Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 14:58, курсовая работа

Краткое описание

Мал шаруашылығы адам қорегіне қажетті, биологиялық тұрғыдан бағалы сүт, ет, жұмыртқа, май секілді азық-түлікпен қатар, өңдеу кәсіпорындары үшін тері, елтірі, жүн, қауырсын секілді шикізат көзі болып табылады. Сондықтан бұл саланың дамуының, елдің ұлттық азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығы мамандарын дайындауда, осы құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І. Әдебиеттерге шолу..................................................................................5
2. Негізгі бөлім

2.1. Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері..................14

2.2. Қазақстанда өндірілетін елтірінің түрлері. Атырау елтірілік майлы
құйрықты қойлары....................................................................................19

2.3.Атырау елтірілік майлы құйрықты қойларын асылдандыру
жұмысы.......................................................................................................29

Қорытынды.................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаракөл мадина.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

Форма және тип. Қаракөл қойын өсірушілердің көптен бері байқағаны - терісіндегі бұйралар алуан түрлі болып келеді де, соған сәйкес түрліше бағаланады. Асыл тұқымды материалды сатып алған кезде міндетті түрде қаракөл елтірісі көрмеге қойылып, ондағы бұйраның формасы мен типіне үйлестіретін түс ерекшеліктерінің сипаттамасына, жүн талшығының жұмсақтығына, жібектілігіне және жылтырлығына көңіл бөледі. Онсыз бұл тұқымның шығуын, ондағы бағалы бұйраның пайда болуын көзге елестету мүмкін емес. Өйткені, биязы жүнді қойлары нәсілдік қасиеттерін бірінші ұрпаққа тұрақты береді. Сол себептен де қаракөл бұйрасын бірыңғай жіктеу әрекеті көнеден қалған.

Көне дәуірдің өзінде - ақ қаракөл бүйрасын жіктеуге талпыныс болған

Орыс әдебиетінде  қаракөл бұйрасын алғашқы жіктеуді И. В. Синициннің (1990) Өзбекстанда жинаған  материалдарынан кездестіреміз. Ол бұйраның мынадай типтерін сипаттады: толқынды немесе хвыляста (хвыля - толқын), бүршақ тәрізді, баданалы, сақиналы, ұйпа - тұйпа (сабалақтанған).

1914 жылы М.Ф.  Иванов бұйраны мынадай типтерге  бөлді:-толқынды (толқын - хвыляста);

-         баданалы немесе бұршақгүл;

-          сақиналы және моншақгүл;

-          әлжуаз (ұйпа - тұйпа).

1932 жылы М.Ф.  Иванов пен В.М. Юдин қаракөл  бұйрасының зоотехникалық жіктелуін  едәуір ұлғайтып, тереңдете түсті,  әрі олардың морфологиялық құрылысына алғаш рет сипаттама берді. Бұл жіктеу бойынша қаракөл бұйрасы мынадай типтерге бөлінеді:

Бағалысы: толқын бұйра (биік, жартылай шеңберлі, жазық) және бұршақгүл - қысқа толқын (биік, жартылай шеңберлі және жазық);

Бағасы шамалылауы: жал (биік, жазык);

Бағасы төмені: сақиналы, жартылай шиыршық, бұранда, үлу, бұршақ;

Жарамсызы: шиыршық, жартылай шиыршық, бұранда, ұлу,

бұршақ.

Мұндай жіктеу бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ, қаракөлді бағалаған кезде  осыны пайдаланады.

Қазіргі бұйра  формасын былайша бөлу қабылдаған:

Бағалысы: толқын және бұршақгүл;

Бағасы шамалылауы: жал толқын (қысқа және орташа);

Бағасы төмені: енді жал толқын, жартылай шеңберлі және шеңберлі толқын;

Жарамсызы: шиыршық, жартылай шиыршық, бұранда, ұлу,бұршақ.

И. И. Дьячков  пен Р. Т. Письменный толқындау бұйраның жіктелуін біршама ұлғайтып, оны ирек толқын, ойыс толқын, жал тәрізді толқын және шуда толқын деп бөлді. Н. С. Гигинейш-Или жылан толқын дегенді қосты.

  Толқын, немесе толқындау бұйра - қаракөл елтірісінің иректі түгінің ең бағалысы. Академик В. М. Юдиннің пікірінше, толқындау бұйра мен бұршақгүл бүйра қаракөл елтірісіне әлемдік жоғары баға береді.

Толқын бұйра  бетінде түзу, әрі паралелль орналасады. Жүн талшығы толқынның өзіндік  құрылысы, түкті ирегі болады да, жартылай шеңбер немесе шеңбер түзеді, ал оның осы тері бетіне перпендикуляр орналасады. Толқын бұйраны қарағанда, талшық ұшы көрінбейді, ал толқын аралығында жіктер тері тканіне паралелль жатқан жылтыр қылшықтармен көмкерілген.

Толқын бұйраның формасы тұйық шеңбер түзеді. Оны жабатын талшықты бүркеме бөлігі деп атайды. Олар толқын түзуге қатысатын талшық санының шамамен 55-60 %-ы құрайды да, мұның өзі бұйраның жоғары сапалылығын қамтамсыз етеді. Бір түзулікте орналасқан жабын талшықтары сыртқы сақина тәрізді цилиндрлі иректің тегіс қабатын құрайды. Мұндайда жабын талшықтар ұзындығы мен жіңішкелігі жағынан неғұрлым біркелкі болса, бұйра ирегі де соғұрлым көрікті, әдемі бола түседі.

Бұйра ішіндегі жүн талшықтары орақ тәрізді формада  болады. Олар бұйра құрылысының дұрыс  құрылуын қамтамасыз етіп, бұйра тығыздығы көбінесе соған байланысты болады.

Жартылай шеңберлі толқын. Бұл бұйрадағы талшықтың сапасы жақсы болады: жібектілігі, жылтырлығы, пигментінің қоюлығы, талшығының ұзындығы - 8,7 мм. Бұйра мөлшері: биіктігі - 4,8 мм, ені - 5,5 мм, ұзындығы - 29,7 мм, жік ені -2,8 мм. Құрылысының формасы бойынша толқын бұйраның мынадай түрлері болады: жартылай шеңберлі ирек, енді, биік, аласа, ершік тәрізді, құйын тәрізді.

Бір елтірідегі жартылай шеңберлі толқын бұйраның мұндай алуан түрлі формасы, бұйраның басқа түрлерімен қоса (қабырға толқын, жазық толқын) оның өрнегін әдемілендіре түседі.

Қабырғалы толқын. Дәлме-дәл жарты шеңбер құрамайды, бұйра талшықтары біркелкі шиыршықталмаған, аздап бұрыш жасап тұрады, ал толқынның көлденең қимасы малдың қабырғасын еске алады.

Қабырғалы толқынның  орташа мөлшері: талшығының ұзындығы - 8,2 мм, бұйрасының биіктігі - 5,6, ені - 7,7, ұзындығы -42,6, жік ені - 2,6 мм.

Талшық әуелі  тік өсіп, содан кейін иіліп, алғашқы  бұрыш (бүгіліс) құрады, содан кейін  тері бетінде тік бұрышты параллель бағытта өскен талшық ұштары екінші бұрыш түзеді, содан кейін тері бетіне қарай ойысады, бірақ бұйралар тұйықталмайды. Иілімнің осы екі бұрышы толқынға қабырғалық тип береді. Жабын талшықтары бұйра түзуге қатысатын барлық талшықтың 63-75% -ы құрайды.

Жүн талшықтарында  орақ тәрізді иілім болмайды, олар сәл бүгіліп, біразы тік талшықтан  тұрады. Жік арасының кендігі елтірі өрнегіне айқындық береді.

Қабырғалы толқын жартылай шеңберлі толқынмен немесе қысқа жал аралас жазық толқынмен  бірге кездеседі. Мұндай елтірілер талшық сипатына қарай қалыпты, жібектілігі мен реңділігі (пигменттеуі) бойынша - жылтыр болады. Оларда бұйраның ашық жағы басқа қарай бағытталған. Алайда, қабырғалы толқын да көбінесе жал толқын кездеседі. Мұндайда елтірінің жібектілігі жеткіліксіз, реңі мен жылтыры солғын келеді. Қабырғалы толқын енді жал толқынмен үйлескенде талшығы іріленгендігі, оның құрғақтағы және жылтырының шыны тәрізді болатындығы байқалады.

Иректіктің  классикалық формасының бұзылуы, жартылай шеңберлі орамның, сақинаның жоқтығы, бұйраның сүйірленуі ақаулы деп есептеледі.

Жалпақ жал  толқында талшығы құрғақ, жылтырлы, шыны тәрізді болатындықтан, бұйралықтың  бұл формасы жакеттік топқа қарағанда  қарама-қарсы деп қарастырылады, демек, мұны болдырмас үшін дұрыс селекциялық жұмыстар қажет.

Жазық толқын сақина тәрізді бүгілісі жойылған біркелкі жабын талшықтарынан (90-94%) түзіледі.

Жазық толқынның  орташа мөлшері: талшығының ұзындығы - 7,7 мм, бұйрасының биіктігі - 1,3 мм. Талшықтар  тері бетінен қылтиып шығысымен доға тәрізді бүгіліп, тері жабынына параллель орналасады. Бүркеме талшықтардың ұшы осінен иіліп, келесі бұйраның бетіне тіреледі. Сондықтан да бұйра аралығындағы жік білінбейді. Жазық толқынның сәл ойыс болуы бұйраның сиректігіне және тым жұмсақтығына (жібектілігіне) байланысты.

Жазық толқын, әдетте, жартылай шеңберлі немесе қабырғалы  толқындармен қоса және таза күйінде  өте сирек кездеседі.       Жазық толқын қысқа жазық жалмен және лассамен үйлескенде елтіріні әдемілендіре түседі.

Жазық толқын, сондай-ақ қабырғалы толқын жартылай шеңберлі толқынның классикалық формасының ауытқуы болып саналады. Алайда, оның талшығы өте жұмсақ (жібектілік), жылтыры күшті, пигменті көп болатындықтан ұнамды типке жатқызады.

Ирек толқын. Құрылысының формасы бойынша жартылай шеңберлі толқынға жатады, тек айырмашылығы - бүкіл ұзындығы бойына ені біркелкі емес.

Ирек толқынның  орташа мөлшері: талшығының ұзындығы-8,4 мм, биіктігі - 4,5, ені 6,5 - 10, ұзындығы - 46,7, жігінің ені - 2,6 мм.

Қаракөл елтерісінде  бұл бұйралар барлық ұзындығында сынық иректі өрнек түзеді. Бұйра енінің әркелкі таралуы мен ұлғаюы, басқа да, бұйралармен қосыла отырып теріге әдемі түрмен өң береді. Ирек толқын жүн талшығының сапасы өте жоғары әрі жұмсақ, жылтыр, пигментті болғанда түзеледі. Олар жартылай шеңберлі толқынмен, бұршақгүлмен, жалды жакетпен, москвалық жакетпен, қалың жакетпен және кирпукпен бірге кездеседі.

Ұшы сүйір толқынның құрылысы жартылай шеңберлі толқынмен бірдей; айырмашылығы - оның бұйрасының биіктігі (14,9 мм) енінен (3,4 мм) үлкенірек және де үшы сәл сүйірлеу. Бұйрасының ұзындығы - 32,3 мм, жігінің ені 2,5 мм.

Ұшы сүйір толқын (кейде биік немесе тарылған деп  атайды) ирек және жал тәрізді толқындармен, сирегірек-жартылай шеңберлі, сүйір  жалды толқындармен бірге үйлеседі.

Ұшы сүйір толқын жүн талшығының сапасы жақсы болғанда түзіледі. Кирпук және қабырғалы I сорттарында бұйраның ашық жағында тік көлбеулікте орналасатын толық емес иректер болады.

Жал тәрізді  толқын онша жетілмеген жартылай шеңберлі толқынға немесе бір жағына қайырылған жалға ұқсайды; түрі жал тәрізді. Жал тәрізді бұйраны түзетін жабын талшығын бұйра осіне перпендикуляр иілмейді, бұйра бойына қиғаштала иіледі. Талшықтарының ұштары бұйра төбесіне қарай ойысып, оның екінші жағына түседі. Талшығында біршама қырлы иректер болады да, олар биік ораммен аяқталады. Кейде талшық ұштары сорайып, ептеп ұйпаланып тұрады.

Орташа мөлшері: талшығының ұзындығы - 7,5 мм, бұйрасының биіктігі - 5,4, ені - 4,3, ұзындығы - 36,6, жік  ені - 2,5 мм.

Жал тәрізді  бұйра жұмсақ, қалыпты жылтырлықты  және пигментті талшықта, толқындау және жал бұйралармен үйлесе отырып түзіледі. Бұл бұйралар көбінесе қозының жамбас тұсында орналасады. Кирпук, I жұқа және II жакет сорттарында кездеседі.

Толқын - жал - бұл жартылай шеңберлі иректі толқындау бұйра, олардың екі жақ ұшы жалданып аяқталады. Ондағы жабын талшықтары 1/3 айналым ирек түзеді, әрі қарай, толқын ұзындығының бағыты бойынша жан-жағына жайылып, жалды елестетеді. Мұндай бұйраның бағасы шамалы болады. Оның орташа мөлшері: талшығының ұзындығы - 7,7 мм; бұйрасының биіктігі - 3,8 мм, ені - 5,0, ұзындығы - 26,1, жік ені - 2,6 мм.

Талшығының  сапасы нашарлау, біршама қылшықтау, пигменті мен жылтыры әлсіз. Тауарлы  топтағы қабырғалы бұйрада кездеседі.

Сақиналы толқын сұр қаракөлде кездеседі. Біршама жуандаған, ұзарған және сирек талшықтарда түзіледі. Ирегінің сақина тәрізді доғасы болады. Біршама ірі, жалпақ, жапырылған толқындар бір-біріне қатарласа орналасқан сақиналы бұйрадан тұрады. Бағасы шамалы. Қара елтіріде мүлде дерлік кездеспейді.

Бұйрасының  мөлшері: бұйрасының биіктігі - 6 мм, ені - 8,7, ұзындығы - 21, жігі - жалпақ, талшығының ұзындығы - 10 мм.

Ұзын және ұзындығы орташа толқындау бұйра жанбас пен  арқада, аздап бүйірі мен жотасында  кездеседі, ал құрсағында, жауырында  және мойнында толқындау бұйра қысқа, әрі бұршақгүл мен жал аралас болады.

Бұршақгүл толқын бұйрадан кейінгі бағалы типтердің біріне жатады. Өзінің морфологиялық құрылысы жағынан жартылай шеңберлі толқыннан ешқандай өзгешелігі жоқ, оның ұзындығы еніне жуықтау. Көп жағдайда бұршақ тәрізді бұйраның жекеленген жабын талшықтары толық доғалы бүгіліс жасамайды да, олар барлық бағытта бүгілетін сияқты болып көрінеді. Жабын талшықтары бұйрадағы барлық талшықтардың 50 - 55 %-ын құрай-ды. Бүршақгүл көбінесе толқындау бұйрамен бірге кездеседі.

Жал толқыны бағасын шамалы топтарға жатады. Әдетте жалдың формасы орта сызықтан екі жаққа қарай кетіп жататын қыр формасындай немесе мұқалып, үшы екі жаққа ажыраған, талшығы тарақ түріндей, кейде аздап шыршаға ұқсайды. Жал     ығының ортасында біршама ойыс формасы болады.

Жал формасы  бұйраның пайда болу сатысында тоқтағандықтан аңғартады. Егер бұйра толқын бұйраға жуықтау сатыда тоқтаған болса, онда жал биік, ал эмбриондық сатысында тоқтаса -шырша тәрізді болады.

Жал ені бойынша  енсіз, қысқа, жалпақ, ал ұзындығы бойынша - ұзын, орташа және қысқа болып бөлінеді.

Енсіз жал - осы  типтегі бұйраның ең бағалы бөлігі, өйткені ол толқындау бұйралардан  айырмашылығы - тек құрылысында ғана емес, сірә, шығу тегіне де байланысты болуы мүмкін.

Көп жағдайда енсіз  жал бұйралар шырша түрінде екі жағына, кейде - бір жағына тарамдалады, кейбіреуі жетілмеген толқын түріне ұқсайды.

Енсіз жал толқын сапасы жақсы талшықта түзіледі. Ол жанбаста, қыр арқада, бүйірінде, шоқтығында орналасады.

Қысқа жал - мөлшері  орташа, оның ұзындығы 10-20 мм-ден аспайды, әдетте, олардың ені біркелкі емес: енді бөлігінде -8-9 мм, енсіз бөлігінде - 6-7 мм. Қысқа жалдар көбінесе талшық сапасы жақсы, жұмсақтығы, жылтырлығы мен пигменті жеткілікті болғанда түзіледі

Жалпақ жал - осы типтегі бұйраның құны шамалылау  бөліп. Оның ені ұзына бойына біркелкі емес (30-40 мм), түбі жалпақ (9-12 мм), ұшы сүйір (5-7 мм), әрі сына тәрізді формаға ұқсайды. Біршама жуандаған, іріленген, әрі құрғақ талшықтардан тұрады-Қозының құрсағында, кеудесінде, кейде қыр арқасында орналасады. Көбінесе ірі бұйралы, I және II қалың қабырғалы, метис қаракөл сорттарында, сирегірек - I және II қалың қабырғалы бұйраларда кездеседі. Жалпақ жал қолайсыз бұйра деп есептеледі.

Сақиналы бұйра бағасы төмен бұйра тобына жатады. Талшықтары тұлымшасына шоғырланып, толық тұйықталмаған сақинаға ұқсайды. Талшық ұзындығы 16,5 мм, яғни бағалы бұйра қалыптасатын деңгейден сорайып шығып тұрады. Сақиналы бұйраның ирегі екі доға түзеді де, оның астындағысы тері бетіне тік, ал үстіңгісі - көлденең орналасады. Талшықтары тым ұзын болатындықтан, одан пайда болған сақиналы бұйралар көбінесе ұйпаланып, өрнегін жоғалтады.

Жартылай сақина - құрылысы жағынан бүл типтегі бұйра сақиналы бұйраға ұқсас, тек айырмашылығы - доғасында ирегі болады.

Бадана - ақаулы бұйра формасы. Көбінесе әркелкі, жіңішкерген, ұзындығы 16 мм-ден астам жүн талшықтарынан түзіледі де, тұлымшағы жиналып, ұшы ширатылып, тері беті тіке бағытталған көп доғалы ирек береді. Жоғарғы доғасында бұл ирек жабық түйін түзеді де, формасы баданаға ұқсайды. Бадана бұйраның 2-ден 4-ке дейін ирегі болады да, біршама моншақгүлге ұқсайды.

Моншақгүл бұйра да ақаулы бұйраға жатады. Формасы бойынша бадана бұйраға ұқсас, бірақ көбінесе жуандаған немесе жіңішкелігі орташа ұзын талшықтардан (16 мм-ден астам) түзіледі. Олар тұлымшаға жиналып, орам ирек түзеді де, моншаққа ұқсайды. Бұйраның барлығы тері бетіне паралелль орналасады.

Ұлу тәрізді бұйра ақаулы типке жатады. Тұлымша түзетін жіңішкелігі мен ұзындығы әркелкі жүн талшықтарынан қалыптасады. Бұйраның түбі ұлғайып ұшы таралады да, конус немесе ұлу тәрізді болады. Мұндай бұйра қара елтіріде мүлде кездеспейді: сұр және ашық сұр қаракөлде, әсіресе сақиналы және моншақгүл бұйрада кездеседі.

Тықыр - бұл терінің бұйрасы жоқ, тегіс немесе аздап қана бұйраланған түк шығып, тері бетіне белгілі бір бұрыш жасай орналасқан жерлері. Тықыр бұйраның екі түрі бар: биік және аласа.

Информация о работе Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері