Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 14:58, курсовая работа
Мал шаруашылығы адам қорегіне қажетті, биологиялық тұрғыдан бағалы сүт, ет, жұмыртқа, май секілді азық-түлікпен қатар, өңдеу кәсіпорындары үшін тері, елтірі, жүн, қауырсын секілді шикізат көзі болып табылады. Сондықтан бұл саланың дамуының, елдің ұлттық азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығы мамандарын дайындауда, осы құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.
Кіріспе...........................................................................................................3
І. Әдебиеттерге шолу..................................................................................5
2. Негізгі бөлім
2.1. Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері..................14
2.2. Қазақстанда өндірілетін елтірінің түрлері. Атырау елтірілік майлы
құйрықты қойлары....................................................................................19
2.3.Атырау елтірілік майлы құйрықты қойларын асылдандыру
жұмысы.......................................................................................................29
Қорытынды.................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................38
Биік тықыр - бағасын төмендеткенімен, ол жазық толқынды, жұмсақ талшықты толқынмен, әсіресе қаракөлше тобымен үйлескенде - жоғары бағалы муар түрін түзеді.
Пішінсіз бұйра ақаулы бүйраға жатады. Мұндай бұйраны айқын формасы болмайды. Формасы бұзылған бұйралардың мынадай түрлері болады: киіз тәрізді, айдарланған, жапырылған тықырланған.
Бұйра мөлшері. Қаракөл қозысының елтірісіндегі бұйра мөлшері селекциялық асылдандыру жұмыстарындағы және елтіріні бағалаудағы маңызды көрсеткіштердің бірі.
Көптеген зерттеушілер
қаракөл қозысындағы бұйра
Бұйра мөлшері - бұл биіктігі мен ені, ал толқын және жал бұйраларда ұзындығы.
Бұйра енін штангельциркульмен, лупамен, цейсамен, миллиметрлік лупамен немесе миллиметрлік бөлігі бар қарапайым әйнек сызғышпен өлшеуге болады. Бұйра биіктігін миллиметрлік сызғышпен, ал ұзындығын циркульмен және сантиметрлік сызғышпен өлшейді.
Бұйраның биіктігі мен ені арақатынасына қарай былайша бөлінеді: биік толқын, оның биіктігі енінен үлкен (6-да 4 мм); жартылай шеңберлі толқын - биіктігі енімен бірдей (6-8 мм, 5-8 мм); енді (жазық немесе жапырылған), толқын - биіктігі енінен қысқа (3-4 мм, 8-12 мм).
Бұйраның ұзындығы
елтірінің әдемілігі мен
Формасы мен типіне қарай толқындау бұйраның мөлшері түрліше болып келеді.
Бұйралардың аттас
типтері талшықтың ұзындығына және
елтірінің сортына қарай
Бұйралардың аттас формалары мен типтері әртүрлі елтірі сорттарында түрліше параметрде болады.
Қалың жакеттің, I жакеттің, немесе мәскеулік жакеттің кездесуіне қарай жартылай шеңберлі толқындау бұйраның әр түрлі мөлшері болады. Биік толқындау бұйра мен қабырғалы бұйрада да дәл осындай болады.
Бұршақгүл бұйраның ені біршама үлкен болады, бірақ олар да мөлшері бойынша бөлінеді. Сондықтан оларды былайша бөледі: ұсақ- ені 8 мм-ден кем, орташа - 8-10 мм .
Жал бұйра да мөлшеріне қарай бөлінеді: қысқа - бұйра ені 3-4 мм, орташа 5-7 мм және ені - 8-15 мм.
Ұзындығы бойынша толқындау бұйра мен жал бұйра былайша бөлінеді: қысқа - 12-ден 20 мм-ге дейін, орташа - 20-дан 40 мм-ге дейін және ұзын - 40 мм-ден астам.
Өндіріс жағдайында бұйраны А.С. Канцепольктің құрылымы бойынша жасалған бұйра өлшегішпен өлшеген ыңғайлы. [13]
2.3.Атырау елтірілік майлы құйрықты қойларын асылдандыру жұмысы
Қазақстанда қаракөл қойының
тұқымын сақтап қалып, оны ары қарай асылдандыра
түсу мақсатымен селекциондық-генетикалық
орталық жұмыс істеуде. Бұған дейін 1998
жылы «Атырау» қой тұқымын ойлап шығарып,
әлемдік деңгейде жаңалық ашқан Қазақстандық
ғалымдар бүгінде қымбат бағалы елтірі
түсінің жаңа түрлерін ойлап шығаруда.
Жуырда ғана елтірінің Қазақстанның туы
түстес көгілдір түрін ойлап таптым деген
осы саланың білікті маманы, профессор
Хисемидолла Үкібаев қаракөл қойын асылдандыру
ісіне Үкімет тарапынан ешқандай көңіл
бөлініп отырған жоқ дейді.
Қазақстан қаракөл
қойдың отаны саналатын Өзбекстаннан
сан жағынан да сапа жағынан да озды. Қазір
біз соны ары қарай дамыту үшін екі бағытта
жұмыс істеп жатырмыз дейді ауыл шаруашылығы
ғылымының докторы, профессор Хисемидолла
Үкібаев. Оның айтуынша, әлемде елтірі
түсінің 80-ге жуық түрі болса, осы күнге
шейін Қазақстанда соның тек 20-ға жетер-жетпесі
ғана болыпты. «Азаттық» радиосына берген
сұхбатында Хисемидолла Үкібаев қазір
Қазақстанда елтірінің жаңа, бұрын болмаған
түстері шығарылып жатқанын жеткізді.
Хисемидолла Үкібаев,
ауыл шаруашылығы ғылымының докторы,
профессор: 70-ші жылдары соны ойластырып
бастадық қой. Ақырында жаңа тұқым шығардық.
«Атырау пародасы» деген тұқым шығарып қойғанбыз. Сол парода
қазір Қазақстанның барлық аймағына таратылып
жатыр. Бұл өзі екі бағыттағы: етті, майлы
әрі туған кезінде елтірілі тұқым. Елтірінің
ең қымбат түрі Сұрхандария сұрын өзіміздің
қазақ сұры етіп шығарғанбыз кейін. Сол
жаңа тұқымды қой туған кезде елтірісі
сұрхандария сұрыныкіндей болады да, өскен
кезде, құрықты қазақы қой болып шыға келеді.
Біз сосын елтірінің жаңа түсін шығарып
жатырмыз. Көгілдір түс шығардық. Ондай
сұр бұрын болмаған.
Қаракөл
қойын асылдандырып, елтірі сапасын арттыру
ісімен Оңтүстік Қазақстан облысында
2003-ші жылы ашылған «Оңтүстік-Батыс ауыл
шаруашылығы ғылыми-өндірістік» орталығы
айналысуда. Орталық директоры Әбдірахман
Омбаев орталық Азия елдерінде тек Қазақстанда
ғана қаракөл қойының тұқымын сақтап қалып,
оны одан әрі асылдандыра түсумен айналысатын
селекциондық-генетикалық мекеме жұмыс
істеп жатқанын айтты. Омбаев мырза өндірілген
терінің өңделмей өткізіліп жатқанына
қынжылыс білдірді.
Әбдірахман Омбаев, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, «Оңтүстік-Батыс» ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік ортылығының директоры: Бізде кәдімгі зауыттар да бар. Сосын тері өңдейтін мекемелер де бар. Ол жерлерде жаңағы құрал-жабдықтар да жеткілікті. Бірақ соны ешкім қолға алып, жұмыс істемей отыр. Осы шара мемлекет тарапынан қолға алынса, елтіріні шикізат түрінде өткізген бағадан екі есе қымбат саудалауға болар еді.
Үкіметтің
қаракөл қойы мен елтірі
Сондықтан жаңағы қаракөл шаруашылығын қолдап, мал басын көбейту керек. Өйткені ол дайын тұрған нәрсе.
Екі ғалым
да елтірі сапасы туралы
Академик Үкібаев асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудағы ең басты мәселе ғылым мен өндірісті өзара ұштастырып, бір бағытта дамыту қажеттігін айтады. Ғылым өз бетімен, шаруашылық басқа бағытпен кете берсе, оның еш уақытта нәтижесі болмайды. Сондықтан ғылым мен шаруашылықты ұштастыратындай бір орталық құрып, ғалымдар мен өндірісті біріктіру керектігі жөнінде өз ұсынысын білдірген. Облыс басшысы академиктің бұл ұсынысын қолдаған. Бұрын алтынға айырбасталған қаракөлдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген Хисметолла Үкібаевтың мұраты – қаракөл шаруашылығын дамыту арқылы, қазақтың асыл бұйымын әлемге таныту.
Қаракөл шаруашылығында
бонитировка жүргізу мал
Бонитировкалау
кезінде ең бастысы малдың негізгі
өнімділігі болып табылады. Сондықтан
қаракөл қозыларын
Бонитировкалау жүйесі дегеніміз - қозыларды елтірі типі бойыпша бұйраларының мөлшеріне қарай топқа бөліп, әр топты бұйрасының сапасы бойынша тағы да кластарға бөлу.
Қозыларды бонитировкалау техникасымен ұйымдастырылуы қаракөл қозыларын ұдайы, дер кезінде және дұрыс бағалауды қамтамасыз етеді. Бонитерлер шаруашылықтың зоотехнигі мен селекционерлері білгірлікпен, сол шаруашылыктың алдында тұрған міндеттерге және оның бағытына сай қозылардың (еркектерін де және ұрғашыларында) отарды толықтыруға, сатуға, сондай-ақ елтірі үшін союға бөледі. Қаракөл шаруашылығындағы жұмыстың бұл кезеңі әрі маңызды, әрі жауапты. Бонитировка жоғары дәрежеде, тұқымды асылдандыру ісінің негізіне сай, қаракөл қозыларын бонитировкалауға барынша объективті бағалау әдістеріне қозы жүнінің ұзындығын өлшеуді, бұйраның елтірілік типін анықтау (эталонға сәйкес) қажет. Кейде қазіргі нұсқау бойынша класын сипаттағанда белгіленген нормадан ауыткушылық болатыны байқалады. Қозыларды қандай да болмасын класқа жатқызғанда оларға қойылатын талаптардың бірсыпыра ерекшеліктері кездеседі. Әдетте тәжірибелі бонитер отардың тарихы мен шығу тегіне іріктеудің қандай бағытта жүргізілетіндігіне қарай, сондай-ақ отардағы малдың орташа сапасының ерекшелігін ескеріп, оған және ондағы малға өзі ерекше талаптар қояды.
Түқым асылдандыру жұмыстарын терең жүргізілетін шаруа-шылықтарда және бірінші класты, элита қозыларының елтірілік белгілерін бүгешігесіне дейін білетін тәжірибелі бонитер жұмыс істейтін жерде, кейде нұсқаудан ауытқу қажеттігі туады. Өйткені ол отарда тұкымды тұтас алғанда әлі кездеспеген жаңа белгілер пайда болуы мүмкін.
Сонымен бонитировкалау жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әрбір отарда сол бонитердің ұдайы жұмыс істеуі, онын отарды да, әрбір жеке асыл тұқымда малды да жақсы біліп, өзінің қызметіне мүдделі болған керек. Бонитердің жұмысы әр уақытта болуы қажет.
10-15 күндік қозыларды
қосымша бағалау әр малдың
елтірісінің бағалы
Асыл тұқымды малды, әсіресе, еркек қозыларды таңдап алғанда бұл жайға елеулі көңіл бөледі.
Асыл тұқымды
мал зауыттары мен мал
- қозының өсуі мен қондылығы, яғни онын қалай өсіп келе жатқандығы атап көрсетіледі, сондай-ақ тіршілік қабілеті, денсаулығы, дене бітімінің беріктігі кандай екендігі зерттеліп анықталады;
- түсінің сақталуы - қаракөл қозыларынын ішінде түсінің қанықтығының едәуір өзгергіш және соның сақталу уақытының түрліше болатындығы байқалады. Бір қатарында 10-15 күңГе мөлдір кара түсі жақсы сақталады да, екіншілерінде ол тартады;
- мөлдір қара
түсті елтірілердің аса әдемі
болуына байланысты
Бұйра типінін сақталуы кейбір қозылардың 10-15 күннен кейде бұйрасының типі жақсы сақталатындығы, сондай, оның елтірісі сапасы жағынан туған қозының елтірісінен кем түспейді.'
Селекционерлер қозыларының бұйра типін ұзақ уақыт сақтай алатын қабілетін жоғары бағалайды;Жүнінің жылтырлығы мен жібектілігінің сақталуы жасына қарай бұл сапасы жойылатын болса, елтірісінің бағасы төмендеп кетеді
Ақ жүн кейбір қара қозылардың 10-15 күнде ақ құрғақ жүні көп болып кетеді. Бұл асыл тұқымды малдың үлкен кемшілігі болып саналады. Құрғақ жүн асыл тұқымды қаракөл қозылары үшін нашар белгі болып табылады. Кейде туған қозыларды бонитировкалаған кезде құрғақ жүні көзге түспейді де олар жоғары бағаланады. Бірақ 10-15 күн өткеннен кейін құрғақ жүні әсіресе май құйрығы мен санында анық байқалады. Мұндай қозылардың асыл тұқымдық бағасы төмендетілуі тиіс.
Қозылардың
елтірісінің негізгі
Экстерьерін бағалау. Ересек малды косымша бағалағанда оның экстерьерінде есепке алу қажет. Қаракөл қойын өсіргенде оның өзіне тән тұқымдық белгілері мен тұқымның үйлесімі толық сақталып, аяқтары арасының жақындығы, кеудесінің енсіздігі, сүйегіннің жіңішкелігі, басының үлкендігі, құйрығының жалпақ болуы т.б. экстерьерінің ақаулары жойылуға тиіс. Бұлардың бәрін олардың сұрыптағанда ескерудің маңызы зор. Жоғарыда аталып өткен сұрыптаудың бәрінің ішінде қозыларды елтірісі бойынша іріктеу, малды тұқымға және сұрыптауға топтап алудың негізгі және шешуші жолы болып табылады. 10-15 күнде бағалау қосымша бағалау болып табылады және тек еркек қозыларға ғана, оларды жеке бонитировкалау кезінде қолданылады.[27]
Қаракөл қозыларын бонитировкалау туғаннан кейін 1-2 күн ішінде жүргізіледі де мына төмендегідей қасиеттері есепке алынады:
1. Қозының жынысы (еркек, үрғашы).
2. Жалқы, егіз болып туылғаны.
3. Түсі, жүнінің тегістілігі.
4. Реңі (көк, қоңыр қозылар үшін).
5. Түрі (көк қызғылт т.б.)-
6. Бұйра түрі түсінің қасиеттері көрініп тұруы:
- Бұйрасының типі;
- Бұйрасының ені;
- Бұйрасының ұзындығы;
- Бұйрасының қалыңдығы;
- Жылтырлығы, жібектілігі, қалыңдылығы;
- Бұйрасының анық көрініп тұруы.
- Терісінің қалыңдығы, артықшылығы.
- Жүнінің өсімділігі.
Информация о работе Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері