанда автономиялық мемлекет құру ісіне жаңа әлеуметтік қатынастар орнату ісіне зор үлес қосты. Оның қазақтың автономиялық мемлекетін құруды қалай түсінетінін 1920-шы дылжың 17 мамырында Ленинге жазған хатынан анық көреміз. Онда ол, біріншіден, қазақ өлкесін басқаруға халықтың күйін жақсы білетін, халық сенетін адал коммунист қазақтардан қою керектігін дұрыс дейді; екіншіден, аралас ұлт өкілдерінен тұратын аймақтарды басқару орындарында езілген ұлт өкілдері кемінде үштен екісін құрау керек дейді; үшіншіден, қазақ өлкесінің шаруашылық-экономиялық мекемелерін басқару ортақтандырылуына немесе ортақтандырылмауына қарай ешбір бөліске түспей немесе басқа губернялар мен облыстарға бағындырылмай қазақтардың қолында болуға тиісті; төртіншіден, қазақ коммунистері мен интеллингенциясының барлық саяси-мәдени жұмысы кеңес социалистік шаруашылық саясатында негізделіп, жүргізілуі керек; бесіншіден, Қазақстанды, оның астанасы Орынбормен біріктіріп басқаратын әскери округ құру; алтыншыдан, қалалардағы әскери гарнизондар міндетті түрде қазақтардан болуы керек; Ахмет Байтұрсынов шын мәніндегі автономия осылай болу керек деп түйген еді. Әрине, оның ұсыныстары іске асу былай тұрсын, тіпті Қазақстан Одақтас Республика болғанда да оның мемлекет ретінде егемендігі болмады. Қазақ қоғамының дамуы мешеулеп қала берді. Осындай қоғам дамуындағы келеңсіздікті (кемшіліктерді) сынағаны үшін А. Байтұрсынов абақтыға жабылып, 1937-ші жылы атылып кетті.

 

ІІІ. ҚОҒАМ  ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖІКТЕЛУІ

  1. «Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары
  2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
  3. Қоғамдардың жіктелуі

 

1. «ҚОҒАМ» ДЕГЕН  ҰҒЫМНЫҢ МӘНІ МЕН ТҮСІНІГІ, АНЫҚТАМАЛАРЫ

«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану  ғылымының басты категориясы  болып табылады.

Күнделікті өмірде бұл  ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) тандаулы адамдарың  қоғамы, 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.

Көп уақытқа деін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген ернайы термин енгізді.      

  Бұл аталған ұғымдардың  айырмашылығын немістің ұлы философы  гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді.

«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде  түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл  атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – со қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.

Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған  анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.

Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір  қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.

Француз әлеуметтанушысы  Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке  қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.

Американдық әлеуметтанушы  Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар  арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі –  ережелер (нормалар) менқұндылықтар болып  табылады деген.

Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі –  қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас  жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.

Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне  көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын , өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.

Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу  тұрақты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.

Әлеуметтік  байланыстар – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.

Әлеуметтік  өзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесіде пайда болатын процестер. Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады.

Әлеуметтік  қарым-қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастраға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбылармен – достық, жолдастық қатынаста; өндірісте – еңбек қатынасында; билік орындарымен – саяси қатынас орнатады.

Сонымен, қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.

Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша  айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.

Кооридинация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.

Субординация – тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызы орын алатындығы баршамызға мәлім.

Әлеуметтануда қоғамға  жүйе тұрғысынан қарау детерминистік көзқараспен толықтырылады. Бұл теория марксизмде айқын көрініс тапқан. Маркстік ілім бойынша, қоғамның өзі экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық деген жүйелерге жіктеледі. Олардың арақатынасы себеп-салдарлық байланысқа негізделген. Яғни, әр жүйе өз алдына жеке дара емес, керісінше, басқалармен өзара тығыз байланыста болады. Марксизм бұл жүйелердің ішінде экономикалық жүйеге басты орын береді. өйткені экономикалық жүйенің негізінде материалдық игіліктер өндірісі қоғам мүшелерін өмір сүруге қажетті алғышарттармен қамтамасыз етеді. Бұл аталған жүйе қоғамның негізі болып саналады және әлеуметтік, саяси, идеологиялық салалармен өзара тығыз байланыста болады.

 

2. ҚОҒАМНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ.

Қоғамның құрылымы өте  күрделі. әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.

Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз  байланыста, қарым-қатынаста болатын  индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

Бұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады.

 

Әлеуметтік құрылымның басты элементтері


 


    


  


байланыстар мен                                                                                            байланыстар мен 


    қатынастар                                                                                                        қатынастар

 

 

 

Әлеуметтік қоғадастықтар  деп, белгілі бір отақ белгілері  бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас  адамдар тобын айтамыз.

Қоғамда адамдар қоғамдасуының  сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.

І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:

1) қысқа мерзімдік  байланысқа негізделген, тұрақтылығы  төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар  деп е атайды.

Мәселен, бұл топқп  театрдегі спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.

2) тұрақтылығы орташа  қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)

Информация о работе Әлеуметтану ғылым ретінде