Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2015 в 03:52, реферат

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым-қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарыс-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі жеткіншек жасындағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13

Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22


2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ

Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37

Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65

ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Оқушыларының-қарым-қатынасты-зерттеу-мен-қалыптастыру.doc

— 747.00 Кб (Скачать документ)

Зерттеушілер әлеуметтік перцепцияның төрт негізгі қызметтерін анықтаған /21/:

І.   Өзін тану;

2.   Қарым-қатынастағы партнерді  тану;

З.   Өзара түсінушіліктің негізінде бірлескен іс-әрекетті  ұйымдастыру;

4.   Эмоционалды қатынастарды құру.

  Қарым-қатынастың перцептивті  жағы бір адамның басқа адамды  жеке адам аралық қабылдау  процесін қосады. Басқа адам жайлы  елестер өзіндік сана-сезімнің  даму деңгейіне, өзінің «Мені»  жайлы елестертеріне (Мен- концепциясы) байланысты. Басқа адам арқылы өзін жете түсінудің екі жағы бар: идентификация (өзін басқа адамға үқсату) және рефлексия (адам өзін қарым-қатынастағы партнермен қалай қабылданатындығын ұғынуы).

 А.С.Золотнякова жеке адамаралық перцепцияны зерттегенде қарым-қатынастың маңызды (қабыддаудың субъекті мен объектінің сипаттамалары, олардың қасиеттері және т.с.с.) және процессуалды (қабыддау механизмдарі мен эффектілерінің анализі) қүрамдарын бөліп зерттеруді ұсынады /22/. Бірінші жағдайда бір-біріне әр түрлі ерекшеліктерін қосып жазуды (атрибуциялар), қарым - қатынастағы партнердің жүріс-түрысының себептерін, бірінші әсердің қалыптасуында нүсқаудың ролі және т.с.с. зерттеледі. Екіншіде, адамдар бір-бірін қабылдауда пайда болатын әр түрлі эффекттері зерттеледі. Мысалы, ореол, проекция, орта қате, тәртіп және т.с.с. эффекттер.

Басқаша айтқаңда, жеке адам аралық перцепция процесін зерттеудің екі негізгі аспекті бөлініп көрсетіледі. Біріншісі, қабыддау субъектімен объектінің психологиялық және әлеуметтік ерекшеліьсгерін зерттеумен байланысты, ал екіншісі жеке адам аралық бейнелеудің механизмдерімен эффектерінің анализімен байланысты.

Қабылдау объектінің психологиялық қасиеттерің зерттеу келесі сүрақтарға жауап беруге әрекеттену болып табылады:

Бақыланушының психологиялық және басқа қасиеттерінің қайсысы бақылаушымен оны тану процесіне маңызды әрі мағлүматты болып табылады?

Қарым-қатынастағы партнерді бағалай отырып, ең аддымен адамдар неге көңіл аударады?

Бақыланушының маңызды қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: оның бет - әлпетінің көріністері (мимика), сезімдерді көрсету төсілдері (экспрессия), жесттері мен дене түрысы, жүрісі, сыртқы көрінісі (киімі, сәнді шашы), дауысы мен сөйлеуінің ереьапеліктері. Европалық мәдениетте әмбебап баян етуі бар экспрессивті жесттердің үлгілерін көрсетуге болады:

-  саусақтардың үштары бір-бірімен  біріккен - үят, көнгіштік, мойындау;

-  саусақты басқа қолдың алақанында  қысу - өзін-өзі жігерлендіру;

-  басты түрліше «қасыну» - батылсыздық, дайын еместік.

Перцепцияны зерттеу қабылдау процесінің өзін және басқа адамды бағалауды қамтамасыз ететін, сыртқы қабылдаудан бағалауға, қатынасқа және болжамға өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бір қатар әмбебап психологиялық механизмдерді бөлуге болатынын көрсетеді.

Жеке адам аралық перцепцияларының механизмдеріне төмендегілер жатқызылады:

  1. Адамдардың бір-бірін тану және түсіну (идентификация, эмпатия, аттракция). 

Идентификация-бұл басқа адамды тану тәсілі. Мүнда басқа адамның ішкі жағдайы жайлы болжау қарым-қатынастағы партнердің орнына өзін қоюға әрекеттенулердің негізінде қүрылады. Яғни, өзін басқа адамға үқсату пайда болады. Басқа адаммен идентификациясында оның нормалары, қүндылықтары, жүріс -түрысы, мәнері мен әдеттері танылады.

Эмпатия дегеніміз басқа адамға эмоционалды сезіну немесе уайымдау. Эмоционалды үн қату арқылы біз басқа адамның ішкі жағдайын түсінеміз. Эмпатия басқа адамның ішінде не болып жатқанын, нені бастан кешіріп жатқанын өзінің көз алдына дүрыс елестету ептілігіне негізделеді. Эмпатия жоғары болған сайын, адам бірдей жағдайларды әр түрлі адамдармен қабылданатынын өзінің көз алдына елестету қабілеті жоғарылай түседі және де осы әр түрлі көз қарастардың болу қүқығын түсінуге ол қабілетті болады.

Аттракция (сөзбе-сөз аударғанда - тарту) басқа адамға түрақты позитивтік сезімнің қалыптасуына негізделген басқа адамды тану формасы болып саналады. Тап осы жағдайда, қарым-қатынастағы партнердің түсінуі оған деген әбден беріліп кетудің, достық немесе шексіз интимді - жекелік қатынастардың қалыптасуы арқасында пайда болады.

  1. Рефлексия - қарым-қатынас процесінде өзін-өзі тану механизмі болып табылады. Оның негізінде адам өзін қарым-қатынастағы серігімен қалай қабылданатыны жайлы пікірінің қалыптасқандығы, өзінің әсерін болжамдау, елестету қабілеті жатады.
  2. Қарым-қатынастағы партнердің жүріс-түрысын болжамдау (каузалды аттрибуция).

Каузальды аттрибуция (себептер жүйесі) - басқа адамның қылықтары мен сезімдерін өзінше түсіндіру, интерпретациялау механизмі (каузалды аттрибуция дегеніміз адамның іс-әрекетінің сәтті немесе сәтсіз болғанының себептерін анықтауы). Каузальды аттрибуцияны ерттеушілердің айтуы бойынша, әрбір адамда өзін ұнайтын себептер үлгілері бар. Ол бірнеше түрде болады. Осы түрлерін топтастырып келесідей етіп көрсетеміз.

  1. Жеке аттрибуциясы қалыптасқан адамдар болған оқиғаның, сәтсіз істің айыпкерін табуға, оны нақты бір адамның жеке тұлғалық қасиетіне немесе соның іс-әрекетінің нәтижесін себеп ретінде анықтап жүктеуге, сол адамға барлық жаланы жабуға бейім келеді.
  2. Жағдайлар аттрибуциясында әділетсіздік болған жағдайда сол жағдайға себепкер болған айыпкерді іздестірумен өзін мазаламай адамдардың бәрінен бұрын сыртқы ортамен байланысты жағдайларды айыптайды.
  3. Стимулды аттрибуциясы анық байқалатын адам болған оқиғаның себебін іс-әрекет бағытталған  заттарға жабады (құмыра нашар тұрғаннан  құлады) немесе зардап шегушінің өзінен (машинаның астына түскеніне өзі кінәлі, көшеден өткенде бағдаршамға қарамаған) көреді.

Каузалды аттрибуция процесін зерттеу барысында әр түрлі заңдылықтар айқындалды. Мысалы, көп жағдайда адамдар табысты болғанының себебін өзінің біліктілігі мен іскерлігінің салдары деп түсіндіреді, ал сәтсіздікті – жағдайлардың әсерінен болды деп есептейді.

Қарым-қатынаста әлеуметтік перцепция үлкен орын алады. Бұл проблеманы зерттегендер, олардың ішінде А.Б.Добрович перцепцияның маңызды құрамды бөлігі ретінде адамдардың бір-біріне алғашқы кездескенде тигізген әсері деп табады. Адам туралы алғашқы әсерінің қалыптасуы 3 типтік нұсқа бойынша жүреді. Әрбір нұсқа бір-бірімен танысу барысында қарым-қатынасқа түскендердің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір фактор жетекші болады. Ол факторлар артықшылық, тартымдылық, бақылаушылық деп аталады /23/.

Артықшылық факторы қарым-қатынасқа түскендер теңсіздік жағдайында болғанда орын алады. Ол қарым-қатынасқа түсушілердің біреуі өзінің қандай да бір маңызды параметрі бойынша партнерден өзінің артықшылығын сезгенде, яғни ақылы, бойы, материалдық жағдайы не басқа көрсеткіштері бойынша өзін жоғары сатыдамын деп есептеуімен сипатталады. Қарым-қатынас себебі немесе мәнісі бойынша бір немесе бірнеше көрсеткіштер бойынша өзін өзгелерден артық санаған адам өз партнерін онша сыйламастан үстемлік көрсетуі мүмкін. Мұндай қарым-қатынас барысында қатынасқа түсушілердің бір жағы екінші жағына тәуелді болып, өзіне деген сенімі төмендейді. Сондықтан бұл нұсқа бойынша жүрген қарым-қатынас үстемдік көрсеткендердің айтқанының бәрі дұрыс болады да, екінші жағы экстремалды жағдайда болып, нәтижесінде мазасызданып, өктемшілге сенім білдіруге дайын тұрады.

Тартымдылық факторы бойынша жүрген қарым-қатынаста партнерлер бір-бірін тыңдап, айтқан сөздеріне түсініп, сырттан қарағанда өте тартымды сияқты қабылдауымен байланысты схемалар бойынша іске асырылады. Бүл жағдайда қарым-қатынасқа түскендердің біреуінің жіберген қатесі сырттай тартымды адамды да өздеріне маңызды психологиялық және әлеуметтік параметрлері бойынша қайта бағалауы мүмкін.

Бақылаушылық факторы негізінде қарым-қатынас жасап жатқан партнерді қабылдау схемаларының барлығының бір-біріне әсерін реттейді. Бұл жағдайдағы жақсы қарым-қатынас және бір-бірін жақсы қабылдау маңызды идеяларымен бөлісетін адамдар арасында орын алады. Идеясы ортақ адамдар бір-бірін позитивті қабылдауға бейім болатындығымен түсіндіріледі.

Қарым-қатынас барысында партнерлардың бір-бірін қабылдауына стереотипизациялау процесі үлкен әсерін тигізеді. Әр адамның өзінің өмір тәжірибесіне байланысты әлеуметтік стереотипі, әлеуметтік топтың өкіліне тән деп түсінетін бейнесі тұрақты қалыптасады. Танысқан адам қай әлеуметтік топтың өкілі болғанына байланысты қандай да бір адамдар жайлы қалыптасқан пікірге, мінездемеге, қалыптасқан үлгіге сай келуі керек деп түсініледі. Сондықтан стереотипке онша сай келмейтіндер теріс белгіде қабылданады, ал стереотипке сай келгендерге туралы оң баға беріледі.

Стереотипизацияның жиі кездесетін түрі - этникалык стереотиптер. Әр халық өкілдері көңіл аударарлықтай сырт келбеті, мінез ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, ұлт өкілдері туралы сөз болғанда ағылшындардың тәкаппарлығы, француздардың жеңіл мінезділігі, итальяндықтардың таңғажайыптылығы, немістердің тәртіптілігі жайлы стереотиптер елестетіледі. Өз тобының стереотиптерін меңгерген адам ол ортада өзін ыңғайлы сезінеді және бұл стереотиптер ұлт өкілін өздерін басқа этникалық топта қабылдау процесін жеңілдету және ықшамдау қызметін орындайды. Стереотиптер адамға психологиялық ресурстарды «үнемдеуге» мүмкіндік беретін және «дөрекі түрде жөнге салу» қүралы болып табылады. Олар әлеуметтік ортада «рүқсат етілген» мінез-құлық үлгілерінен тұрады. Мысалы, стереотиптер адамның топтық, ұлттық немесе кәсіптік тиістілігін бағалауда үлкен роль атқарады.

Мұғалімнің оқушыларды қабылдауындағы стереотипизациялауының нәтижелерінің бірі - оның санасында өте жақсы окушының модельдерінің қалыптасуы болып табылады. Мұндай оқушы мүғалімнің пікірінше келесі жағымды қасиеттермен сипатталады: ынтымақтастыққа дайын, білім алуға ұмтылатын, тәртіпті. Балаға қатысты мүғалімде қалыптасатын үміттер оның ақиқат табыстарын шынында да анықгайтыны елеулі. Осындай үміттердің әсерінен мұғалімнің баланы өзіндік қабылдау үлгісі қалыптасады.

Педагогикалық тәжірибедегі үміт стереотипінің көрініс беруін бірнеше мысалдарын Н.И. Козлов көрсекен /24/. Олар:

1. Оқушылардың сабақта беретін жауаптарына байланысты стереотип педагогикалық процесте келесі көріністерде болады. Мұғалімдер жақсы окушыларды жиі тақтаға шақырады және белсенді түрде қолдап отырады. Ал «жаман» оқушыға мүғалім өзінің көзқарасымен, ескертулерімен, ымдарымен, кейде ешқандай көңіл аудармауымен ол оқушыдан ешқандай жақсылық күтпейтінін түсіндіреді.

2. Оқушы туралы қалыптасқан стереотиптің екінші көрінісі жауап беріп жатқан оқушыға көмектесуінің сипатында орын алады. Мұғалім өзінің үміттерін растау үшін «жақсы» оқушыларға барынша көмек көрсетіп, оның білмей қалған жерлерін білдірмей айтып береді, түсінбегенін түсіндіріп тұрады және басқа түрде көмектеседі. Бірақ ол жаман оқитын оқушыны алға тартып жатқан жерлері, оған сенім білдіргені сирек кездеседі.

3. Қалыптасқан стереотиптің үшінші түрі оқушыларды үлгеруші және үлгермеуші деп сыныптастыруға алып келеді және осы тұрғыда сипатталған пікірлерді тудырады. Мұғалімдер үлгермейші стереотипіндегі оқушыларды мынандай сөздерді қолдана отырып көп сынайды: «Тағы да жаттамай келдің бе?», «Өмір бойы сен сыныпты артқа тартасың», «Шашымды ағарттың», «Қашан ата-анаңның сенімін ақтайсың және т.б. сөздермен сыныптастарының алдында абыройын төгеді.

Қарым-қатынастың үш жағын зерттеу олардың өзара байланысты екенін көрсетеді. Осы көрсеткіштерінің әр қайсысы адамдардың бір-біріне әсер етудің белгілі тәсілдерін анықтайды. Олар бағыну, сендіру, өзін-өзі иландыру, еліктеу, құмарлану.

Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында іскерлік қарым-қатынасты (функционалдық-рольдік) ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-бірімен тіл табысқыш, ұйымшыл, басқалардың пікірімен санасу және сыйлау қабілетін қалыптастырады. Психолог осы міндеттерді шешу үшін оқушылардың  қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтап, әр оқушының басқаларға және өзіне ыңғайлы,жайлы болуына жағдай жасауы қажет. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптаспаған балалардың арасында бәсекелестік, өктемшілдік көрсету, бір-бірін жәбірлеу орын алған кезде балалардың мазасыздануы жоғарылап, өзгелерге қорқыныш сезіммен қарау орын алады. Мұндай жағдай орын алған кезде оқушылар қарым-қатынас мәдениетін түзету мәселесі актуалданады. Жеткіншек жасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу нәтижесі оларға психологиялық көмек көрсетіп, тұлғааралық қатынаста өздерінің құрбыларымен, үлкен және кішілермен қандай қатынаста болуы керек екенін үйрету қажет екенін көрсетті.

         Бұл мәселені  талдауға белгілі ғалым В.А.Яров /25/ үлкен мағна берген. Ғалым тұжырымы мінез-құлықты диспозициялық реттеу, яғни белгілі жерге орналастыру деп аталады. Осы концепсияға байланысты субьект мінез-құлығына психологиялық реттілік жасау жеке адамның диспозициялық-ұстаным жүйесі негізінде анықталынады. Диспозициялық құрылу сатылы жағдайда қалыптасады. Сатының төменгі деңгейінде элементарлы бағыт-бағдар көрсетілсе, екінші деңгейде әлеуметтік бағдар берілуі тиіс екен.

        Үшінші деңгейде  адам өмірі мақсатындағы құндылық  бағдар жүйесі құрылады және  осы мақсаттарға қол жеткізу құралы жасалады. Яғни қарым-қатынас процесін реттеу үш деңгейде өтілуі шарт.

Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып қарым-қатынас мәдениетіне келесі анықтама бердік. Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуға қабілеттілігі.

Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжиребелік мәселелердің тиімді шешлгені қарым-қатынастың барлық қатынасқан субъектілері үшін оң, жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілікті сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізуге байланысты     болғанда     ғана     қарым-қатынас     мәдениеті сақталғаны анық байқалады.

Информация о работе Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру