Топырақтардың бонитет балын есептеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 13:02, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің топырақ қоры – халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану, санды-сапалы ғылыми негізде жүргізу санақсыз мүмкін емес. Бұған жер кадастрын жасау мен жүргізуге арналған жұмыстар жатады. Кадастр француз тілінде – регистрация, тіркеу деген ұғымды білдіреді. Жер кадастры – жердің табиғаттық, шаруашылық және құқықтық жағдайлары туралы нақтылы және керек мәліметтер жинағы. Мемлекеттік жер кадастрының деректері - жерді тиімді пайдалануға және оны қорғауға, халық шаруашылығын жоспарлауға, ауылшаруашылық өндірісін орналастыру мен мамандандыруға, жерді мелиорациялауға және ауылшаруашылығын химияландыруға, тағы басқа халық шаруашылық шараларын іске асыруға керек.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………..
Негізгі бөлім………………………………………………………………
Топырақтарды агроөндірістік топтастыру туралы жалпы түсінік........
Топырақтарды бонитеттеу туралы жалпы түсінік..................................
Шаруашылық топырақтарына сипаттама................................................
Топырақтардың бонитет балын есептеу..................................................
Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

.Бонитет семестровой.docx

— 58.24 Кб (Скачать документ)

15– 32 см – тура алдыңғы қабат сияқты түсте, құмбалшықты, тығыз, кесекті түйіртпекті.

32–60 см – алдыңғы қабатқа қарағанда сәл ашықтау, құмбалшықты, алдыңғы қабатқа қарағанда тығыз, корбанатты дақтар кездеседі (аз мөлшерде).

60–150 см – түсі қаралау, құмбалшықты, түйірпексіз,  дақтар түрінде карбонаттар кездеседі, ылғалданған, тығыз.

150 –185 см – қоңыр түсті, жеңіл құмбалшықты, борпылдақ, құрғақ, жаңғақ түйірітпекті, дақтар түрінде карбонаттар кездеседі. 

185–200  см – ашық сары түстес, борпылдақ супесчанный, карбонаттары алдыңғы қабатқа қарағанда аздау, темір тотықтары кездеседі.

4-кесте. Шалғынды қара – қоңыр топырақтың құрамындағы гумус және СО2 мөлшері , %

 Тереңдігі, см

Гумус, %

СО2 %

0 – 10

4,5

--

20 – 30

4,0

--

40 – 50

--

2,0

77 – 87

2,4

4,5

107 – 117

--

3,5

 



 

 

Шалғынды қара – қоңыр топырақтың гумус мөлшері беткі қабатында гумус 4,5%, ал төменгі қабаттарында гумус мөлшері төмен. Шалғынды топырақтың ылгалды болуы оның өсімдік қалдықтарының жылдық биологиялық түсімі жоғары болғандықтан гумус мөлшері жоғары. Гумус қабатының қалыңдығы 60 см дейін. Көріп тұрғанымыздай бұл топырақта  77 – 87 см аралығында гумус жоқ.  СО2 мөлшері жоғары қабаттан төменгі қабаттарға ауысқан сайын жоғарылаған, А және В қабатында ол мүлдем байқалмайды, ал ең жоғарғы көрсеткіш 77 – 87 cм тереңдікте,  кейінгі қабатта оның мөлшері төмендеген. 

c.Кәдімгі сұр топырақтарға сипаттама.

Кәдімгі сұр топырақтардың  таралу жолақтары сәл ылдилы тауалды  жазықтың орталық және төменгі бөлігінде  орналасқан. Кәдімгі сұр топырақ  шаруа қожалығының аумағынының  шығыс бөлігін түгелімен дерлік алып жатыр. Жер бедері батысында  төбелі – бөктерлі, ал шығысында үстіңгі қабаты біршама тегіс, көптеген ұсақ бөлшектерге тілімденген.

Топырақ түзуші жыныстарының сипаты бойынша батыс бөлігі шығыс  бөлігінен ерекшеленеді. Бірінші  жағдайда кәдімгі сұр топырақтар лөс тәрізді құмбалшықты жыныста  дамыған және едуір байқалатын генетикалық  қабаттарға бөлінген толық дамыған  кескінге ие. Екінші жағдайда топырақ  түзуші жыныстар -  сел шөгінділі-қой тасты шөгінділер, үстіңгі қабаттарға едәуір жақын жатады, жер асты сулары терең жатады және олар топырақ түзілу процестеріне ешқандай әсер етпейді.

Бұл топырақ төмендегідей кескін құрылымымен сипатталады:

    1. Гумус қабатының қалыңдығы аз ғана, үстіңгі жағы – сұр түсті, қыртыспен жабылған, бөлек қатпарларға ажыраған, оқ дәрі тәрізді-шаңды, төменгі жағы – күрең-ашық-сұр түсті, әлсіз тығыздалған, төмен жатқан қабатқа біртіндеп ауысады.
    2. Ашық күрең түсті (гумусының түсі жоқ) әлсіз тығыздалған қабат, аз ғана мөлшерде карбонатты бөліктер қатпарлы жалған мицелий түрінде кездеседі, келесі қабатқа күрт ауысады.
    3. Қуаң дала түстес өте тығыз иллювиальды карбонатты қабат. Қоңыздардың іздері көп мөлшерде кездеседі.
    4. Лөс тәріздес құмбалшықты аналық жыныс.

 Топырақ кескіні (№  6). Бұл кескін аймақтың оңтүстік  шығысында қазылды. Жер бедері  төбелі – бөктерлі тауалды жазық. Абсолютті биіктігі 760 м. Карбонаттар үстіңгі қабаттан қайнайды.

0-6 см – сұр түсті, беті қатпарлы, оқ дәрі тәрізді-шаңды (пороховидно-                   пылеватая), орташа сазды, борпылдақ.

6-23 см – сұр күрең түсті, тамырлар көп кездеседі, тығыздалған, орташа құмбалшықты, шаңды-кесекті, төменгі қабатқа біртіндеп ауысады.

22-44 см – күрең түсті, сәл тығыздалған, түйіртпесіз, құмбалшықты қабат.

44-72 см – ашық күрең түсті, тор тәріздіс карбонаттар бөліктері бар, көбірек тығыздалған, құмбалшықты.

72-150 см – қуаң дала түстес-ашық-күрең түсті, өте көп мөлшерде карбонаттар кездеседі, тығыздалған, құмбалшықты.

150-180 см – сарғыш-ашық-күрең түсті, лөс тәріздес құмбалшықты аналық жыныс.

5-кесте. Кәдімгі сұр топырақ құрамындағы гумус, азот, CO2 және сіңіру кешенінің мөлшері.

Тереңдігі, см

Гумус, %

Азот, %

C:N

Сіңіру көлемі, мэкв

CO2

%

0-6

1,81

--

--

--

9,11

10-20

1,02

--

--

--

1,35

30-40

0,85

--

--

--

2,0

50-60

--

--

--

--

3,37


 

Кәдімгі сұр топырақтың гумус  мөлшері үстіңгі А қабатында 1,81%, ал төменгі қабаттарда мөлшері азайғанын байқаймыз. Азот мүлде байқалмайды.  CO2 А қабатында 9,11% мөлшерде, оның мөлшері 50-60 см тереңдікте қайта жоғарылай бастайды.

6-кесте. Кәдімгі сұр топырақтың механикалық құрамы (%,абсолютті құрғақ топырақ)

Тереңдігі, см

HCl өңдел-геннен жоғал-ту

Фракциялар мөлшері, мм

1-0,25

0,25-0,05

0,05-0,01

0,01-0,005

0,005-0,001

<0,001

Бөлшектер жиынтығы

<0,01

0-6

12,1

--

11,5

44,7

8,4

8,4

14,9

36,0

10-15

15,6

--

13,7

41,2

8,7

8,5

12,3

34,9

30-40

20,1

--

10,2

42,3

8,9

8,3

10,0

34,1

70-80

19,9

--

5,1

44,2

8,7

8,7

13,4

38,0

150-160

18,5

--

11,0

44,0

8,2

8,6

11,7

32,5


 

Біздің қарастырып отырған  кәдімгі сұр топырағымыздың гранулометриялық құрамы  бойынша  физикалық балшықтың  мөлшері жоқ. 0-80 см тереңдікте қабатында 36-38%, тозаң мөлшері 10,0-14,9%, ірі шаң 41,2-44,7%, орташа шаң 8,2-8,9%, майда шаң 8,7%, майда құм 5,1-13,7%. Бұл топырақта ірі шаң басым болып келеді, менің топырағым орташа құмбалшық, оның мөлшері 36-38%. Сөйтіп, орташа құмбалшықтың су сіңіргіштігі орташа, ауа және жылулық құбылымдары қолайлы келеді.

7-кесте. Кәдімгі сұр топырақтың су физикалық қасиеті

Тереңдік, см

Шекті ылғал сыйымдылығы, %

Су өткізгіштігі, 1 м2-қа см3/мин.

0-6

36,30

900

10-15

31,80

--

30-40

27,20

--


 

d.Шалғынды сұр топыраққа сипаттама.

Шалғынды сұр топырақтар Іле Алатауы жотасының орталық  бөлігінде тауалды жазықта таралған. Бұл топырақтар шаруа қожалығының  жерінің солтүстік шығыс бөлігін, Қаскелең өзенінің жағалауында тараған.

Шалғынды сұр топырақтың қалыптасуы жер асты суының салыстырмалы түрде жақын жатуынан болатын ылғалдылықтың жоғарылығына байланысты. 2,5-4 м тереңдікте су байқалады.

Тау бөктерінен біршама қашықтықта жер асты сулары кейбір жерлерінде жер бетіне жақын келеді, тіпті  кейде бұлақ түрінде ағып жатады, яғни сазды жолақ қалыптасады  және ол гидроморфты және элювиальды-гидроморфты топырақтар-шалғынды, шалғынды батпақты, шалғынды сұр топырақтардың абсолютті басымдылығымен сипатталады. Көбінесе сазды жолақтар Іле өзенінің сол жақ жағалауының орталық бөлігінде, Қаскелең өзенінен Шелек өзеніне дейінгі аймақта жақсы байқалады. Шалғынды сұр топырақтар сазды жолақтың жоғарғы және төменгі, сонымен қоса аздап орталық бөлігін қамтиды.

Топырақ құраушы аналық жынысы-лөс тәрізді құмбалшықты тау жынысы болып тасбылады. Шалғынды сұр топырақтардың ішінде тұздалғаны да және тұздалмағаны да кездеседі. Сорлы- сортаңды түрлері едәуір аймақты қамтиды. Топырақ кескіні біркелкілігімен, ылғалдылығымен және қабаттарға өтуі айқын еместігімен ерекшеленеді.

Топырақ кескіні (№ 7). Бұл кескін аймақтың солтүстік шығыс бөлігінде салынды.  Жер бедері тауалды жазық, жыртылмаған жер. Үстіңгі қабаттан қайнайды, карбонатты бөліктер байқалмайды.

0-13 см – күңгірт-сұр түсті, құрғақ, орташа құмбалшықты, тығыздалған, оқ дәрі тәрізді-кесекті құрылымды, өсімдік ұсақ тамырлары көп, келесі қабатқа біртіндеп ауысады.

13-30 см – алдыңғыдан ашығырақ, құрғақ, орташа құмбалшықты, кесекті, тығыздалған, ұсақ тамырлар аз, келесі қабатқа ауысуы түсі бойынша біркелкі емес.

30-49 см – біркелкі емес боялған, ашық-сұр түсті, балғын, орташа құмбалшықты, әлсіз тығыздалған, бос-кесектелген, келесі қабатқа біртіндеп ауысады.

49-80 см – сарғыш-сұр түсті, ылғалданған, орташа құмбалшықты, әлсіз тығыздалған, кеуекті (пористый), тот басқан дақтар байқалады, келесі қабатқа күрт ауысады.

80-89 см – күңгірт түсті, өсімдік қалдықтары жартылай шіріген, ауыр құмбалшықты, тот басқан дақтар өте көп кездеседі, ылғалданған, келесі қабатқа күрт ауысады.

89-100 см – сарғыш-сұр түсті, ауыр құмбалшықты, әлсіз тығыздалған, ылғалды, тот басқан дақтар көп кездеседі.

109-120 см  – сары ақшыл реңкті, ауыр құмбалшықты, ылғалданған, тот басқан дақтар көп, құмдауытты бөлшектер көп кездеседі, құрылымсыз.

8-кесте. Шалғынды сұр топырақ құрамындағы гумус, азот,  CO2 және қоректік элементтердің жылжымалы түрлерінің мөлшері.

Тереңдік, см

Гумус, %

Азот, %

C:N

CO2,

%

Жылжымалы түрлері, мг 100 г топыраққа

рН

P2O5

K2O

0-10

4,98

0,245

11,75

1,51

--

45,0

8,2

18-28

2,66

0,146

10,54

--

--

11,5

9,0

36-46

0,71

0,051

8,03

1,95

--

--

--

85-88

--

--

--

5,13

--

--

--

110-120

--

--

--

9,92

--

--

--


 

Шалғынды сұр топырақтың гумус мөлшері А қабатында  0-10 см тереңдікте 4,98%, төменгі қабаттарға жылжыған сайын гумус мөлшері біртіндеп азаяды, 36-46 см тереңдікте оның мөлшері күрт төмендейді. Азот мөлшері 0,245-0,051% аралығында ауытқиды, ал көміртек пен азоттың қатынасы 11,75:8,03-ке тең. Көмірқышқыл газының мөлшері жоғарғы қабаттан төменгі қабаттарға ауысқан сайын мөлшерінің жоғарылап отырғанын байқаймыз, оның мөлшері 110-120 см тереңдікте 9,92%-ға жетеді, жалпы 1,51-9,92% аралығында ауысып отырады. Калийдің жылжымалы түрлері А қабатында 45,0 мг-ға тең. Топырақ ортасы сілтілі, рН=8,2-9,0.

9-кесте. Шалғынды сұр топырақтағы негіздердің сіңірілуі.

Тереңдік, см

Сіңірілген негіздер, мг- экв

Сіңірілген негіздердің  жиынтығы,

мг -экв

Сіңірілген негіздердің  жиынтықтан %-дық мөлшері

Ca

Mg

Na

Ca

Mg

Na

0-10

17,90

2,91

0,47

21,28

84

13

3

18-28

4,66

6,48

1,07

12,21

38

53

9

36-46

3,25

4,70

0,65

8,60

38

55

7

Информация о работе Топырақтардың бонитет балын есептеу