Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 14:58, курсовая работа

Краткое описание

Мал шаруашылығы адам қорегіне қажетті, биологиялық тұрғыдан бағалы сүт, ет, жұмыртқа, май секілді азық-түлікпен қатар, өңдеу кәсіпорындары үшін тері, елтірі, жүн, қауырсын секілді шикізат көзі болып табылады. Сондықтан бұл саланың дамуының, елдің ұлттық азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығы мамандарын дайындауда, осы құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І. Әдебиеттерге шолу..................................................................................5
2. Негізгі бөлім

2.1. Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері..................14

2.2. Қазақстанда өндірілетін елтірінің түрлері. Атырау елтірілік майлы
құйрықты қойлары....................................................................................19

2.3.Атырау елтірілік майлы құйрықты қойларын асылдандыру
жұмысы.......................................................................................................29

Қорытынды.................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаракөл мадина.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

Кіріспе...........................................................................................................3

І. Әдебиеттерге шолу..................................................................................5

2. Негізгі бөлім

 

2.1. Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері..................14

 

2.2. Қазақстанда өндірілетін  елтірінің түрлері. Атырау елтірілік  майлы 

құйрықты қойлары....................................................................................19

 

2.3.Атырау елтірілік майлы құйрықты қойларын асылдандыру

жұмысы.......................................................................................................29

 

Қорытынды.................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Мал шаруашылығы  адам қорегіне қажетті, биологиялық  тұрғыдан бағалы сүт, ет, жұмыртқа, май  секілді азық-түлікпен қатар, өңдеу  кәсіпорындары үшін тері, елтірі, жүн, қауырсын секілді шикізат көзі болып табылады. Сондықтан бұл саланың дамуының, елдің ұлттық азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызы зор.

Қазақстанда мал  шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығы мамандарын дайындауда, осы құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.

Бұл жолда еліміздің  табиғи жағдайына әбден бейімделген  қазақи мал тұқымдарын сұрыптап, көп  жылдар бойына жүргізілген көзсіз будандастырудан  айырып, өзіндік қасиеттерін тазартып, жандандыру керек болып отыр. Демек, Республика мал шаруашылығын дамытуда табиғи бейімделушілік қасиеттері жетілген мал генофонын сұрыптап, оны жергілікті ауа райы мен малды бағып-күту әдеттерімен сабақтастыра жетілдіріп, мал басының өнімділігін мейлініне арттыруға күш жұмсау қажет.

Қазіргі таңда, халықтың азық-түліктік және тұрмыстық  қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, қазақтың ежелгі төрт түлік малымен  қоса шаруашылық экономикасына тез  арада пайда келтіретін, жылдам өсіп-өнетін өсімтал қой шаруашылығы секілді  салаларды дамыту қолға алынып, емдік қасиеті жоғары панта өндіретін марал өсіру, құнды терілер өндіретін терісі бағалы аң өсіру, бал беретін ара өсіру, диеталық уылдырық пен ет өндіретін балық өсіру жолға қойылған.

Арнайы орта және жоғары аграрлық оқу орындарында дайындалатын мал шаруашылығының мамандары, «фермерлер» деп аталатын жеке шаруашылық қожайындары, шаруашылық мал дәрігерлері мен менеджер-лері, сала басшылары мал шаруашылығын дамытып, өсірілген мал мен құстың өнімділігі мен өнім сапасын нарық бәсекелестігіне сай жақсартып және оны сатудан пайда табу үшін, олардың түрлерімен танысып, тұқымдық қасиеттерін сараптап өсіру мен бағып-күту тәсілдерін жете меңгерулері керек.

Қой шаруашылығы  халқымыздың ата кәсібі, республика экономикасының басты саласы. Сан ғасырлар жинақталған тәжірибенің нәтижесінде елімізде табиғатымен терең үйлескен қой өсірудің ерекше жүйесі де қалыптасқан. Ендігі мәселе- осы қалыптасқан қой өсіру жүйесін, яғни өндірісте қолданылып жүрген алдыңғы шектегі технологияларды із басып келе жатқан жастарға жеткізу, үйрету.[24]

Курстық жұмыстың мақсаты. Атырау елтірілік майлы  құйрықты қой шаруашылығымен тереңірек  танысу;

Қойдың тұқымдық қасиеттерін, түрлерін анықтау;

Атырау тұқымы қойларының өнімділік қасиеттерін  анықтау.

Міндеті. Қой  шаруашылығы саласын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу;

Халықтың азық түліктік және тұрмыстық қажеттілігін қамтамасыз етуде қой шаруашылығын дамыту;

Мал шаруашылығы  мамандарын дайындауда ұрпақтан ұрпаққа  беріліп келе жатқан тәжірибені ұғындыра білу.

Зерттеу нысаны. Атырау елтірілік майлы құйрықты қойлар.

 

 

 

 

 

I.Әдебиеттерге  шолу

 

Қазір Қазақстанда  қаракөл қойын өсіруге көп  көңіл бөлініп отыр. Қаракөл өсіруші  селекционерлерінің үлкен тобы жетісіп  келуде, оның ішінде  Ұлттық Ғылым  Академиясының академиктері бар.

Сұр түсті қаракөл типі мен құйрықты елтірі етті-майлы қой тұқымын өсіруге көп көңіл бөлінуде. Академик X. Үкібаев пен Т. Қансейітовтердің көп жылдық ізденістерінің нәтижесінде Қазақстанда қаракөл сурының жаңа ішкі типін және жаңа құйрықты елтірілі - етті-майлы қой тұқымын шығарып бекітті. Сұр түсті елтірілі берстін жаңа тип пен жаңа қой тұкымын шығару жұмысы бірнеше кезеңмен жүргізілді.

Қазақстан қаракөл  қойын өсіру жөнінде жарты  ғасырлық ғана тәжірибесі болса да, селекционерлеріміз көптеген табыстарға жетті. Біздің республика селекционерлері - К. Елемесов, X. Үкбаев, М. А. Ширинский, X. X. Маметхазан, А. М. Омбаев, М. Д. Тавитов, А. С. Ахметшиев, Т. С. Бигараев және т.б. Осы Жылдардың ішінде 10 заводтық тип, бір тұқымдық тип, бір жатұқым шығарды. Сонымен бірге, қаракөл қойын азықтандыру, қаракөл елтірісін өндіру, өңдеу, одан дайын тауар шығару технологияларын қалыптастырды.

Қойлардың тұрпатын зерттеу, анықтау және бағалау экстерьерлік, сонымен бірге интерьерлік зерттеу  әдісімен немесе екі әдісті біріктіру  жолымен жүргізіледі. Зоотехниялық іс тәжірибеде ең сенімді әдіс - ол қойлардың "конституциясы" - сыртқы пішіні, экстерьері бойынша бағалау. Малдардың экстерьері жөніндегі ғылыми ілімнің негізін қалаушы П.Н.Кулешов былай деп жазды: "Білгірлікпен экстерьерді бағалай білу, салыстырмалы-морфологиялық талдау әдісімен малдардың анатомиялық-физиологиялық қасиетін бағалау болып табылады".

Қойлардың тұрпатын зерттеудің селекциялық жұмыста  және салалы жүргізудің технологиясында  үлкен мәні бар. Қандай технологияда болмасын негізіне еңбектің тірі (жанды) объектісі мен өндіріс құралы - қой пайдаланылады. Бұл қойлардың конституциясы қандай (әлсіз немесе мықты, бос немесе тығыз) болса, өнімнің саны мен сапасы, малдарды пайдалану ұзақтығы, ветеринарлық-сауықтыру шаралар жүйесі, өндірістік процестер мен операцияларды ұйымдастыру және іске асыру соған байланысты болмақ. Түқымдардың конституциясына және жекелеген қой отарларына немқұрайдылықпен қараудың қой шаруашылығының тұтастай бір бағытын жойып жіберген мысалдарын мал шаруашылығының тарихы біледі. XIX ғасырдың ортасында Ресейдің оңтүстік даласында талантты қой өсірушілер, ағайынды П.Д. және Г.Д.Мазаевтар шығарған мазаевтық тұқым соның кебін киді.

Кең көлемді  биологиялық ой-өрісі болмағандықтан, ағайынды Мазаевтар мериностарды іріктеуді тек жүннің ұзындығы мен жіңішкелілігіне орай жүргізді. Соның нәтижесінде, салыстырмалы өзгеріс заңының әсерінен, мазаевтың қойлардың сүйектері жұқарып, конституциясы әлсізденіп, жұлын ауруына ұшырады. Мазаевтық қойлардың бір тобы тұтастай қырылып қалды, тек II.Н. Кулешовтың таланты мен күш-қайраты орыстың меринос қой шаруашылығын апаттан сақтап қалды. Ол мазаевтық қойлардың конститупиясын нығайту үшін оларды мықты қошқарлармен, тіпті ірі конституциясымен  шағылыстыруды ұсынды. Осылай шағылыстыру жолымен нығыз конституциялы, орташа жуан жүнді және төзімді ерекшеленетін мериностардың жаңа кавказдың тұқымы алынды.

Қазақ халқы, оның мекендеген жері, этнографиясы туралы жазған алғашқы орыс авторларының бірі А. Левшин былай деп жазған: «мұнда қой отарларының көптігіне көзің сүрінеді. Өрбіген қойы одан көп ел, сірә, әлемде бола қоймас» Қазақ өмірін жақсы білетін орыс экономисі Ф. Щербина қазақ халқының өміріндегі малдың маңызын көрсете келіп былай деп жазды: «Қазақ керемет өсімдік танығыш, ол әр түрлі өсімдіктің жылдың әр мерзіміне қарай қай түлікке жұғымды келетінін жақсы біледі»

Мал шаруашылығы  туралы жұмыстың білгір авторы В. Бенкевич қазақтың мал бағудағы көнбістігі мен  шеберлігіне былайша таң қалған: «Бет қарыған үскірікте, түтеген  боранда, ызғарлы жел айдаған қалың жылқыны күндеп, апталап дәм татпай, аттан түспей сақтап қала білетін малшы қазаққа кім тек келеді?» ал, орыстың мал жөніндегі ірі биологтарының бірі С.Н. Боголюбский қазақтың малжандылығы жөнінде мынаны жазды: «Малмен бірге өріп, үнемі оның соңында жүргендіктен адамдар байқағыштыққа үйрененді, мал бағуға машықтанды. Бұл тәсілдер ұрпақтан ұрпаққа тарады, әрі құнды малдың ұрпақтарын өсірді. Осы тәжірибе осы заманғы зоотехния мен биологияның жаңа деректерін еске ала отырып, мал отарында сөзсіз сақталып және молая беруі тиіс» деп баға берген.Атақты эколог Е. П. Коровин (1936) өзінің «Орта Азия мен Қазақстан шөл далаларының түрлері және оларды шаруашылық жағынан игеру перспективасы» деген көлемді еңбегінде былай деп жазды:»Өткен кездегі мал шаруашылығы, оның құрамы, тұрақтылығы, өсімі табиғи жайылымды тірек еткен. Осындай жағдайда көктемде көгі мол, жаз бен күзде шөпке тапшы жайылым жағдайында шөл даланың өз хайуанаты-құрғақшылық пен қорексіздік кездерінде бойына нәр беретін қыртысты зат жинаған хайуанат өсіп- жетілуі ықтимал болды. Мұндай ксерофитер-құйрықты және қаракөл қойлары мен түйе» Қойдың құйрығына, түйенің өркешіне май жинауы, күтімі келіспеген, су жетіспеген кезде қосымша нәр беретін қор екенін кейінгі жылдарда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстар әбден дәлелдеді.[26]

1771 жылы Қазақстанды  аралаған этнограф және саяхатшы  Георги, құйрықты қой етінің тәттілігін  айта келіп, бұл қойдың еті  «кәдімгі қой етінен дәмдәрек  келеді...»Дәм қадірін білген адамдар,  қой еті хош иісті жусан  қасиеті дарыған шипалы ем деседі, бағлан етінің тәттілігі сонша, оның белгілі бір мөлшері жыл сайын патша сарайы дастарханына арналып Санкт- Петербургке жіберіліп тұрады» деп айтып көрсеткен екен.

Қазақтың құйрықты қойларының еті дәмді де, құнды  екендігін баяғыдан –ақ халықаралық деңгейде танымал болып, Париж жәрмеңкелерінде үлкен сұраныспен жоғары бағаға ие болып келгені анық. Атап айтқанда,1824 жылы Парижде болған халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне 50 мың бас қазақтың құйрықты қойы аса жоғары бағамен сатылған екен.Әрине, мұның бәрі қазақ халқының қой малын баға біліп, оны күтіп, баптай білуінде.Қой етінің тәтті болуына қойдың таза күтімде болып, барлық зоогигиеналық талаптардың орындалуы тікелей әсерін тигізері сөзсіз.

Қазақстандағы қойдың тұқымының түрлерін зерттеген  ғалымдардың еңбектеріне тоқтала келе, Қазақстанда өзінің жергілікті жағдайына лайықты биязы жүнді қойдың жаңа тұқымын шығару мәселесі 1931 жылы басталғанын білеміз. Бұл жұмысты академик В.А. Бальмонттың басқаруымен Е.В. Баканова, А.И. Пшеничный жұмыс істеді. Негізгі селекциялық жұмыстар К. Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында жүргізілді.

1931 жылы басталған  бұл жұмыс  1946 жылы жаңа тұқымды  мәскеудің бекітуімен нәтижелі  аяқталды. Авторлары В.А. Бальмонт, Е.В. Баканова, А.И. Пшеничный Одақтың  мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары атанған.

Қазіргі кезде  Қазақстанда биязы жүнді қазақтың қой тұқымын өрістетіп, өркендетуде  жұмыс істеп жүрген ауыл шаруашылығы  ғылымдарының докторы, профессор Төлеубек Қасымжанұлы Қасенов.

Қазақтың арқар  меринос қой тұқымы іріктеу, жұп  таңдау, сондай ақ басқа да күрделі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде  қойдың отандық түрі шығарылды. Тұқымның авторлары Н.С. Бутарин, А.И. Жандеркин, А.Е. Есенжолов, Е.В. Большакова осы еңбектері үшін әрқайсысы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағына ие болды. Бұл жаңа тұқым будандастыру жоспарына сәйкес Алматы облысының биік таулы Кеген, нарынқол жерлерінде өсірілді.

Арқар меринос  қой тұқымы жақсы көрсеткіштерге ие болды. Ғалымдардың үнемі жүргізген  жұмыстарының нәтижесінде Ленин, Крупская ұжымшарлары, Шығыс Қазақстанда «Алтай», Алматы облысында Ұзынбұлақ кеңшары, Павлодар облысында Қ. Сәтбаев кеңшары арқар меринос қойын өсірудің асыл тұқымды шаруашылықтары атанды.[13]

Мал мамандары  К.Николаев, В. Калинин қазақ қойының  құйрығы мен шропшир қойының  жүнін ұштастыру жолында едәуір еңбек сіңірді. Жаңа пайда болып жатқан дегерес қойын аса сүйіп, мәпелеп өсірушінің бірі бекеттің мал өсірушісі М. Кәрібозұлы болды.

Бұл қойларды 1929 жылы бірінші рет В.А. Бальмонт, М.Ш. Ермеков көріп, сынап шығарған.

Дегерес тұқымы күрделі өндіре будандастыру әдісін қолданып, одан адынған төлдерді таңдау, талдау, сұрыптау, жұптау арқылы шығарылған көп жылғы еңбектің қорытындысы 1980 жылы тұқым ретінде бекіп, оның авторлары В. Бальмонт, Т. Бөкенбаев, А.Голоднов. М. Алетов, Т. Садықұлов, Ә. Байжұманов және тағы да басқалары болды.

1945-1950 жылдарда  Академик А.А. Бальмонт пен  академик М.Ә. Ермековтардың басшылық  етуімен қазақтың етті, жүнді  биязылау жүнді қой тұқымының  негізі қаланды.Ал 1991 жылы ұзақ  жылдардығы ізденісті селекциялық  жұмыстардың нәтижесінде шөлді жайылымдарда өсетін, жоғары өнімді еті және кроссбред типтес жүн беретін қазақтың етті, жүнді биязылау жүн беретін қой тұқымы бекітілді. Ол қой тұқымының авторлары болып В. Бальмонт, М.Ә. Ермеков,К. Медеубеков, Ю. Скоробогато В, М. Бетембаева, К. Сәбденов,Қ. Қасымов, Ж. Рахымжанов, Т. Қасымов, С, Мырзабеков және басқа да ғалымдар танылды. Қой тұқымының ішінде қалшеңгіл, ақсеңгір, шу сүлелері бекітілді.

Ақжайық етті-жүнді  қой тұқымы ретінде бекітілді. Авторлары  К. Медеубеков, В. Терентьев бастаған бір топ ғалымдар мен селекционерлер. Биязылау қой тұқымын шығару жұмысы Батыс Қазақстанның шаруашылығында 1943 жылы цигай қошқарларымен жергілікті қойларды  будандастырудан бастаған еді.

Қазір Батыс  Қазақстанда бұл қой кеңінен  тарап, жақсы дамып келеді. Бұл қойды өсіру өте тиімді.

Қазақтың ұяң  жүнді қой тұқымы 1994 жылы жаңа қой  тұқымы ретінде бекітілген. Көп жылдар бойы қазақстанның әр аймағында сараджы, дегерес, тәжік, алай қойларын жергілікті қылшық жүнді қазақ қойларымен будандастырып  шығарылған. Авторлары В. Бальмонт, с. Ермеков, А. Голоднов, Қ. Қанапин, Г. Қыдырниязов, Қ. Майтқановтар. Бұл тұқымның үш аймақтық сүлелері бар.

Қарғалы типін  ертеректенв. Бальмонт шығара бастаған. Алғашында қылшық жүнді қойлардың  ішінен таңдау, сұрыптау жүргізілсе, соңынан қазақ қойларын сараджы, арасында дегерес қойларымен будандастырып, ұнамды қойларды өзара шағылыстырып жүргізген. Соңынан бұл тұқымның сүлесі қалыптасып болған кейінгі жылдарға дейін өзінше бекітілмеген қой тұқымы болып келеді. Шығарылған жері Алматы облысы, Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығы.иКөбейіп өсірілген жері орталық Қазақстанның қатаң шөлді шөлейтті аудандары. Осы қой тұқымын шығаруда жұмыстанған В. Бальмонт, М. Ермеков, К. Қанапин, С. Макбузов, М. Адекенов, Қ. Жұмадиллаев, К. Арыстанбеков және т.б. есімдерді атауға болады.

Ақтөбе типі жергілікті қойларды сараджы қойының  қошқарларымен будандастырып, іріктеу, сұрыптау жұмыстарының көп ылғы нәтижесі ақ, ақбоз жүн беретін жоғары етті түрі. Жүнді, өнімді қой типін дүниеге  алып келді. Бұл типті шығаруға жұмыстанған ғалымдар: А. Голоднов, К. Канапин, К. Алишев, К. Есенғалиев, А. Лошаков, О. Наурызбаев, У. Жұмағалиев.

Информация о работе Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері