Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 13:02, курсовая работа
Еліміздің топырақ қоры – халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану, санды-сапалы ғылыми негізде жүргізу санақсыз мүмкін емес. Бұған жер кадастрын жасау мен жүргізуге арналған жұмыстар жатады. Кадастр француз тілінде – регистрация, тіркеу деген ұғымды білдіреді. Жер кадастры – жердің табиғаттық, шаруашылық және құқықтық жағдайлары туралы нақтылы және керек мәліметтер жинағы. Мемлекеттік жер кадастрының деректері - жерді тиімді пайдалануға және оны қорғауға, халық шаруашылығын жоспарлауға, ауылшаруашылық өндірісін орналастыру мен мамандандыруға, жерді мелиорациялауға және ауылшаруашылығын химияландыруға, тағы басқа халық шаруашылық шараларын іске асыруға керек.
Кіріспе……………………………………………………………………..
Негізгі бөлім………………………………………………………………
Топырақтарды агроөндірістік топтастыру туралы жалпы түсінік........
Топырақтарды бонитеттеу туралы жалпы түсінік..................................
Шаруашылық топырақтарына сипаттама................................................
Топырақтардың бонитет балын есептеу..................................................
Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................
Шалғынды сұр топырақтың 0-10 см тереңдігінде кальций мөлшері 17,90 мг экв, 36-46 см тереңдікте оның мөлшері күрт төмендейді, жалпы 17,90-3,25 мг экв аралығында ауытқып отыратындығын байқаймыз. Ал магний мен натрий 18-28 см тереңдікте жоғарғы көрсеткіштерге ие. Негізінен топырақтағы сіңірілген калий 84%, магний 55%, ал натрий 9%-ды қамтиды.
10-кесте бойынша біздің қарастырып отырған шалғынды сұр топырағымыздың гранулометриялық құрамы бойынша физикалық балшықтың мөлшері 0-88 см тереңдікте 29,7-48,7%. Тозаң мөлшері 11,3-22,0%, ірі шаң 12,3-39,2%, орташа шаң 6,6-14,0%, майда шаң 8,8-13,7%, майда құм 14,5-45,0%. Бұл топырақта ірі шаң басым болып келеді, менің топырағым ауыр құмбалшық, оның мөлшері 48,7%. Сөйтіп, ауыр құмбалшықтың ауа және жылулық құбылымдары қолайсыз, ауыр өңделеді, бірақ қоректік заттар
Шаруашылық топырақтарының гумусын есептеу.
0-10 см - 2,68%;
10-20 см – 2,4%;
20-30 см – 2,07%;
30-40 см – 2,0%;
40-50 см – 1,98% ;
Г0-50=
0-10 см - 4,5%;
20-30 см – 4,0%;
30-40 см – 3,1%;
40-50 см – 2,4% ;
Г0-50=
0-10 см - 1,6%;
10-20 см – 1,02%;
20-30 см – 1,0%;
30-40 см – 0,85%;
Г0-50=
0-10 см - 4,98%;
10-20 см – 3,85%;
20-30 см – 2,66%;
30-40 см – 1,60%;
40-50 см – 0,71% ;
Г0-50==2,7%.
Сонымен, гумус мөлшері шалғында қара қоңыр топырақта 3,6%, бұл топырақтың құнарлылығы қалған топырақтармен салыстырғанда жоғары екендігі байқалады. Ал ең төменгі құнарлылық кәдімгі сұр топырақта, гумус мөлшері 1,1% болды.
Шалғынды сұр топырақтың бонитет балын есептеу.
Топырақтың балл бонитеті мына формула бойынша есептеледі:
БКNa*KMg*Kтұздылық*Ктастылық*К
Шалғынды сұр топырақтағы негіздердің сіңірілуі.
Тереңдік, см |
Mg, % |
Na, % |
0-10 |
13 |
3 |
18-28 |
53 |
9 |
36-46 |
55 |
7 |
Mg0-50 = түзету коэффициенті 0,60-қа тең.
Na0-50 =түзету коэффициенті 0,51-ге тең.
БКNa*KMg=
Қорытынды
Қорыта келгенде, топырақ бонитеті (латынша "bonitos" - сапалылығы, яғни сапалы баға) деп топырақ құнарлығының үйлесімді агротехникалық деңгейі мен қарқынды егіншіліктегі салыстырмалы бағасын айтамыз. Бонитеттеудің негізгі принциптерін В.В.Докучаев қалаған.
Топырақты бонитеттеудің 2 өлшемдеу түрі бар:
l. Жабық түрімен өлшеуде ең жақсы көрсеткіші (l00 б) деп тек жақсы қасиеттері бар, ең мол өнімді топырақты алады (қара топырақ, шалғынды боз топырақ), ал басқа кездесетін топырақтарды сонымен салыстырып бағалайды.
2. Ашық түрдегі өлшеуде l00 балл деп аймақтағы ең көп тараған топырақтардың көрсеткіштерін алады да, басқа топырақтарды сонымен салыстырып отырады.
Шаруа қожалығы орналасқан Алматы облысы Қарасай аудандық Қаскелең округінде қандай топырақтар тарағанын анықтау үшін жалпы 9 негізгі кескін және 34 жартылай кескін салынды. Негізінен бұл аймақта ашық қара-қоңыр топырақ, шалғынды қара-қоңыр, кәдімгі сұр топырақ және шалғынды сұр топырақтар қалыптасқан. Күрделілік категориясына байланысты сипаттап өтсек: II-категорияға жер бедері айқын мүсіндерге кескінделген, аналық жыныстары бірыңғай, эрозияға ұшыраған топырақтар аумағы 10-20%-дан аспайтын, топырақ жамылғысы күрделі емес жерлер жатады; ал III-категорияға топырақ жамылғысы біркелкі емес, әр түрлі топырақ түзуші жыныстрадан тұратын, жер бедері толқынды бөлшектелген территориялар.
Сонымен, гумус мөлшері шалғында қара қоңыр топырақта 3,6%, бұл топырақтың құнарлылығы қалған топырақтармен салыстырғанда жоғары екендігі байқалады. Ал ең төменгі құнарлылық кәдімгі сұр топырақта, гумус мөлшері 1,1% болды.
Сонымен қатар, шалғынды сұр топырақтың бонитет балы есептеліп анықталды, яғни бұл топырақтың бонитет балы 41,3 баллға тең болды. Ал қалған топырақтардың керекті корсеткіштері келтірілмегендіктен бонитет балы есептелмеді.
Қолданылған әдебиеттер