Топырақтардың бонитет балын есептеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 13:02, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің топырақ қоры – халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану, санды-сапалы ғылыми негізде жүргізу санақсыз мүмкін емес. Бұған жер кадастрын жасау мен жүргізуге арналған жұмыстар жатады. Кадастр француз тілінде – регистрация, тіркеу деген ұғымды білдіреді. Жер кадастры – жердің табиғаттық, шаруашылық және құқықтық жағдайлары туралы нақтылы және керек мәліметтер жинағы. Мемлекеттік жер кадастрының деректері - жерді тиімді пайдалануға және оны қорғауға, халық шаруашылығын жоспарлауға, ауылшаруашылық өндірісін орналастыру мен мамандандыруға, жерді мелиорациялауға және ауылшаруашылығын химияландыруға, тағы басқа халық шаруашылық шараларын іске асыруға керек.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………..
Негізгі бөлім………………………………………………………………
Топырақтарды агроөндірістік топтастыру туралы жалпы түсінік........
Топырақтарды бонитеттеу туралы жалпы түсінік..................................
Шаруашылық топырақтарына сипаттама................................................
Топырақтардың бонитет балын есептеу..................................................
Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

.Бонитет семестровой.docx

— 58.24 Кб (Скачать документ)

Топырақты бонитеттеудің 2 өлшемдеу түрі бар:

l. Жабық түрімен өлшеуде ең жақсы көрсеткіші (l00 б) деп тек жақсы қасиеттері бар, ең мол өнімді топырақты алады (қара топырақ, шалғынды боз топырақ), ал басқа кездесетін топырақтарды сонымен салыстырып бағалайды.

2. Ашық түрдегі өлшеуде l00 балл деп аймақтағы ең көп тараған топырақтардың көрсеткіштерін алады да, басқа топырақтарды сонымен салыстырып отырады.

Топырақ бонитеті мына формуламен есептелінеді: Т.Б = Н∙К∙100⁄М∙К.

Мұндағы, Т.Б. – топырақ  бониеті;

                 Н.К – нақтылы көрсеткіші;

                 М.К. – максимальды ең көп  бағалы көрсеткіші (l00 б).

Табиғи жағдайлар мен  топырақ жамылғысының ТМД жерінде  әр түрлі болуына байланысты бонитет  шкаласы мен бағалау кестесінің әр түрлі аймақтар үшін бірнеше түрлері  жасалған. Олардың ең кең тараған  түрлері:

l. Дайындық-камералды  кезеңдегі негізгі мақсат облыс пен өлкеге алдын-ала бонитет шкаласын жасау болып табылады. Ол үшін көптеген облыстың табиғи-экономикалық сипаттамасын, топырақтың картографиялық және агрохимиялық материалдарын, климаттық көрсеткіштерін, топырақ пен климаттық көрсеткіштерге арналған әдебиеттер, жер бағалау туралы мағлұматтар, шаруашылық пен тұқым және тәжірибе шаруашылықтарының көп жылдық өнімдерінің орташа көрсеткіштерін, мемлекеттік жерді тіркеу материалдарын топтастырады. Осы жиналған материалдар негізінде топырақтың қасиеті мен өнімділіктің бонитет көрсеткіші бойынша бонитет шкаласы құрастырылады.

Топырақ қасиеттері бойынша  бонитет шкаласын құру үшін ең бірінші  кезекте топырақ бонитетінің  негізін қалайтын басты диагностикалық қасиет пен топырақ белгісін анықтауымыз  керек. Осы мақсат үшін әрбір топырақ  түршесіне арналған облыс топырақ  тізімінен барлық шаруашылық топырақтарының морфологиялық, агрохимиялық және бонитеттің басқа диагностикалық белгілеріне  керек болатын мағлұматтарын  жинақтап жазып, олардың орта көрсеткішін  шығарады. Одан кейін әрбір топырақ  түршесінің диагностикалық белгісі  мен нышандарын бонитировкалауды мына формуламен есептейді:

Б = 3н⁄3м∙100

Мұндағы, Б – топырақ  баллы;

            3Н – әрбір белгінің нақтылы көрсеткіші (гумус қоры, т.б.);

            3М – белгінің максимальды  немесе оптимальды көрсеткіші (100 б).

Бұл жағдайда 100 баллға облыстағы, өлкедегі өнімділік пен топырақ  белгісі және қасиеті жағынан  ең жақсы топырақ көрсеткіштері  алынады.

Сонымен қатар облыс бойынша  өнімділіктің бонитет шкаласы жасалынады. Ол үшін әрбір шаруашылықтағы, сорт бағалау, ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі  әрбір топырақ түршелеріне жылдық есеп кітапшасынан негізгі ауалшаруашылық дақылдарының соңғы (10 жылдық) өнімділігінің  көрсеткіштерін жинақтайды.

Одан кейін ауылшаруашылық дақылдарының көпжылдық өнімділігінің  орташа өлшемін есептеп, оны әрбір  топырақ түршесіне сай салыстырмалы түрде орташа өнімділікті анықтайды.

Топырақтың жеке белгілері  мен қасиеттері бойынша алынған  бонитет баллдарын бір-бірімен  және осы топырақтағы өнімділікпен салыстырып, одан кейін топырақ бонитетінің  диагностикасы ретінде тек өнімділікпен тұрақты коррелятивті байланысы  бар топырақ белгілері мен  қасиеттерін іріктеп алады.

Іріктеп алынған топырақ  қасиеттері бойынша облыс пен  өлкенің және осы өнімділіктің бонитет  шкаласы жасалынады. Осы 2 шкалалары  бір-бірімен салыстыра байланыстырып, алдын-ала облыс пен өлкенің  бонитеттеу (бағалау) шкаласын дайындайды.

2. Далалық  кезеңде топырақ бонитетінің жүргізілуін алдын-ала тәжірибе жасалған облыстың топырақ бонитет шкаласының дұрыстығын тексереді, шкалаға енгізілетін түзету коэффициентінің құжаттарын жинап, оны тексеріп және оның сәйкестігін, одан басқа аз көлемде кездесетін топырақ бонитеттерін жасап, оның өнімділіктерін анықтайды. Ол үшін шаруашылықта кездесетін әр түрлі деңгейдегі батпақтанған, кебірленген, тұзданған, шайылған, әр түрлі тереңдікте тұзданған ыза сулары бар топырақтағы ауылшаруашылық дақылдары мен табиғи жем-шөп өнімдерінің көрсеткіштерін жинақтайды. Осы жер бөлімшелерінде топырақ кескінін салып, одан топырақ үлгісін алып, оның агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттерін зерттеп, өнімділікпен байланысын анықтайды.

3. Камералды-аналитикалық  кезеңде топырақ бонитеті жұмысына далалық және зертханалық топырақ пен өнімділік зерттеу нәтижесі мағлұматтарына баға беріп, сол арқылы бонитет шкаласының соңғы нұсқасын, ауылшаруашылық өнімділігімен тығыз коррелятивті байланысы бар топырақ белгілерінің тізімін жасап, сонымен қатар зерттелген территориядағы топырақ бонитетін жүргізу тәсілінің қысқаша нұсқасын береді.

Қазақстанда топырақ жамылғысы  мен оның диагностикалық белгілерінің әр түрлі болуына байланысты топырақ  бонитет шкаласын жасау әр түрлі, соған байланысты топырақ бонитетінің  әр түрлі тәсілдері мен шкалалары  қолданылады.

Бонитет шкаласын жасау үшін топырақтардың физикалық-химиялық және басқа да қасиеттерін анықтайтын сапалы топырақтық, топырақтық мелиоративті, топырақтың эрозиялық зерттеу жұмыстары  нәтижелерін толық қолдану керек.

Аналитикалық мағлұматтарға  егістік пен басқа да жерге  салынған кескін деректерін пайдаланады. Кейбір аналитикалық мағлұматтардың нәтижесін  тексеру үшін Стьюденттің 95% сенім  деңгейіндегі статистикалық өңдеуден өткізіп барып сұрыптау керек

Топырақ сапа деңгейін бағалайтын көрсеткіштер:

  1. 0-50 см қабаттағы гумустың пайызбен берілген мөлшері;
  2. 0-50 см қабаттағы сіңірілген натрийдің жалпы сіңген негіздердің пайызымен есептелген орта өлшемдік мөлшері; 
  3. 0-50 см қабаттағы сіңірілген магнийдің жалпы сіңген негіздердің пайызымен есептелген орта өлшемдік мөлшері; 
  4. 0-50 см қабаттағы орта өлшемдік тұздану типі және орта өлшемдік пайызбен берілген тұздар мөлшері;
  5. Қиыршықтастылығы;
  6. Тастылығы;
  7. Гидроморфтық деңгейлер.

Әрбір топырақ түршесінің негізгі балл бонитетін жарты  метрлік топырақ қабатындағы  гумустың пайыз мөлшерімен, ал басқа  қасиеттерін тұзету коэффициентін  қолдану арқылы шығарады.

Топырақтың жалпы метрлік  қабатындағы гумус мөлшерін есептеу  үшін график тәсілін қолданады. Ол үшін миллиметрлік қағазға график құрады, онда ординат бойында үлгі алу  тереңдігі, ал абсциссада гумустың пайыздық мөлшері аналитикалық жолмен анықталып, үлгі алу ортаңғы тереңдікке сәйкес келтіріледі.

 

 

 

 

    1. Шаруашылық топырақтарына сипаттама.

Шаруа қожалығы орналасқан Алматы облысы Қарасай аудандық Қаскелең округінде қандай топырақтар тарағанын анықтау үшін жалпы 9 негізгі кескін және 34 жартылай кескін салынды. Соның ішінде II-категорияға жататын жерге 7 негізгі және 27 жартылай кескін салдым, ал III-категорияға жататын жерлерге 2 негізгі кескін мен 7 жартылай кескін салынып, топырақ түрлері анықталды. Негізінен бұл аймақта ашық қара-қоңыр топырақ, шалғынды қара-қоңыр, кәдімгі сұр топырақ және шалғынды сұр топырақтар қалыптасқан. 

a.Ашық  қара – қоңыр топырақтарға сипаттама.

Ашық қара қоңыр топырақ  жалпы климатының құрғақшылығымен  ерекшеленеді. Топырақ құраушы жынысы проэлювиальды және лёс тәріздес, кескінінде біраз көлемде малта таста кездеседі. Кескіні толық дамыған. Менің қожалығымның оңтүстік, оңтүстік шығысын және солтүстік шығысты  қамтыған. Өсімдік жамылғысы 70 – 80 % - ға дейін. Оңтүстікке қарай бұл топырақтың түсі ақшылданады және гумус мөлшері азайған болып келеді.  Жер асты сулары тереңде жатады және топырақ құралуына әсер етпейді.  Ашық қара – қоңыр топырақтардың көбісі игерілген, бұнда дәнді дақылдар, темекі, техникалық дақылдар егеді, және бұнда көпжылдық шөптер және дәрілік шөптер өседі. Ашық қара – қоңыр топырақтардың барлығы карбонатты болып келеді. Кескіні сұр топыраққа  ұқсас. Тек  кәдімгі сұр топырақтың гумус мөлшері аз.  Менің қожалығымның ашық қара – қоңыр топырағының гумус мөлшері 2,2 -2,6% .

Топырақ кескіні (№ 1). Бұл  кескін ашық қара –қоңыр орналасқан аймақтың солтүстік батысы бөлігінде  115 м биіктікте қазылды.  Жер бедері тау алды төбелі жоталы болып келген. Кескін жазық жеріне салынды. Өсімдік жамылғысы біркелкі емес кішкене сиректеу. Топырық бетінен тасиды.

0 –8 см – күрең қара – cұр түсті, пішіні оқ дәрі тәрізді кесекті, әлсіз тығызды,   орташа құмбалшықты. 

8–32 см –  күрең түсті (гумус түсі жақсы байқалған) тамылар өте көп,  жоғарыдағы  қабатқа  карағанда топырғы тығызырақ.  Кесекті түйіртпекті жиегінде ақ дақты гипстер кездеседі.

32–70 см –   ашық күрең түсті, тамырлары аз, карбонаттар дақтар түрінде кездеседі,  гипс жолақтары кездеседі.  Топырағы тығыз құмбалшықты.

70–120 см – ашық күрең сарғыштау түсті, өте көп мөлшерде карбонаттар жиналған, өте тығыз құмбалшықты.

120–180 см – ашық сары күрең түсті лёсті құмбалшық.

1-кесте. Карбонатты ашық – қара қоңыр топырақтың агрегаттық құрамы

Тереңдігі,

См

Фракция көлемі, мм

10

10 – 7

7 – 5

5 – 3

3 – 2

2 – 1

1– 0,5

0,5–0,25

<0,25

0 – 8

2,6

2,84

3,37

4,58

1,95

5,50

13,25

12,56

53,25


 

2-кесте. Карбонатты ашық – қара қоңыр топырақтың  гумусы, азоты, СО2 және жылжымалы қоректік элементтерінің мөлшері.

Тереңдігі

См,

Гумус

%

Жалпы азот

C : N

СО2

Жылжымалы түрлері мэкв 100 г топырақта

NO3

P2O5

K2O

0 – 8

2,68

-

25 – 30

2,07

-

-


 

Бұл топырақтың   А  қабатында гумус мөлшері 2,68 % ал, келесі қабатында 2,07 %  жалпы гумус қабатының қалыңдығы 50 см-дей гумус мөлшері жоғарыдан төменгі қабатқа қарай азаяды. (Қалған мәлметтері анықталмаған).

3-кесте. Карбонатты ашық – қара қоңыр топырақтың  гумус мөлшері                                                         ( жалпы көміртегі % байланысты )

Тереңдігі

См

Гумус

%

Гумин қышқылдары

Фульвоқышқылдары

CГум/ Сфульв

Фракциялар

1

2

сумма

1

2

сумма

0 – 8

2,68

6,98

19,94

26,92

11,41

4,61

10,0

26,02

1,03

25 – 30

2,07

4,56

19,84

24,40

18,10

8,73

6,11

32,94

0,60


 

А қабатында гумус мөлшері  2,68 %  В қабатында 2,07 %  А қабатында гумин және фульво қышқылдарының мөлшерлері бірдей тек гумин қышқылы аздап көптеу гумин және фульво қышқылының қатынасы 1,03%. В қабатында керсінше фульво қышқылы басым, гумин қышықылы мен фульво қышқылы арақатынасы 0,60% құрайды. 

b.Шалғынды қара – қоңыр топырақтарға сипаттама.

Бұл мен қарастырып отырған  шаруа қожалығының оңтүстіктен  орталық бөлігіне дейін және шығысқа  қарай созылып жатыр. Тау алды жазықтықта 102,5 м – 99,7 м биіктіктер арасында бедері қалыптасқан .  Жер  бедері тегіс. Топырақ құраушы жынысы лёсті құмбалшық, жер асты сулары өте жақын орналасқан және топырақ құралуына әсер етеді.

Топырақ кескіні (№ 4) қожалықтың оңтүстігінде орналасқан, орташа құмбалшықты. Топырақ бетінен тасиды, гумус қабатының қалыңдығы 60 см. Карбонатты дақтар 45 см тереңдікте кездеседі. 130 см тереңдіктен бастап темір тотықтары кездеседі.

0–15 см – күңгір қоңыр түсті, орташа құмбалшықты, борпылдақ. Шаңды кесекті түйіртпекті.

Информация о работе Топырақтардың бонитет балын есептеу