Шәкәрімнің дүниетанымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 10:49, реферат

Краткое описание

ХХІ ғасырға дейін материалистік философия жаратылыс заңдарын, тіршілік пен табиғаттағы орын-орнымен жұмыс істеп тұрған барлық система өздігінен, кездейсоқ белгілі бір табиғи шарттардың нәтижесінде пайда болды деп дәлелдеп келді. Алайда соңғы 15-20 жылда сызықтық емес динамикалық модельдеудің дамуына байланысты ғылымның барлық салаларында фундаменталды ғылым материализм мен дарвинизмнің ғылыми негізі жоқ екенін көрсетті. Шәкәрім атамыз «Үш анық» атты шығармасында бұл туралы былай дейді: «Барлықтың түп себебі жаратушының білім, құдірет, шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Материялд.doc

— 254.00 Кб (Скачать документ)

Өршіп, өнді қайтадан.

 

Дөңгелеткен,

Өңгелеткен

Түк білімсіз күш пе екен?

Тіпті мінсіз,

Кемшіліксіз

Есті қылған іс пе екен?

 

Жан деген  не,

Мүлде өле ме,

Шын жоғалып, сөне ме?

Дене жөндеп,

Жоғары өрлеп,

Тағы «Мен» деп келе ме?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шәкәрімнің педагогикалық  идеясының негізгі өзегі адам болып табылады.

«Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде – ол тек  адамға ғана тән нәрсе»- дейді.

Шәкәрімнің педагогикалық  ой сараптауынан «Үш анық» трактатын көруге

болады. Ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. Шәкәрімнің дүниетанымдық ой жүйесінде философиялық Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? – деген сұрақ қойды. Оған өзі «Адам ақиқатты: көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады, не ол өздігінен өмір сүреді» [200] - деп қорытынды жасады. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның ынсап, әділет, мейірім- үшеуін мұсылманша айтқанда, ұждан, орысша айтқанда «совесть» бар» - дейді. Шәкәрім ар-ұжданы адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны педагогикалық категория әлем құрылымының негізі болатын субстанция

ретінде жоғары қарастырған. Шәкәрім адамның рухани өсуіне мықты  тірек

болатын үш анықты айтады. Адам ұжданға сай арлы өмір сүруі  керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады. Педагогикада таным арқылы білім негізі қаланатына негіздей отырып, Шәкәрім адам танымының мүмкіндігінің шексіздігіне ерекше назар аудара келе:

Ақыл құсы адаспай  аспандаса,

Әлемде нәрсе болмас көзден таса.

Жеті көк жерден оңай басқыш болып

Ғарышқа қол жетеді қармаласа.

Жанның бәрі мендей жар  табар еді,

Терең ой, сау ақылмен  шамаласа - деп жырлайды. Педагогика ғылымында тәрбие ұстанымдары - тәрбие үрдісінің мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын алғы шарттар болса, Шәкәрімнің шығармаларында осы педагогиканың келесі алғы-шарттары мақсаттылық көздей отырып, шәкәрімше адам тәрбиесінің құралы екенін атап өтуге болады: - сана мен мінез-құлық бірлігі ұстанымы; сана адамның мінез-құлықымен іс-әрекетін бағыттай отырып, оның бірлігі саналы түрде қабылдануын Шәкәрім шығармаларында да басты нысанаға айналған;

- саналық, белсенділік,  өзіндік әдеттерін дамыту ұстанымы; Бұл ұстаным адам бойында борыш, ар-ождан, талғам мәдениеті мінез-құлықтың, адамгершілік қадір-қасиетінің, өмірлік бағытынығң үйлесімді дамуының

қажеттілігін қамтыса, Шәкәрім шығармалары тәрбиеленушілерін  осы игі

қаиеттерге бағыттайды, шақырады;

- өмірмен, еңбекпен  байланыстылық ұстанымы; Еңбек тәрбиенің  ең күшті

құралы ретінде материалдық  рухани байлықтарды жасаушы ғана емес, адамзат ретінде жеке тұлға қалыптастырушы, жан-жақты жетілудің негізі деп қарастырылса, ал адам бойындағы жақсы нышандарға сүйену принципі және сабақтастық, толассыздық принциптері шығармаларында қарастырылды. Абай адам табиғатын этикалық тұрғыда қарай отырып, оның тұтас алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, «сегіз қырлы, бір сырлы» сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, «толық адам» кейпінде алға тартады. «... Адам деген даңқым бар» дейді Абай [199]. Сол арқылы ол неден ашық, неге асық болуға үндейді, жақсылық пен жамандықтың, надандық пен имансыз адамның шынайы мәнін ашады. Абайдың ойшыл-дана ретінде негізгі ұсынар этикалық принципі – «Адам бол» деген сөздермен кірігіп келетін кісілікке, адамгершілікке, имандылыққа жетелеу. Бұл – ақын шығармаларының басты өзегі. Осы арқылы ол адамның қоғамдық өмірдегі басты рөлі мен орнын анықтайды, ондағы сыншыл ақылды жоғары бағалайды. Соған ерекше мән береді. «Әсемпаз болма әрнеге» атты жастарға арналған өлеңінде Абай: «...Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!» дейді [199]. Абай адамгершілік идеясын өмір бойы ту қылып көтеріп өткен. Ол азаматты шыққан тегі, атқарып жүрген қызмет-

мансабы, атақ-даңқы мен  дәулетіне қарай емес, оның жан  дүниесіне, өз еліне, халқына көрсетер қызметіне қарай құрметтеуге үндейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір адамға пайда қылмайтын  ғылымнан сен де пайдаланба. Неге десең, ол білімнің ісі емес”, – дейді. Ғалым болу-біреудің айтқанын айтып, қайталау емес. Осы орайда “Ай сықылды болма жарық, қарыз алып күн нұрын” дейді. Нағыз ғалым болсаң күндей бол, алдыңғы “күндердің” (ғалымдардың) шыққанын (дұрыстығын) батқанын (кемістігін) көпке білдір”-дейді. Ғылым ғылым екен деп жұрт түсінбейтін, жұрттың ой-санасының ашылып, жетілуіне ықпал етпейтін, пайдасыз жол таңдама, яғни, “түн сықылды тым түнеріп, “көзді” тартып байлама” Күндізі (шамшырағы) бол, жұрт ғылымыңның келгені (пайдасы) мен кеткенін (зиянын) байқасын»дейді. “Кеше” маркстік кеңестік дәуірде ғылым ғылым деп, сананы суық ақылмен улағанымызбен тұрмай, “көңілді” (иманды) да суытып алғанымыз анық. Осы орайда Шәкәрім “Сусағанның сусыны бол, Су сықылды сұп-суық”. Бірақ ондай болма “салқын”, Ел көңілін қалдырып”-дейді. Ғалым болсаң “сөзің-жүзің, оттай-жылы болсын, бірақ, мархаматсыз болып өртеп жіберме, қысқасы-Топырақ сықылды бол, ел сенен пайдалансын”- дейді. “Мен адамның таппаймын өнерлісін” өлеңінде адамның ғылымы, технологиялық жеңісі жағынан өнері асып, әлемнің сырын ашса да, “өз жанын” танымайды. “Біледі бір “өзінен” басқаны адам”-дейді. Шәкәрімнің туып, өскен уақыты мен кеңістігінде маркстік, материалистік ілімнің, позитивистік-ағартушылық ағымның өрістеп тұрған кезі болатын. Пән, ғылымның тақырыбы-материяға айналған болатын. Пән-жанның өлетінін, оның онсыз да жоқ екендігін жазған. Бұған Шәкәрім, адамның масқаралығы, ойы жетпей сасқан-психология ғылымы да жанның барын байқамаған, білмеген”-дейді. Әрі қарай Шәкәрім: “Ең бірінші жаратылған зат жаны бар-ақылды зат. Ислам философиясында бұған “ал-ақл-ул-аууал”-дейді. Бар нәрсе жоғалмайды, өзгереді. Жан да жоғалмайды, өлмейді. Жан тәнді жаратады. Тән жанды жарата алмайды, яғни, Болмыста сана билейді”-дейді дана. “Жан-қожа, тән дегенің-жанның құлы”. Сондықтан жоғарыдағы ғылым, әлемнің сыры-барлығын тапқан-жан. “Тән-терезе, қарайтын жан-иесі”. Сондықтан ақыл мен ойдың шыны жаннан шығады [1, 138-139].

Шәкәрім заманында Алла жоқ жан өледі. Мәңгілік ештеңе жоқ. Сананы болмыс билейді. Жоқтан пайда  болу жоқ. Бар нәрсе бардан пайда  болады. Осындай дүниені түсіндірудің маркстік материалистік тенденциясы  белең алған тұс болатын. Шәкәрім  де заманының перзенті ретінде бұл мәселелерге тынбай жауап береді:

«Ұжданды адамды, мейлі ол ғалым болсын, надан болсын, барлық адам мақтайды. Ұжданды адам-өлген соң тірілмеймін деп ойлап, Ыразы қылам дей туғын Құдайы да жоқ, сонда да ар деп, ынсап деп, азап шегеді. Осыны терең ойланайық, ол сорлыны осы азапқа итерген, қандай күш? Оның мақсаты “Өлген соң жұрт мақтасын дей ме мені?”-Ал, жұрт мақтасын деу-барып тұрған жаман іс, риякерлік емес пе? Осы ісіммен ел түзеймін деп, сол жолда өзі құрбан қыламын дер. Бірақ, оның пайдасы не? Адал жолда өлгеннің арманы жоқ дегені “құрғақ мақтан” емес пе? Ар, ынсаптың құмары осы-ақ бола қойсын, ал зұлымдықтың құмары не? Зұлымдық пен Ар, ынсап екеуі ерегіскен екі дұшпан, артында рахат та жоқ, азап та жоқ, ақыл-зұлымдықтан қалай жиренеді? Ар, ынсаптың-жақсы істен үміті не? Ел түзелсе, өлген соң, оған не пайда? Дін үшін емес, тыныш өмірі үшін де емес, неге өлгеннен соң атым тарихта қалсын деп арпалыса ма? Бұған ақылым тоймайды. Жан мәңгілік жоғалмайды. Жан-екі өмірдің азығы-ұждан, ар, ынсаптың пайдасын сезінеді. Жан өлген соң мәңгілікке қауышып “бәйге аларын” біледі. Ұжданның осы сырына қанықпаған ақ жүрек адал ниет бола алмайды. Егер жан жоғалып, өлетін, жойылатын болса, сый алмайтын болса ақ, арам, ұждан, зұлым деп айырып, мынау жаман мынау жақсы деудің мәні жоқ. “Шолақ ойлылар” фанатик-діншілдер. Таза ақылым – сыншым [1, 204].

Таза ақылмен таппаған дін – шын дін емес жындылық. Мен “Хақиқат құрбанымын” Тәңір Сәуле берді, көңіл сұм түнектен құтылып, нұрға қауышты. Көңіл-пырақ мінді. “Бастағы көз”-тәнді ғана көреді, жан сырын байқамас. Хақиқатты дәл көруге- “жан көретін” көз керек. Сөнген ойды жандыруға, жан берерлік сөз керек. Жаны жоқты нандыруға, Жан керек қой милырақ. Молдалардан дін сұрасаң, сандырақтап сандалар, пәнші (философтар) Жан, Құдай жоқ олар тек мақам, дейді. Екеуі де түкке тұрмас, қалжырақ. Екеуі де “Сөзге” нанды. Таза ақыл, мәннен сұрақтар жоқ. Философ бес сезімге сүйеніп, сенсе, дінші (молда) өз жолынан адасты дейді. «Тіршілік, жан туралы өлеңінде» денешіл (материалист), пәншіл (философтар) кеселдер, дәлелсіз сөзбен ілгіштер жан жоқ деді. Бұл Август Конт (1797-1857) сөзі болатын  [1, 227 б.].

Сана болмысты билейді, яғни, жан тәннің билеушісі. Тән жан  жарлығын орындаушы ғана  [1, 227 б.]. О баста жоқты бар қылған, жоқтан болмыстарды жаратқан жан болатын. Жарықтан бізді бу қылған, құбылтып буды Су қылған, Суынан топырақ қатырып, топырақтан жасыл туғызған-дене, материяның иесі–Жан! Дененің қозғаушысы–жан. Қозғалыс–Жанның атасы (ал-мухаррик-ул-аууал) осыдан түрлі жанды (махлуқат) жаратылған. Әлем мүлкі ақылды жаннан (ал-ақл-ул аууал) жаралған. Рет-ретімен өсіп, таралған. Еркіндікке ұмтылу, талаптану, шын сүю, жирену, мақсат қою, ой түю, жаны күю жансыздан бұлар шығар ма? Жаралыс басы–қозғалыс (ал-мухаррик ул-аууал); Қозғауға керек қолқабыс (ал-иллат-ул аууал); Қозғалысқа енгізген қуатты мейлі жан де, мейлі “мән” әлемді сол мән жаратқан  [1, 230 б.]. Қозғаған қуат–жан, сол жаннан түрлі жандылар, жанына қарай тән жаралған. “Бастапқы “есті, жанды ақыл” (ал-ақл-ул аууал-ал-ақл-ул-махлуқа) соңы-адамнан шығады. Діншілдер анықты білмес күншілдер “Жаныңды жолдан қосты” деп, Шариғат айтып күңкілдер.

 

 

 

 

 

 

Жалпы руханилық, адамшылдық деген түсініктер адамзат  тарихымен бірге жасап келе жатқан және де дәстүрге айналып кеткен нәрселер. Әсіресе, өскелең өсу жолында жаңалықтар көп бола бермейді. Бүкіл адамзатқа ортақ ұждандық өсу талабы - жастарды адам болуға баулу, адамшылықтың негізгі принциптеріне үйрету. Ал адам болудың жолдары әр халықтың, ұлттың дәстүріне, салтына, тарихына, діліне, дініне, рухани болмысына байланысты. Қазақтың өмір салтында адам болу жолдары үлкенді сыйлаумен, ата жолын, ана жолын қуумен, ар-намысты, ұятты бетке ұстаумен, өнер-білімге, еңбекке ұмтылумен анықталады. Абайдың өз басында осы қасиеттердің бәрі де болды. Сондықтан да ұлт ұстазы болуға, неден қашық болып, неге асық болып, немен дос болуға шақырып жөн, көрсетуге моральдық құқығы болды.

Профессор Д. Кішібековтің пайымдауынша, бұл қасиет тек Абайға ғана емес, жалпы қазақ менталитетіне  тән. "Қазақ халқының менталитетін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – ол тәрбиелік қасиеті. Қазақ халқының бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелдері, ертегі, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары айналып келгенде тірелетіні тәрбиелік мәселе. Олар адамгершілікке, көпшілдікке, азаматтыққа баулыған [99, 160 б.].

Ұлттық тәрбие ісіне уақыт өз талаптарын, өз өзгерістерін енгізді. Абай заманында тәлім-тәрбие ісін ең қарапайым элементарлық нәрселерден  бастауға тура келді. Себебі адамдар  жас баладай аңқау, аңғал, тек біреудің жетегінде жүруге бейім болды. Жөн білетін дана азаматтар оларға ақ пен қараның, адал мен арамның, жақсы мен жаманның не екенін айтып көрсетуге борышты болды. Абай солардың асқар шыңы. "Халық ешқашан толас таппаған және таппайтын рухани күресіне адастырмас нысана, жаңылыстырмас бағдар сілтеп бере алатын көреген көсем тұлғаларды әрдайым сусай аңсаған, әрдайым төбесіне көтере құрметтеген. Өйткені ақыл табылмай тұрып ештеңе табылмайды. Ол жетілмей тұрып ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл. Онсыз қоғам дамудың даңғыл жолына түсе алмай, үйреншікті үрдістің солғын соқпағынан шыға алмай, заманалар шырғалаңында басы айналып, дағдарыс хәл кешеді. Ондай дағдарыстан шығар жолды тарих пен табиғаттың айрықша пейілі түскен перзенттері ғана сілтеп бере алады" [5].

Абай өз парызын  түсініп саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап адамтану, адамгершілік ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай дүниетанымының басты мақсаты адамды барынша кемелдікке жеткізу, ол кемелдікті адамға лайықты түрде көрсету, пайдалану, бүкіл өміріне азық ету, басқаға да шарапатын тигізу.

"... Абай ең  алдымен өзіне, сонсоң айнала-төңірегіне, ақыр аяғында мынау мәңгілік  тіршіліктің ырғағына ой көзімен, сын көзімен қарай алатын биікке көтерілді. Ал қашан да қоғамның сан тарау құбылыстарына ой көзімен қарай алғандар, жақсыға сүйініп, жаманға күйініп қана қоймаған ғой. Олар қашан да жақсыны молайту үші, жаманды азайту үшін күресіп өткен [100, 419 б.].

Абай қазақтардың  кешегісі мен бүгінін, болашағын, олардың  мінез-құлқын, салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін, оқу-білімін, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі  уақыттың түсініктерімен зерделеп айтқанда, хакімнің ой барысы қазақтың менталитеті қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, не істеу керек ол үшін?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     ХХ  ғасырда адамның рухани тәндік  өміріне қатысты пайда болған  тағы бір мәселеге қазіргі  замандағы қоршаған табиғи ортамен қоса тән мен жанның “ластануы” проблемалары жатады. Батыстық мәдениетте техникалық өркениеттің жедел дамуы мен адамның рухани күштерінің оларға ілесе алмауынан көптеген қиындықтар туды. Бұқаралық мәдениеттегі квази (жалған, анти) құндылықтар өрістеп кетті: тобырлық инстинктерді мадақтау, әсіре сексуалдық пен қатыгездік, дәстүрлі мәдени құндылықтарды аластау, олардың орнына неше түрлі “монстрлар мен құбыжықтарды, есалаңдар мен әпербақандарды норма ретінде ұсыну, мәдени ортаның “ластануы”, әдепсіздік пен девианттың мінез-құлықтың көбеюінен де көрініс табады. Жаңа гедонизмді әсіре насихаттаудың нәтижесінде наркомания, СПИД, алкоголизм, нәпсіқұмарлықтың өрісі тым кеңейіп кетті [12, 20 б.].    

 Адамзат алдына  тартылған, әсіресе, өнері озық, технологиялық дамудың жоғарғы сатысындағы Еуропа жұртшылығының алдындағы мәселе – олардың адам болмысының тек тәндік, нәпсілік бастауларына ғана көбірек көңіл бөліп, тек адамға ғана табыну, жекешеленуге ұмтылу талпынысының нәтижесінде рухани тығырыққа тірелуі, табиғаттан мүлдем алшақтап кетуі болып отыр. Оларда осы күнге дейін табиғатпен үйлесімділіктен гөрі, онымен өзін қарама-қарсы қоюшылық тенденциясы басым болды. Адамға тәндік, нәпсілік қажеттіліктерін қанағаттандырып қою ғана жеткіліксіз, оның ішкі жан дүниесін толықтыратын өзге де рухани, тылсымдық күштерден тірек іздеу, таяныш табу жолдарын іздестіру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Сөйтіп, қазіргі кезде Еуропа мен АҚШ-тың көптеген елдері Шығысқа көз тігіп, ашылмаған философиялық жүйелерді игеруге, мәдени, адамгершілік-этикалық құндылықтарды өздерінің өмір салтына енгізуге жанталаса кіргізуде. Батыс елдеріндегі адамдардың топ-тобымен ислам дініне еніп жатқаны да осының дәлелі. Себебі христиан діні адам баласының толықтай барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға келгенде дәрменсіз, мүмкіндігі шектеулі. Ал ислам дінінде бұ дүниенің де, о дүниенің де қажеттіліктері толық қамтылған, өзіндік қара, демократиялық сипатқа ие өмір салтын қалыптастырған.

Информация о работе Шәкәрімнің дүниетанымы