Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 21:07, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3-4
І бөлім: Дін теориялары мен дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.
1.1. Діни интеграция және әлеуметтік өзгерістер...............................................5-21
1.2.Дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.........22-33
ІІ бөлім: Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы.
2.1. Қазақстан Республикасында секталардың таралуы және өзекті проблемалары......................................................................................................34-42.
2.2.Ұлттық дүниетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі және исламның таралуы..................................................................................................................43-52
2.3.Социологиялық зерттеу нәтижесі.................................................................53-62
Қорытынды...........................................................................................................63-64
Пайдаланған әдетиеттер......................................................................................65-66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Дін-теориялары-мен-дін-әлеуметтануының-қалыптасуы-және-әлеум.doc

— 324.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезде халықтың ойына жетекші болып келе жатқан зиялы қауымның дінге деген қатынасы туралы жалғастырсақ, қарама-қайшы  көзқарастарға тап боламыз. Кейбір авторлар діннің маңызын жақсы сезінеді. Қоғамда адам баласын адамгершілікке тәрбиелеудегі діннің ролі ерекше, "діннен айырылған жұрт тілінен де айырылады, ол оньщ бәрі қазіргі айтып жүрген ұлттық менталитет дегенді жойды. Ондай жағдайда тәуелсіздік өзге мәнге ие болмақ". Одардың түсінігінде діннің пайдасы мен зияны деген ұғым қатар жүреді. Кейбір авторлар Ресей отаршылдарымен социалистік отарлаушылдық шеңберінен босанған қазақ елі үшін Орта Азия елдерімен тіл табысып, біртұтас өмір кешуіне себепкер болатын аса маңызды фактор мұсылман діні деп есептейді. Осындай қиын-қыстау кезеңде ислам дініне бой ұсыну дәстүрлі қазақ мәдениеті мен нанымдарының ұлттық деңгейін жоғарылатынына сенеді. Осындай ойды кейбір ағаларымыз қазақ қоғамының дінге бет бұрмауы, әсіресе ислам дініне құтқарушы ретінде қарамауы моральдық және рухани азушылыққа апарады деп күдіктенеді.Қазақстандағы діни жағдайға шолу жасасақ, шынымен де дінге адамдардың жартысынан көбі біреудің айтқан ақылымен немесе үгіттеумен келген. Қай діннің немесе діни секталардың үгіті күшті жүрсе, сол дінге адамдар көп барады. Әсіресе қазір Қазақстанда протестанттық секталардың жұмысының жақсы ұйымдастырылуына байланысты христиан дінін қабылдаушылар көбеюде. Библияны қазақ тілінде оқытып, сыйынуды қазақ тілінде жүргізетін "масихшылардың" шіркеуіне қазақтар өте көп жиналады.

Қазақстандағы секталардың  жұмысы туралы мәселе дінтанушыларды да ойландыруда. "Ешкіммен, еш жерде тіркелмеген әр түрлі миссионерлік діни ұйымдардың, секталар мен діни мектептердің қызметтері бағаланудан тыс қалып жатыр. Кейбір ұйымдар діни ұйым болып тіркелмейді де, оқу орталықтары, денсаулық сақтау және сауда ұйымдары ретінде қызмет жасайды. Олардың қаржылық жағдайы есепке де, бақылауға да түспейді, бұл секталардың еліміздегі діни жағдайға әсері және адамдардың ақыл-ойына әсер етіп, үгіттеу әдістері сарапталмайды"[16].

Қазақстандағы Гуманитарлық зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, "соңғы он жылда рухани өмірде көп жаңа құбылыстар болды: дінге сенушілер мен діни ұйымдар саны көбейді, жаңа діни ағымдар пайда болды, діни қарым-қатынастар күрделенді, дәстүрлі институттардың әлеуметтік кызметтерінің шеңбері кеңейді, тұрғындардың діни кұбылыстарға ден қоюы күшейді, діни білім беру жүйесі дамыды. Қазіргі кезендегі діни белсенділіктің ерекшелігі адамдардың ұлтымен, дінімен байланысты"[17].

Сонымен қоса Қазақстанға ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бурыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В. «XIII ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбаханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз. ХҮІ ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңіріге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оқбас» деп аруақты ұмытпады.

Әбу Ханифа жол салған сунниттік ағым басқаларына қарағанда  көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып  заңдарына бой ұсынғыш болуы  себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы ез кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардын, әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардық бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.

Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет-ғұрып  заң нормалары қоғамның бірден-бір  заң реттегіші ролін атқарды. Оның да себебі бар еді. Әуелі, қазақ  қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына  байланысты басқалардан томаға-тұйық  өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені туыс-туыстарымен ру-ру болып көшіп-қонған қазақтарда «ру намысы» күштірек еді. Бұл төменгі таптың «өз туыстастары» үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды.

Арабтар Мауараннаһрді  Әбдімәлік ибн Маруан (685 -705) тұсында  ғана жаулап алуға колы жетті. Хорасан  билеушісі Кутайб ибн Муслим ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға коныстанған түркі тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған Кутайба ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті.

Наршаһидің жазуынша, Кутайбаның әскері Бұхарды бірнеше  қайтара алғанымен, арабтар кете салысымен жергілікті халық ислам  дінінен безіп, өз ата-бабасы ұстанған дінге көше берғен. Төртінші рет  Кутайба әзер дегенде қаланы алып, қалаға сол қаланың тұрғындарының жартысына жуық мөлшердегі арабтарды әкеліп қоныстандырады. Солардың күшімен ислам дінін енгізіп, бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған. «Кімде-кім мешітке келсе, оларға ол (Кутайба) екі дирһам береді» деп жар шақыртады. Соның өзінде де жергілікті халықтан қорыққан арабтар мешітке қару-жарағымен келуге мәжбүр болған. Дегенмен де, қоқан-лоқы, сатып алу, т. б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді.

Міне, осыдан кейін кең  далада емін-еркін кешіп-қонған қазіргі Қазақстан территориясындағы түркі тайпалары арасына ислам дінін тарату үшін миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып керінді. Мәжаусилік шаман дінін оңай ығыстыруға болады деп санады, Сол себепті де олар бұл тайпаларды «һаза хақ» — «һазақ» (бұл арабша сөздің мағынасы — «бұлар дұрыс, жолы дұрыс») деп атады. Содан барып, «қазақ» деген термин қалыптасып кетті дей аламыз.

Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта  олармен санасуларына тура келді. Өз ата-баба дәстүрлерін кебірек ұстанған қазақтарды дінсіздер деп атады.

Оларға қарсы «ғазауат» соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи, өзіндік сипатқа ие дәстүрдін, ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың гүлденген, күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез келгендерінің бастарында да бар.

Қазақтардың өзіндік ерекшелік пен сипатқа ие болған елді басқару формалары, экономикалық жүйесі, рухани қажеттілігін қанағаттандырарлық өнері, заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті мардымсыз дамыған қазақтардың (өйткені көшпенді тұрмыс кешу мектептер ұстауға мүмкіндік бермеді) ауызекі творчестволық дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе жас ұрпақты тәрбиелейтін үгіт-насихат жырлары, мақал-мәтелдері қандай мол, әрі қандай терең еді десеңізші! Бұлар тек құрғақ ақыл-кедес емес, нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар праволық нормалар мен моральдық, саяси, мінез-құлық, т. Б. тәртіптерді де өз ішіне жан-жақты қамтиды.

Қазақтардың ең бір қадірлеп-құрметтейтін дәстүрі — өлген ата-баба аруақтарына  табыну. Өлген ата-баба аруаққа айналып, тірілердің зор құрметіне ие болады. Олар тірі ұрпақтарының әдет-ғұрып заңдарын, кәде-қаумет, салттарын сақтап жүрулерін талап етеді. Сол себепті де қазақтар ата-баба аруағын разы етуге тырысады, олар жолына малдарын құрбандыққа шалып, үнемі есте ұстап, оларға жалбарынып отырады.. Оның себебін біз бұл қарттар өлгендер мен тірілер арасындағы байланыстырғыш деп қарағандықтан ғой дейміз. Сондықтан да қазақтар ата-анасын өте құрмет етеді. Өлгендеріне шаң жуытпайды, аруаққа айналдырады, Әрине, мұндай құрметке кез келген қарт ие бола бермейді. Әр рудан оза шауып, ақыл-парасатымен, істеген ісімен ел құрметіне бөленгендер ғана үлкен құрметке ие болады. Мұндай дуалы ауызды адамдар көзі тірісінде ақ әулиеге, өлгеннен сон, аруаққа айналған. Мұндай адамдардың сөзін де жыр қылып айтып, қабірін де құрметтеген. Дегенмен де, әркімнің өз ата-бабасы өзіне жақын, әрбір семья, от басы-ошақ қасының өзіне қас аруақтары болып, оларға жалбарынған. Әрине, «ата-баба аруағын» құдайға теңеуге болмайды.

2.3. Социологиялық  зерттеу нәтижесі.

"Діншілдік дүниетанымының деңгейі" тақырыбында өткізілген социологиялық зерттеулер нәтижелерінің есебі

Қазақстандағы қазіргі  әлеуметтік, экономикалық және саяси  жағдай құрылымды-жүйелі өзгерістермен  қатар, біршама құңдылықтардың ескісін  қайта бағалап, жаңасын дайындау қажеттілігімен сипатталады. Осындай жағдайларда қазіргі қоғамның діни сана-сезімінің деңгейі аса маңызды мәселе ретінде қарастырылады, жекелеген жағдайларда түрлі конфессиялардың сандық, бағыттық ерекшеліктері айырықша мәнге ие болады. Мұндай жағдайларда конфессиялық ұқсастықтар мәдени және ұлттық тұрғыдағы өзара пара-парлығымен бір-бірімен жақындаса түседі. 

 Шымкент қаласы тұрғындарының діни ой-өрісін анықтау мақсатында 2008 жылғы 10 наурыз мен 1-сәуір аралығында  әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша мына төмендегілер анықталды:

Респонденттердің әлеуметтік – демографиялық сипаттамасы

Сұрақ - жауапқа қатысқандардың 53 пайызы әйел, 47 пайызы еркектер.

Ұлттық өкілдіктері:

Қазақтар - 46,3 %

Өзбектер - 17,8 %

Орыстар - 20,3 %

Кәрістер, татарлар, украиндар - 15,8 %

Әлеуметтік  статус:

Жоғарғы сынып оқушылары  – 4,5 %

Колледж оқушылары – 8,3 %

Студенттер – 20,3 %

Жұмыссыздар – 7,3 %

Кәсіпкерлер – 5,0 %

Жумысшылар – 8,8 %

Өнеркәсіптік өндіру және көлік жұмысшылары – 11,8 %

Ауыл шаруашылығы саласының жұмысшылары - 4,5 %

Банк және қаржы саласының  жұмысшылары - 3,5 %

Қызмет және сауда  саласының жұмысшылары - 3,5 %

Білім беру және мәдениет саласының қызметкерлері - 5,3 %

Әскери қызмет, полиция, сот қызметкерлері - 1,8 %

Мемлекеттік қызметкерлер - 6,0 %

Зейнеткерлер - 11,0 %

Үй шаруасындағы әйелдер - 7,0 %

Жалдамалы жұмысшылар - 1,8 %

Сауалнамаға қатысқандардың жас шамасы

16- мен - 25 жас арасы  - 35,0 %

26 - мен - 35 жас арасы  - 16,0 %

36 - мен - 45 жас арасы  - 21,5 %

46 - мен - 55 жас арасы - 15,8 %

56 - мен - 65 жас арасы  - 8,3 %

66 - мен - 75 жас арасы  - 3,5 %

Қала тұрғындарының  діни ұстанымдарының нақты түрлеріне келетін болсақ, сұралғандардың  74,8 %  ислам дінін, 18,3 % православиялық, 1,3 % католиктік, 0,8 % иегова куәгерлері, 0,5 % кришнаидтер, 0,3 % иудаистер, 1,8 % басқа діни нанымдарды (ескі дәстүрдегілер, вайшнавтар, меннониттер) ұстанатын болып шықты, 2,3 % пайызы дінге сенбейтіндер (атеистер). Сонымен, респондентердің саналы түрде діншілдікке ұмтылуы олардың конфессиялық тиесілік жөнінде берілген жауаптарынан анық байқалады.

Түрлі діни нанымдарға көзқарасы жайлы сұрақ респонденттер үшін айтарлықтай қиын болды. Өйткені сауалнамада халықтың түрлі сенім жолын ұстаушылар деңгейін талдау ғана емес, әрбір сенушінің өзге де діндерге деген сабырлылық деңгейін зерттеу мақсаты қойылды.

Жалпы,  талдау нәтижесінде респонденттердің басым көпшілігінің келесі діни нанымдарға сенімділік білдіретіндігін көрсетті: Бұл Ислам - 86,5%, православиялық шіркеу 38,5%.

Мынадай дін  тұтынуға қайшылықты көзқарастар білдірілді:

Адвентистер шіркеуі 33,8%,  иегова куәгерлері 53,0%, иудаизм - 40,5%, басқа  діндер - 15%.

Мынадай діни нанымдарға бейтараптық білдірілді:

 Католик шіркеуі  - 42,0%, баптистер - 39,5%, буддизм- 36,5%.

Алғашқы рет  естідім деген жауапқа берілген пайыздық көрсеткіш: адвентистер  шіркеуі - 27,5, иудаизм- 10,8% болды.

Діншілдік ережелері  жайлы респонденттердің көзқарастары төмендегіше бөлінді:

(Егер) Респондентердің  34,5% пайызы дін қағидаларын орындап  жүргендігін айтатын болса, 19,5% пайызы оны күнделікті өмірде орындап жүргендігін, сондай-ақ, 15,8% пайызы мешіт (шіркеулерге) үнемі қатысып, сенімін күшейтіп жүретіндігін білдірген.

Сұрау салынған респонденттердің 12 % пайызы діни парыздарды қатаң түрде орындауды мүмкін емес, осыған байланысты діни шарттарды кей уақыттарда ғана орындау қазіргі заман адамына тән деп есептейді. Олармен қатысқандардың 13,8% пайызы өздерінің діни шарттарды кейде орындап, кейде орындай алмай жүргендігімен келіседі. Ал респонденттердің 4,5% пайызы өздерінің атеистік көзқараста екендігін білдірген.

Респонденттердің  өміріндегі діннің рөлі деген сұраққа әр түрлі жауаптар алынды, 38,0 % пайызы  діни сенімді өз өмірінің бір бөлшегі ретінде санайтын болса, 21,0 % дін жолын белсенді ұстанушылар болып табылады, 27,5 % пайызы ғибадат етуге уақыт таппайтындығын айтса, 7,5 % пайызы  дінге қатысты көзқарасының бейтарап екендігін білдірген. Мұндай өзіндік "космополитизм" қоғамдағы діннің тарихы мен қазіргі жағдайының терең мағлұмат алуға ие еместігін көрсетеді. Қатысушылардың 5,5 % пайызы жауап беруге қиналатындығын жеткізсе, 0,5 % өзінің саналы түрде қарсылығын білдірді.

Дінге ену процестері респонденттер үшін бірқатар күрделілікті туындатты, олардың қоғамдағы жағдайы өзін өзі әлеуметтік идентификациялаумен белгіленді. Сұралған респонденттердің жартысынан көбі, яғни, 54,0 % діншілдікті туылғаннан ұстанатындығын білдірді, яки діни сананы отбасындағы сабақтастық, әлеуметтік қалыптылық ретінде бағалайды. Сұралған респондентердің  32 % пайызының дінді кәмелеттік жасына толғаннан кейін ұстанғандығы белгілі болды. Қазақстандық қоғамда діни сананың дәстүрлі екендігі есепке алына отырып, ал оның адам психологиясына кірігуі, әсіресе XX ғасырдың 90-жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі діни санаға енетіндігі, сәбилік кезеңдерден бастау алатындығы қызықты жайт. 16 - 18 жас аралығындағы респонденттердің дінді ұстанатындықтарына бір жылдай ғана болған - бұл сауалнамаға қатысушылардың 7,5 % құрайды. Респоденттердің 4,0 % принципиалды атеистік бағытты ұстанса, 0,8 % пайызы дінге сенбеушіліктен  атеистікке өткен, ал 1,8 % басқа дінге өту шешіміне тоқтаған.

Информация о работе Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс