Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 10:49, реферат
ХХІ ғасырға дейін материалистік философия жаратылыс заңдарын, тіршілік пен табиғаттағы орын-орнымен жұмыс істеп тұрған барлық система өздігінен, кездейсоқ белгілі бір табиғи шарттардың нәтижесінде пайда болды деп дәлелдеп келді. Алайда соңғы 15-20 жылда сызықтық емес динамикалық модельдеудің дамуына байланысты ғылымның барлық салаларында фундаменталды ғылым материализм мен дарвинизмнің ғылыми негізі жоқ екенін көрсетті. Шәкәрім атамыз «Үш анық» атты шығармасында бұл туралы былай дейді: «Барлықтың түп себебі жаратушының білім, құдірет, шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды.
Ұждан – адамның асыл қасиеті, Шәкәрім дүниетанымындағы метаұғым. Оған «Үш анық» философиялық трактатында, сонымен қатар философиялық лирикасында да ерекше орын берілген. Шәкәрім: «Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім», - дейді. Ынсап, әділет, мейірім сияқты адамдықтың асыл үш қасиетінен барлық жақсылықтың нұрлы сәулесі тарайды. Солардың бәрінің басын құрап тұрған ұждан болғандықтан, метаұғым дейміз. Осы ұждан бастауы Жаратушының нұрынан келетін адамның генетикалық мәні, сипаты емес пе? – деген ой келеді. Ұждан адамда туа біткен қасиет, адам уақыт оза не оны өсіреді, не жоғалтады деген пікір айтылып жүр: «Совесть как изначальное нравственное побуждение является врожденной, но благодаря внешнему влиянию может развиться или заглохнуть» (Е.Ф.Губский, ФЭС, Москва, 1999). Осыған жақын пікірді психологтар да айтқан: «Совесть не только метафорический, но и по существу воспринимается как «голос Бога»; «устами совесть» как бы говорить Всеобщий закон, высшая Истина» (Р.Г.Апресян, Пс, Москва, 2007). Шәкәрім Ұждан екі өмірге де керек екенін айтып, оның асыл қасиеттерін ғана айтып тоқтамаған. «Ұждан-Совесть» деген тарауында: «Адам ынсап, әділет, мейірім үшеуін қосып айтқанда мұсылманша ұждан, орысша совесть бар. Бұл не? Бұны істеп тұрған кім? Бұған жауап берушілер «адамшылық ары соны ұнайды» дейді. Менше, бұл жауап сол ұжданның солай қылғанда ұнайды деген болып шығады. Мен сол ұждан, совесть қайдан шығып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты. Меніңше, совесть – жанның тілегі. Неге десеңіз, жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. ...Соның қатты керегі совесть – ұждан», - дейді. Ұждан жанның тілегі болғандықтан, баста бар, әрі жоғалмайтын, екі өмірде де жанның азығы деген қорытындыға келеді» [696].
«Үш анық» - Шәкәрімнің еңбегі. Ойшыл бұл еңбегін жазу үшін отыз жылдан астам ғұмырын ізденіс жолында сарп еткен. Үш анықтың негізгі жүйесі «Әлем белгілі бір себептердің күшімен жаралған ба, әлде ол өз алдына дамып жойылып отыратын меңіреу табиғат жолымен жаралды ма? Адам үшін өлгеннен соң өмір бар ма? Жан деген не?» - деген тәрізді философиялық сұрақтардың айналасында құрылған. Ойшыл бұл сұрақтарға аталмыш философиялық трактатында жауап іздеуге тырысады. Сондықтан бұл сұрақтарды Шәкәрім философиясының басты сұрақтары деп қарастырған жөн. Жоғарыда айтылған сұрақтардың жұмбағын шешу жолында ойшыл адамзат баласының дүниетанымында қалыптасқан ұстанымдар мен қағидаларды алға тартып, оған талдау жасайды. Сондай дүниетанымдық жол сонау грек натурфилософиясынан бастау алған дүниені материя заңымен жаратылып, дамып отырады деп тұжырымдайтын затшылдық ғылым жолы екенін ойшыл «Үш анықта» талқыға салады. Бұған қарама-қарсы келесі жол ол дін жолы екендігін де алға тартады. Онда дүниенің жаратылуы мен дамуы құдіретті күш Құдайдың әсерімен екендігін дәріптейтін қағида негізгі орында екендігін көрсетеді. Сөйтіп Шәкәрім бұл екі жолды адамзат баласының рухани дамуында жоғарыдағы сұрақтарды іздеуде қалыптасқан бағыттар екендігін айтады. Ал «Үш анықтағы» Шәкәрім алға қойған басты мақсат «Ақылы сау адамға» бұл жолдың қайсысының ақиқатқа жақындығын анықтау керек екендігін айта кету керек. Осылайша, Шәкәрімнің «Үш анық» философиялық трактаты адамзат баласының рухани дамуындағы кең өрісті дүниетанымдық арналарды қамтыған, оларды ой елегінен бағамдауға тырысқан ізденіс арнасы өте кең қазақ философиясындағы бірден-бір туынды екендігін көруге болады. Бұны ойшылдың «Үш анықтың» мазмұнында баяндайтын әлемдегі жаратылыстану ғылымының жетістіктері мен әртүрлі философиялық мектептердің, діни бағыттардың ұстанымдарын жан-жақты зерделеуінен байқауға болады.
Сонымен «Үш анықта» көтерген басты сұрақтарды ойшыл өз философиясында қалай шешкен деген сұраққа келсек, алдымен, өзі туралы барлық дүниетанымдық арналарды сараптаудан өткізген Шәкәрім, ең бастысы, ақыл таразысын жоймау деген қағиданы берік ұстанған. Яғни белгілі бір ойшылдың атағына, беделіне қарап оған мойынсұнбау, тек таза ақылдың таразысымен өлшеу арқылы жауап табу болғандығын айта кету керек.
Шәкәрімнің ойынша, әлемде бірде бір құбылыс өз алдына кездейсоқ болып жатқан жоқ. Барлығының түбінде белгілі бір себеп жатыр. Сол себептің өзіне де себеп керек. Олай болса, бұл түпкі себеп жаратушы екендігіне ақылмен көз жеткіземіз дейді. Яғни бұл түпкі мақсатты себептің барлығы Шәкәрім үшін – бірінші анық. Келесі сұрақ адам жанымен байланысты. Шәкәрім ұсынған онтологиялық жүйе бойынша әлемдегі бар заттар жоғалмайды, тек өзгеріске түсіп формасын өзгертеді немесе басқа күйге өтеді. Бұл жерде ойшылдың жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйенгендігін жасырмау керек. Сонымен Шәкәрім үшін дүниедегі бар нәрсе жоғалмайтын болса, тек өзгеріске түсіп «барлықтың ішінде бар болып» жүретін болса, онда жанның да жоғалуына себеп жоқ. Олай болса жан ол мәңгі, жан ажалсыз. Ол өзінің уақытша киімі, құралы денені тастап мәңгі өмір сүрмек. Дене биологиялық әлемнің, заттар әлемінің заңына сай басқа күйге өтеді. Яғни тозады, өледі, шіриді. Осылайша жанның ажалсыздығы Шәкәрім философиясында екінші – анық.
Егер жан өлмейтін болса, ол мәңгі өмір сүретін болса, онда адамның негізгі мұраты анық көрінеді. Ол мұрат – уақытша өмір сүретін дененің қамын ойлау емес, мәңгі өмір сүретін жанның қамын ойлау. Яғни жанның азығын іздеу. Жан ерекше тазалықпен жаратылған. Сондықтан оны таза ұстау, кірлетпеу және жанның азығын үнемі толтыру, Шәкәрімнің ойынша, адамның ең басты мақсаты болуы тиіс. Олай болса жан азығы ұждан Шәкәрім философиясындағы үшінші – анық. Ұждан негізгі қасиеттері - әділет, мейірім, ынсаптан тұрады. Үш анықты бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Бұлар Шәкәрім өз философиясында жүйелеген адам - әлем болмысының бір-бірімен өте тығыз байланысты қырлары екендігін ұмытпау қажет. Сөйтіп Шәкәрімнің «Үш анық» трактатындағы негізгі философиялық ой желісі онтологиядан басталып, философиялық антропологиямен аяқталғандығын ескеру керек [704].
1 Конт - Август Конт 1797 жылы туған‚ 1857 жылы өлген (автор).