Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 12:20, курсовая работа
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
КІРІСПЕ ..............................................................................................................................4
І бөлім. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері..................................................8
1.2 Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасу ерекшеліктері ..........................................................................................................15
1.3 Отбасы қарым-қатынасындағы психотерапияның
негізгі бағыттары ……………………………………………………...…….21
2 бөлім. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДІ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
2.1 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуын
анықтау .............................................................................................................................36
2.2 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету жаттығулар
ын жүйелеу және қолдану .............................................................................................45
2.3 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу нәтижесін
жинақтау ............................................................................................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................................61
2. Имплицитті теория адамда өз тәжірибесін “айтып беру” немесе түсіндіру, қорытындылау немесе ұғыну үшін қолданылады.
Имплицитті теорияның мазмұны тәртіп бойынша әкспериментальды психосемантика тәсілімен зерттеледі. Бұл Москва Университетінде 70 жылдардың басында туындаған Кеңес психологиясының салыстырмалы жаңа аймағы. Психосемантиканың міндетіне өзі және басқа адамдарды қабылдауы, тұлғалық жүйелік мәнін зерттеу немесе реконструкциялау. Психология аймағында басты түсінік мән және мағына болып табылады. Маңызды түсініктері әлемдік бейне, субъективті тәжірибенің құрылымы, категория жүйесі, тұлғалық конструкт, имплицитті теория, тұлғалық кеңістік.
“Мән және мағына”. А.Н.Леонтьевтің пікірінше бұл сөздер арасындағы түсініктер туысқан-түрлік, яғни, мән-туысқандық,ал мағына-түрлік болып табылады. Мән-объективті шындықты белгінің көмегімен көру. Мағына субъектінің мәнді “Мен үшін деген” белгі арқылы игеріп, қабылдауы. Мағыналық құрылымдар адамның тұңғиық, интимді, саналық құрылымы болып табылады. Мән мен мағынаның арақатынасы туралы сұрақ пен жауапқа бірдей өзара түсінушілік пен адамдық қарым-қатынасты шектеулі мүмкіндіктер туралы сұрақтар бар.
Д.А.Леонтьев пен Е.Л.Доценконың психосемантикалық зерттеуі мен ғылыми рефлекциясы көрсеткендей осы түсініктер арасындағы қарым-қатынастың алмасқанын көрсетеді. Мән-ойдың жеке түрі ретінде түсініле бастады. Мағына – адам тәжірибесі элементтерінің объективті тәуелділікке негізделген субъективті арнайы мақсатқа бағытталған байланыс, ал мән басқалардың ойын" айқын түсіндіру. Адамның қабылдауы және әлемді ұғынуы, ес процесі, ойлауы және қиялы қарулы немесе басқа мәдениетте, әлеуметтік қоғамда өзінде қоғамдық тәжірибенің жиынтығы бар нақты тарихи жүйелік мәнде шектеулі. Бұл жүйенің жалпы адамдық инварианты жалпы адамдық мәдениетпен басталатынәртүрлі қоғам мен халықтың өмірлік іс-әрекетінің ұқсастығымен шарттасады.
Лингвистика бойынша мамандар тілде көрінген идеалды мәндер басқа мәнге қарағанда жүйелірек болып келеді. Тілге қатысты бұл шарт өз-өзін көрсету қасиеті болып табылады. Осы ғана оған тәуелсіздік пен бірліктік береді. Жеке тұлғаға енген мағына тұлғалық немесе субъективтік түсінікте психологиялық табиғаты бар. Бірақта өзіміз білетіндей тұлғалық мағынаның тілдік бірліксіз аналогиясы жоқ. Онда адамдардың барлығы әртүрлі тілде айта бере еді. Адамдар тек мағынасына қарай таңдап мәдени тілдік схемаға кірген сөзді айтады. Жеке тұлғалық санада екі жүзділік бар: бірінші жағынан қоршаған ортадағы шындық субъектілердің уайымы мен сезімі түрінде көрініс береді.
І ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДІ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
2.1 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуын
анықтау
Тәжірибелік бөлімде
эксперименталді алаң етіліп, Оңтүстік Қазақстан Облысының
«Қазақтың Психологтар Қауымдастығы»
ассоциациясында , 15 отбасы (бақылау
тобы) мен 16 отбасы (тәжірибе тобы)
балалары алынды Алдымен ата-аналар мен
жеткіншек жасындағы балалармен әңгіме
әдісін қолдана отырып, ара қатынасын
байқауға сауалнама жүргізілді.
Жеткіншектер мен ата –аналарға «Отбасылық қобалжуды
анықтау» сауалнамасы қолданылды.
Әдістеменің авторы Э.Г.Эйдемеллер және
В.Юстицкис (2000) Әдістеменің мақсаты:
Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның
отбасына деген көз-қарасы және отбасының
оны қалай қабылдайтынын анықтау. «Отбасылық
қобалжу» дегенде отбасының бір мүшесі
үшін, қалған мүш есі бейсанада қобалжиды.
Нәтиже көрсеткіштері |
Бақылау тобы Ата-ана бала |
Эксперимент тобы Ата-ана бала | ||
Суб шкала В |
8- 46% |
7 -50% |
5-30% |
6-40 % |
Суб шкала Т |
5- 36% |
5 -30% |
6-40% |
5-35 % |
Суб шкала Н |
2-18% |
3- 20% |
5-30% |
4- 25 % |
« Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасының нәтиже көрсеткішін 1-суреттен көруге болады.
«Отбасылық социограмма» телімелі тесті
Мақсаты
: Жағдайды « қазір осы жерде»
бірер минутта анықтауға
Бірінші белгі бойынша бағалау: отбасы мүшелерін қатар қойып шынайы өмірмен салыстыру. Отбасы мүшелерінің бірімен қақтығыста жүрсе ол шеңберге кірмей қалады немесе бір жануарға теңей салады.
Екінші белгі бойынша дөңгелектің көлеміне назар саламыз, егер үлкен шеңбер жаққа салынса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары, ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытында. Ал төмен жағына салынса, өзіндік бағалауы төмен. Үшінші белгіде дөңгелектердің орналасу тәртібіне көңіл бөлеміз. Кім –кіммен жақын, маңызды орында деген сұрақтарға жауап аламыз. Шеңбердің ішінде орналасуы басқамен салыстыр ғанда үлкен шеңберде болса, зерттелуші көз-қарасында ол маңызды адам қатарына жатады. Төртінші белгіде бір бірінің үстіне салып, жаза берсе, отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығынан хабар береді. Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.
Кесте-2
Нәтиже көрсеткіштері |
Бақылау тобы Ата-ана бала |
Эксперимент тобы Ата-ана бала | ||
өзіндік бағалауы жоғары |
5- 35% |
4 -28% |
6-42% |
4-26 % |
өзіндік бағалауы төмен |
2- 12% |
5 -32% |
4-24% |
5-30 % |
Отбасында маңызды орын алады |
5-35% |
3- 20% |
2 -16% |
2-18 % |
Отбасында бірге қатынас жоқ |
3-18% |
3-20% |
3%-18 |
4-26% |
Сурет-2
4. «Отбасында
эмоционалды қатынасты анықтау»
Әдістеменің екі түрі бар:1) 4- 6 (8) жас кіші балалары үшін.2) 6- (8) 10 жас және жеткіншек тер үшін.Кішкентай балалар үшін қатынас келесі мазмұнды береді:-баладағы жақсы сезім өзгеден алынатын жағымды сезім ретінде. .
- балада жағымсыз сезімнің пайда болуы, өзгеден шығатын күйзелісті қайталау түрінде.
-өзгеге тәуелді.
Үлкен балаларға арналған варианты,қарым- қатынасты зерттеуге арналады:
-Екі түрлі
жағымды қатынастан тұрады : әлсіз
және күшті ; әлсіз сезім достықты
мақұлдау және қабылдаумен
-Екі түрлі
жағымсыз қатынас; әлсіз және
күшті:әлсіздігі достықты
Ол 20 фигурадан тұрады.барлық жастағы адамдардың түрін,мөлшерін, көлемін бейнелейді, себебі отбасы мүшелерін арнайы жасауға көмектеседі. Әдістеменің әрбір сұрағы бөлек жеке жолаққа жазылған. Балаға осы сөздер кімге арналады соны байқап сол фигурамен бірге жәшікке салыңыз деп өтінеді. Әдістеме міндеті –баланы келесі субьектіні көру эмоционалды реттелу арқылы жүргізіледі. Бала ыңғайлы дене күйінде отбасы мүшелерін көрсететін фигураларға жақын жерде орналасады.Бала фигураларды таңдайды,ал зерттеуші одан отбасы мүшелерінің қайсысын көретін сұрайды.Ол
фигураларға қатынас жасағанда отбасы мүшелерімен жасағандай қарастырады.
Сыналушы топтар |
Жағымды қатынас |
Жағымсыз қатынас |
Тәуелді қатынас |
Бақылау тобы |
5-35% |
6-42% |
4-23% |
Тәжірибе тобы |
7- 40% |
4-25% |
5- 35% |
Сурет-3
Ата-ана роліндігі баламен қатынасын да өзалдына бөлек қарастырдық:
«Отбасылық серия» телімелі әдісі үш вариантта «Менің идеалды отбасым», « Менің шынайы отбасым» және «Менің қажет ететін отбасым» сурет арқылы (арт терапия) деңгейінде анықтауды негізге алдық. Анықтауға ыңғайлы және артынша жұмыс жүргізуге мүмкіндігін тигізеді.
Қажеттілік базасын анықтау әдістемесінің масаты құрсақ дамуынан бастап, 3 жасқа дейінгі толық дамуда қажеттіліктің қалай қанағаттанғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Сыналушыларға: 4 түрлі сурет салуды ұсындық: өсімдік, қару түрі, зергерлік бұйымдар, ыдыс аяқ .
Сурет мазмұнының психологиялық талдануы: Өсімдік- тірі болса, өмір сүруге құлшыныс; ал егер кесілген, томар түрінде болса, онда индивидтің ішкі жан- дүниесінде жойылу деген бағдарлама жұмыс жасауда, оны сұрақтар қою арқылы нақтылау қажет болады.
Қару жарақ –қорғану; егер ол басқаруға келетін болса (мылтық, пистолет, пышақ ) онда мінез-құлқын өзі реттей алады, ал егер садақ болса, жаны тез жараланатын, осы мінез-құлқымен елді өзінен алыстатады. Ал қылыш болса- тек жақындарына ғана әсер ете алады. Қару-жарақ дәу болса- агрессияның басымдығын білдіреді.
Зергерлік бұйымдар – денеге жақын орналасқан болса сүйкімді, сүйіктісі бар, ал егер сирек кездесетін немесе тағылатын әшекейлер болса, әлі сүйіктісін таппағанды білдіреді.
Ыдыс-аяқ - күнделікті қолданатын түрлерін салған болса, қарапайымдылық қажеттілігі қанағаттануда, ал хрусталь сирек кездесетін ыдыстар салынса, қажеттілігін басып жүзеге асырылмауда.
Бақылау тобы анықтау экспериментінің нәтиже көрсеткішін 1-кестеден көруге болады.
1-кесте.
Сыналушының реттік саны |
1- субтест |
2-субтест |
3-субтест |
4-субтест |
1 |
+ |
+ |
+ |
+ |
2 |
+ |
+ |
+ |
+ |
3 |
- |
+ |
- |
- |
4 |
- |
- |
- |
+ |
5 |
+ |
+ |
+ |
+ |
6 |
+ |
+ |
- |
+ |
7 |
+ |
+ |
+ |
- |
8 |
+ |
- |
- |
- |
9 |
- |
+ |
- |
+ |
10 |
+ |
- |
- |
+ |
11 |
- |
+ |
+ |
+ |
12 |
- |
- |
- |
- |
13 |
+ |
- |
- |
+ |
14 |
+ |
- |
+ |
- |
Информация о работе Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу нәтижесін жинақтау