Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 21:07, дипломная работа
Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3-4
І бөлім: Дін теориялары мен дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.
1.1. Діни интеграция және әлеуметтік өзгерістер...............................................5-21
1.2.Дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.........22-33
ІІ бөлім: Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы.
2.1. Қазақстан Республикасында секталардың таралуы және өзекті проблемалары......................................................................................................34-42.
2.2.Ұлттық дүниетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі және исламның таралуы..................................................................................................................43-52
2.3.Социологиялық зерттеу нәтижесі.................................................................53-62
Қорытынды...........................................................................................................63-64
Пайдаланған әдетиеттер......................................................................................65-66
Мазмұны.
КІРІСПЕ.......................
І бөлім: Дін теориялары мен дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.
1.1. Діни интеграция және әлеуметтік өзгерістер....................
1.2.Дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.........22-33
ІІ бөлім: Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы.
2.1. Қазақстан Республикасында секталардың
таралуы және өзекті проблемалары..................
2.2.Ұлттық дүниетанымның қалыптасуындағы
діннің рөлі және исламның таралуы.......................
2.3.Социологиялық зерттеу нәтижесі......................
Қорытынды.....................
Сілтемелер....................
Кіріспе
Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама. Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс.
Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады.
Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.
Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымдығы сан қырлы мән мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты.
Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді.
Дінді әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады.
Сонымен қатар дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты.
Қоғамдағы діннің орны мен қызметі өте күрделі. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрінеді.
Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты. Бірақ әңгіменің бәрі мынады еді, жаңа заманда еуропа тарихындағы болған оқиғалардағы нақты көрініс берген діни дау-дамайлар мен әлеуметтік жан-жалдардың қайнар көзі болады. Діннің қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қауіп тудырмайтындай әрекетіне жағдай жасап, дінге қоғамнан лайықты орын беру қажет болды. Локк дін мен әлеуметтік өмірдің бұлай үйлесімділігінің бір мүмкіндігі деп, дінді «ресми емес» деп алып мемлекеттен бөлу керек деді.
Руссо да өзінің діңге байланысты «Қоғамдық келісім» деп аталатын еңбегінде болашақ дін социологиясы және қоғамды интеграциялаушы ретінде дін туралы жаңа тезис туындайды дейді.
Бұдан басқада ғалымдар дін жайлы өз пікірлерін айтып өткен.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі кезде өзекті мәселе болып тұрған проблемаларын шешу жолындарын табу барысына негізделіп жүргізілген.
Зерттеу жұмысының міндеті. Қазақстан Республикасы соның ішінде Оңтүстік Қазақстан жеріндегі «Діншілдік дүниетанымның деңгейін» анықтау. Оларға социологиялық талдау жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі Оңтүстік Қазақстан тұрғындары. Соның ішінде көпшілігі жастар мен орта жастағылар болып отыр.
І Бөлім: Дін теориялары мен дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.
1.1. Діни интеграция және әлеуметтік өзгерістер.
Діннің қоғам интеграциясы
ретіндегі социологиялық
Осылайша егер біз қасиетті заттарға бағытталған сенімдер мен әрекеттердің мәнін түсінгіміз келсе, сол сенімдерді ұстанатындарға жүгінуіміз керек. Діни өмірдің қайнар көзі – адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік тәсіл. Әлем туралы ойлайтын индивид бар болған соң емес, қоғам өмір сүргендіктен дін де өмір сүреді. Австриялық аборигеннің қоғамдық өмірін, яғни жалған қоғамды айтқысы келе отырып, Дюргейм қарапайым индивидтер саннасына қарағанда, қоғам әлдеқайда бай және күрделі өмір сүреді. Дінді ұстанушы жеке емес, «топтардың ұжымдық санасы», әлеуметтік сана болып табылады.
Дюргеймдік анализдің басты пәні болып табылатын діни өмірдің элементті деңгейінде әлеуметтік қауымдастық, өзара байланысқан кландар жүйесінің және діни қауымдастықтың арасында құрылымдық дефференциясы жоқ. Дюргейм дінінің пікірінше «шіркеу» деп атауға болатын моральдық қауымдастық туралы айтқанда, бейбітшілік өмір және дін өмірдің бейбіт қоғам мен діни қоғамның арасында әлі ерекшелік жоқ қоғам туралы айтып отырғанын есте ұстау керек. Бұл қоғамдағы «моральдық қауымдастық» және «шіркеу» клан болып табылады, анығырақ айтқанда барлық топ емес, индивид жататын әлеуметтік өмірдің алғашқы буынын құрайтын топ. Дюргеймнің ойынша австриялық аборгендерде бұндай әлеуметтік релевантты түзілім клан пайда болды. Дін оның жоғалуын зайырлығын қаматамасыз етеді. Оның интеграциялық қызметі осыған негізделген. Дюргеймнің пікірінше салт жоралғылар әлеуметтік өмірдің қалыпты өмір сүруі үшін айтарлықтай маңызды. Азық бізге денемізді қореқтендіру үшін қаншалықты қажет болса, жоралғы да әлеуметтік өмірге соншалықты қажет.
Жоралғылар қажетті заттарға бағытталған. Жоралғылар топтардың ұжымдық іс-әрекеті. Жоралғы деген қайсібір шектеулі уақытқа ғана созылатын өмірдің қарқында бір жарқылы. Ұжымдық жоралғы қатысушылар эмульциялық қозу күйінде болады.
Дюргеймдік теорияда дін радикалды функционалистік түрде қарастырылады. Ол әлемді түсіндіруге өзінің теориялық қарсылығын қалдырып өзінің әлеуметтік пайдалылығына есеп беру. Социологиялық міндетті дінің әлеуметтік ролін анықтау. Кез-келген діни ұғым социологты қызықтырады, өйткені діни ұғымдар әлеуметтік шындықты символдайды. Социолог үшін дін-оның ақиқаттылығы және салғандығы тұрғысынан бағалауға жататын сенімдер жиынтығы. Әр қоғам өзінің тұтастылығын қолдауды қажет етеді. Бұған дінің көмегімен қол жетікізеді. Дін құқық және мораль сияқты адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына әсер етуші институт болып та табылады. Қоғамның ахуалын анықтаушы нақты күш. Тарихта діни сенімдер, жоралғылар, діни ұйымдар өмірі өзгерсе де діннің қоғамды интеграциялаушы қызметі сол қалпында қалды. Сонымен қатар дін, Дюргеймнің ойынша «моральдық қызметті де атқарады». Дін адамдар талпынатын идеалдардың қалыптасуына ықпал етеді. Сөйте тұрып қоғамның дамуын ынталандырады.
Дюргеймнің жасаған теориясы ескерілді. Ең алдымен оның австриялық аборигендер дінін интерпритациялауынан. Қазіргі кезде Дюргеймнің теориясын этнологтар діни сенімдердің пайда болуын түсіндіруде мойындамайды. Дегенмен этнология мен әлеуметтік антропологияға қатысты бұл теориялыр Дюргеймдегі маңыздысы емес. Ондағы маңыздысы діни өмірдің элементті формаларында сипатталған жалпы әлеуметтік қоғамның теориясы.
Діннің қызметтік анализінің дамуы Дюргеймнен кейін Б.Малиновскиймен А.Р.Рэдклифф-Браунмен байланысты. Олардың пікірінше кез-келген институт қандай да қызмет атқармаса жойылады.
Б.Малиновскийдің ойынша
адамдардың қажеттеліктері және талпыныстары
қоғамдағы тепе-теңдікі
Әлеуметтік зерттеудің міндеті қандай да бір әлеуметтік институт іс-әрекетті реттеуші ретінде қандай қажеттілікті қанағаттандыратындығын анықтау.
«Магия, ғылым және дін»
(1925ж. 1-ші баста) деген классикалық
еңбекке жататын еңбегінде
Дюргейм ұсынған дін анализі функциональдық әдісін алға қоймастан Малиновский Дюргеймдік дін теориясының жекелеген жағдайларын сыни бағалайды. Ол ұжымдық ұжымдарда барлық уақыттарда діни сенімдерді жүзеге асыра бермейді дегенге назар аударады. өйткені бұл ұғымдар шындығында таза скулярлы болуы мүмкін. Малиновский қарастырған Дюргеймнің қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі өз мақсатына жетпеді. Жеңліс тапты. Басқаша сөзбен айтқанда индивидтің жеңіліс табу кезінде сәттілікке жетуін қамтамасыз етуді қалай жүзеге асыруға болады. өйткені әр қоғам қызметінің ір саласы үшін легитимді мақсаттар мен оларға жетуге қол жетімді құрадар анықталған. Ең игілікт мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық құралдар жақсы және қолжетімді емес. Егер құрал мен мақсаттық қалыпты байланысы арасында келіспеушілік болса, егер легитимді құралдарман қалаған нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болмаса, онда дағдарыстық ахуал туындайды.
Малиновскийдің ойынша дағдарыстық жағдайларда (өлім, қайғы) алда қойған міндеттерге жетудің қарапайым және жеңіліске апармайтын тәсілі – іс-әрекет құрылымына магия және сиқырдық деген сияқты элементті ендіру. Ол әр жекелеген жағдайға сәтсіздіктің тиімді себебін түсіндіруді қамтамасыз етеді.
Уақыт өте келе магия және сиқырлық өзінің маңызын жоғалтты. Қазір оларды дін ұсынатын басқа құралдармен шешеді. Малиновский сәтсіздікті қаталдықты, жақын адамның көз жұмуы біздегі қауқарсыздығымызды және тұйыққа тірелген жағдайда шығар жолдың бар екендігіне үмітті тудырады дегенді алға тартты. Дін адам өзінің күші сарқылған кезде іске қосылады. Әсіресе жақын адам өлген кездегі көңіл-күйін жеңе білуге деген қажеттелік маңызды. Әртүрлі діннің өлімге деген қарым-қатынасы әртүрлі. Әртүрлі дін өлімді түсіндірумен қатар, оны жоралғы деп те санайды. өлімнің қызметі қалғандарын өлімге бой үйреткізіп, топтың реинтеграциясын қамтамасыз етіп, тынымсыздық пен қорқынышты жояды.
Функционализм шеңберінде
А.Р.Рэдклифф-Браун біршама
Діннің қызметі индивидке өзінің психолгиялық мәселелерін шешуге көмектесуге негізделген. Егер индивидтердің қоғам талабына жауап беріп қлғамды сақтау мен оңайлатуға қызмет етуіне орналған әрекетіне әрекетіне итермелесе дін өз қызметін орындағаны. Қоғамның мүддесі мен тілектерімен салыстырғанда моральдық артықшылықтарға ие; адамның қажеттелік, индивидтің мүдделері құдайдың талаптарына әрқашан жол беру керек. Басқаша айтқанда қоғамның әлеуметтік талап-тілектерін тежеуші құрал ретінде қажет етеді. Осы мақсатқа жету үшін моральдық абсолюттің беделіне сүйену керек. Жалпы мүдде жеке мүддеден жоғары тұру керек.
Д.Хоманс, Малиновский мен Рэдклифф-Брауынның теорияларын салыстыра келіп, олардың бір-бірін жоққа шығармайды, қайта бірін-бірі толықтырады дейді. Рэдклифф-Браунның өзі де екі көзқарастыда мойындаған. Магия мен дінің қызметі адам бойына сенімділік пен қауіпсіздік сезімін тудырудан көрген. Ал екінші көзқараста дін мен магия адам бойында бұрын болмаған қорқыныш пен мазасыздық сезімін туындатады.
Дінің функциональды анализі ары қарай дамуын ең бірінші Т.Парсонтың атымен байланысты, жүйелік функционализм мектебінде жалғастырды. Ол Дюргейм салған жолмен толқы келісімдегі көзқараста болды. Оның пікірінше теориялық пән ретіндегі социологияның басты мәселесі әлеуметтік жүйелердің интеграциясы болып табылады. Социология әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік жүйелердің интегративті ахуалымен айналысуы керек. Менің түсінігімен сәйкес, деп жазады. Ол социология әлеуметтік айналысады. Дәлірек айтсақ, осы жүйелердің интеграциясына қатысты құрылымдар мен процестерді зерттейді[1-2]. Қоғам жиынтық әлеуметтік жүйе ретінде жүйелерді де өзіне қосады. Басқаша сөзбен айтқанда әртүрлі деңгейдегі қауымдастықтың әртүрлі деңгейіндегі тұлғадан бастап, тұтас өркениетке дейінгі әлеуметтік жүйелер өмір сүреді. әр жүйе өз деңгейіне тәуелсіз, әрекеттер жүйесінде өмір сүреді, яғни ол әрекет ету керек, әйтпесе өледі. Әр әлеуметтік жүйе негізгі қызметтер жиынтығынан тұрады бейімделу, мақсатқа жету, интегреция және үлгіні ұстау іс-әрекет үлгісі ретінде мәдени принциптерді сақтау және жетілдіру.