Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 10:49, реферат
ХХІ ғасырға дейін материалистік философия жаратылыс заңдарын, тіршілік пен табиғаттағы орын-орнымен жұмыс істеп тұрған барлық система өздігінен, кездейсоқ белгілі бір табиғи шарттардың нәтижесінде пайда болды деп дәлелдеп келді. Алайда соңғы 15-20 жылда сызықтық емес динамикалық модельдеудің дамуына байланысты ғылымның барлық салаларында фундаменталды ғылым материализм мен дарвинизмнің ғылыми негізі жоқ екенін көрсетті. Шәкәрім атамыз «Үш анық» атты шығармасында бұл туралы былай дейді: «Барлықтың түп себебі жаратушының білім, құдірет, шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды.
ХХІ ғасырға дейін материалистік философия жаратылыс заңдарын, тіршілік пен табиғаттағы орын-орнымен жұмыс істеп тұрған барлық система өздігінен, кездейсоқ белгілі бір табиғи шарттардың нәтижесінде пайда болды деп дәлелдеп келді. Алайда соңғы 15-20 жылда сызықтық емес динамикалық модельдеудің дамуына байланысты ғылымның барлық салаларында фундаменталды ғылым материализм мен дарвинизмнің ғылыми негізі жоқ екенін көрсетті. Шәкәрім атамыз «Үш анық» атты шығармасында бұл туралы былай дейді: «Барлықтың түп себебі жаратушының білім, құдірет, шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Ол бар болайыншы, қозғалайыншы дей алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбі себепсіз, бар себеп болмаса болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп жаратушы болады...»[1]. ХХ ғасырдың әр саладағы бірінен соң бірі ашылған ғылыми жаңалықтары әлем мен жердегі тіршіліктің жоқтан бар болып жаратылғанын дәлелдеп келді. Егер тіршіліктің пайда болып, оның өмір сүруін жалғастыру үшін қандай және қанша мөлшерде қажетті, әрі жеткілікті шарттардың керек екенін ескеретін болсақ, басқа планеталардың ішінде тек жер ғана сол тіршілікке қажетті, аса күрделі таңғаларлық қасиеттерге ие екендігі дәлелденді [2,5]. Жоғары да айтылғандай, тіршіліктің болуына керекті табиғи шарттардың біреуінің де болса жұмысы сәл баяулап, немесе тоқтайтын болса, бүкіл баланс бұзылып, бар әлем қирап, жойылады.
Дөңгелеткен,
Өңгелеткен,
Түк білімсіз күш пе екен?
Тіпті мінсіз,
Кемшіліксіз,
Есті қылған іс пе екен?[3].
Әсіресе, соңғы 10 жылда дамыған тепе-теңдіксіз термодинамика (неравновесная термодинамика) модельдерінің дамуына байланысты, сондай-ақ уақыттың физикалық табиғатын, тарихын зерттеудегі іргелі нәтижелерге байланысты әлем тепе-теңдігі, ғажайып үйлесімдегі орнықтылығы туралы жаңа көзқарас туды [4]. Мысалы, әлем пайда болғандағы үлкен жарылыс (Big bang) энергиясының таралу жылдамдығы, атомдардың физикалық тепе-теңдігі, гравитация, электромагнетизм сияқты күштердің көрсеткіштік қатынастары, химия, биология, физиканың жалпы заңдары, жұлдыздар химиясы, күннен Жерге дейінгі ара қашықтық т.б., және атмосферадағы газдардың проценттік қатынасы, жердің 230 градустық бұрылу бұрышы, Жердің күн системасындағы орбитасы және айналу жылдамдығы, Жердегі теңіздердің, таулардың, мұздықтардың функциялары тағы да басқа көптеген заңдылықтар мен жүйелер, барлығы да бірлігін, бір ғана мақсатқа, тепе-теңдігіне қызмет қылатыны анықталды.
Дүниедегі қай құбылысты алсақ та, ол өте үлкен күрделі үйлесімділікпен жердегі өмірдің жалғасуын, сапалы тіршілік – адамның пайда болуын қамтамасыз ету үшін жасалған. Қазіргі ғылымда бұл таңқаларлық фактіні «антропологиялық қағида» немесе «мінсіз тепе-теңдік, керемет үйлесімділік» (fine funing) деп атайды [5,6]? Бұл ғалам материалдардың кездейсоқ, мағынасыз жиналуынан емес, керісінше аса мінсіз, кемшіліксіз планды түрде таратылуының ісі екендігінің дәлелі. Қазіргі ғылымның негізгі ұстанымы – осы. Физика докторы Карл Гиберсон ғылымдағы бұл ұстанымды былай деп түсіндіреді: «Соңғы 40 жылдағы физика мен космология саласындағы жаңалықтар ғылымға «жоспар, жарату» деген терминдерді қайта алып келді». Британдық астрофизик профессор Джордж Эллис былай деп жазады: «Әлемдегі қайталанбас заңдар комплексінде бізді таңқалдыратын мінсіз үйлесімділікті көреміз. Осындай заңдар комплексінің пайда болуын сөзбен түсіндіру мүмкін емес».
Әлемнің жаралысы бастау алған Үлкен жарылыс нәтижесіндегі заңдар тіршіліктің кездейсоқ қозғалыстардан пайда болмағандығының бұлтартпас дәлелі. Австралиядағы Аделаида университетінің профессоры, атақты физик, математик Пол Дэйвис үлкен жарылыс кезіндегі болуы керек болған шарттардың есебін жүргізіп, мынадай нәтижелер алған: Егер жарылыстан кейінгі атомдардың таралу жылдамдығы критикалық мәннен бір секундтың триллионнан бір мәніне ауытқыған болса, бұл тепе-теңдікті жоюға жеткілікті болар еді. Демек, жаратылыстың күші заттардың тартылыс күшіне қатысты таңқаларлық дәлдікпен есептелген. Бұны материалистік философиядағы «кездейсоқтық терминімен түсіндіру мүмкін емес»,– дейді ғалым.
Бірақ үлкен жарылыс жылдамдығы күштер тепе-теңдігінің біреуін ғана көрсетеді. Жарылыстан кейін әлемнің қалыптасуы үшін күштер керекті қатынаста және саны да дәл белгіленген болуы керек еді, олай болмағанда ешнәрсе болмас еді. Бұл күштер қазіргі физика ғылымы бойынша әлемнің құрылымы мен барлық физикалық процестерді «төрт негізгі күш» (тартылыс күші, электромагниттік күш, үлкен ядролық және кіші ядролық күштер) анықтайды. Осы күштер арасындағы айырым өте үлкен. Мысалы ең үлкен (большая ядерная сила) және ең кіші (гравитациялық күш) күштердің арасындағы айырмашылық 25*1038 бірлік. Танымал молекулярлық биолог Майкл Дентон өзінің «Табиғаттың мақсаты» деген кітабында бұл туралы былай деп айтады. Егер жаратылыс қазіргі мөлшерінен триллионнан есе көп болса, космос бүкіл әлем әлдеқайда кіші болар еді, өмір сүру уақыты да соған қарай қысқа болар еді. Орташа жұлдыздың массасы күннің масасынан триллион есе кіші, ал оның өмірі небары 1 жыл болар еді. Ал егер гравитация күшінің әсері сәл үлкен болған болса, жұлдыздар да галактикалар да түзілмес еді, жалпы осы әлем болмас еді.
Қалған көрсеткіштер мен олардың қатынасы да тура осындай дәлдікте. Мысалы, үлкен ядролық күш сәл аз болса, әлемде жалғыз тұрақты элемент сутегі ғана болар еді. Одан басқа ешбір атом болмас еді! Ал егер ол электромагниттік күшпен салыстырғанда сәл үлкен болса, онда әлемдегі жалғыз тұрақты элемент екі ғана протоннан тұратын атом ядросы болар еді де, сутегі тіпті болмас еді, бүкіл жұлдыздар мен планеталардың құрылымы, түр-сипаты мүлде басқаша болар еді (әрине егер тек сутектен немесе атом ядросынан жұлдыз, планеталардың құралуы мүмкін болса). Сонымен жоғарыда айтылған төрт күш және әлемдік тұрақтылардың көрсеткіштері басқадай болса, бұл әлем болмас еді.
Аспан денелерінің космоста таралуы және олардың арасындағы үлкен бос кеңістіктер тіршіліктің болуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Профессор Майкл Дентон өзінің «Табиғаттың мақсаты» атты кітабында жұлдыздар арасындағы арақашықтықтың маңызы туралы былай дейді: Сверхнова жұлдызы немесе басқа жұлдыздар арасындағы арақашықтардың өлшемі аса жоғары критикалық дәлдікпен мұқият есептелген. Біздің галактикамызда жұлдыздардың арасы шамамен 30 миллион миль. Егер ол біраз аз болса, планеталардың арасы тұрақсыз болып, ал егер ол біраз көп болса, онда Сверхновадан шығып жатқан материялар белгілі бір тәртіпсіз таралар еді. Нәтижесінде күн системасы сияқты орнықты қозғалыстағы жүйелер пайда болмас еді.
Ал егер Жердің тартылысы: сәл үлкен болған болса, жер атмосферасы өзінде көп мөлшерде аммиак пен метан элементтерін жинап, жерде тірі жан өмір сүре алмас еді. Егер ол сәл аз болса, онда атмосфера өте көп мөлшерде суын жоғалтып, тағы Жер бетінде тіршілік болмас еді.
Егер күнге дейінгі
Егер Жер қабығының қалыңдығы қазіргісінен сәл қалыңдау болса, атмосферадан топыраққа өте көп мөлшерде оттегі сіңер еді. Ал, егер ол сәл жұқа болса, жер бетінде вулкандар көбейіп, өмір сүру мүмкін болмай кетер еді.
Егер Жердің өз осі бойымен айналу жылдамдығы сәл аз болса, күндізгі температура мен түнгі температура айырымы өте көп болар еді, ал тірі организм үшін бұл жағдай қолайсыз, әрине. Мысалы, Ай бетінде атмосфера болмағандықтан онда тұрған денеге, мысалы, «луноход» аппаратына күн сәулесі түскен кезде, оның күн түсіп тұрған бетінің температурасы 70 °C, ал көлеңке бетінің температурасы 160 °C болады. Сол себепті, аппарат 180°C-қа бұрылғанда корпусының температурасы бір сәтте күрт өзгеріп, дөңгелегінің білігі айналшақ өске пісіп, жабысып қалады. Егер ол жылдамдық көп болса, атмосфералық желдердің жылдамдығы өте көп болып, нәтижесінде жер бетіндегі толассыз дауылдар мен су тасқындары тіршілікті жойып, жоқ қылар еді.
Егер Жердің магнит алаңы қазіргісінен сәл күшті болса, жер бетінде жиі әрі өте күшті магнит дауылдары болар еді. Ал егер ол сәл әлсіздеу болса, онда Күн бетіндегі жарылыстар нәтижесінде Жерге жетіп тұратын зиянды сәулелер атмосферадан өтіп, бізге зиянды әсерін тигізер еді де, Жердегі тіршілік атаулы өртеніп кетер еді.
Жер альбедосы (Жерден шағылысқан Күн жарығы мен Жерге түскен Күн жарығының қатынасы) көбірек болса, онда жерді өте аз уақыт ішінде мұз басып кетер еді. Ал, егер ол азырақ болса, онда парник эффектісі Жердің қатты қызуына себеп болып, полюстердегі мұздықтар еріп, Жер бетінде құрғақ жер қалмас еді.
Егер ауадағы заттардың пайыздық мөлшері мысалы, азот пен оттегі мөлшері сәл көбірек болса, онда жердегі барлық өмірлік процестер жылдам өтер еді. Ал, сәл аз болса, керісінше бәрі баяулап, оның салдары біздің өмірімізге кері әсерін тигізер еді. Дәл сол сияқты ауадағы көміртегі мен судың мөлшері ауаның температурасына әсер етеді.
Озон қабаты Жерді Күннің бетіндегі жарылыстар нәтижесінде пайда болатын ультракүлгін сәулелерден сақтайды. Егер ол сәл жұқа болса, оның қорғаныс қабілеті нашарлап, ультракүлгін сәулелер жердегі тіршілікті жойып жіберер еді. Ал, қалың болған жағдайда жерге өтетін жылу мөлшері азайып жер бетіндегі температура балансы бұзылар еді.
Жердің айналу осі Жер орбитасы жазықтығының перпендикулярынан орташа есеппен 23°27'-қа бұрылған. Жыл мезгілдерінің ауысуы осы бұрылу бұрышына байланысты. Егер осы бұрылу бұрышы сәл үлкен немесе кіші болса, онда жыл мезгілдерінің температуралық айырмашылығы тым үлкен болып, жерде төзімсіз ыстық жаз бен төзімсіз суық қыс болар еді.
Жер қыртысыныңсейсмикалық
Біз бұл жерде толып жатқан заңдылықтар мен салыстырмалы теориядан бірнеше мысалдар ғана келтірдік. Осы санаулы мысалдардың өзі Әлемнің жай ғана кездейсоқтан пайда болуы мүмкін еместігін көрсетеді.
Осы көрсетілген таңғажайып ғылыми фактілер Ш.Құдайбердіұлының осының бәрін басқарып, жүргізіп тұрған жан әсері екендігін айтатын тұжырымдарына бұлтартпас дәлел болады:
Ей, жастар қалай дейсің бұл дүние,
Мұны бүйтіп жаратқан қандай кие.
Білімсіз мақсұтсыздан шыққан болса,
Мақсұт, білім, ой шығар бар ма жүйе.
Керексіз жаралған бір тозаңы жоқ,
Тәртібі таң қаларлық зор мәшине.
Себебі толымдының ісі толық,
Ең түпкі жаратушы мінсіз ие.
Табиғат пен әлем, адам мен қоғам тануға, Алланы тануға бастайтын Шәкәрім жолы осындай терең ғылыми ой-пікірге сүйенеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Өлі» анорганикалық дүниеден «тірі»
органиканың қалай пайда
Азат ойдың құдіретін жоққа шығарып, көзге көрінетін дүниенің шырмауында жүрген материалистер үшін алынбайтын белес тәрізді көрінген бұл мәселе Шәкәрім атамыздың еңбегінде үш-ақ сөйлеммен түсіндіріледі. Қазіргі ғылымда күрмеуі толық шешілмеген қынаның тасқа біту процесі, шынында, таңқаларлық.
Ашып айтсақ, қынаның тасқа бітуі ерекше жолмен жүреді. Қынаның кез-келген тасқа шыға бермейтіні де белгілі, ол тасты таңдайды. Қалайша десеңіз, түсіндіруді тастан бастайық. Басында айтылғандай, тас су ішеді. Тастың құрамындағы элементтер куб тәрізді байланыс құрды делік. Кубтың іші бос, оны толтыру керек. Сол кезде оған жаңбыр мен жер асты суларынан көзге көрінбейтін бірнеше су молекуласы бос ұяшықтарға орналасады. Осылай тастың бос орындары сумен толады. Ендеше қынаға қажетті судың бір бөлігі тастың өзінен алынатыны белгілі болды. Шәкәрім атамыз айтып отырған тас пен қына арасындағы топырақ сияқты жабыстырғыш заттың түзілуін және оның түзілуіне ауа мен судың қатысын түсіндіре кетейік.
«Топырақ сияқты» деп отырған затымыз ауадағы тотықтырғыш оттегімен түзілген тастың беткі бөлігіне жақын орналасқан сілтілік металдардың (Na,Mg,K,Ca) оксидтері болып табылады [6]. Ал, осы сілтілік металл оксидтерінен алынатын металл иондар қына үшін көбейіп, тұқым шашуына мүмкіндік береді. Осылайша биологияның қына түзілуі туралы бүтін бір іргелі саласын тудырып, бас қатырып отырған күллі әлем ғалымдарының сұрағына Шәкәрім атамыз азат ақыл, еркін оймен үш ауыз сөзбен жауап қайырып отырғаны таңдай қақтырады!
«Өлі» тастың соңында сабылғандардың бірі – археологтар екен. Олар да тасты аударып, асты-үстіне түсіп, өткеннен мәлімет алғысы келеді. Тастың көрген, естігенін сақтап қалатынын пайдаланып, археологтар тарихқа тіл бітіреді. Ақылсыз тастың магнитофон таспасы сияқты сондай жандының әрекетін істегеніне таңқаласың! Археологтар үшін тас мәліметтердің қоймасы сияқты. Мысалы, табылып жатқан бұйымдар тас дәуірінікі екен, осыдан мыншама мың жылдар бұрын жасапты, мұнымен аң аулапты деп археологтарды сайратып жүрген де – осы тастар. Тіпті, радиоизотоптық әдіспен сол тас өмір сүрген кезеңнің температурасы, қысымы, климаттық жағдайын анықтай алады. Мұндай зерттеулер ұзақ уақытты қамтиды, себебі қара тас ішіндегі сырын айтқысы келмей, ақыры бір әмірмен ғана ашып, гендік инженерлерге құпиясын ақтарып береді. Археологтар мен гендік инженерлер табылған тастардың бәрін сайратуға мүмкіндіктері жоқ, бұған өздері де мардымды жауап қайтара алар емес. Осылайша тылсым күштен рұқсаты бар тастар ішіндегі жиналған мәліметтерін ашып, ағынан жарылатыны анық болды.
Соңғы жылдардағы кристаллограф (тастанушы) ғалымдар барлық тастар, минералдар бір-бірін қайталамайтынын анықтады. Мұны қарапайым түрде былайша түсіндіреді: екі бірдей элементтерден құралған, құрылымдары да бірдей кубтық, екеуінің де жасы қарайлас болсын. Енді ерекшелігі олардың сол кубтардағы рет-ретімен құралғанда екі тастың әртүрлі кубтарындағы бірдей элементтері түсіп, орнына екеуі екі түрлі элементті қосып алады. Осылайша тастар бір-біріне түрі ұқсаса да, ішкі дүниелері өзгеше, яғни жандары бөлек денелерді береді. Адамның қайталанбауы сияқты қайталанбас құрылымға ие болып, әрқайсысы әр бөлек бәрін есіне жазып, жаттап алуының мақсұты не, себебін қайдан іздейміз? Өкінетін ештеңе жоқ. Мұның жайын, барлық жаралыстың мақсұты мен себебін Шәкәрім атамыз «Үш анығында» былайша баяндайды: «Мен жанды былай түсінемін: біз дененің негізін тексергендей жанның да түбін тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болып табылады. Дене негізін тексерушілердің сила вещества (қуатты дене) дегендегі қуат – осы жан. Сол жанды денеден өсіп – өршиді. Жан да өршиді. Ғылым жолында әлденеше түрленіп өзгерсе де, дененің еш жоғалмағаны сияқты, жанның да еш нәрсесі жоғалмайды. Бірақ дененің толықтығы, нашарлығының кезегіне қарай жанның да толық, нашар уақыты болады.» [4]. Ал, бұл сөзді таза ақылдан хабары жоқ кейбір бауырлар «Шәкәрім – материалист, эволюционист» болған деген тезиске дәлел ретінде қолданып жүр...