Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 16:31, реферат
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан − алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.
І Кіріспе:
«Психология тарихына шолу және психология мамандығының қалыптасуы»
ІІ Негізгі бөлім:
1. Практик психолог.
2. Қоғамдағы педагог-психологтың қызметінің мәні.
3. Мектептегі педагог-психологтың міндеттері мен құқықтары және жауапкершіліктері.
4. Мектеп психологінің апталық, жылдық жоспарларының үлгісі.
5. Психолог кабинеті.
ІІІ Қорытынды.
Бұл дайындық бүкіл алдыңғы психикалық дамудың қорытындысы ретінде, отбасындағы және бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың бүкіл жүйесінің нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Оларға жататындар: Баланың жалпы физикалық дамуы, жеткілікті білімдер көлемінің болуы, өзін-өзі күтудің, мінез-құлық мәдениетінің, қарым-қатынастың, қарапайым еңбектің, «тұрмыстық» дағдылардың болуы; тілдің дамуы; жазудың алғышарттарының болуы; оқуға ниеттену.
Бастауыш мектепте, кіші
мектеп оқушысында, осы кезеңдегі
жетекші іс-әрекеттің негізгі
элеметтері, қажетті оқу дағдылары
мен іскерліктері қалыптасады. Осы
кезеңде ойлау формалары
Өмір жағдайының өзгеруімен, отбасынан немесе бала бақшадан мектепке ауысуымен байланысты бастауыш мектеп оқушысында үстем беделдер біршама өзгереді. Ата-ана беделімен қатар мұғалім беделі де пайда болады. «Ал мұғалім былай айтты,» - деп бала шешесінің айтқанына қарсы шығады. Осындай балалардың жаңа кезеңге келіп түсініспейтін жағдайлардың пайда болу езднрінде педагог-психологтардың қолдау беріп көмектесуі, кеңестер беруінің пайдасы өте зор. Бастауыш мектептің соңына қарай, дамудың макрофазасы ретінде негізгі бейімделу кезеңі аяқталғанда, оқушы тек қана оқу іс-әрекетінің ғана емес, сондай-ақ, белсенді тұлға аралық өзара әрекеттесудің де субъекті бола бастайды,оның өзі өте маңызды. Кіші мектеп оқушысы жеткіншек бола бастайды.
Орта мектеп жасында (10-11-ден
14-15 дейін) жеткіншек өз іс-әрекеті
контексінде құрдастармен қарым-қатынасқа
түсу жетекші рөл ойнайды. Осы
жастағы балаларға тән іс-
Егер кіші мектеп жасы үшін
оқу іс-әрекеті жетекші болса,
онда орта жас оқушысы үшін жетекші
ретінде сан алуан формалардағы
қоғамдық пайдалы іс-әрекет болады,
оның арнасында құрдастарымен
Жеткіншек жас үшін беделге деген қатынас та тән. Егер кіші мектеп жасында мұғалім беделі отбасы беделінен кем болмаса, жеткіншек үшін үлкен адам беделі проблемасы білімбейді. Бір жағынан, жеткіншектің «мен – ересек адам» позициясы оны үлкендерге қарама-қарсы қоятындай, ал келесі жағынан - олардың беделі жеткіншек өмірінің маңызды факторы болып қалады. Үлкен адам беделінің сақталуына ықпал ететін жағдайлар: « 1. жеткіншек қоғамдық жағдайының өзгеріссіздігі, ол оқушы болды және болып қалады; 2. оның ата-анадан толықтай материалдық тәуелсіздігі, олар мұғаліммен қатар тәрбиелеуші рөлінде болады; 3. жеткіншекте өз бетімен әрекеттену іскерлігінің болмауы ».
Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде тек қана өз мотивациясымен, позициясымен, қатынастарымен, «Мен» - тұжырым- дамасымен өзгеше емес, сондай-ақ үздіксіз, көп сатылы білім беру қиындысындағы өмірдегі орнымен өзгеше. Ол өзі үшін осы білім беруді жалғастыру формасын болжайды, шешеді және осыған байланысты не оқудың, не еңбек іс-әрекетінің, қоғамдық айналысу, тұлға аралық өзара әрекеттесу құндылығына бағдарланады , осы уақыттарда педагог-психологтардың кеңесі ауадай қажет. Оқуға бағдарлануда жеткіншек жоғары мектеп оқушысы мәртебесіне өтеді. Жоғары мектеп оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде - бұл оқуды жалғастыруды таңдаған адам. Жоғары сынып оқушысы (ерте жастық шақ кезеңі 14-15-тен 17 жасқа дейін) орта буынан жоғары сыныпқа немесе жаңа оқу орындарына – гимназияларға, колледждерге, училищелерге өткен кезде бірден дамудың жаңа әлеуметтік ситуациясын атайды. Таңдау жасауға өмірлік ситуациялар мәжбүр етеді, ата-аналар тарапынан ынталандырады және оқу орны бағыттайды. Осы кезеңде құндылық бағдар белсенділігі негізгі мәнге ие болады. Бұл автономия, өзі болуға ұмтылу мен байланыстырылады. И.С.Кон атап көрсеткендей, « қазіргі күнгі психология нақты, мінез-құлықтық автономияны (жас өспірімнің тек өзіне ғана қатысты мәселелерді өз бетінше шешу қажеттілігі мен құқығы ), эмоционалдық автономия (ата-аналарынан тәелсіз таңдалған , өзінің соған деген қызығушылығының, қажеттілігі мен құқығының болуы ), мораль және құндылықтық автономияны (іс жүзінде өз көзқарасының болуы қажеттілігі мен құқығы ), ажырата отырып, ер жеткен балаларды автономилау мәселесін қояды ». Осы жаста достық сенімді қатынастар өте маңызды. « Жоғары сыныпта оқушылардың формалды емес өзара қатынастары біртіндеп құндылыққа ие болад», - дейді М.Ю.Кондратьев, олар «қандай да бір зерттеу «полигонының» рөлін атқарады, онда бозбалалар мен бойжеткендер болашақ «үлкендер» өмірінің стратегиялары мен тактикаларына жаттықтырылып, сынақтан өткізіліп, сенімділікке тексеріледі. Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау тек, адам өзін дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар үшін максималды пайдалы сезінетін іс-әрекет саласында бейімділікке , өмірлік талаптарға бағдарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық дамуының нақты ситуациясындағы конъюктурасынан, пайдасынан, практикалық құндылығынан туындайды. Тек қана мақсатқа ұмтылған және шынымен де әуестенген 15-17 жасар адамдар ғана ары қарайғы кәсіби қалыптасуы, тұлғалық өзін-өзі анықталу жолында табиғи бейімділікке адалдығын сақтап қалады. Жеткіншектік және жас өспірімдік жас шебінде пайда болатын өзін-өзі анықтау қажеттілігі жоғарғы сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің сипатына ғана әсер етіп қоймай, кейде оны анықтайды.
Жоғары сынып оқушысы жетекші іс-әрекеттің жаңа түріне енеді- оқу-кәсіптік, оның дұрыс ұйымдастырылуы көп жағынан оқушының келесі еңбек іс-әрекетінде субъекті ретіндегі қалыптасуын, оның еңбекке деген қатынасын анықтайды. Бұл одан да жоғары дәрежеде оқу іс-әрекетін неғұрлым маңызды мақсатқа бағындыратындай: болашақ кәсіби немесе кәсіби бағдарланған іс-әрекетке. Оқу іс-әрекетінің өзіндік құндылығы кәсіби өзін-өзі анықтаудың неғұрлым алыс мақсаттарына бағынады. Адам тек білімнің өзі үшін ғана оқымайды, болашақта неғұрлым мәнді нәрсе үшін оқиды, бұл студенттік жаста неғұрлым көп дәреже де көрінеді. Педагог-психологтар әр түрлі кезеңдегі жастардың бейімделуі кезінде пайда болатын проблемаларды шешіп және кеңестер беріп қана қоймай, сонымен қатар сол сыныптағы балалардың ішінен дарынды, қиын балаларды анықтап әрқайсымен жеке сұқпатаса отырып кеңес беруі қажет.
Білім мен тәрбие - егіз ұғым.
Бұл екеуі әрдайым бірге
Тегінде, тәрбие – үлкен
жауапкершілікті, жүйелі көңіл бөлуді
талап ететін өзгеше бір әлем. Ғылымда
осы өзгеше тәрбие мәселесімен айналысатын
педагогика-психология саласы – халық
педагогикасын зерделеуге, бала психологиясын,
оның эстетикалық талғамын, ұлттың
дәстүрлі мәдениетін, әскери мекемелер
мен әскерилер психологиясын, өмірдегі
жаман-жақсы адамдар
Сонымен қатар адам бойындағы ешқандай аспаппен өлшеп болмайтын асыл қасиет – адамгершілік нәрін адам бойына сіңіру. Содан кейін ғана еліміздің болашағы – жастарға білім беру жолындағы тәрбие. Әр жастың санасын білім нәрімен сусындатып, оны ары қарай тереңдете жалғастырып, қазіргі заманның талабына сай етіп даярлау, т.б. Бұлардың бәрі – педагог-психологтың қызметі. Міне, осындай түзу жолдан шығып кетпес үшін арнайы педагог-психологтардың кеңесіне сүйенеміз, үйренеміз және өзгеге үйретеміз.
Тек бұл тұрғыдан емес, көзімізді
ашып, айналамызға зер салып қарасақ,
көптеген қателіктерге толы прцестер
болып жатады. Біреуі – арақ пен
темекінің соңынан жүріп, түнгі
клубтарға барып, нашақорлықпен
айналысып, өмірдің мағынасы мен
мәнін түсінбейді. Осындай кереғар
қылықтармен айналысып, жастайынан
түрме азабын көргендер қаншама?
Жаңа туған, өмірге шыр етіп келген
бөбектерін тастап кеткен аналар қаншама?
Неге олар мұндай жолға түсіп кеткен?
Осындай өмірдің тар жолдарына
түсіп қалған, қара түнекте өмір
сүретін жандардың көзін ашуда
осы педагог-психологтар
Ал өмірде жолы болмай, тек басы қиыншылықтар мен зардаптардан таусылмайтын жандар қаншама? Осы тұрғыдан да қарасақ, педагог-психологтар оларға күш-жігер, бағыт-бағдар берсе, оларға сүйеніш болып әрдайым қолдап отыратын жан – ол педагог-психолог.
Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптасиырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Мен мектептегі педагог-психолог мамандығын таңдадым. Себебі, маған мектеп жасындағы балалармен жұмыс атқарып, солардың психологиясын зерттеген қызықты. Осы орайда мектеп психологінің жұмысына, мақсатына, міндеттері мен құқықтарына, психолог кабинетінің және құжаттарының қандай болу керектігіне тоқталып кетсем.
Мектеп психологының жұмысы – психологиялық мамандықтар арасынадғы ең көп талап етілетіні. Мектеп психологының стратегиялық мақсаты оқушылардың психикалық дамуына бақылау жасау, олардың психологиялық қиыншылықтарын уақытында айқындау және түзету, әр оқушымен интеллектуалды және тұлғалық потенциалды іске асыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету. Бұл мақсат келесі тапсырмаларды қарастырады:
- оқушылардың жеке
- оқушыларға болашақ
- оқушыларға өз қабілеттеріне,
қызығушылқтарына, денсаулық жағдайларына
қарай өз мүмкіндіктерін
- оқушыларға өмірлік маңызды
өнегелі принциптерді
Бұл жұмыстар мектеп психологының негізгі міндеттеріне сай келетін әр түрлі формалар және бағыттар арқылы іске асады:
1. Психологиялық диагностика - оқу процесіндегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған топтық және жекелей зерттеу өткізуді қарастырады. Оның нәтижесі мұғалімдер мен әкімшілікке ұсыныстар жасау кезінде қолданылады.
2. Психологиялық түзету - оқуында немесе мінез-құлқында айқын психологиялық жайсыздықтар тән оқушыларға жүргізіледі . Психологиялық түзету әрдайым жекеленген жұмыс болып келеді, яғни нақты бір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеретін, жағымсыз психологиялық ерекшеліктерді жеңуге және оқыту процесінде көзделген оқушының қабілетін, дағдысын, икемін қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрі.
3. Психологиялық кеңес беру – психолог қызметінің ең маңызды түрі, ол арқылы жекелей әсер ету кезінде пайда болған психологиялық қиыншылықтарды өз бетімен жеңіп шығу үшін тұлғаның ішкі ресурстары белсенді бола түседі.
4. Психологиялық ағарту – мектеп психологының жұмысының барлық формаларына қатысты жеке тұлғаның және ұжымның дамуының психологиялық заңдылығын жарыққа шығара отырып, психолог тыңдармандар оларды адамдармен қарым-қатынас жасау үшін, шын өмірде қолдану, өзін дамыту үшін қолдануға үйретеді.
5. Әдістемелік жұмыс - мектеп психологының жұмысында маңызды орын алады. Әр түрлі жұмыстарға талдау жасау және білім беру үшін маңызды мәселені белсенді жетілдіруді қарастырады. Бұл жұмыстың маңызды жағы зерттеу және қызметтік құжаттарды сауатты және білікті жүргізу.
Мектептегі психологиялық
қызметтің жұмыс кезеңдері:
І кезең – мектеп мұғалімдеріне қажетті
психологиялық көмек көрсету;
ІІ кезең – мектептегі психологиялық
қызметтің жұмысын жоспарлау;
ІІІ кезең – мектептің шығармашылық тақырыбы
мен мақсат-міндеттерін ескере отырып,
педагогикалық үрдіске қатыскушылардың
қажеттілігін анықтап, жұмыстың негізгі
бағыттарын іске асыру;
ІV кезең – нәтижелерді қорытындылау,
жалпылау және есеп беру кезеңі.
Педагог-психолог қызметтің алдына қойған мақсаты: Оқу – тәрбие үрдісінде психологиялық заңдылықтарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту, психологиялық денсаулығын сақтау.
Психологиялық қызметтің міндеті:
• Әр баланың толық психологиялық
және тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін
психологиялық ахуал туғызу;
• Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың
арасындағы өзара қарым – қатынас стилін
реттеу;
• Әлеуметтік және жеке даралық жетістіктерге
жол ашу;
• Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда
таным үрдістерінің дамуына жол ашу;
• Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға
үйретуде мінез-құлық; мәдениетіне тәрбиелей
отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарының
негізін қалау.
Педагог- психологтың
жұмыс жасау топтары:
• Оқушылармен жұмыс;
• Ата-аналармен жұмыс;
• Ұстаздармен жұмыс;
• Мектеп әкімшілігімен жұмыс;
Мектеп психологінің
құжаттары:
1. Нормативтік құжаттар жиынтығы.
2. Мектеп психологтың жылдық жұмыс жоспары.
3. Психологтың апталық немесе айлық жұмыс
жоспары.
4. Психологтың аналитикалық және статистикалық
есептері.
5. Әртүрлі бағыттағы әдістемелік материалдардың
жинағы.
6. Барлық бағыттарда жүргізілген жұмыстарды
тіркеу журналдары:
- психологиялық зерттеу жұмыстарын тіркеу
журналы;
- психопрофилактикалық шараларды тіркеу
журналы;
- теңестірулер мен түзетулер, дамыту шараларын
тіркеу журналы;
- кеңес беру журналы;
- ағарту шараларына байланысты жүргізілген
жұмыстарды тіркеу журанлы;
- мектеп ұжымы мен оқушылардың қажеттіліктерін
тіркеу журналы;
- жеке – дара жүргізілген жұмыстарды
тіркеу журналы;
- сыныппен, топпен жүргізілген жұмыстарды
тіркеу журналы;
- ата-аналармен, ұстаздармен, мектеп әкімшілігімен
жүргізілген жұмыстарды тіркеу журналы.