Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:40, курсовая работа
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі қос палаталы Парламенттің қызметі ерекшеліктеріне , табиғаты мен қайшылықтарына, олардың заң шығару қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.
Кіріспе....................................................................................................................3
Қазақстан Республикасында басқару органдарының жүйесі.............5
Қазақстан Республикасында басқару органдарының құзыретін ұйымдастыру.................................................................................................5
Мемлекеттік комитеттер мен министрліктердің қызметін ұйымдастыру.................................................................................................7
Мемлекеттік басқарудағы өкілді органдар............................................10
Парламент – заң шығарушы өкілді орган...............................................10
Үкімет – атқарушы биліктің жоғары органы..........................................13
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары...........................................................................................................17
Жергілікті басқару органдарының құзыреті және қызметін ұйымдастыру...............................................................................................17
Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары..............20
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28
б) Әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер,Қорғаныс, Ішкі істер; Әділет министрліктері; Төтенше жағдайлар жөніндегі; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі; мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі; Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнідегі агенттіктер; Ұлттық қауіпсіздік комитеті; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия.
Сонымен, Қазақстан
Республикасында ұйымдық-
болып табылатын комитеттер (ведомстволар) департаменттер және басқармалар.
Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрақталған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.
Қазақстан Республикасы министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де Республика Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрліктің жұмысына басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына, оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.
Министрлікте
министрдің орынбасарларының, сондай-ақ
министрліктің басқа басшы
Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және біріне-бірі әкімшілік бағыныста болмайды,бірақ олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады,бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс-қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу тағы басқалар жөніндегі мәселелерді шешу туралы шарттар мен келісімдер жасай алады.
Қазақстан Республикасы агенттігі Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер – Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады., қайта ұйымдастырады, және таратады.
Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Агенттіктердің және басқа Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттіктің құрылымын оның басшысы – төраға бекітеді. Әдетте, оның құрылым департаменттер мен басқармалардан тұрады.
Агенттік төрағасының жанынан консультациялық-кеңесші орган – алқа құрылады. Оның сан және адам құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агенттіктің құқықтық актілері болып оның төрағасының бұйрықтары табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комитет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істеі жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынады.
2. Мемлекеттік басқарудағы өкілді органдары
2.1. Парламент – заң шығарушы өкілді орган
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейді.Парламент екі Палатадан : Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Заң Парламенттің тұтас құзыреті, Сенаттың ерекше құзыретін және Мәжілістің ерекше құзыретін белгілейді. Парламенттің құзыретіндегі мәселелер тек Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында ғана қаралады.
Қазақстан Республикасы Парламенті өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Парламент сессиясы Палаталарды, Палалталар Бюроларының, тұрақты комитеттердің және Палаталардың бірлескен және жеке отырыстарынан тұрады. Парламенттің кезекті және кезектен тыс сессиялары болады. Парламенттің кезекті сессиясын Мәжілістің Төрағасы шақырады және жабады және жылына бір рет өткізеді.
Палаталардың бірлескен отырысы әр палатадан депутаттардың жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы болып есептеледі.
Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында қаралатын мәселелер ҚР Конституциясында белгіленген.
Палаталардың бірлескен отырысында мынадай мәселелер қаралады:
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тек Президент қана ұсынады.
толықтырулар енгізеді. Конституциялық заңның жобасы, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы түскен кезде Мәжілістің Төрағасы Парламент Палаталырының бірлескен отырысын шақырады. Отырыста заң жобасын қарау белгіленеді және заң жобасы онымен жұмыс істеу үшін Сенат пен Мәжәліске жіберіледі. Мерзімі өткеннен кейін Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырады.
3) Парламент Палататаларының
бірлескен отырысында
4) Конституцияға сәйкес
бағдарламасы қаралады.
5) Қос Палатаның бірлескен
отырысында Премьер-Министр
1. Коснтитуцияға сәйкес Палаталардың бірлескен отырысында Үкіметтің
бағдарламасы қаралады. Премьер - Министр өзін Президент тағайындағаннан кейінгі бір айдың ішінде Парламентке Үкіметтің Бағдарламасы туралы Баяндамасын ұсынады. Баяндаманы депутаттар талқылайды. Депутаттар бағдарламаны мақұлдауы және қабылдамай тастауы да мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламенттің республикалықреферендум тағайындау туралы бастама көтеру құқығын қарастырған. Бастама Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр палата депутаттарының жалпы санының жай көпшілік дауысымен білдіріледі және қаулымен рәсімделіп, Президентке жіберіледі.
3. Парламенттің
қос Палатасының бірлескен
Конституциялық Кеңесінің конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауы тыңдалады. Констиуциялық заңдылық – Қазақстан Республикасының Констиуциясы үшін де, Конституция теориясы үшін де жаңа ұғым.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің құзыреті құрама екі бөліктен :1) Мәжілістің ерекше қарауына жататын өкілеттік, 2) кезегімен қарау арқылы әуелі Мәжілісте , содан кейін Сенатта жүзеге асырылатын өкілеттік. Парламент Мәжілісінің ерекше қарауына Конституция мынадай мәселелерді жатқызады.
1)Заң жобаларын
қарауға қабылдау және қарау.
Конституцияның осы қағидасы
мен Конституцияның Парламент
Палаталардың бөлек отырысында
мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал
содан кейін Сенатта өз
2)Республика Парламенті қабылдаған заңға Президенттің наразылығы бойыншаұсыныстар әзірлеу Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Мәжіліс комитеттері Президент наразылығын зерделейді және өзының қорытындысын Мәжілістің қарауына береді.
3) Президенттің ұсынысы бойынша республиканың Орталық сайлау
комиссиясының Төрағасы, оның орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметке сайлау және қызметінен босату Мәжілістің ерекше қарауына жатады.
4)Республика
Президентінің кезекті
5)Екі депутатты Әділет біліктілік алқасының құрамына екі жылға жіберу
Мәжілістің ерекше қаруына жатады.
Парламенттің заң шығару ісінің парламентаризм процесін нығайтудағы орны сараланды. Парламенттің заң шығару процесінің заңнамалық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-56 баптарында белгіленген. Заң шығарушылық процесс - өкілетті органдар мен тұлғалардың, заңдардың қажеттігін негіздеу, оларды әзірлеу, арнайы құқықтық-экономикалық сараптамаларын өткізу, қарау, қабылдау және ескірген нормаларды жойып немесе өзгерту, жаңа құқықтық нормаларды енгізу және жариялау жөніндегі қиын жұмыстардың кезең-кезеңмен орындалу реті, күрделі технологиясы.
Заң шығару процесі – үнемі толысу үстіндегі, динамикалық процесс. Бұл істегі ең жауапты, маңызды мәселе - заңдардың қоғамда қабылданған нормалармен үйлесіп , қабысып, оның материалдық , ұйымдық және құқықтық жүйесіне «етене» еніп қана қоймай, сонымен бірге қоғамдағы аса күрделі әлеуметтік-экономикалық және рухани қатынастарды бүгінгі және болашақ ұрпақтардың мүддесі тұрғысынан реттеуді қамтамасыз етуі. Заң шығару процесінде қоғамдағы өзара тығыз байланыстағы, ішінара астасқан саяси-демократиялық, құқықтық-мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени, кейде бір-бірімен қайшылықтағы мүдделер жан-жақтан келіп тоқайласады. Бұл іске сонымен бірге заң жасаушылардың өздерінің қоғамдық, жеке көзқарастары мен позициясы, мүдделері, өзіндік танымы мен біліктілігі, жалпы кәсіби деңгейі де ықпал етеді. Еліміздің заң шығару процесінің тәжірибесі бұл мәселенің қоғамдық көзқарас пен пікірлердің өткір тартысы жағдайында, ерекше шиеленісті өтетін күрделі саяси-құқықтық, демократиялық, әрі жария құбылыс екендігін дәледеп отыр. Парламентаризм беделі қабылданған зааңның сапсына байланысты.
Заң шығарушының кемелділігі, заң шығару процесін, ондағы өнер мен ғылымды игерудегі шеберлігі, толысқандығы, көрегендігі мен сарабдал болжағыштығы оның сапасына шешуші әсер етер басты адамдық факторлар.
Әр заң – қоғамдық құбылыс. Ол адам мен қоғам арасындағы аса күрделі қатынастарды реттеуге арналуы керек. Заң ең алдымен бүкіл қоғамның мүддесін еске алуға тиіс. Жеке немесе азғантай, өзімшіл топтардың ықпалында кетпеу, қоғамда әлеуметтік жік, әлеуметтік қақтығыстар туғызбау – бұл істегі басты талаптардың бірі.
Мәжілістің заң жобасын қарау жөнінде ерекше құқығы болғанмен, ол мақұлдаған заң жобалары заңға айналуы үшін Сенатта мақұлдануы, оған Президент қол қоюы керек.
Сенат заң жобасын тұтастай немесе жекеклеген қағидаларын қабылдамай тастауға құқылы. Егер Мәжіліс депутаттарының көпшілік дауысымен Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыруларға депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыруларға қарсы болса, онда заң жобасы бойынша көзқарас қайшылығын еңсеру үшін палаталар теңдік жағдайында Палаталардың келісім комиссиясын құрады.
Информация о работе Қазақстан Республикасында басқару органдары