Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 13:02, курсовая работа
Еліміздің топырақ қоры – халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану, санды-сапалы ғылыми негізде жүргізу санақсыз мүмкін емес. Бұған жер кадастрын жасау мен жүргізуге арналған жұмыстар жатады. Кадастр француз тілінде – регистрация, тіркеу деген ұғымды білдіреді. Жер кадастры – жердің табиғаттық, шаруашылық және құқықтық жағдайлары туралы нақтылы және керек мәліметтер жинағы. Мемлекеттік жер кадастрының деректері - жерді тиімді пайдалануға және оны қорғауға, халық шаруашылығын жоспарлауға, ауылшаруашылық өндірісін орналастыру мен мамандандыруға, жерді мелиорациялауға және ауылшаруашылығын химияландыруға, тағы басқа халық шаруашылық шараларын іске асыруға керек.
Кіріспе……………………………………………………………………..
Негізгі бөлім………………………………………………………………
Топырақтарды агроөндірістік топтастыру туралы жалпы түсінік........
Топырақтарды бонитеттеу туралы жалпы түсінік..................................
Шаруашылық топырақтарына сипаттама................................................
Топырақтардың бонитет балын есептеу..................................................
Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................
Жоспары
Кіріспе……………………………………………………………
Негізгі бөлім………………………………………………………………
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Еліміздің топырақ қоры –
халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану,
санды-сапалы ғылыми негізде жүргізу
санақсыз мүмкін емес. Бұған жер
кадастрын жасау мен жүргізуге
арналған жұмыстар жатады. Кадастр
француз тілінде – регистрация,
тіркеу деген ұғымды білдіреді. Жер
кадастры – жердің табиғаттық, шаруашылық
және құқықтық жағдайлары туралы нақтылы
және керек мәліметтер жинағы. Мемлекеттік
жер кадастрының деректері - жерді
тиімді пайдалануға және оны қорғауға,
халық шаруашылығын жоспарлауға, ауылшаруашылық
өндірісін орналастыру мен
Ең бірінші топырақ санағы біздің дәуірден 300 жыл бұрын Египетте жүргізілген. XVIII-XIX ғасырларда жер кадастры Франция, Италия, Германия және Еуропаның басқа елдерінде жасалған. Ресейде топырақтардың санды және сапалы санағы XV ғасырда бағынышты елдерден салық жинау үшін жасалған. Топырақтану ғылымы дамуына орай санақ әдістері де жаңғырып отырған. XIX ғасырда В.Докучаев Нижегород губерниясының топырақ жамылғысын зерттеп келе, алғашқы топырақты сапалы санақ жүргізу әдісінің негізін салған. 1917 жылға дейін Ресейде, басқа Еуропа мемлекеттеріндегідей жер санағын жүргізудің ең басты мақсаты салық салуға және топырақ сапасына қарай жердің өлшемдік бөлігінен алынатын таза пайданы шығаруға арналған. Топырақтар санағының негізгі түрін көрсететін құжат-ірі масштабты топырақ картасы, картограммасы және оларды сипаттайтын қолжазбалар мен химиялық мәліметтер.
Топырақтарды сапалы бағалаудағы ең басты жұмыстарға - топырақтарды агроөндірістік топтастыру және оларды бонитеттеу жатады. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында топырақтарды санды-сапалы санау ауылшаруашылығына жеке шаруашылықтардан бастап бригадаларға дейін өте қажетті материал болып табылады.
Агроөндірістік топтастыру деп – топырақтарды бірыңғай агрономиялық қасиеттері мен экологиялық жағдайлары жақын, құнарлық деңгейі мен сапалық ерекшеліктері ұқсас, сонымен қатар бір типті өңдеуге қажет агротехникалық және мелиорациялық шаралары жақын топырақ түрлері мен түршелерін агроөндірістік топтарға біріктіруді айтады. Бұл жұмыс материалдары әдеттегіде топырақ қорын санауға және жерді бағалауға пайдаланылады; ауылшаруашылық дақылдарды дұрыс орналастыру мен ауыспалы егістерді мамандандыруға, агротехникалық және мелиоративтік шараларды белгілеуге қажет. Агроөндірістік топтастыру картограмма (сызықша кесте) күйінде топырақ очеркіне (сипаттамалық қолжазба) кіреді де, шаруашылықтарға тапсырылады.
Агроөнеркәсіптік топтастыру агрономдарға жердің сапасын бағалауға, ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру мен ауыспалы егістердің мамандануына және тиімді агротехникалық, мелиоративтік шаралырды жүзеге асыруға қажетті болады.
Агроөндірістік біріктіруде мына белгілері мен қасиеттері ескеріледі:
Топырақты тиімді пайдалану үшін агроөндірістік топтастыру мен қатар жерді класстарға бөлу жұмыстарын жүргізеді. Жерге белгілі территорияның топырағы мен табиғи жағдайлар кешені жатады.
Жерлерді жіктеу деп – оларды ауылшаруашылығына жарамдылығы тұрғысынан бөлуді айтады. Ол үшін жерлерді кешенді зерттеу, яғни, жер бедерін, топырақ құраушы жыныстарды, топырақ құрамы мен ылғалдану жағдайын білу керек. Жиналған мәліметтерге сүйеніп, жерлерді категориялар мен кластарға бөледі. Жер класына табиғи және шаруашылық қасиеттері бір-біріне жақын, біркелкі өңдеуді тілейтін және топырақты бұзылудан қорғау талабы бірдей жерлер (алаң, танап) тобы жатады.
Жалпы жерлер төмендегі сипатталған 7 категория мен 37 класқа бөлінеді.
I категория - егістікке жарамды, 14 класқа бөлінген жерлер:
II категория - басым шабындыққа жарамды жерлер 4 класқа бөлінген:
III категория - жайылымдық, бірақ жақсарту арқылы басқа ауылшаруашылық қоныстарға пайдалануға болатын жерлер 7 класқа бөлінген:
IV категория - ауылшаруашылығына күрделі жақсартудан кейін жарамды жерлер 6 класқа бөлінген:
V категория - ауылшаруашылығына шамалы жарамды қоныстағы жерлер 2 класқа бөлінген:
VI категория - ауылшаруашылығына жарамсыз тік жарлы, тас жынысты жерлер.
VII категория - бұзылған жерлер 2 класқа бөлінген:
Сонымен, жерлерді жіктеу нақтылы табиғи ауылшаруашылықтық аудандастыру болып табылады.
Топырақ бонитеті (латынша "bonitos" - сапалылығы, яғни сапалы баға) деп топырақ құнарлығының үйлесімді агротехникалық деңгейі мен қарқынды егіншіліктегі салыстырмалы бағасын айтамыз.
Бонитеттеудің негізгі принциптерін В.В.Докучаев қалаған. Мұнда әр уақытта және топырақтың кейбір жан-жақты қасиеттері мен көпжылдық өнімі немесе биологиялық өнімділігі алынады, олар бір-бірімен коррелятивті байланысты болуы керек. Топырақ бонитировкасында 2 паралелльді бонитеттеу шекарасын балл бойынша салыстыру керек, яғни топырақ қасиеті (негізгі шкала) және ауылшаруашылық дақылдарының салыстырмалы өнімі, одан кейін жалпы шкала анықталған баллдарымен тексеріліп келтіріледі.
КСРО-да бірнеше бонитеттеу әдісі бар:
Топырақ бонитетінің өлшемді бағасы болады, оны баллмен көрсетеді. Топырақтар 1-100 балл, не болмаса топтарға бөлінеді (нашар, орташа, өте жақсы). Бонитеттік өлшеу бойынша шкаласы әрі жергілікті топырақ-климат жағдайына сәйкес облыс, аудан, шаруашылық көлеміндегі жерге баға беріледі. Мысалы, Қазақстанда 5 топырақ аймақтары бар:
Міне, осындай аймақтардың топырақ аты әр түрлі белгілі қасиеттерімен өзгеріп отырады, мұнда бағалау белгілері ескеріледі: