Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 14:58, курсовая работа

Краткое описание

Мал шаруашылығы адам қорегіне қажетті, биологиялық тұрғыдан бағалы сүт, ет, жұмыртқа, май секілді азық-түлікпен қатар, өңдеу кәсіпорындары үшін тері, елтірі, жүн, қауырсын секілді шикізат көзі болып табылады. Сондықтан бұл саланың дамуының, елдің ұлттық азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығы мамандарын дайындауда, осы құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І. Әдебиеттерге шолу..................................................................................5
2. Негізгі бөлім

2.1. Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері..................14

2.2. Қазақстанда өндірілетін елтірінің түрлері. Атырау елтірілік майлы
құйрықты қойлары....................................................................................19

2.3.Атырау елтірілік майлы құйрықты қойларын асылдандыру
жұмысы.......................................................................................................29

Қорытынды.................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаракөл мадина.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

Ал Г. Қыдырниязова, Н. Майтқанов, З. Тоқаев, Б. Нұрғалиев, М. Жандильдинов, М. Боқаев сынды ғалымдар батыс типті қойдардың авторлары болып саналады.[28]

Қазақстанның  қаракөл қойын өсіру жөнінде  жарты ғасырлық ғана тәжірибесі болса  да, селекционерлеріміз көптеген табыстарға жетті. Біздің республикамыздың селекционерлері- К. Елемесов, Х. Укбаев, М. Ширинский, А. Ахметшиев, Т. Бигараев және т.б. Осы жылдардың ішінде он заводтық тип, бір тұқымдық тип,, бір жаңа тұқым шығарылды.  Сонымен бірге, қаракөл қойын азықтандыру, қаракөл елтірісін өндіру, өңдеу одан дайын тауар шығару технологияларын қалыптастырды.

Қазір Қазақстан  қаракөл өсіруші селекционерлердің үлкен тобы жетісіп келуде, оның ішінде үш Ұлттық Академиясының акадеитктері бар.

Академик Х. Үкібаев пен Т. Қансейітовтердің көп жылдық ізденістерінің нәтижесінде Қазақстанда қаракөл сурының жаңа ішкі және жаңа құйрықты елтірілі етті майлы қой тұқымын шығарып бекітті. Сұо түсті елтірі беретін жаңа тип пен жаңа қой тұқымын шығару жұмысы бірнеше кезеңмен жүргізілді.

Тарихтың әр кезеңінде елтіріге сұраныс , оны  қолданыс әр түрлі деңгейде болған. Көптеген авторлардың пікірлерін, көзқарастарын зерттей келіп И.Н. Дьяченков 16-18 ғасырларда қаракөл қойын, жалпы елтірі беретін қойлар тұқымдарын дәйекті түрде жақсарта бастаған деп есептейді. Капитализмнің орнауымен, нарық экономикасы мен өнеркәсіптің дамуына байланысты елтіріге де сұраныс көбейген, оның бағасы артқан. Осындай кезде мал өсірушілер селекциялық жұмыстарды өрістете отырып, жақсы елтірі қой тұқымын өсіре бастаған.

Сарыарқа қой  тұқымы 1994 жылы тұқым ретінде бекітілді. Көптеген ғалымдардың зоотехник  селекционерлердің ұзақ жылғы мақсатты еңбегі нәтижесінде шығарылған Бұл жұмысты орындауда келесі ғалымдардың есемдерін атап өтуге болады: Е.Есентаев, Қ. Ұанапин, Н. Кенжетаев, С. Байкенов, С. Сәлкебаев, К. Күзембаев, А. Ахатов және т.б.

В. Бальмонт, Қ. Қасымов, с.Үмбетов, А.Қоржынбаев, Н. Батыршанов секілді Қазақстан ғалымдары «қалшеңгіл» типті қойлардың тұқым ретінде бекітілуіне біраз тер төкті. Бұл қойлардың тірі салмағы 55-57 кг, бір жастағы қошқарлары 85-100 кг, бір жастағы қошқарлары 4,5-5,0 кг.

Бүгінде еліміз бойынша көптеген ғалымдар осындай түрлі қойлардың типтерін шығаруда көп еңбек сіңіргенін  анықтаған болдық. Ауыл шаруашылығын ғылыми негізде жүргізу үшін барлық ғылыми зерттеу институттары Ауыл шаруашылығы министрлігіне бағындырылып арнайы ауыл шаруашылығы департаменті құрылды. Мал шаруашылығында асылдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда,, қой шаруашылығының генетикалық селекциялық орталығы ұйымдастырылып, оны белгілі ғалым, академик К.У. Медеубеков басқаратын болды.

Қазақ халқы, оның мекендеген жері, этнографиясы туралы жазған алғашқы орыс авторларының бірі А. Левшин былай деп жазған: «мұнда қой отарларының көптігіне көзің сүрінеді. Өрбіген қойы одан көп ел, сірә, әлемде бола қоймас» Қазақ өмірін жақсы білетін орыс экономисі Ф. Щербина қазақ халқының өміріндегі малдың маңызын көрсете келіп былай деп жазды: «Қазақ керемет өсімдік танығыш, ол әр түрлі өсімдіктің жылдың әр мерзіміне қарай қай түлікке жұғымды келетінін жақсы біледі»

Мал шаруашылығы  туралы жұмыстың білгір авторы В. Бенкевич қазақтың мал бағудағы көнбістігі мен  шеберлігіне былайша таң қалған: «Бет қарыған үскірікте, түтеген боранда, ызғарлы жел айдаған қалың жылқыны күндеп, апталап дәм татпай, аттан түспей сақтап қала білетін малшы қазаққа кім тек келеді?» ал, орыстың мал жөніндегі ірі биологтарының бірі С.Н. Боголюбский қазақтың малжандылығы жөнінде мынаны жазды: «Малмен бірге өріп, үнемі оның соңында жүргендіктен адамдар байқағыштыққа үйрененді, мал бағуға машықтанды. Бұл тәсілдер ұрпақтан ұрпаққа тарады, әрі құнды малдың ұрпақтарын өсірді. Осы тәжірибе осы заманғы зоотехния мен биологияның жаңа деректерін еске ала отырып, мал отарында сөзсіз сақталып және молая беруі тиіс» деп баға берген.Атақты эколог Е. П. Коровин (1936) өзінің «Орта Азия мен Қазақстан шөл далаларының түрлері және оларды шаруашылық жағынан игеру перспективасы» деген көлемді еңбегінде былай деп жазды:»Өткен кездегі мал шаруашылығы, оның құрамы, тұрақтылығы, өсімі табиғи жайылымды тірек еткен. Осындай жағдайда көктемде көгі мол, жаз бен күзде шөпке тапшы жайылым жағдайында шөл даланың өз хайуанаты-құрғақшылық пен қорексіздік кездерінде бойына нәр беретін қыртысты зат жинаған хайуанат өсіп- жетілуі ықтимал болды. Мұндай ксерофитер-құйрықты және қаракөл қойлары мен түйе» Қойдың құйрығына, түйенің өркешіне май жинауы, күтімі келіспеген, су жетіспеген кезде қосымша нәр беретін қор екенін кейінгі жылдарда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстар әбден дәлелдеді.

1771 жылы Қазақстанды  аралаған этнограф және саяхатшы  Георги, құйрықты қой етінің тәттілігін  айта келіп, бұл қойдың еті  «кәдімгі қой етінен дәмдәрек  келеді...»Дәм қадірін білген адамдар, қой еті хош иісті жусан қасиеті дарыған шипалы ем деседі, бағлан етінің тәттілігі сонша, оның белгілі бір мөлшері жыл сайын патша сарайы дастарханына арналып Санкт- Петербургке жіберіліп тұрады» деп айтып көрсеткен екен.[13]

Қазақтың құйрықты қойларының еті дәмді де, құнды  екендігін баяғыдан –ақ халықаралық  деңгейде танымал болып, Париж жәрмеңкелерінде  үлкен сұраныспен жоғары бағаға ие болып келгені анық. Атап айтқанда,1824 жылы Парижде болған халықаралық  ауылшаруашылық көрмесіне 50 мың бас қазақтың құйрықты қойы аса жоғары бағамен сатылған екен.[27]

Әрине, мұның  бәрі қазақ халқының қой малын  баға біліп, оны күтіп, баптай білуінде.Қой  етінің тәтті болуына қойдың таза күтімде болып, барлық зоогигиеналық  талаптардың орындалуы тікелей әсерін тигізері сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Негізгі  бөлім

2.1.Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері

 

Қаракөл қой тұқымы. Елтірілік қой тұқымдары туралы әдебиетте араб географы Аль-Истахри айтқан. Ол 978 жылы шыққан кітабында Түркістан өлкесінде қозыларынан алғашқы өмір сүру күндерінде сойып тамаша, басқа елдерде болмайтын елтірілер алынатынын жазған. Сонымен қатар жаңа туған немесе шала туған қылшық жүнді қойлардың қозыларынан терілері де бұйралы елтірі береді. Тарихтың әр кезеңінде елтіріге сұраныс, оны қол-даныс әр түрлі деңгейде болған. Көптеген авторлардың пікірлерін, көзқарастарын зерттей келіп И.Н. Дьяченков (1980 ж.) 16-18 ғасырларда қаракөл қойын, жалпы елтірі беретін қойлар тұқымдарын дәйекті түрде жақсарта бастаған деп есептейді. Капитализмнің орнауымен, нарық экономикасы мен өнеркәсіптің дамуына байланысты елтіріге де сұраныс көбейген, оның бағасы артқан. Осындай кезде мал өсірушілер селекциялық жұмыстарды өрістете отырып, жақсы елтірі беретін қой тұқымын өсіре баста-ған. Елтірі сол қой тұқымдарының негізгі өніміне айналған. Қазіргі кезде елтірі беретін бірнеше қой тұқымдары бар, бірақ дүние жүзінде елтірі беретін қой тұқымдарының ең жақсысы, ең кең тарағаны - қаракөл қой тұқымы. Бұл тұқым Азия, Африка, Еуропа және Америкадағы елуден астам елде өсіріледі. Дүние жүзінде қаракөл қойының және оның будандарының саны 30 миллионнан асады, қаракөл елтірісінің жыл сайынғы өнімі 9-10 миллион дана құрайды.

Қаракөл қой  тұқымын шығару үшін құйрықты және ұзын майлы құйрықты қойлар пайдаланылған болуы керек. Бойында елтірілік қасиеттері бар қойларды ұдайы, жүйелі түрде сұрыптап, іріктеп жұптаудың нәтижесінде, көп ұрпақтың еңбегінің арқасында шығарылған қой тұқымы. Ең нәтижелі ізденіске Бұхара аймағындағы қой өсірушілер жеткен болуы керек. Өйткені елтірі беретін Бұхара қойы жөнінде мәліметтер 18 ғасырдың басында тарай бастаған.

Сол кезден бастап, бірте-бірте орта, уақ бұйрасы  бар қозы терісінен (елтіріден) жакет, пальто, папаха, тұмақ, жаға, күрті тігу көбейіп, Еуропа базарынан үлкен  сұраныс шыға бастайды. Соның нәтижесінде қаракөл қойының аты шығып, даңқы өсіп жер-жерге тарай бастайды.

«Қаракөл» атының шығуына бірнеше болжам бар. Біреулері  Ассирияның «қаракөл» деген сөзінен  шыққан дейді. Ол сөздің түсінігі «Қара  райхан» деген ұғымды береді. Екіншілері «Қаракөл» деген сөзден шыққан дейді. Ол атаулы көп Памирде қаракөл қозылар жас кезінде күн көзіне қызынып, топтанып жатқанда, алыстан қап-қара, дөп-дөңгелек болып көрінеді. Сол көріністі көлге ұқсатып атаған дейді. Қалай болғанда да, қаракөл деп қозының елтірісін атайды. Сол ұғым қазір заңды түрде қол-даныста. Қаракөл қой тұқымы - әдемі де сұлу елтірісімен дүниеге мәлім қой. Біздің дәуірімізден бір жарым мың жыл бұрын Бұхара маңында шығарылған тұқым, 2-6 күндігінде сойылған қозылардан өте сапалы, әдемі елтірі алынады.

Қаракөл қойы ұзын майлы құйрықты қой тобына жататын, шөлдің қатаң жағдайына бейімділігімен, көнбістілігімен, жүрдектілігімен  ерекшелінеді. Тұлғасы берік, терісі жүқа, бірақ тығыз. Қойдың нәзік және тұрпайы типтері онша ұнамды емес. Қозылардың түсі әр түрлі: қара, көк, сұр, қоңыр, қызыл-қоңыр болады. Түгі жібек тәрізді, жылтыр, серпімді, бұйра. Өскен сайын жүні ақшылданады, негізгі түсі тек басы мен аяқтарында ғана қалады. Қаракөл қойының жүні түбіттен, аралық талшықтан және қылшықтан құралған әртекті болады. Бұл жүн кілем үшін құнды шикізат болып саналады.

Қаракөл қозыларының  елтірілік құндылығы толқын, бұршақ тәрізді бұйраларының болуына, олардың  қалай орналасуына байланысты.

Қаракөл қойы негізгі  өнімі - елтіріден басқа да өнімдер  береді. Қозысын сойған соң әр қойдан 50 кг сүт саууға болады. Қаракөлдің ет өнімділігі де жаман емес. Қошқарлары 65-70 кг, саулықтары 45-50 кг тартады. Қозылары тез өседі, туғанда 3,5-4,0 кг, енесінен айырғанда 22-25 кг-ға жетеді. Әр қойдан аталығынан 3,5-5,0 кг, аналығынан 2,5-3,0 кг жүн қырқылады, 100 аналықтан 110-120 қозы береді.

Қаракөл қойы қысы жазы жайылымда бағуға әбден үйренген, сирек, тықыр шөпті жерлерді жақсы  игереді.

Қазақстанда бірнеше  тұқым ішіндегі типтер мен бір  қаракөл елтірісін беретін құйрықты қой тұқымы шығарылды. Бұл қой тұқымының болашағы әлі алда.

Қаракөл қойлары  шұрайлы жайылымдарды өте жақсы  пайдаланады, әсіресе көктемде, күзде  қысқа мерзімнің ішінде (30-45 күн) тез қозданады.

Қаракөлдің  қосымша табыс өнімі ретінде  алынатыны 1-2 күн енесінің уызын еміп барып сойылған қозылардан алынатын ұлтабары және қозысы сойылған саулықтардан сауылатын (25-40 кг) сүті. Бұл өнімдерден де біраз пайда түседі. Ондай саулықтарды міндетті түрде сауу керек, әйтпесе олар желінсау болып ауырады, келешекте желіні сүт бере алмайды.

Қаракөл қой  тұқымы өзі ішіндегі типтерінің көптігімен ерекшелінеді. Ол типтер (сүлелер) өзіне  тән ерекше түсімен, бояуымен, елтірілік  және дене бітімдік қасиеттерімен сипатталады.

Қаракөл қойлары  түсіне (жүнінің бояуына) қарай: қара, көк, сұр және басқа (ақ, қоңыр, райхан түсті т.б.) болып бөлінеді-Барлық қаракөл қойлардың қараға 58-60%, көкке 25-26%, сұрға 10%, қалғаны басқа түстерге жатады.

Аса бағалы сүр  түсті елтірілер тобын беретін  қаракөл қойлар үш тұқымдық типке  бөлінген: бұхар, қарақалпақ және сұрхандария. Сұр түсті түктерді беретін гетерохромдық бояулар генмен басқарылады, бір жүн талшығының ұзына бойы әр түсті болып құлпырып тұрады, мәселен: түктің жоғары жағы ақшыл, ал төменгі жағы күңгірт, қоңыр. Өзі жалтыр талшықта осы бояулар құйылып көзге тартымды көрінеді.

Бұхар сұр елтірісінің түктерінің төменгі жағы қара, қара қоңыр болып келсе, жоғары жағы күміс, алтын түсті болып келеді. Түктер бояуының ара қатынасы және бояуының контрастығына қарай құбылып тұрады. Соларға қарай Бұхар сұр елтірілерін күміс түсті, алтын түсті, алмаз түсті, мәйе (сирень) түсті деп бөледі.

Сұрхандария сұрының төменгі жағы қоңыр, кофе түстес болып келеді де, үстіңгі жағы өте ағарыңқы болады. Бұл сұрдың негізгі бояуы қоңыр түстен. Сұрхандария сұрына қола түсті, платина түсті, янтарь түсті, антрацит түсті, құм түсті болып бөлінеді.

Қарақалпақ  сұр төмендегіше сипатталып бөлінеді: болат түсті-түктің астыңғы жағы қара, үсті болат түсті; алау түсті -төменгі жағы қара, жоғарғы жағы ақ; өрікгүл түсті - түктің төменгі жағы қара, қоңыр жоғарғы жағы ақшыл қызыл, өрікгүлдің көрінісіндей болады.

Райхан гүл  түсті (гулигаз) елтірілер қойдың жүнінде қоңыр және ақ түсті жүн талшықтарының ара қатынасына байланысты болады. Ондай бояулы елтірілер көбінесе көк қаракөл қойын қамбар түсті қойларымен (қоңыр) будандастырғанда пайда болады.

XX ғасырдың аяқ кезінде ак қаракөл типі де шығарылды. Бұл тип қаракөл қойларын құйрықты қой кошқарларымен будандастыру арқылы, және таза платина түсті қаракөл қойларын сұрыптау, іріктеу және жұптау арқылы шығарылды.

1.      1974 жылдан бастап қазақтың қылшық  жүнді құйрықты және еділбай  тұқымдарының саулықтарын кола  реңді сұр қошқарларымен үшінші  ұрпағына дейін сіңіре будандастыру  арқылы қазақтың сұр түсті  реңді ішкі тұқымдық типін  шығарды. Бұдан әрі қарай сұрыптау, таңдау және жұптау арқылы қаракөл қойының талабына сай келетін қажетті белгілері жетілдірілді. Бұл жұмыс 1991 жылы аяқталды. Шығарылған тұқымдык типтің құйрық пішіні 8-әрпіне ұқсас, бұйралар ұзындығы жағынан ұзын, екі орташа, қалам, қабырға, жазық бұйралы, жүн жабының жібектілігі мен жалтырлығы күшті, сұр түсті, қола реңді, елтірі бетінде реңінің таралуы біркелкі, қозының өн бойына айқын контрасты, элита мен 1 классы 82%-дан жоғары, кола реңінің шығымы 72%. 100 аналықтан 110 қозы алынады. Қаракөл қой тұқымының бұл жаңа типі өзінің жетекші селекциялық белгілерін, яғни ет, елтірі және жүн өнімдерін ұрпағына беру қасиеті тұ-рақты.

   1979 жылдан  бастап еділбай және қазақтың  қүйрық қой тұқымдарының саулықтарын  кола ренді сұр түсті қошқарларымен  шағылыстырудан туған екінші будан ұрпағын сұрыптап, іріктеп, жұптап «өзара» күрделі өсіре (заводтык) шағылыстыру арқылы жаңа құйрықты елтірілі-етті майлы қой тұқымы шығарылды. Бұл жаңа тұқым қойларының құйрығы тартыңқы, жанбасы мен құйрық майы мол, терең және кең кеуделі, бұйралары ширак, тығыз және ұзын, пішіндері қалам, қабырға, жазық бұйра-

лармен бірге-бір  және екі жақты жал бұйралар аралас, елтірідегі суреттер тік-параллель, параллель-шоғырланған  және аралас; жүн жатынының жібектілігі  және жылтырлығы күшті, сүр түсі мен кола реңі өн бойына біркелкі таралған.                         Осылай әлемде тендесі жоқ сұр түсті, қола реңді елтірілі-етті майлы қой тұқымы Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шығарылып, 1998 жылы тұқым ретінде бекітілді.

Жаңа қой  тұқымы ірі, дене бітімі берік, сырт пішіні құйрықты қойларға ұқсас, жайылымға жақсы үйренген, жүрдек шыдамды келеді. Биологиясы, еттілігімен майлылығы қазақы қойға жақын, елтірілік қасиеттері қаракөлге жақын. Туғандағы салмағы қозысының 4,5-5,3 кг, енесінен айырғанда 33,0-36,0 кг, 18 айлығында ұрғашы тоқты 50-55 кг, қошқары 70-75 кг, ересек саулықтары 55-65 кг, қошқарлары 90-95 кг.

Бұл тұқым қойлары  қазіргі кезде Атырау облысымен  Оңтүстік Казақстан облысының шаруашылықтарында  өсіріледі. Жылдан жылға басқа жерлерге де таралып бара жатыр.

Еділбай қой  тұқымының қошқары № 9282, т.с. 130 кг, ж.ш. 3,6 кг[2]

 

 

 

 

2.2. Қазақстанда өндірілетін елтірінің түрлері. Атырау елтірілік майлы құйрықты қойлары

 

Елтірі Қаракөл  қойларының қозыларынан алынады. Қазақстанда  Қаракөл елтірісінің сан алуан түрлері өндіріледі: сұр, қара, көк, қоңыр т.б. Олар өздерінің түсімен, жылтырлығымен, тығыздығымен, бұйраларының түстілігі мен басқа да қасиеттерімен құнды болып келеді.

Қаракөл елітірісінің тауарлық қасиетінің негізгі көрсеткіштері  болып бұйрасының сапасы бойынша, талшығының сапасы бойынша, терісінің сапасы бойынша бөлінеді. Өз кезегінде осы топтардың әрқайсысы толып жатқан көрсеткіштерге бөлінеді. Бұйрасының сапасын бағалаған кезде мынандай көрсеткіштерді ескереді; бұйраның формасы мен типі, ені мен ұзындығы, олардың тығыздығы, бұйра шиыршығының орналасуы, елтірідегі әр түрлі бұйраның ара қатынасы. Талшық сапасын сипаттау үшін оның жібектілігін, жылтырлығын, тері бояуын, түгінің қоюлығын, жіңішкелігін және ұзындығын ескереді.

Қаракөл бұйрасы жоғарыда атап көрсеткендей, көптеген белгілерімен сипатталады. Бұлардың әрқайсысына тоқтала отырып, бұйраны бағалау туралы тарихи мәселелерді қозғап, олардың жалпы қабылдаған қазіргі жіктеулерін баяндаймыз.

Информация о работе Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері