Қазақстан Республикасында басқару органдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі қос палаталы Парламенттің қызметі ерекшеліктеріне , табиғаты мен қайшылықтарына, олардың заң шығару қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

Қазақстан Республикасында басқару органдарының жүйесі.............5
Қазақстан Республикасында басқару органдарының құзыретін ұйымдастыру.................................................................................................5
Мемлекеттік комитеттер мен министрліктердің қызметін ұйымдастыру.................................................................................................7

Мемлекеттік басқарудағы өкілді органдар............................................10
Парламент – заң шығарушы өкілді орган...............................................10
Үкімет – атқарушы биліктің жоғары органы..........................................13

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары...........................................................................................................17
Жергілікті басқару органдарының құзыреті және қызметін ұйымдастыру...............................................................................................17
Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары..............20

Қорытынды..........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс МБТ.docx

— 63.24 Кб (Скачать документ)

Парламенттің жеке жүзеге асыратын өкілеттіктері бар. Бұл өкілеттіктерді әр Палата басқа Палатаның қатысуынсыз жеке жүзеге асырады және соның нәтижесінде оны орындаудың түпкілікті шешімін қабылдайды. Палата бес жылдық мерзімге Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі есеп комитетінің екі мүшесін қызметке тағайындайды.

 

2.2. Үкімет  – атқарушы биліктің жоғары  органы

 

Қазақстан Республикасында атқарушы билік органдары (мемлекеттік басқару органдары) — бұл қоғамдық үрдістерді қоғам мүддесінде мемлекеттік басқару бойынша күнделікті оперативті жұмысты жүргізетін атқарушы-басқарушы органдар.

Атқарушы органдар заң шығарушы билік органдарымен шығарылатын заңдарды орындауға арналған. Сонымен қатар, атқарушы билік заңға қосымша нормативтік актілерді шығаруға хақылы. Өзінің уәкілдігінің шегінде атқарушы билік органдары қалыпты қызмет атқару мақсатында оперативті дербестігі бар. Оларға қоғам мен мемлекет түрлі аяларындағы қызметінің барлық құқықтық реттеу жөніндегі міндеттері жүктелінген.

Қазақстан Республикасының атқарушы билігін Үкімет жүзеге асырады және атқарушы органдардың жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайды.

Қазақстан Республикасының Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың  жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйеісндегі орнын анықтайды, биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді.

Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйеісне кіретін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің , басқа да ведомстволардың жұмысын бағыттайды.

Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің заң күші бар Жарлықтарымен, басқа да нормативтік жарлықтармен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді.

Үкімет өз құзыретінің шегінде

  • нормативтік және өзге де актілер қабылдайды,
  • заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады,
  • Парламентке   республикалық   бюджетті   және   оның   атқарылуы туралы есепті табыс етеді;

  • мемлекеттік   кірісті   қысқартуды   немесе   мемлекеттік   шығысты ұлғайтуды көздейтін Республика заңдарының жобалары жөнінде қорытындылар береді;

  • Парламент депутаттарының сұрауларына жауап береді.

  • өзге де халықаралық шарттар жасасайды,
  • барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады.

 Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Премьер – Министрге кандидатураны өзі іріктейді және кандидатураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына өткізеді.  Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер-Министр қызметіне бекітеді.

Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез-келген мүшесін қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқылы. Премьер-министрді  қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.

Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі бір айдың ішінде Үкімет қызметінің бағдарламасы туралы мәселені шешеді. Осы мерзімде Премьер-Министр Үкімет қызметінің бағдарламасын әзірлейді және ол туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкіметтің жаңа Бағдарламасын қабылдамай тастаса Премьер-Министр екі айлық мерзім ішінде Парламентке Бағдарлама туралы екінші баяндама ұсынады.

Атқарушы биліктің ең жоғары органы ретінде Үкіметке Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Президенттің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен орнықтырылған кең өкілеттіктер берілген.

Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлейді; экономикалық бағдарламаларды, республикалық бюджетті әзірлейді және оның орындалуы туралы есебін құрады, оның орындалуывн қамтамасыз етеді; республиканың қаржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады; валюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды құру және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады, бағаның құрылуы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүргізеді, мемлекетпен реттелуші баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет номенкулатурасын белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оның қорғалуын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы төлеудің жүйеіс мен шартын, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, мемлекеттік тұрғыдан әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді; аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; жастар, дене мәдениеті мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік проблемаларын шешуге ықпал етеді.       Ғылым , техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет, ғылыми-техникалық даму жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениет пен білімді дамыту, жаңа технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүзеге асырады.

Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті - кеңесші органдарды құрып, таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады, олардың Президент пен Үкіметтің  актілерін орындауын бақылайды; министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады; жергілікті атқарушы органдардың мемелекеттікбасқару мәселелері жөніндегі қызметін басқарады, олардың заңдарды орындауын бақылайды.

Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның аумақтық тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асырады.

Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнінде шараларды әзірлейді, сыртқы сауданы дамыту жөнінде  шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады.

       Үкіметке Премьер  – Министр басшылық етеді, оның  өкілеттігі Республика  конституциясымен  және Президенттің Үкімет туралы  Жарлығымен бекітіледі. Премьер-Министрдің мынадай өкілеттігі болады:

  • Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет мүшелері арасында қызмет міндетін бөледі;
  • Президентпен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғары Сотпен, Бас Прокуратурамен , басқа да мемлекеттік органдармен қатынаста Үкімет атынан сөйлейді немесе оны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады;
  • Халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
  • Республика Президентіне: Үкіметтің құрылым мен құрамы туралы; Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен орталық атқару органдарын құру, қайта құру және тарату туралы Үкімет Аппаратының басшысы, министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар туралы; мемлекеттік комитеттің төрағасы, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы туралы; аталған тұлғаларды қызметтерінен босату туралы ұсыныс түсіреді;
  • Президентке республиканың мемлекеттік бюджетімен қаржыландырылатын барлық органдардың қызметкерлерін қаржыландырып, оларға еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады;
  • Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары және оның барлық ең маңызды шешімдері туралы баяндайды; Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік басқаруды жетілдіру  жолдары

 

    1. Жергілікті басқару органдарының құзыреті  және қызметін ұйымдастыру

 

Жергілікті атқарушы органдарға әкімдер  және олардың аппараттары жатады. Заң  талаптарына сәйкес, әкім – Қазақстан Республикасы Президенті мен Республика Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдарды басқаратын, қарауындағы аумақта мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімдерінің үйлесімді қызмет жасауын қамтамасыз ететін , атқарушы органдарға басшылық жасайтын, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігіне ие, сол сияқты тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына жауапты уәкілі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдардың және әкімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме - әкімнің аппараты құрылады.

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз – жергілікті өкілдікті және атқарушы органдардың белгілі бір аумақта мемлекеттің саясатын жүргізетін , осы және басқа да заң актілерінде көрсетілген өкілеттіктердің аясында оның дамуына  және осы аумақтағы істің ахуалына жауапты болу үшін атқарылатын қызмет.

Мемлекеттікбасқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Аталған органдар өздеріне бекітілген территориядағы барлық істерге жауапкершілікті.

Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың құқықтық мәртебелері, құзыреттері, қызметтерін жүргізу тәртіптері ҚР-ның Констиуциясының 86,87,88-ші баптарында нақты көрсетілген. Аталған баптарға сәйкес облыс, аудан, қала (қала ішіндегі аудандар және аудандық маңыздағы қалалардан басқасы). Мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан жалпыға бірдей, тең әрі тікелей сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы 4-жыл мерзімге сайланады.

Мәслихат депутаты болып, 20 жасқа толған, ҚР-ның азаматы сайлана алады. Ол тек бір ғана Мәслихатқа депутат бола алады.

Мәслихаттың негізгі өкілеттіліктеріне:

1. Мәслихат жұмысшы орындарын  құру, мәслихат қызметін қамтамасыз  ету, депутаттар қызметтерін қамтамасыз  ету;

2. Жергілікті бюджет, территорияның  экономикалық және әлеуметтік  дамуы бағдарламасын бекіту және  осылардың орындалуы туралы есептер  тыңдау;

3.Олардың құзыретіне жататын  жергілікті әкімшілік-территориялық  құрылымдардың мәселесін шешу;

4. Заң бойынша Мәслихат құзыретіне  жатқызылған немесе атқарушы  билікке жатқызылған мәселелердің  орындалуы туралы жергілікті  атқарушы органдардың басшыларының  есебінен тыңдау кіреді.

Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның біртұтас атқарушы органдары жүйесіне кіреді. Ол өз территориясында мемлекет мүддесін қорғай отырып, жалпы мемлекеттік саясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы органды әкім басқарады. Ол әкімшілік-территориялық бірлікті басқара отырып, жергілікті жердегі Президент пен ҚР Үкіметінің өкілі болып табылады. Облыс әкімдері және республикалық дәрежедегі қалалар әкімдері Президент тарапынан тағайындалады. Президент өз кезінде оларды тағайындайды және қызметінен босата алады.

Мәслихат депутаттары үштен екі бөлігі әкімге сенімсіздік көрсетіп дауыс берсе, Мәслихат Президент алдына әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоя алады.

Облыс және республикалық дәрежедегі қалалардың әкімдері, республиканың жаңа сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде, әкімдер заң жүзінде өз қызметтері мен өкілеттіктерін тоқтатады.

Жергілікті өкілетті органдар өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1. Жергілікті әкімшілік-территориялық  бірліктің әлеуметтік экономикалық  дамуы жоспарын және бюджетті  жасау және оны іске асыру;

2. Коммуналдық меншікті басқару;

3. Жергілікті атқарушы органдардың  жұмыстарын ұйымдастыру, және жергілікті  атқарушы органдардың басшыларын  қызметке тағайындау немесе босату;

4. Республика Заңдары негізінде  жергілікті деңгейде мемлекеттік  мүдделерді көздей отырып өкілеттіліктер  жүргізу.

ҚР-ның Конституциясының 89-бабына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, тұрғындар тарапынан сайланады және олар тұратын территориядағы барлық мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтері мен құрылымдары тұрғындар тарапынан белгіленеді және ережеде көрсетіліп тиісті заңда бекітіледі. Конституция жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз беттерінше жұмыс істеуіне кепілдік береді. Өз кезегінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, өзін-өзі басқару органдарына қызметтері бойынша және қаржылай көмек көрсете алады.

Ал, жергілікті атқарушы орган деген ұғымға келетін болсақ- бұл облыстың ауданның, қалалардың әкімдері басқаратын, өзінің өкілеттігі аясында тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

Жергілікті мемлекеттікбасқару институтының негізгі буыны атқарушы органдар - әкімдер мен әкімшіліктер болып саналады.

Аудандық (қалалық), облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың) әкімдері Қазақстан Республикасы  атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және тиісті аумақтың мүддесі мен мұқтаждарына байланысты атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізеді.

Облыстық, аудандық әкімшіліктерді заңда көрсетілген тәртіппен сайланатын әкімдер басқарады. Ал, әкімшіліктің құрамына әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшылары кіреді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында басқару органдары