Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 06:47, дипломная работа
ерттеудің өзектілігі. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті – баланың жеке басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Өйткені осы кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын жеке тұлғалық қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.
Көптеген педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген бала, ойлау іс әрекетінің тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда үлгермеушілер қатарына қосылып, оның әрі қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды. Бұл міндетті шешудегі маңызды бағытарының бірі, баланың ойлауының толыққанды дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың жасалынуы. Ал бұл шарттардың жасалынуына негіз болатын тұрақты танымдық қызығушылық, ойлау әрекетінің дағдысы мен іскерлігі, ойлау сапасы, шығармашылық белсенділік мәселесі қазіргі психолог, тәрбиешілердің зерттеу объектісіне айналып отыр.
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
1-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойлауының дамуының теориялық зерттеулері
Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдар.
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесі дамуының негізгі критерийлері.
2-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру механизмдері.
2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту жолдары
2.2 Мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының дамуына тәжірибе жүргізу
2.3 Ойлаудың даму жолдары (коррекциялық ойындар мен жаттығулар)
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Д.Расселл баланың ойлауына арналған
монографиясында былай деп
Гештальтпсихологияның өкілдері (Вертгаимер, Келер, Коффа, Дункер және т.б.) түрлі міндеттерді шешу жағдайындағы репродуктивтілікке қарама-қарсы ойлаудың өнімділігін ерекше көрсетеді. Ассоционистер мен биховиористердің түсініктерін дұрыс сынай отырып, бұл проблеманы шешуде ешқандай қанағаттанарлық ұсыныс бермеді. Тіпті, олар даму проблемасын алып тастап, оны формалар мен құрылымдарды трансформациялау заңдылықтарымен алмастырады. Мысалы, Келер «гештельт» теориясына сүйене отырып ойлаудан шешімді табуға негіз болатын іздестіру, сезіну, сондай-ақ бағыт, бақылау әрекеттерін мүлдем шығарып тастады. Олар «инсайт» ұғымын – аяқ астынан «түсіну» ұғымы деп алға тартты.
Ж.Пиаже гештальтпсихологияның принциптерін сараптай келе, құрылымдықты ұйымдастыру заңдылығы, оларды трансформациялау дамудан алынады да зерттеудің түрлі қырларындағы бір мағына болып шығады дегенді ұсынады. Батыс Европа, американдық психологияда кең тараған баланың ойлауы туралы теориялардың ішіндегі Пиаже ұсынған теорияның маңызы зор. Басқа зерттеушілерге қарағанда Пиаже бала ойының сан-қырлы жақтарын біріккен принцип бойынша түсіндіруге, ойлауды жалпы концепциясын беруге тырысты. ХІХ ғасыр психологиясында дамудың механистикалық тұрғыдан түсіну басым болып, бала ойлауы мен үлкендердің ойлауының тек сандық өзгерістер қарастырылса, Пиаже үлкендер ойы мен бала ойын кесімді түрде бөліп қарайды. (29, 96)
Өз кезінде Болдуин, Штерн сияқты авторлар бала логикасының өзіндік жеке ерекшеліктерін көрсетті. Пиаже бұл фактілерге универсалды мағына беруге тырысты. Баланың логикасын синкретивті келеді. Ол талдаудың орнына глобальды схема бойынша ойлайды дегенді айтты.
Пиаже өз еңбектерінде мектеп жасына дейінгі баланың эгоцентрикалық ойлауының табиғатын зерттей келе, оның нәрестенің аутистикалық ойлауымен мектепке дейінгі жастағы логикалық ойлаудың арасындағы жатқан интеллектуалды дамудың бір кезеңі деп көрсетеді. Баланың негізгі әрекетінің өзгеруіне сәйкес мектепке дейінгі жасында ғана бала басқаның көзқарасымен санасу және өзінің ойлауын қоғамда қалыптасқан логикалық нормаларға бағындыра бастайды. Ал баланың интеллектуалды дамуының себебі неде? Ойлаудың бір типінен екіншісіне көшуіне не әсер етеді? Бұл сұрақтарға жауап беруде Пиаже алғашында тәжірибе жинақтаудың маңызын теріске шығарды.(31, 138) Баланың ойлауының даму процесінде объективті шындық туралы білімнің ешқандай маңызы жоқ деп есептейді. Оның ойынша «ақылды заттар өңдемейді, заттардың өзі ақылмен өңделеді». Бала ойлауының дамуы Пиаженің пікірінше баланың басқа адамдармен қарым-қатынасының, үлкендермен бала ойларының өзара қатынасына әсерінен болады. Пиаже биологиялық және әлеуметтік негіздерді өзара қарама-қарсы қойды. Биологиялық негіз – психологиялық субстанцияны жасайтын бастау. Әлеуметтік негіз – баладан тыс тұрған, оның өзіне тән ойлау тәсілдерін итеріп тастайтын, балаға қарама-қарсы қойылған күш. Бұл жерде Пиаже баланың бірінші күнінен бастап қоршаған орта адамдармен қатынасқа кіретінін ескермейді.
Швейцариядағы Монтессори жүйесіне жақын балаларды тәрбиелеу және жүйесі, ұжымдық ойын, сабақтардың болмағандығынан бұған дейін белгілі баладағы «эгоцентризмді» қалыптастырады. Өзі-өзімен сөйлесу, сөйлей отырып ойлау және т.б. Ал бұған қарама-қарсы жүйеде тәрбиелеу және оқыту да эгоцентрикалық бағытта аз байқалады, керісінше, сөйлеудің диалогтық формасы балаларды басым бола бастайды.
Баладағы эгоцентризм
Пиаженің баланың ойлауы туралы келесі еңбектерінде ойлаудың даму барысы туралы көзқарасы өзгереді. Ол бала ойлауының ерекшелігін «эгоцентризммен» түсіндірудің қателігін мойындайды. Л.С.Выготскидің жазған сынына жауабында, «эгоцентризм» термині бұрынғы гипертрофты жеке сана ретінде түсіндіруден қайтқандығын айтады. Пиаже бойынша ағзаның ортаға бейімделуі (адаптация) әр уақытта сәтті бола бермейді және адекватты шарт емес. Мысалы, балада бейімделу мүшесі немесе құралы әлі болмауы мүмкін. Осындай жағдайда бейімделуге тырысу жүйелік қателіктерге әкеледі. Мұндай қателіктер адамның тек қана ойлау әрекетінде ғана емес, психикалық өмірдің басқа салаларында болуы мүмкін. Бұл туралы Пиаже былай дейді: «Я ввел выражение «эгоцентризма» для того, чтобы выразить ту мысль, что процесс знания никогда не осуществляется путем простого сложения разделом или новых уровней, как если бы более полное знание было просто дополнением менее совершенного прошлого знания; этот процесс требует постоянной переформулировки прежних точек зрения по средством процесса, которой продвигается перед также, как и назад, непрерывно коррегирует как начальные систематические ошибки, так и те, которые возникает в самом процессе познания». Осылайша «эгоцентризм» термині арқылы тарихи жағынан алғанда таным процесінің шектеулігін, бір жақтылығын түсіндіреді. Ол Выготский ұсынған іштей сөйлеудің бастапқы формасы ретіндегі «эгоцентрикалық сөйлеу» интерпритациясына қосылатынын айтты. Жаңа позицияға көшкен Пиаже өзінің әріптестермен бірге 40-жылдары көптеген зерттеулер жүргізіп, инттелектінің құрылымы және оның дамуының жалпы бағыты туралы жаңа түсінік қалыптасады.(9, 281) Пиаже бойынша ойлау тәсілдер (операциялар) жүйесінен тұрады. Операцияны ішкі әрекет деп түсіндіреді. Бастапқыда әрекет сыртқы заттың белгілі нәрсеге әсер етуде қолданылса, одан кейін ол ішкі жаққа ауысып, ақырып орындалады. Осылайша тәсіл де, заттық әрекет те - әрекеттің түрлі категориялары болып табылады. Операцияның нағыз әрекеттен өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнай ерекшеліктердің бірі – шектеулігінде. Ішкі әрекет реалды объектілер арқылы емес белгілер, бейнелер, символдар арқылы жүзеге асады. Бірақ кез келген ойлау әрекеті тәсіл болып табылмайды. Бұлар өзара әрекеттесе, өзара байланысты жағдайда ғана белгілі бір жүйені құрайды. Жүйелі тәсілдер ғана – қайтарымдылық қасиетке ие. Ал, қайтарымдылық деген, әр операцияға қарама-қарсы, симметриялы түрде операция бар жағдай, біріншісінің нәтижесінен бастапқы жағдаятты қайта тірілтеді.
Пиаженің пікірінше, туғаннан ерте балалық шаққа дейін ойлау дамуының 4 негізгі сатысы бар. Бірінші стадия – баланың туғаннан 2 жасқа дейінгі кезеңі. Бұл саты сенсорлы – моторлы ойлау сатысы. Бұнда тәсілдерді қолдану әлі жоқ, бірақ сыртқа әрекет қылығынан қайтарымдылықтың көрінісі байқалады (мысалы, бөлмеде жүргенде, өзінің қозғалысын бастаған жеріне қайтып келуге қабілетті). Өзінің заттық әрекет барысында оларды бір қалыпты белгілер ретінде таниды. Заттар оларға инварианттар бола бастайды. Екінші саты – дамудың екі жастан жеті жасқа дейінгі кезеңін қамтиды. Бұл – тәсілдік ойлауға дейінгі саты болып есептелінеді. Бұл кезеңде баланың сөйлеуі дамиды, түсініктері қалыптасады. Бұл сатыда баланың көрнекі ойлауының негізі қалыптасады. Үшінші саты – 3-4 жастан 5-6 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл нақты операциялар сатысы. Баланың ойлау әрекеті қайтарымдылық қасиетке ие болады және белгілі бір құрылымда қалыптасады. Операциялар өзінің құрылымдарына қарай логикалық болады, бірақ олар реалды заттарда немесе құбылыста жүзеге асады. Сөздік қатынастарға байланысты логикалық операцияның жүзеге асуына әлі де ерте. Бала белгілі бір есеп мысалдарын нақты заттар арқылы дұрыс шеше отырып, сол мысал сөздік формада берілсе, олар оны шешуде қиналады. Төртінші стадия – 7-8 жастан 11-12 жасқа дейінгі кезең. Бұл стадияда ұсыныстар мен пікірлермен бірге болатын формальды операциялар сатысы. Операцияларда бір құрылымға ұйымдастыру жүзеге асады. Гипотеза арқылы ойлану қабілеті көріне бастайды, яғни іске асыруға дейін мүмкін болатын барлық болжамдарды қалыптастырып, сонда сол болжамдардың көмегі арқылы өз іс-әрекетін жасау.Мүмкіншілік пен қызығушылықтың синтезі жүзеге асады. Осылайша Пиаженің енгізген «әрекет-ойлау» жаңа ұсынысын бірізділіктен алыстап, оның бұрынғы ұсынысының («эгоцентризмнен элементтік ойлауға») сақталғандығын көреміз. 7-8 жастағы баланың ойлауы эгоцентрикалық болып қалады да, тек қана әлеуметтену нәтижесінде ғана логикалық ойлауға айналады. Өзінің «Логика и равновесие в поведении субъекта» статьясында Пиаже логикалық операциялау құрылымын және оның даму анализіне тепе-теңдікті дәлелдеу жүйесі туралы мәселені қозғайды. Логикалық операциялар құрылымы жүйе ретінде бейнеленуі, оның дамуы – бір деңгейден екінші деңгейге көшу нәтижесінде туындайтын құрылымның орналасуының объективті айырмашылығы ретінде бейнелейді.
Пиаже концепциясының негізгі тезисі – логикалық құрылымның генезисі, ойлаудың генезисі, қабылдау генезисі және т.б. зерттеулеріне арналғанымен, оның концепциясы толыққанды генетикалық деп айтуға келмейді. Пиаженің негізігі әдісі – жас ерекшелік дамудың кейбір «бөліктерін» талқылау. Дамудың негізгі қорғаушы күші зерттелмейді. Пиаженің дүниетанымдық көзқарасына француздің әлеуметтік мектебінің ықпалы өте үлкен болып, оны Пиаже түпкілікті жеңе алмады. Әлеуметтік ортаның балаға әсерін тек қана жоғарғы процестерге жатқызады. Бұл туралы А.А.Леонтьев пен О.К.Тихомиров Пиаже мен Инельдердің «Генезис элементарных логических структур» кітабын орыс тіліне аудардан кейін айтады. (29, 76)
Баланың интеллектуалды дамуының ғылыми теориясын жасау міндеті отандық (кеңес одағы) психологияда да үлкен маңызға ие болды. Көрнекті кеңестік психологтар П.П.Блонский және Л.С.Выготский бала ойлауын зерттеп баланың интеллектуалдық даму теориясына қарсы бағытталған сынаулармен қоса, өз еңбектерінің белгілі этаптарында қателіктер жіберіп Пиаже, Штерн, Бюлердің кейбір жаңсақ пікірлер қостады. Дегенмен, П.П.Блонский бала интеллектісін зерттеуде мүлде жаңа жолдарды өңдеп берді. Л.С.Выготский бала ойлауының дамуының құрылымдық теориясын, Штерннің интеллектуалистік концепциясын, Бюлердің биологизаторлы теориясын, Пиаженің эгоцентрикалық ойлау теориясын сынға алды. (8, 111)
П.П.Блонскидің түсінік және баланың
ойлауының түрлі формаларының дамуын
эксперименталды түрде
Ойлау, баланың ойлау ерекшеліктері туралы Абай Құнанбаевтың көз қарастарында көңіл тоқтатуға болады. Абайдың бірқатар шығармаларында жеке тұлға психологиясы, балалар және педагогикалық психологияға қатысты ойлауды байқауға болады. Ол ұғымдар, түсініктер өзін-өзі ұстау ережелерінің барлығы адамның өмір сүру процесінде және іс-әрекет үстінде қалыптасатындығын айтады. Абай психиканың жас ерекшелігіне, әсіресе балалар психикасының дамуына көңіл бөледі. Нәрестелік кезеңде бала «бар нәрсеге талпынады, жылтыраған затқа ұмтылады, сезінеді, аузына салып көреді. Домбыра ойнаса – бала соған ұмтылады, иттің арсылын, аттың дүрсілін, күлкіні естісе – бірден тыпыршиды. Кейіннен «мұнау не нәрсе?», «неге ол бұны істейді?», «бұл не үшін керек?» деген сұрақтар қоя бастайды. Баланың жоғары деңгейдегі алаңдаушылық жаулап алады». Бұнымен Абай, бала психикасын қалаған бағытта өзгертіп алатындығын айтады. Осы жерде ол ағылшын философы Ж.Локктің ойын қайталағандай. Балаларды күнделікті бақылай келе олардың әрекетшіл, әсершіл, қамсыз, сенгіш екендігін былай айтады: «Бала жаны – таза тақта сияқты». Абай ата-аналардан баланың түрлі жас кезіңіндегі ерекшеліктерін ескеруді және соған сәйкес балаларын басқаруын талап етеді. Ол балаларын «шектен тыс еркелететін» ата-аналарды сынға алып, балалардың өзара кикілжіңдеріне араласпауын айтады. (15, 243)
Ойлау процесінің ұлттық бітіс жөнінде халқымыздың көрнекті ғалымдары Төлеген Тәжібаев, Құбағұл Жарықбаев, Н.А.Логинова, Ж.Намазбаева, Б.Хамзин және оралман, қазақ халқының психолог ғалымы Сәбет Бап-Баба шұғылданып зерттеуде.
Халықтық психология психика мен мінез – құлықтың қанға «сінген», тез өзгеріп не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісін, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын таптаурынды болған нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан дүниесі өзіндік мінез-құлқы, таным процестерінің өзіндік ішкі астарлары қарастырылады. Ұлттық дәстүрмен салт-сананың адам психикасының, әсіресе танымдық ойлау процесінде елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар айтып өткен. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайдалануларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл адам психикасының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Ал халықтың психологиялық теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология шұғылданады. Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетінің жемісін, сол халықтың психологиясын сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі болып есептелінеді. Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мысалы, жан қуаттарының ішіндегі адамның ойлау процесінің, оның ішіндегі продуктивті ойлауды алып қарауға болады. Продуктивті ойлау – адамға бұрын соңды белгісіз, тың мәселелерді шешуде маңызы зор. Тың мәселені шешуде ой жүйелі болуы тиіс. Сапарғали, Нұржан ақындардың бір-бірімен айтысында құрастырылған жұмбақтар терең ойлаудың жемісі. Ондағы «темірден салбырағын иегі бар, сабағы бірі қолда, бірі белде» дейтін Сапарғалидің жұмбағын Нұржан: «бұл атың жүгені, тізгіні қолда, шылбыры белде» деп шешеді. Осы жұмбақты құрастырушы да, оның шешімін тапқан кісі де күрделі продуктивті ойлауды жүзеге асырып отырғанын көреміз.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі биік, сан-салалы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Халық даналық ата-ана ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғыларды моральдық – психологиялық, медициналық – гигиеналық, өнер сайыпкерлік ой-пікірлермен шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Мақал-мәтелдерде айтылған жан қуаттары (психикалық таным процестері), адам танымы жайлы мәселелер ұғымға өте жақын, аналогиялық ойлау үшін өте маңызды, әлі ұтымды құралдар болып табылады. Жас ұрпаққа шынайы тәрбие берудің оның жеке дара психологиясының, жас өзгешелігін айрықша ескеру қажет екендігін ескертеді. Бұл жөнінде халық бірде: балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле дейді. Сөйтіп, дуалы сөздің мәйегі – мақал-мәтелдерден психологиялық мәнді деректердің көптеп кездесетіні олардың көбі осы күнгі ғылыми – психологиялық мәселелерімен сабақтасып жатқандығы және мағынасы кеңейіп кейіннен ғылыми тұжырымдар дәрежесіне көтерілетіні байқалады.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамыту