Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу нәтижесін жинақтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 12:20, курсовая работа

Краткое описание

Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.

Содержание

КІРІСПЕ ..............................................................................................................................4
І бөлім. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері..................................................8
1.2 Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасу ерекшеліктері ..........................................................................................................15
1.3 Отбасы қарым-қатынасындағы психотерапияның
негізгі бағыттары ……………………………………………………...…….21

2 бөлім. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДІ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
2.1 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуын
анықтау .............................................................................................................................36
2.2 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету жаттығулар
ын жүйелеу және қолдану .............................................................................................45
2.3 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу нәтижесін
жинақтау ............................................................................................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................................61

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отбасы психологиясы.doc

— 1.08 Мб (Скачать документ)

Өткізілген  зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша  жасөспірімдердің дамуы кезіндегі  орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогиялық құрылымдары екені туралы болжам өзінің растаулығын алып қойылған. Дәл осы жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңақұрамының талдауы жастағы тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды механизмдерінің деңгейіне жеткізілген.Ішкі жанұяның құндылықтарды өсіп келе жатқан буынға берілуіне,дамуына және сақтандыруға бағытталған,және отбасында белгіленген оның мүшелерінің арасындағы коммуникативтікпен эмоционалдық қарым-қатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін, отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет жасөспірімдерде өзіндік санасының диологиялық құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді [17,4] .

Психологиялық ілімдер жүйесіндегі басты орынды таным үрдісі алады. Адамдардың қарым-қатынас жасау кезінде бір-бірін тану мәселелері бойынша ғылыми пікірталасты үйымдастырушы және оның бастамашысы А.А.Бодалев болған еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970,1973 жылдары ленинград қаласында «Адамдарарасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының әлеуметтік-психологиялық және лингвистикалық сипаттамалары» және  «қарым-қатынас теориялық және қолданбалы психология симпозиумдары өткізілді [18,19] .

Отандық психологтардың көбісі мысалы: Д.Б. Эльконин, Т.В.Драгунова жеткіншектік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді. Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дәлелдей келе, В.В.Давыдов өз пікірін ұсынды: «жеткіншектік кезең адамда қарым-қатынасты құраушы тәртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі».

Ал В.В.Бушельяның пікірі де қызықты мазмұн алады: «жеткіншектік  кезең үшін бала-құрдас қатынасы жетекші  орын алады,ал ересек бала қатынасы жетекші орын алмайды (1988). Жеткіншектік жастың өзара қарым-қатынас типін қолдай отырып, Я.Л.Коломинский және А.Березовин мынадай пікірін ұсынады: «баланың шағын ортасы негізгші екі әлеуметтік-психологиялық астарлы жүйе бірлігінен тұрады алғашқысында бұл «ересек бала» қатынасындағы астарлы жүйе, белгілі – бір кезеңде бұл жүйеге «бала-бала» қатынасындағы астарлы жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дәл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік пайда болып, дамуға түрткі алады,ол тұлғааралық қатынастардың негізінде жатыр. (1977)

И.С.Кон құрдастарымен  қарым-қатынасқа сілтей отырып, «құрдастарымен қарым-қатынасты» бұлайша түсіндіреді.

-ақпараттардың  маңызды каналы;

-бұл ерекше  іс-әрекет түрлнрі мен тұлға  аралық қатынастар;

-бұл эмоциялық  қатынастың ерекше түрі (1980).

Л.Н.Десев (1965) жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша,жеткіншек өз құрдасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В.Петровский сонымен қатар мынаны ескертеді, «жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр әр бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп кезеңіндегідей,тұлға аралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді» (1987) [19,185] .

Жеткіншектердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен сипатталады,қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады. Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыс пен қақтығыстық жағдайлардан шыға білмеуі арасында қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Шалғынбаев Т. «Дезадапциялық мінез-құлықы бар жеткіншектердің жеке тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері және оларды реабилитациялық жұмыста қолдану» атты зерттеу жұмысында [20,21] .

Шужеваева А.И. пікірінше «көптеген қақтығыстар, эмоциялық қызбалық,шапшаңдық, агрессия мен жағымсыз жақтардың көрінуі, мйірімсізділік арқылы пайда болатын көптеген қақтығыстар балаларды келісімге келуге іскелік, жағымды әрі түсіне алатын бола білуге,құрдастарымен серіктестік қарым-қатынасқа түсе білетін іскерліктерге арнайы ққыту жағдайында шешілуі мүмкін. Баланың әлеуметтік дамуы ата-аналармен құрылатын дамушы жағдапймен анықталады. Жас ерекшелік құрылымдар сенімді кезкпен қалыптаспайды [21,10].

Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды:жеткіншектердегі қалыптасқан ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субьективті позициямен байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де субьективті көз-қарасқа келгенде қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көз-қарасы арқылы сындырмауы деген пікірде Күнсләмова Т.К.

Жеткіншектердегі  өзіндік бағалау, өзіндік реттелу  және эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу» жұмысында [22,21].

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Ата-ана  мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынастың  қалыптасу ерекшелігі

Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.

Отбасы сонымен  қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып  табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына  ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық. [23,17]

Отбасы-нақты  өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.

Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.

Отбасы сонымен  қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып  табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына  ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық. [23,17]

Отбасы-нақты  өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.

Шындықтың бейнелннуінің  әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-құлқына ғылыми негізделген түрде етудің жаңа мүмкіндіктеріне қоғам алдында аша алады. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу тұлғаның әлеуметтену процесінің негізінде жатқан дәне де отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік береді [24,63].

Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен  бала арасындағы қарым-қатынас.

Қарым-қатынас  – адамзат өмірінің аса маңызды  және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.

Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсінстік, бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын,иағлұмат байлығы (информационное богатство)болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығыуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету,нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.

Қарым-қатынас  барысындағы біреудің екінші бір  адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері)адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады [25,9].

Жоғарыда айтылып  кеткендей отбасындағы, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас түрін қарастырамыз. Яғни жас ерекшелік жағынан жеткіншек пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас.

Жеткіншек жас  кезеңі адам тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік  қатынасқа қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық  заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында оқуымен сәйкес келеді.

Жеткіншектік  жас кезеңнің психологиясы тақырыбы әрдайым өзекті болып табылады. Бірақ  жеткіншектердің әрбір ұрпағы осы кезеңді басынан өткізеді және де қоғам дамуының тарихи жағдайларына сәйкес өз мәселелерін өз бетінше орындауға тырысады. [26,3]

Жеткіншектік  кезеңді М. Мұқанов баланың дамуындағы ерекше орны бар «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген деп көрсетті. Бұл атауларда осы жастарда болатын,өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған.

Біз жеткіншектің «мен» деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына тоқталсақ. Қайшылық жеткіншекшектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала деп қарауының келіспеушілігінен болған. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек жасындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әлдеқайда басым болады. Дағдарыс дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын білмеуді білдіреді.

А.Г.Ковалев  дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді, онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болды дейді. Осылай деу дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы мүмкін. Демек, жеткіншектің үлкендермен қатынасы жақсы болып келсе, онда дағдарыс кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын: біріншіден, дағдарысқа үшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің оған қатынасына риза болмаудан кездессе де, мұның өзі тек 11-16 жас арасында болып отыр. Егер А.Г.Ковалевтың айтқаны дұрыс болса, дағдарысқа ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда да кездесуі ықтимал болар еді.

Жеткіншек үлкендерден  өзінің есейгенімен,өзбетілігімен  санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл  бала тиісті міндеттерді өз еркімен,орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенен емес,оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр»,- дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.

Екі арадағы  қайшылықты кім жеңеді деугенде, жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан, сол жеңеді деуге болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологы К..Левин «ойлық бөгет» деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес.

Информация о работе Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу нәтижесін жинақтау