Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 16:31, реферат
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан − алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.
І Кіріспе:
«Психология тарихына шолу және психология мамандығының қалыптасуы»
ІІ Негізгі бөлім:
1. Практик психолог.
2. Қоғамдағы педагог-психологтың қызметінің мәні.
3. Мектептегі педагог-психологтың міндеттері мен құқықтары және жауапкершіліктері.
4. Мектеп психологінің апталық, жылдық жоспарларының үлгісі.
5. Психолог кабинеті.
ІІІ Қорытынды.
Жоспар:
І Кіріспе:
«Психология тарихына шолу және психология мамандығының қалыптасуы»
ІІ Негізгі бөлім:
ІІІ Қорытынды.
Орта білім
беретін мектептердегі педагог-
Психология — адамның жеке бірл
Психологияның тарихы
Ежелгі дамуы
Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулицбұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданылуына
Неміс идеалист
пәлсапасышысы Кристиан
Вольфтің (1732-1734) Psycholog
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді. 19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.
Ерте жаңа заман
1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерт- теген Херманн Эбингауспен бірге қазірклассикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда
бейресми білімі бар Зигмунд
Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дам
Жаңа заман
Әйткенмен бихейворизм айтарлық
Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.
Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психо- логтар ғылыми әдістеменімүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.
Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айнала- сында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.
Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.
Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы
қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз
Шеррингтон және Дональд
Хебб сияқты адамдардың зерттеулері,
екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге
байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу
технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когн
Москвада ең алғашқы психология факультеттері 1966 жылы Ломаносов атындағы МГУ-да және ЛГУ-да ашылды, сондай-ақ психиатрия және медициналық психология кафедралары РУДН-ла, соның арқасында 30 жылдан бері келе жатқан психологтардың қуғыны жойылады. Осы мамандықтардың ашылуының арқасында психологтардың еңбекте және әскери ортада керектігі де байқалады. СССР-да сол кездерде инженерлік психология қарқынды даму үстінде болды. Осылайша Россияның көптеген ЖОО-да психология мамандықтары ашылады. Ал Қазақстанда күні бүгінге дейін психология ғылымының ресми түрде басталуын 1946 жылғы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында психология кафедрасының ашылуымен байланыстырған. Ресми түрде ол Қазақ ССР оқу министрлігінің арнаулы бұйрығымен 1946 жылы 30 тамызда ашылған еді. Х.Досмұхамедовтың 1929 жылы ҚазПи-де педология кафедрасын ұйымдастыруына байланысты, қазақтың ғылыми психологиясының тұңғыш мекемесінің тарихы 1946 жылы емес, одан 17 жыл бұрын, яғни, педология кафедрасының құрылуынан басталады. Өйткені, педология мен психология да бір-бірімен тығыз байланысты ғылым салалары. Біздің ойымызша, 1936 жылғы 4 шілдедегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Халық ағарту жүйесіндегі педологиялық бұрмалаушылықтар» туралы қаулысына дейін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында педология кафедрасы құрылып, оның меңгерушісі профессор Х.Досмұхамедов болғаны айдан анық. Осы айтылғанға орай, психология ғылымына қатысты Қазақстандағы дербес кафедраны педология кафедрасы құрылғаннан, яғни, 1929 жылдан бастау алуы қажет деп есептейміз.
Педагогикалық және психологиялық ғылымдардың дамуы педагогика және психология кафедрасының ашылуымен тығыз байланысты. Бұл бағытта ерекше орынға ие педагогика ғылымдарының докторы, академик Т.Т. Тажібаев есімі екені сөзсіз. Ол ҚазҰУ ректоры болған кезінде педагогика және психологиядан күндізгі аспирантура бөлімін ашуға атсалысты. Педагоикалық және психологиялық мектептердің негізгі ғылыми бағыттары: Қазақстандағы халықтық білім беру және кеңес мектептерінің даму тарихы (педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.И. Сембаев; педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Б.Бержанов); қазақ мектептерінде ана тілін оқытудың ғылыми-педагогикалық мәселелері (педагогика ғылымдарының докторы, профессор Х.К. Арғынов); Қазақстан этнопедагогикасы ғылыми негіздерінің қалыптасуы (педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Табылдиев); жастарды рухани адамгершілік тәрбиелеу (педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Р. Баширова); Қазақстан Республикасында гендерлік білім берудің дамуы (педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.К. Ахметова); Жоғары мектеп жүйесінде менеджерлерді үздіксіз даярлау теориясы және әдіснамасын өңдеу (педагогика ғылымдарының докторы, профессор З.А. Исаева); қазақстандық этнопсихология (психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Жарықбаев); тұлға әлеуметтенуінің этнопсихологиялық және психологиялық-педагогикалық мәселелері (психология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жақыпов).
Осы психология мамандығының бір саласы педагогикалық психологияны таңтап отырмын, соған қысқаша тоқталып түсіндіріп өтсем.
Әрбір психолог маман өзінің ісін бастамастан бұрын мынадай ант қабылдап, соны бұлжытпай орындайды: Психологиялық қызметімді бастай отырып, мен өзімнің барлық білімім мен қабілетімді осы күрделі қызметке жұмсаймын деп ант беремін.
Менің қолымда, менен көмек сұрайтын кісінің тағдыры және оның жан дүниесі тұр. Жеке адам ретінде табиғат сыйлаған барлық білімім мен білігімді мен алдыма келген кісіге көмек беруге жұмсаймын. Мен кісі жайында білген және жинақтаған мәліметтерім, оған қарсы жұмсалатын құралға айналуға жол бермеймін. Психолог мамандығымды игере отырып, маған сенім білдірген кісілердің тек қана көңілінен шығуға тырысамын.
ҚОҒАМДАҒЫ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ
Жаңа формацияда білім
беру саласындағы барлық процесте,
пән оқушылары мен топ
Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және пратикалық негізде педагогикалық-психолгиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындады.
Педагогика-психология мамандығы
Қазақстан Республикасының
Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.
Кез – келген білім беру
жүйесінде білім алушы адам үйренуші
болып табылады. Осы түсінікте
адамның өзі басқалардың
Сонымен бірге барлық үйренушілер білім беру жүйесінің белгілі бір сатысында бастапқы, жалпы және тек оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен сипатталады. Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі. Мысалы, дүние жүзінде бастауыш мектепте 10 жасқа дейінгі балалар оқиды ( алайда, экстремалды әлеуметтік ситуацияларда, мысалы, сауатсыздықты жоюда бұл сатыға үлкендерде кіреді ).
Жас ерекшелік кезеңдерге
бөлу психологиядағы күрделі және бір
жақты шешілмейтін
Яғни педагог-психологтардың
басты міндеті оқушылардың жас ерекшклігіне
қарай білім беріп қалыптастыру болып
табылатын болса, оқушылардың жас ерекшелігіне
байланысты Л.С.Выготский
Бастауыш мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада бастауыш мектеп оқушысы, ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамассыз ететін физиологиялық және психикалық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталады. Мектепке оқуға дайындық мектепке, оқуға, танымға деген жаңаны ашуға қуану, жаңа дүниеге , үлкендер дүниесіне ену ретіндегі қатынасын білдіреді. Бұл жаңа міндеттерге: мектеп, мұғалімдер, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу оған қызығу бастауыш мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр.