Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:40, курсовая работа
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі қос палаталы Парламенттің қызметі ерекшеліктеріне , табиғаты мен қайшылықтарына, олардың заң шығару қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.
Кіріспе....................................................................................................................3
Қазақстан Республикасында басқару органдарының жүйесі.............5
Қазақстан Республикасында басқару органдарының құзыретін ұйымдастыру.................................................................................................5
Мемлекеттік комитеттер мен министрліктердің қызметін ұйымдастыру.................................................................................................7
Мемлекеттік басқарудағы өкілді органдар............................................10
Парламент – заң шығарушы өкілді орган...............................................10
Үкімет – атқарушы биліктің жоғары органы..........................................13
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары...........................................................................................................17
Жергілікті басқару органдарының құзыреті және қызметін ұйымдастыру...............................................................................................17
Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары..............20
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28
Мазмұны:
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 – бабының талаптарына сәйкес, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткен тарихи кезең – 19 жыл ішінде аталған мемлекеттік билік тармақтарының құққытық негіздерін жетілдіру бағытында алға басушылық байқалады.
Оның ішінде атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі қос палаталы Парламенттің қызметі ерекшеліктеріне , табиғаты мен қайшылықтарына, олардың заң шығару қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы басқару органдарының мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ қос Палаталы Парламенттің заң шығарушылық қызметі мен бүгінгі күнгі Праламентаризмнің саяси жүйеде алатын орны және елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар жайында, атқарушы, жергілікті басқару органдары туралы жан-жақты түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан
парламентаризмінің, демократиялық
интситут ретіндегі құқықтық-
Зерттеу объектісі: Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстандағы басқару органдарының еліміздің саяси, демократиялық жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшелікетрін, нығаюы мен даму эволюциясын саяси талдау саналады.
Зерттеудің пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының атқарушылық, заң шығарушылық және өкілді қызметі, мемлекеттік және қоғамдық-саяси институттармен өзара қарым-қатынасы, парламенттік рәсімдер тетігі арқылы еліміздегі басқару органдарының деңгейін сараптау.
ҚР
Конституциясында
1.
Қазақстан Республикасында
1.1.Қазақстан
Республикасында жоғары
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, сонымен қатар мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындап отырады. Ел ішіндегі және сыртқы қарым-қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға болып саналады.Ата Заңда Президенттің құзыретіне қатысты мәселелердің кең ауқымы көзделген.
Президенттің басты міндеті – ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің жипломатиялық және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
Президент өкілеттіктерінің келесі топтамасын оған Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген заң шығару өклдіктерін құрайды. Ол екі жолмен жүзеге асырылады:
Сонымен қоса Президент Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына мынадай қатаң талаптар қойылады: ҚР Президенті болып тумасынан Республика азаматы, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері емес, заңмен білгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органға және жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлауға және сайлануға , республикалық референдумдарға қатысуға құқығы бар азамат ғана сайлана алады.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқауршы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік басқарудың мәселелерін шешеді. Республиканың барлық аумағында міндетті заң күші бар актілер шығарады.
Мемлекеттік бақсару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. Мемлекеттік басқару органдарының түрлерін олардың қызметін аумақтық масштабына, құзыреттік сипатына, ведомствоға тәуелді мәселелерді құрып және шешу тәртібіне, қаржыландыру көздеріне байланысты көрінеді.
1)Қызметі
жөнінен аумақтық масштабы бойынша
мемлекеттік басқару органдары
былай бөлінеді: жоғары органдар
(олардың қызметі бүкіл
2)Құзірет сипаты бойынша
3)Мемлекеттік
басқару органдары мемлекеттік
өкімет арқылы құрылады. Мәселен,
Парламент Президенттің
1.2. Мемлекеттік комитеттер мен министрліктердің қызметін ұйымдастыру
Атқарушы биліктің орталық органдарын олардың қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.
Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың орталық атқарушы органдары бар:
а) экономика салалары бойынша : Экономика, Мемлекеттік кіріс; Қаржы; Ауыл шаруашылығы; Көлік және коммуникация; Энергетика, Индустрия және сауда; табиғи ресурстар және айналадағы қоршаған ортаны қорғау министрліктері; табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Инвестициялау жөніндегі; Стратегиялық жоспарлау жөніндегі; Жер ресурстарын басқару жөніндегі Статистика жөніндегі агенттіктер; бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия;
ә) әлеуметтік – мәдениет салалары бойынша :Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім; Білім және ғылым; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері; Денсаулық сақтау ісі жөніндегі; Туризм және спорт жөніндегі; Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктер; Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия.
Информация о работе Қазақстан Республикасында басқару органдары