Орта мектептердегі педагог-психологтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 16:31, реферат

Краткое описание

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан − алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.

Содержание

І Кіріспе:
«Психология тарихына шолу және психология мамандығының қалыптасуы»
ІІ Негізгі бөлім:
1. Практик психолог.
2. Қоғамдағы педагог-психологтың қызметінің мәні.
3. Мектептегі педагог-психологтың міндеттері мен құқықтары және жауапкершіліктері.
4. Мектеп психологінің апталық, жылдық жоспарларының үлгісі.
5. Психолог кабинеті.
ІІІ Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

психология пр.docx

— 82.85 Кб (Скачать документ)

Қорытындылар: Оқушылардың тәрбие деңгейінің өзгерісінде қандай бетбұрыс бар? Оқушылардың тәрбиесіне қандай факторлар оң әсер етеді ? Жаңа оқу жылында жағымсыз әсер ететін қандай  факторларды болдырмау керек ?

3. Негізгі және қосымша білім деңгейін талдау:

  • Мектеп алды, мектептегі, арнаулы орта және жоғарғы білімнің сабақтастығын қамтамасыз етеме ? Қандай нәтиже береді ?
  • Негізгі қосымша білім берудің байланысын қамтамасыз етеме ?
  • Мектепте қандай оқу жоспарлары, білім бағдарламалары қолданылады ? Қандай жаңа оқу пәндері ендірілген және ол қандай нәтиже береді ?
  • Педагогикалық ұжымда қандай жаңа педагогикалық технологиялар меңгеріледі ?
  • Сабақтан тыс оқу жұмыстары қалай жүзеге асады ?

      Нәтижесі  қандай ?

  • Оқушылардың үлгірімін арттыру жұмыстарының нәтижесі, Мектептің, мектептің даму сатысының, білім саласының бағыттары бойынша, жеке пәндермен қатар, мұғалімдердің үлгіру динамикасы  қандай ? Оқушылардың оқу деңгейі оларды оқыту деңгейіне қаншалықты сай келеді ?  Олимпиадаларда, байқауларда оқушылардың қол жеткізген жетістігі қандай ?
  • Алтын және күміс медальдарды оқушылардың қаншасы алды ?

      Өсу бағыттары  қандай ? Екінші жылға оқушылардың   қаншасы қалды және орта білім  аттестатын қаншасы алмады ? Себептері. 

Қорытындылары: Білім кеңістігінде қол жеткізген жетістіктер оқушыларды, ата –аналарды педагогикалық ұжымды қанағаттандырама ? Алға қойылған мақсатқа сайма ?

 Алдағы уақытта қандай  мәселелерді шешу керек ?

4. Мектеп түлектерінің әлеуметтендіру деңгейін талдау

  • 9 – сынып түлектері орта білімді қалай алады ? Қанша оқушы жұмысқа орналастырылды ? Бағыттары қандай ?
  • 11 сынып түлектерінің қаншасы қандай оқу мекемелерінде оқуды жалғастырды ? Оқу мекемелерімен жыл бойындағы қарым – қатынас қандай әсерін тигізді ?
  • Мектеп түлектерінің қаншасы жұмысқа орналастырылды ?  Өз – еркі бойынша жұмысты таңдауға қандай факторлар әсерін тигізді ?
  • Мектеп түлектерінің өзіндік таңдаудағы себептері қандай ?
  • Жалпы оқудағы білім мен біліктілікті және еңбекті ғылыми тұрғыдан қалыптастыруды ұйымдастырудың  9 -11 сынып түлектерінің өзіндік таңдауына әсері қандай ?
  • Түлектерді әлеуметтендіруге экономикалық тәрбиенің және еңбекке баулу мен тәрбиенің әсері қандай?
  • Мектеп түлектерінің өзінің азамматтық парызын орындауға дайындығы қандай? Бұған мектептің қоғамдық қызметіндегі оқушылардың белсенділігі қандай?
  • Ата-аналар мен түлектер мектептегі қоғам және отбасындағы  өмірге деген дайындық деңгейін қалай бағалайды?
  • 9-11 сыныптардан соң жұмыс істемейтін, оқымайтын оқушылар саны қанша?

Қорытындылар:Түлектерді әлеуметтендіру мәселелерін мектеп қандай жетістікпен шешуде?

5.Ата-аналар, қоғам, өнеркәсіптердегі еңбек ұжымдары, демушілермен жұмысты талдау.

  • Мектепті басқару жұмысына  қоғамның тартылуы ?
  • Ортаны оқыту қалай жүзеге асады?
  • Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық мәселелелрмен таныстыру қалай ұйымпдастырылған?
  • Мектепте және мөлтек аудандарда оқушылардың, ұстаздардың, ата-аналардың және қоғамның бірлескен іс-шараларын өткізу қандай нәтиже береді?
  • Мектеп әлеуметтік-мәдени орталық болып қалыптасты ма?

Қорытындылар: Өзара бірлескен жұмыс нәтижесінде қандай оң өзгерістер өтті ? Осы жұмысты атқару барысында қандай қиындықтар кездеседі ? Қоршаған ортаның жақсаруына өзара бірлескен жұмыстардың қандай нәтижелі мүмкіншілктері бар?

         Мысалға, мектеп психологінің апталық жұмыс графигі:

Күн-

дер

 

уақыт

 

Дүйсенбі

 

Сейсенбі

 

Сәрсенбі

 

Бейсенбі

Ж

ұ

м

а

 

Сенбі

І ауысым

9.00 – 10.00

Сыныптарға кіру

Диагности-калық жұмыстарды өңдеу (интерпре-тация)

Оқушыларға жеке кеңестер беру

Мұғалімдермен жеке кеңес

Диагности-калық жұмыстарды өңдеу (интерпре-тация)

Диагностикалық

жұмыстар

10.00 – 11.00

Линейкаға қатысу, мұғалімдер-мен  жеке пікірлесу

Дамыту ж/е түзету

Сабақтарға кіру, сыныптардағы психологиялық ахуалды зерттеу

Диагностикалық

 жұмыстар

11.00 – 12.00

Релаксация сағаты

Дамыту ж/е түзету

Диагностикалық

 жұмыстар

12.00 – 13.00

Оқушылармен ағарту жұмыстары

Ата-аналарды қабылдау

Оқушылармен ағарту жұмыстары

Ата-аналарды

қабылдау

ІІ ауысым

14.00 – 15.00

Сыныптарға кіру

Диагности-калық жұмыстарды өңдеу (интерпре-тация)

Оқушылар-мен ағарту жұмыстары

Оқушыларға жеке кеңестер беру

Диагности-калық жұмыстарды өңдеу (интерпре-тация)

Диагностикалық

 жұмыстар

15.00 – 16.00

Релаксация сағаты

Дамыту ж/е түзету, тренингтер

Сыныптан тыс шараларға қатысу, психологиялық ахуа

Диагностикалық 

жұмыстар

16.00 – 17.00

Дамыту ж/е түзету, тренингтер

Оқушылар-мен ағарту жұмыстары

Оқушылармен ағарту жұмыстары

Диагностикалық

 жұмыстар

17.00 – 18.00

Ата-аналарды қабылдау

Мұғалімдер-мен жеке кеңес

Оқушылармен ағарту жұмыстары

Ата-аналарды

қабылдау


 

Менің болашақтағы кабинетімнің үлгісі !

        Қазіргі  таңдағы заман талабына сай  салынып жатқан мектептердегі  психолог кабинеттері де соңғы  сән үлгісімен безендірілуі керек  деп есептеймін. Себебі, кеңес сұрап  келген адамдарға да ол бөлме  ерекше әсер етеді, егер бөлме жарық, әрі әдемі болса, онда адамдар өзін ыңғайлы, жайлы сезінеді.

        Өкінішке  орай, көпетеген мектептерде өндай  кабинет жасауға мүмкіндіктері  жоқ, тіпті психологке кабинет  әрең табылады және тар. Өз  басым ондайды көргем, мен оқыған  шағын мектепте психолог завучтармен  бір кабинетте отыратын, сондықтан  пихологпен әңгімелесіп, сыр бөлісудің  өзі ыңғайсыздық туғызатын.

         Осы орайда мен өзімнің болашақтағы  кабинетімнің үлгісімен бөліскім  келіп отыр.

         Көлемі 55 кв.м болатын кабинетті «мінсіз психолог кабинетіне» максималды түрде оны 5 функционалды зонаға бөліп құрағым келеді:

  • Кеңес беретін орын;
  • Коррекциялық сурет салу, тесттер жазу және психодиагностикалық жаттығулар орны;
  • Қозғалыс жаттығулары мен релаксация жаттығуларына ыңғайлы орын;
  • Арнай жаттығуларға арналған психологтын жұмыс орны ( компьютерлік диагностика, компьютер арқылы жетілдіру жаттығулары);
  • Архивтар сақталатын орын.

           Бөлмедегі жабдықтардың орналасуына келсек: Парталар бір жерден екінші жерге оңай қозғалатындай қылып, бөлмедегі шкаф аз ғана орынды алатындай және балаларға ыңғайлылық туғызатындай етіп қойам. Шкафқа қойылатын ойыншықтардың көп бөлігін алып кабинет қабырғасына қыстырып, шкафтағы орынды кеңейткен дұрыс. Және бөлме қабырғаларында әдемі стендтар мен плакаттар және теледидар тұратын болады. Міне, осылай ұйымдастырылған кабинетте 10 адамнан тұратын бір группамен жұмыс жасауға болар еді.

         Әр жаттығу орны бір-бірінен  суреттер салынған жұқа қабырғалар  арқылы бөлінеді:  Бірінші жаттығу залында гүлдер мен үлкен аквариум, ал бір қабырғада тұтастай табиғаттың суреті салынған болады. Екінші жаттығу залында оқушыларға арналған түрлі-түсті қарандаштар мен керекті саймандар сақталады. Үшінші жаттығу залы кең әрі кедергі келтіретін заттары жоқ және керегесінде «Жақсы тілектер ағашы» ілінген болады, балалар сол жерге бар жақсы тілектерін жазып, сол жерде жазылған басқа да балалардың тілектерін оқып жақсы көніл-күйде болады. Төртінші жаттығу залында бірнеше компьютерлер орналастырылады. Ал кабинетке кіре берген жерде «Жан айқайы» деген қорапша тұрады, ол қорапшаға кез-келген көмек сұраушы өзінің күйзелісін, қызықтырып жүрген сұрақтарын жазып тастап кетеді және өз аты-жөнін жазбаса да болады. Соның арқасында балалар жазу арқылы ешкімге айта алмай жүрген күйзелісін сыртқа шығара алады. Міне, менің жеке кабинетім осындай жанға жайлы орын болады.

         Сонымен, қорыта келгенде, дамуы сонау көне заман қойнауынан бастау алған жантану ғылымы күнделiктi өмiрге қарқындап енiп келедi. “Өзiңдi өзiң тани бiл” деген Сократ тұжырымының өзектiлiгi де артып барады. Оқу- тәрбие үрдiсiне қосар үлесi мол екенiн педагогтар мойындап, психология ғылымына ден қойып, бет бұра бастады. «Баланы жан-жақты етiп тәрбиелеу үшiн оны жан-жақты бiлу керек» деген белгiлi педагог К.Д.Ушинский. Оның көрегендiгi педагогикалық iс-әрекеттiң психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста екендiгiн дәлелдегендей.  
Ертеңгi күннiң бүгiнгiден гөрi нұрлырақ болуына ықпал етiп, адамзат қоғамын алға тартатын құдiреттi күш тек бiлiмге ғана тән. Ал сол бiлiм дiңгегi сапалы болу үшiн жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, үйретудi одан әрi қарай ұлттық негiзде жалғастыру керек. Ұлттың болашағы - ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесi-ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты- жетiлген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат тәрбиелеу үшiн жеке адамды толығымен танып бiлу керек, сонымен қатар, ақыл-ой тәрбиесi, имандылық, еңбек, эстетикалық, тiлдiк қатынас, дене тәрбиесi, экономикалық, экологиялық, жыныстық, патриоттық тәрбие берiлуi тиiс. Олар адамның рухани бейнесiн қалыптастыып, жан-жақты мәдениеттi болуына бағыттайды.  Өкінішке орай, оқушылардың жас ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайын, психологиялық ерекшелiктерiн (мiнез-құлқы, темпераментi, таным процесстерiнiң даму деңгейi, сол кездегi көңiл-күйi, қызығушылығы, қабiлетi) ескермеудiң нәтижесiнде педагогикалық процесске қатынасушылардың арасында кикiлжiң жағдайлардың туындауы, оқушылардың қызығушылықтарының төмендеуi, қарым-қатынастың тиімсіз жағдайлары кездесуде. Сондықтан ұстаздар қауымына баланың ойлауы, есi, зейiнi, қабылдау заңдылықтары туралы мағұлматтармен қоса, баланың дамуындағы жас және жеке ерекшелiктері, мiнез-құлық бiтiстерi, темпераментi, шығармашылық ынтасы мен оны жан-жақты дамыту мүмкiншiлiгi туралы мағұлматтар қажет. Ал ең бастысы мұғалiм оқытудың белсендi, дамыта отырып оқыту, оқыта отырып дамыту әдiсiн меңгере бiлуi қажет.  
          Ал психологиялық қызмет шаралары балалар мен жасөспірімдердің, жеткіншектердің психикалық және психологиялық тұрғыда толыққанды жеке адам болып қалыптасуына, олардың қабілеттік деңгейлерін, бейімділігін, шығармашылығын, таным үрдістерінің даму деңгейін, жас ерекшеліктеріне байланысты даму кезеңдеріндегі кездесетін қиындықтардың алдын алуға, мұғалім қолына жеке тұлғаның мүмкіндігі туралы құнды деректер береді. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректікке, тапқырлық пен алғырлыққа, ойлампаздыққа баулып, тәрбиелеп, бағыттайтын да осы психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады. 
        Сонымен бірге педагогикалық үрдіске қатынасушылар арасындағы өзара қарым-қатынас стильдерін реттеуге мүмкіндік бере алады. Мысалы: мұғалім - оқушы, оқушы -оқушы, оқушы - басшы, басшы - мұғалім арасындағы іс-әрекеттер мен байланыстар, бірлескен іс-шараларды реттеп, тиімді қарым – қатынас жасауына бағыттай алады. Ұстаздар қауымына, ата-аналарына білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруына көмектеседі, оқытудың белсенді, дамыта отырып оқыту әдісін меңгере білу қажеттілігін айқындауға көмектеседі. Оқытылып жатқан білімді саналықпен миға тоқудың түрлі айла-тәсілдерін білуге ұмтылдырумен қатар ерік - жігер мен қажыр - қайратын шыңдай түсуге бейімдейді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер:

 

  1. Зимняя И. А. Педагогическая психология. М., 1999. С. 157
  2. Немов Р. С. Психология: В 3 т. Т.2. М., 1998. С. 533.
  3. www.adilet.gov.kz/

 

  1. www.rusnauka.com

 

  1. www.nur.kz

Информация о работе Орта мектептердегі педагог-психологтар