Қазақстан Республикасында басқару органдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі қос палаталы Парламенттің қызметі ерекшеліктеріне , табиғаты мен қайшылықтарына, олардың заң шығару қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

Қазақстан Республикасында басқару органдарының жүйесі.............5
Қазақстан Республикасында басқару органдарының құзыретін ұйымдастыру.................................................................................................5
Мемлекеттік комитеттер мен министрліктердің қызметін ұйымдастыру.................................................................................................7

Мемлекеттік басқарудағы өкілді органдар............................................10
Парламент – заң шығарушы өкілді орган...............................................10
Үкімет – атқарушы биліктің жоғары органы..........................................13

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары...........................................................................................................17
Жергілікті басқару органдарының құзыреті және қызметін ұйымдастыру...............................................................................................17
Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары..............20

Қорытынды..........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс МБТ.docx

— 63.24 Кб (Скачать документ)

Әкімшілік – заңдық тұлға санатына кірмейтін алқалы орган болып табылады. Әкімшіліктердің төмендегі буындары құрылады: 1) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық; 2) аудандық  (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық ( селолық ) округтік әкімшіліктер .

Облыс әкімшілігінің құзыретінің төмендегідей бағыттары бар:

  1. ұйымдық – шаруашылық;

2) басқарушылық,

3) реттеушілік;

4) үйлестірушілік

5) консультативтік.

Ұйымдық шаруашылыққа төмендегі өкілеттіктер жатады: облысты (Алматыны, Астананы), облыстық (Алматының, Астананың) бюджетті дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу, облыс (Алматының, Астананың) аумағында кәсіпкерлік қызметті, инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау, облыс аумағында су құбырларының, тазартқыш құрылыстары, электр беру желістерінің, басқа да инфрақұрылым обьектілерінің құрылысын ұйымдастыру, қоғамдық тәртіп қорғау және қауіпсіздік сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және т.б.

Басқарушылыққа төмендегі өкілеттіктерді жатқызуға болады:

Аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, облыстық ( Алматы, Астаналық) маңызы бар жолдарды ұтымды іске пайдалану мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету,мемлекеттік стандарттарды сақтауды қамтамасыз ету, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруын қаматамасыз ету, облсытық коммуналық шеншікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер құру.

Реттеушілік заңдарға сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру жатады:    әкімшілік нормативтік қаулылар қабылдайды.

Облыстық әкімшілік аудандық әкімшіліктердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олардың жұмысын үйлестіреді, халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысын үйлестіреді.

Облыстық (Алматы, Астаналық) әкімшілік консультативтік жұмысты жүзеге асырады, ол үшін ведомствоаралық сипаттағы мәселелер  бойынша консультативтік-кеңестік органдар түзейді. Облыстық әкім Қазақстан Республикасының Конституцяисына сәйкес облыстардың  (Алматының, Астананың) әкімдерін қызметке Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президент тағайындайды. Облыстың әкіміне бірнеше түрге бөлуге болатын құзырет берілген:

Өкілдік өкілеттіктер. Облыстың (Алматының, Астананың) әкімі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарда облыстың мүдделеріне өкілдік етеді. Әкім өз құзыретін жүзеге асыру барысында Парламент пен сот органдарынан  басқа, Үкіметтен бастап орталық атқарушы органдардан төмен тұрған атқарушы органдарға дейінгі барлық органдармен қарым-қатынастарға кіреді.

Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері әкімшіліктің аумағында орналасады және қызмет істейді. Олардың қалай жұмыс істейтіні, өздерінің міндеттерін қалай атқаратыны, нормативтік актілер талаптарын орындайтыны облыс әкімшілігі үшін бәрі бір емес. Сондықтан облыс әкіміне орталық атқарушы органдардың басшыларына олардың аумақтық бөлімшілірінің заңдарды, Президент пен Үкіметтің  актілерін, облыс әкімдерінің өздерінің және әкімшіліктерінің актілерін, облыс әкімдерінің өздерінің және әкімшіліктерінің актілерін орындау бөлігінде соңғылардың қызметі туралы ұсыныс енгізу құқығы берілген.

Облыс әкімі төмендегі лауазымды адамдарды: 1) жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша облыс (Алматы, Астана) әкімінің орынбасарларын; орынбасаралрдың шекіт санын Үкімет белгілейді;

2) облыс (Алматы, Астана) әкімі аппаратының  басшысын және оның құрылымдық  бөлімшілеріның басшыларын;

3) заңдарда белгіленген тәртіпте  нысанды киім кию құқығы және  әскери немесе өзге арнайы  атақ берілетін басшыларды қоспағанда  облыс бюджетінен қаржыландырылатын  атқарушы органдар басшыларын  қызметке тағайындайды және қызметінен  босатады. 

Облыс әкімі қала аудандарының әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттеседі. Бұл облыс әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тікелей байланысы жоқ екенін білдіреді. Бірақ бұл облыс әкімі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тікелей байланысы жоқ екенін білдіреді.

 

    1. Қазақстандағы басқару органдарын жетілдірудің жолдары

 

Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» — экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыруы керек. Өйткені жаңағы тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар тәжірибесі айқын дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі — қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шаруашылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.

Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттілігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелілік жағдайға жиірек ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті. Оның басты себебі — экономикалық тоқырау жағдайынан тезірек шығып, шаруашылық жүргізудің жаңа, нарықтық үлгісін орнықтыру, соның арқасында әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынының тұрақтылығына қол жеткізу проблемаларын шешу барысында мемлекеттік басқару органдары жүйесі мен міңдеттерін ұдайы жетілдіріп отыру керек болды. Сондықтан да Елбасының жарлықтары мен Парламент қабылдаған заңдар арқылы мемлекеттік басқару органдарының құрылымын әлденеше рет қайта қарастырып, олардың міндеттері мен құқықтарын барған сайын «таразыға салып» отыруға тура келді. Осы үрдіс әлі күнге жалғасып келеді.

Бұл жерде тарихи шолу жасап жатудың қажеті шамалы, өйткені ол біріншіден, бөлек және арнайы зерттеуді талап ететін мәселе, ал екіншіден өткенді сөз еткеннен гөрі алда тұрған міндеттер жөнінде кебірек айтылғаны оқырманға пайдалырақ болар еді. Сондықтан да мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірудің негізгі багыттарына кеңірек тоқталған жөн болар еді.

Ең алдымен мемлекеттік басқаруды жаңарту мақсатында іске асырылып жатқан кең ауқымды шаралар жөнінде айтуымыз қажет. Олардың алдыңғы қатарында бюджет жүйесі мен ұлттық қордың жаңа ереже негізінде жұмыс істеуін атап көрсету. Ол ереже бойынша бюджеттік қаржыларды бюджет аралық қатынастарды жетілдіре отырып тиімді пайдалану қарастырылса, ұлттық қордың инвестициялық рөлін көтеру көзделген. Бұл орайда корпоративтік басқарудың ұйымдастырушылық және әдіснамалық негіздерін қалыптастырудың маңызы зор. Ұйымдастырушылық жағынан келгеңде бірінші кезекте шешетін мҽселенің қатарына мемлекеттік активтер көлемі мен құрылымын анықтап, оларды корпоративтік басқару жүйесіне көшіру жатады. Бұл жолда жасалған маңызды іс-шараның алғашқысы ретінде «Самұрық» қазақстандық холдингі» мен «Қазына» тұрақты даму қорын» құруды атап өтуіміз керек.

Енді әдіснамалық жағынан келетін болсақ, онда ең алдымен корпоративтік басқарудың тұжырымдамасы мен іргелі қағидаларын анықтап, оларға ғылыми сипаттама беруіміз керек. Тұжырымдамаға ең ықшамдалған тұжырымдама түрінде анықтама берсек, ол мына төмендегідей болар еді, корпоративтік басқару тұжырымдамасын ұстану - ол жалпы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре және жаңарта беру үрдісінде шешуші рөл атқара отырып шаруашылықтың тиімділігі мен жоғары әлеуметтік стандартты әрдайым ұштастырып отыру болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, корпоративтік басқарудың мәні мен маңызы — пайдалы еңбек нәтижелерінің тиімділігіне қол жеткізу болса, оның мақсаты - әлеуметтік стандарттың жоғары деңгейіне қол жеткізу екенін баса көрсету. Сондықтан да әлгіндей басқарудың мәнін түсінбей маңызын айқындай алмас едік, ал оның маңызына терең бойламай тұрып мақсатын айқындай алмас едік. Енді осы үшеуін логикалық жағынан тығыз байланыста қарастырмасақ, онда корпоративтік басқарудың Жалпы мемлекеттік басқару (жергілікті басқару) жүйесіндегі орны мен рөлін де дұрыс анықтай алмас едік .

Осындай тұжырымдамадан туындайтын қағидаттарға да тоқталу керек. Олардың негізгілерін сөз ететін болсақ, мына төмендегілерді атап өткен дұрыс болар еді. Ең алдымен, корпоративті басқарудың маңызды қағидаты ретінде оның сапасын жоғарылату жағдайында басқару объектісін тиімді пайдалануға әрдайым қол жеткізіп отыруды келтіргеніміз жөн. Өйткені бұл жерде басқару сапасы жоғары болмайынша оның нҽтижесінің тиімділігі жөнінде сөз қозғауға болмас еді, ал оның тиімсіздігі әлгіндей басқару жүйесінің сапасындығын дәлелдер еді.

Екіншіден, корпоративті түрде басқарудың маңызды қағидаты оның күнделікті болып тұратын өзгермелі жағдайларға бейімделгендігімен түсіңдіріледі. Яғни, басқару мақсаты ішкі мүмкіндіктер мен сыртқы жағдайларды (конъюнктураны) ескеретін болса, онда сол басқару жүйесі әлгі жағдайларға сәйкестендірілуі керек. Керісінше болса, аталмыш жүйе сапасыз деңгейде қызмет етеді деген сөз.

Келесі үлкен мәселе — ол корпоративті басқару үрдісінің қарапайым халық үшін ашықтығы мен жалпы мемлекеттік басқару жүйесімен үңдестігі болып табылады. Бұл қағидатты ұстанудың маңызы мынада: корпоративті басқару түптеп келгенде халық пен мемлекет мүддесін өнебойы алдыңғы кезекке қойып, сол арқылы мемлекеттік басқарудың біраз «жүгін» ез мойнына алып отыруға тиіс. Бұл жағынан келгенде корпоративті басқару жергілікті мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мен тетіктерін жетілдіре беруде де үлкен рөл атқарады. Бұған қазіргі өмірге келіп жатқан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар қызметі жеткілікті дәлел бола алады.

Корпоративті басқару жүйесінде және оның қызметін үйлестіруде қолданылатын әдістер мен әкімшілік-экономикалық тетіктер де өз алдына зерттеуді талап ететін күрделі мәселе болып табылады. Бұл жерде айтарымыз -әдістер жүйесін қолдану жаңағыдай басқару үрдісінде қабылданатын шешімдерді дайындауға «жақынырақ тұратын» болса, тетіктер жүйесі әлгі шешімдерді іске асыру барысында кеңінен қолданылады. Орындалмайтын (іске асырылмайтын) шешімдерді қабылдау басқару жүйесі мен қызметінің сапасыздығын сипаттайтынын ескерсек, онда олардың сапасын жақсарту мәселесі жаңағы әдістер мен тетіктерді логикалық тығыз байланыста қарастырып, оларды қолдануды біртұтас үрдіс ретінде түсінуіміз қажет. Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің келесі, екінші маңызды бағыты ретінде орталықтандырылған, аймақтық жҽне жергілікті атқарушы органдар арасындағы функцияларды сәйкесінше анықтап, олардың аталған басқару деңгейлерінде қайталанбауын қадағалау негізінде мемлекеттік басқару органдарының құрылымын өмір талабына сай өзгертіп отыруды атап көрсетуіміз керек. Бұл өзгерістер ғылыми-ұйымдастырушылық және жаңаша ақпараттық технологияға сүйене отырып жүргізілетін болғандықтан функциялық маңызы жағынан керексіз буындарды жоюға және сол арқылы салалық (аймақтық) биліктегі лауазымдық сатыларды қысқартуға алып келуі керек. Бұл үрдіс бара-бара «Электронды үкімет» тұжырымдамасын іске асыруға себепкер болады. Бұл орайда керексіз буындар мен лауазымдық сатыларды айқындау және қысқарту үрдісі науқаншылдықпен емес, тұрақты жалдау негізінде жүргізіліп, орталықтандырылған және аймақтық (жергілікті) басқару органдарының «Басқарушылық шешімдер қабылдаудағы өкілеттіктері мен дербестігі күшейтілуге тиіс».

Үшіншіден, мемлекеттік басқаруды жетілдіру үшін іске асырылуға тиісті маңызды шара - мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру. Ол үшін, Президентіміз атап көрсеткендей, әлгіндей қызмет көрсетуді енгізілетін салалық стандарттарға сай жүргізу талап етіледі. Ал, бұл талаптың орындалу деңгейін қадағалап отыру мақсатында әлеуметтік сауалнама мен рейтингілік бағалау жүйесін күнделікті тәжірибеге енгізудің маңызы зор. Аталмыш стандарттарды дайындау мен енгізу женінде сөз болғанда алдымен іске асырылатын шараның бірі мен бірегейі - ол әрбір мемлекеттік басқару органының стратегиялық жоспарын жасақтау болып табылады. Сол жоспарда тиісті негіздемеге сүйенген мақсаттар мен міндеттердің орындалу деңгейі орталықтандырылған және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін рейтингілік бағалау көрсеткішіне тікелей әсер етуі керек. Осыдан барып жоғарыда аталған органдардың бірінші басшыларының басыңқылықты міндеттері туындайды. Ол - салалық және аумақтық шаруашылықты дамыту саясаты мен стратегиясын айқындап отыру және оларды іске асыру мүмкіндіктерін алдын ала ыңғайлап, қойылған мақсаттарға сөзсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кезде еліміздің интеллектуалдық ресурстары мен адами даму индексінің күрт өсуі мемлекеттік басқару қызметінің технологиялық әдістерін кеңінен пайдалануға жағдай жасап отыр. Басқару үрдісінде орындалатын көптеген қарапайым жұмыстың ауыр жүгі барған сайын техника «иығына» көшірілетін болғандықтан мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық астары өнебойы назарда болып, объективті өзгерістерге сәйкестендіру мақсатында қайта қарастырылып отыруы керек. Бұны мемлекеттік басқаруды жетілдірудің тағы да бір маңызды бағыты ретінде қабылдаған жөн.

Жалпы алғанда еліміздегі саяси ахуал мен әлеуметтік-экономикалық өсудің тұрақтылығы, қоғамдық өмір сүрудің демократиялық негіздерін нығайту шаралары, жаһандану жағдайына орай бейімделу мәселелерін ұтымды шешуде және т.б. жағдайлар мемлекетік басқарудың пісіп-жетілген проблемаларын уақытында анықтап, оны одан әрі жетілдіре беруге толыққанды негіз бола алады.

Демократиялық реформалар бағдарламасын жүзеге асыру барысында бүгінгі таңда Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажеттігі қайта туындады. Сөйтіп 2007 жылдың мамыр айында Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Біріншіден, билік өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлін арттыру. Ең алдымен Мәжіліс депутаттарын пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайлауға көшуді ұсынды, ол репрезентативтілікті қамтамасыз етіп, Қазақстанның өзіндік ерекшеліктерін ескереді. Президент міндеттерінің бірқатарын Парламентке беріп, оның өкілеттігін кеңейту, билік органдарының өкілеттігі мен жауапкершілігін бөлу, оларды теңдестіру. Бұл іс жүзінде республиканың моделін презіиденттіктен, президенттік-парламенттік моделге көшіреді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында басқару органдары