Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 12:20, курсовая работа
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
КІРІСПЕ ..............................................................................................................................4
І бөлім. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері..................................................8
1.2 Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасу ерекшеліктері ..........................................................................................................15
1.3 Отбасы қарым-қатынасындағы психотерапияның
негізгі бағыттары ……………………………………………………...…….21
2 бөлім. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДІ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
2.1 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуын
анықтау .............................................................................................................................36
2.2 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету жаттығулар
ын жүйелеу және қолдану .............................................................................................45
2.3 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу нәтижесін
жинақтау ............................................................................................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................................61
Зерттеудің теориялық мәнділігі: зерттеуде отбасы құндылығы және сапалары эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық деңгейде ерекшеліктері көрсетілген. Алынған мәліметтер: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас процесіне психокоррекциялық жұмыстар жүргізу жолдары жүйелі түрде талданған.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық процесінің аспектілерін анықтауға пайдаланылатын әдістер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп қолданылды, нәтиже көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға әкеледі. Зерттеу көрсеткіштері мен қолданылған психокоррекциялық әдістемелер психолог әрекетінің құрылымы мен стратегияларын әсерін жоғарылатуға әкеледі.
Зерттеу кезеңдері.
Зерттеу үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде тақырып анықталып, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер талданды, библиография тізілді, зерттеу мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәні айқындалады. Екінші кезеңде жинақталған материалдан теориялық тұрғыдан талдау жасалынып, курстық жұмыс жазщылды, зерттеу базасында айқындау эксперименті жүргізілді және отбасына кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Үшінші кезеңде зерттеу барысында анықталған психодиогностикалық көрсеткіштерге сәйкес психокоррекциялық жұмыстар, түзету жаттығулары, тренинг сабақтары, психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар жасалынады.
Зерттеу базасы Оңтүстік Қазақстан Облысының «Қазақстан Психологтар Қауымдастығы» ассоциациясында , 15 отбасы (бақылау тобы) мен 16 отбасы (тәжірибе тобы) балалары алынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
І бөлім. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында [2,21].
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді [4,10].
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің
үш тобын қарастырады:шаруашылық-
70-шы жылдары
басты назар отбасындағы қарым-
З.И.Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е.Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді», З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең.Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д.Л,Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина зерттеді,ол жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық –еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский,жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В.тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді. [7,5]
Жеткіншектерді
зерттеуге психология ғылымындағы
базалық теориялар мен
Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің теориялық мәнділігін негіздеді. Оларға Н.Д.Левитов, Л.И.Божович және т.б.
Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады. Жеткіншектер жайлы қазақстандық мына ғалымдар зерттеді:С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев т.б. [8,5]
Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, Елубаева С.Б. «қазіргі қазақ жеткіншектердің өзіндік бағалаулары мен этностық сәйкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктері зерттелінген. Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толқын жеткіншектердің өзіндік бағалауымен салыстырғанда этностық сәйкестіктің компоненттері мәнді түрде азаяатыны анықталды,өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі «өзін білу» және «ұйымдасқандық» сияқты сапалар бірінші орынға шықты.
Күнсләмова
Т.К. өз зерттеу жұмысында
Айдарбеков Қ.А. (Развитие диалогической структуры самосознания у подростков во внутрисемейных взаймодествиях) зерттеу жұмысында жеткіншек жастағы тұлғалық жекелік-вариациялық даму механизмдерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік әрекетін неғұрлым байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық талдауы жүргізілген. Осы байланыстағы негізгі мәнділік жеткіншек жастағы тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнының іздестіру мен үлгісін жасау болып табылады,ал жеткіншектерді жаңа әлеуметтік қатынастарының жаңа деңгейге өтуін қамтамасыз етеді. Олардың пікірінше жеткіншектерде осы тұлғалық жаңа құрылымдардың даму жағдайлары мен механизмдерінің тиімді жолы индивид енген отбасылық жүйенің қызмет атқару ерекшеліктері назарға алынып отыратын бағыт болып табылады [11,3] .
Шалғынбаев Т.М. «мінез –құлқы дезадаптивтік жасөспірімдердің кісілік қасиеттері мен кісіаралық қатынастар ерекшеліктері мен оларды келтіру атты жұмысында» мінез-құлқы бұзылған жасөспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму ерекшеліктерін және олардың кісіаралық қатынастар жүйесінде көріністерін кешенді түрде психологиялық зерделеу,сондай-ақ психологиянық көмек көрсету мазмұнын жасау болып табылды.Зерттелу барысында тәрбиеленуі қиын жас өспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму ерекшеліктері анықталған.
М.В.Күзубаева
«Тұлғалық алаңдаушылықтың
Ж.Намазбаеваның жетекшілігімен С.Ж.Өмірбекованың «жас өспірімдік және ерте балауса жас кезіндегі өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясы қорғалды. Зерттеу жұмысының мақсаты мектептегі оқыту жағдайындағы әр түрлі факторлардың жас өспірімдік және ерте жастық кездегі өзіндік бағалауға әсер ету ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында өзін-өзі бағалаудың деңгейлері мен құрылымдық бөліктерінің ерекшеліктері айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынадан тұрады:өзін-өзі бағалаудың құрылымдық құрауыштарын, оның жас өспірім кезден ерте жастық кезге дейінгі оқушыларда қызмет етуі зерттелінді,жас өспірімдер мен ерте жастық шақтағылардың қала мен ауылдағы әлеуметтік даму жағдайына байланысты өзін-өзі бағалауының танымдық және эмоциялық бөліктерін зерттеу, қала мен ауылдық оқушылардың осы жас аралықтарындағы өзін-өзі бағалауының даму ерекшеліктеріне жыныстық факторлардың әсерін анықтаудан тұрады. Зерттеуде келесі тұжырымдар делелденді:қала мен ауылдың жас өспірімдер мен балаң жас кездегілердің өзін-өзі бағалау арасындағы айырмашылықтар өзін-өзі бағалаудың эмоциялық,сондай-ақ танымдық бөліктерінде көрінеді деп көрсетті [13,107-109] .
Қарым-қатынас стилі шет елдерде және Т.М.Д. елдерінде жоғары дәрежеде талданған, соның шінде әлеуметтік психологияда. Ұстаздың оқушылармен қарым-қатынас стилін дамытуда айтарлықтай зерттеу жұмысын жүргізген Ю.П.Ахзаров, А.А.Бодалев. Н.Г.Михайлов, А.В.Петровский. А.А.Леонтьев және т.б. Олардың тұжырымдары бойынша оқушыларға тек қана білім мен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу жеткіліксіз, сонымен қатар тікелей және жанама түрде қарым-қатынас жасау қажет екендігі белгілі. Ұстаздың бастауыш сынып оқушылармен қарым-қатынасын оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру жөнінде көптеген маңызды зерттеулер бар. Кейінгі жылдарда мұғалім мен бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасы және оны қалыптастыру механизмін қазақстан ғалымдары да зерттей бастады. Олар: Қ.Ж.Қарақулов, С.М.Елеусізов, С.И.Қалиева, В.К.Шабельник және т.б.
Солардың ішінде Шолпанқұлова Г.К. «гумандық қарым-қатынас» адам бойындағы адамгершілік, түсінік, сезім.және мінез-құлықтың тұтастығымен, бірлігімен анықталады деп келтірген. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың оқыту үрдісіндегі қарым-қатынас стилінің тәрбиелік негізін дәлелдеді [14,5] .
Шужебаева А.И.
«отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың
қарым-қатынасындағы қиындықтар
Зерттеу жұмысында отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың ересектермен өзара қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық негіздері, бала мен ата-ана қарым-қатынасының құрылымы зерттелінген бала мінезіндегі қиындықтарды жеңу механизмдері жасалынып, балалар мен ересектердің қарым-қатынасының дербес бағытталған мәдени сәйкес жүргізудің әдістері мен тәсілдері анықталған. Зерттеу барысында толық емес отбасы жағдайындағы балалардың қарым-қатынастары зерттелген [15,22] .
Э.Берн теориясының мәнін, қарым-қатынастағы эго күйлерді белсендіру ерекшеліктерін,оның ішінде қарым-қатынас үшін «Ересек»позициясының жағымды болатынын түсінді. Жеткіншектердің өзіне және айналасындағыларға жағымды,позитивті қатынасты орната білу, эго күйді белсендіру конфликтілі адекватты шешуге, агрессияны азайтуға нақты көмек беретіні анықталды [16,20]
Айдарбеков
Қ.А. «отбасындағы ішкі қарым-
Информация о работе Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу нәтижесін жинақтау