Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 06:47, дипломная работа

Краткое описание

ерттеудің өзектілігі. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті – баланың жеке басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Өйткені осы кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын жеке тұлғалық қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.
Көптеген педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген бала, ойлау іс әрекетінің тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда үлгермеушілер қатарына қосылып, оның әрі қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды. Бұл міндетті шешудегі маңызды бағытарының бірі, баланың ойлауының толыққанды дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың жасалынуы. Ал бұл шарттардың жасалынуына негіз болатын тұрақты танымдық қызығушылық, ойлау әрекетінің дағдысы мен іскерлігі, ойлау сапасы, шығармашылық белсенділік мәселесі қазіргі психолог, тәрбиешілердің зерттеу объектісіне айналып отыр.

Содержание

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
1-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойлауының дамуының теориялық зерттеулері

Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдар.

1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесі дамуының негізгі критерийлері.

2-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру механизмдері.

2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту жолдары
2.2 Мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының дамуына тәжірибе жүргізу
2.3 Ойлаудың даму жолдары (коррекциялық ойындар мен жаттығулар)


Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом5.doc

— 711.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі

1-бөлім. Мектепке дейінгі   жастағы  балалар  ойлауының дамуының теориялық зерттеулері

 

    1.  Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдар.

                

1.2 Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері.

 

    1.  Мектеп жасына дейінгі   балалардың  ойлау процесі дамуының негізгі критерийлері.

 

2-бөлім. Мектеп  жасына дейінгі  балалардың  ойлауының дамуын қалыптастыру механизмдері.

 

2.1 Мектепке  дейінгі жастағы    балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту жолдары

 2.2 Мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының  дамуына тәжірибе жүргізу

 2.3  Ойлаудың даму жолдары (коррекциялық ойындар мен жаттығулар)

 

 

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Қосымшалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Мектепке  дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті – баланың жеке басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету.  Өйткені осы кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын жеке тұлғалық қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.

Көптеген педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген бала, ойлау іс әрекетінің тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда үлгермеушілер қатарына қосылып, оның әрі қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды. Бұл міндетті шешудегі маңызды бағытарының бірі, баланың ойлауының толыққанды дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың жасалынуы. Ал бұл шарттардың жасалынуына негіз болатын тұрақты танымдық қызығушылық, ойлау әрекетінің дағдысы мен іскерлігі, ойлау сапасы, шығармашылық белсенділік мәселесі қазіргі психолог, тәрбиешілердің зерттеу объектісіне айналып отыр. Ойлау процесінің жалпы даму принципі мен баланың даралық даму принципін ұштастыру, оны оқыту процесінде неғұрлым тиімді пайдалануға байланысты біздің еліміздің мектепке дейінгі мекемелердің оқыту жүйесінде түрлі альтернативті бағдарламалар енгізіліп жатыр. Сондықтан, мұндай жаңалықтардың енгізуі ғылыми негізделген және жан-жақты қамтылған жүйенің болуын қажет етеді. Біз өзіміздің зерттеу тақырыбын таңдауда, осы себептерді негізге алдық.

Зерттеу объектісі  болып мектеп жасына дейінгі  балалардың  психикалық даму процесі табылады.

Зерттеу иәні:

Зерттеудің мақсаты: Мектепке  дейінгі жастағы  кезеңіндегі балалардың оқу процесіндегі ойлауының дамуының неғұрлым ұтымды жолдарын іздестіру.

 Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі ұйымдар жүйесіндегі педагогикалық үрдіс ғылыми негізделген бағытта дұрыс ұйымдастырылса, онда мектеп жасына дейінгі  балалардың қажетті интеллектуалды қабілеттерінің деңгейі жоғарлайды.

Зерттеудің көкейкестілігі: оқыту тәжірибесінде тәрбиешілердің балалар әрекетін ұйымдастыру келесі үлгі бойынша жүзеге асырылады: тәрбиешілер оқушыларға көп жағдайда ойлаудың маңызы төмен,еліктеуге негізделген қайталау жаттығуларын ұсынады. Бұндай жағдайларда ойлаудың тереңдігі, сындарлығы, икемділігі сияқты, оның өзінділігінің маңызды қырлары болып табылатын қасиеттер жеткілікті түрде дамымайды.

Зерттеу міндеттері:

1.Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдарды қарастыру

                

2. Мектепке  дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастыру

 

3.Мектеп жасына дейінгі   балалардың  ойлау процесі дамуының негізгі критерийлерін анықтау

 

4.Мектепке  дейінгі жастағы    балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту жолдарын жүргізу

5. Мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының  дамуына тәжірибе жүргізу арқылы зерттеу

6. Ойлаудың  даму жолдары (коррекциялық ойындар мен жаттығулар) жүргізу

 

Жетекші идея:  мектепке дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негіздерін  қалыптастыру міндетті түрде өзінің жалғасын табуы керек.Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының жетекші құралы болып саналады.

     Зерттеудің  теориялық және әдіснамалық негіздерін философтардың, психологтар мен педагогта рдың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің рөлі туралы білімнің мәнін, мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру проблемасын зерттеудегі тұлғалық-әрекеттік көзқарасын ашып көрсететін тұжырымдамалар құрайды.

Зерттеудің көздері: Ғалымдардың зерттеу проблемасына сай еңбектері; ҚР ресми материалдары (заңдар, Конституция, қаулылар), ҚР Білім министрлігінің мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жөніндегі құжаттары (конституция, стандарт, реформалар, бағдарламалар); этнопедагогикалық еңбектер.

Зерттеудің әдістері:

1. Педагогикалық әдістер мен оқулықтарды талдау;

2. Педагогикалық белгілеу экспериментін жүргізу;

3. Бақылау, талдау, әңгіме, анкета. 

4. Жиналған материалдарды өңдеу.

5. Тәрбиешілердің құжаттарымен танысу болып табылады.

Зерттеудің теориялық  мәні мен ғылыми жаңалығы:

Өзара байланысының мәні зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру механизмі жасалды;

Мектепке дейінгі балалардың ойлауының  дамуының психологиялық жіктемесі негізделді және олардың психологиялық ойлауын қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалды;

Мектеп жасына дейінгі балалардың қалыптастырудың моделі жасалды және оны жүзеге асырудың психологиялық шарттары айқындалды.

     Зерттеудің  базасы. Тәжірибелі- эксперимент жұмысы                                            

 

 

     Дипломның  құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

     Кіріспе  бөлімде  зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, объектісі, міндеттері, болжамы, әдістері, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.

   «Мектепке дейінгі  жастағы  балалар  ойлауының дамуының теориялық зерттеулері» атты бірінші бөлімде мектепке  дейінгі жастағы  балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері айқындалып,  ойлау процесі дамуының негізгі критерийлері түсініктерінің өзара байланысы зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылады, мектеп жасына дейінгі баланың ойлауының дамуының мазмұны, өзіндік ерекшеліктері, функциялары анықталады баланың шығармашылығын қалыптастырудағы психологиялық мүмкіндіктері айқындалады. Зерттеу проблемасының бүгінгі жағдайы мазмұндалады.

    «Мектеп  жасына дейінгі  балалардың  ойлауының дамуын қалыптастыру  механизмдері» атты екінші бөлімде мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуының психологиялық  мазмұны,  формалары мен әдістері негізделеді;  тәжірибелі- эксперимент жұмысының әрбір кезеңіндегі білім деңгейлерінің кесіндісі, нәтижесі баяндалады.

     Қорытынды  бөлімде  зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен қорытынды және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беріледі.                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойлауының дамуының теориялық зерттеулері

 

1.1 Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғалымдар еңбегіндегі тұжырымдар

 

Бала ойлауының даму проблемасы философ, педагогтардың зейінін  бұрыннан аудара бастаған, бірақ көптеген уақыт бойы оның шешімі тек тұрмыстық бақылаулардың негізінде болды. Бұл проблеманың талдаудың алдыға жылжуы, ХҮІ ғасырда материалистердің адам ойлауының қайнар көзі сезім мүшелеріне сыртқы орта заттарының әсер ету нәтижесінде туындайтын түйсіктің негізінде жатқан дамудың өнімі деп қарастырылуынан басталды. Ойлаудың дамуының бұл эмприкалық теориясы бір жағынан сол кездегі картизияндық «тума идеялар» теориясына, бір жағынан – орта ғасырлық метафизикалық психологиядан қалған, рухани қабілеттер теориясына қарама-қарсы қойылды. Ойлаудың дамуына қатысты Локктың сенсуалистикалық идеясы идеалистік сәттерден арылып, материалистік бағытта талдана бастады. Баланың психологиялық эволюция процесін жүйелі бақылауда және бұл дамудың түпкі себептерінің түсіндірудің ойлау дамуының эмприкалық теориясы жеткізіліксіз болды. Бұл бағытты ұстанушылар ойлау дамуының механикалық схемасын құрудан әрі аспады, яғни  жалпы түсініктік ассоциациялық байланыстың жасалуы арқылы жүзеге асатындығын айтады.

Баланың ойлауының дамуы туралы ғылыми түсініктің қалыптасуына, ХІХ ғасырдың ортасында сезім мүшелерінің физиология саласында экспериментальды зерттеулер үлкен әсерін тигізді. Әсіресе ойлаудың дамуы проблемасын талдауда И.М.Сеченевтың жаңа псиохофизиологиялық мәліметтерінің маңызы зор болды. Ол, психология және жүйке жүйесі физиологиясында негізгі проблемаларын дамуындағы генетикалық зерттеулерге үлкен мән берді. «В умственный жизни человека одно только ранее детство представляет случаи истинного возникновения  мысли или идейных состоянии из психологических продуктов низшей формы, не имеющих характера мысли. Только здесь наблюдение открывает существенные периоды, когда человек не мыслит и затем мало-помалу, начинает проявлять эту способность» [6, 36]

Баланың интеллектуалды дамуының жалпы  барысын талдай келе, Сеченев бұл  дамудың қайнар  көзі сыртқы ортаны қабылдаудың негізінде жатыр  дегенді айтады: «Самые простые наблюдения показывают далее, что корни мысли у ребенка лежат чувствовании. Это вытекает уже из того, что все умственные интересы раннего возраста сосредаточены исключительно на предметах внешнего мира, а последние познается первично, очевидно только чувствованием, преимущственно при посредстве органов зрения, осязания и слуха» [6,50]

Сеченев ойлаудың идеалистік концепциясының шындыққа келмейтіндігін дәлелдеді. Сонымен  қатар интеллектуалды дамуды тек  сыртқы әсердің негізінде ғана болатын  процесс деп түсіндіретін синсуализімнің әлсіздігін көрсетеді. Сенсуализм субъектінің ерекшеліктерінің және оның жүйке – физиологиялық құрылымын мүлде ескермейді. И.М.Сеченевтың пікірінше эволюциялық ғылыммен сезім мүшелерінің физиологиясындағы табыстар, осы классикалық сенсуализімді шектеулерінен аса отырып, баланың ойлауының дамуының проблемасын жаңаша зерттеуге болады дейді. Түрлі ойлау құрылымының онтогенезінде шығу тегін зерттей келе, Сеченев қарапайым сенсорлы процестердің негізінде күрделі кеңістіктік елестетудің, себепті тәуелділікті түсінудің, абстрациялы ұғымдардың қалыптасатынын көрсетеді.

Баланың ойлауының дамуын - шындықты  пассивті түрде бейнелеудің нәтижесі дейтін ассоционистерге қарағанда Сеченев шешу мағынаны баланың практикалық тәжірибесіне (тәжірибелік қорына), сыртқы орта туралы адекватты ұғымдардың қалыптасуына бағытталған әрекеттер деп түсіндіреді.  Белгілі даму кезеңдері бойынша туындап отыратын логикалық формаларды, баланың заттармен әрекеттесу тәжірибесін квинтэссенциясы деп қарастырады. Балада ұғымның дамуын қарастыра келіп, себепті тәуелділік туралы И.М.Сеченов былай дейді: «Когда ребенок выучился ходить, говорить и владеть руками, вся его жизнь проходит в так называемых занятиях и играх. Здесь он ежеминутно является деятелем, производящим по своему хотению перемены в предметах внешнего мира и конечно, не может чувствовать себя токавым. Другими словами, через его сознание ежеминутно проходят такие чувственные ряды (их было бы всего проще назвать «рядами личного действия»)  которые, сопоставлясь друг с другом и расчленяюсь на общих основаниях распадаются, в конце концов, на элементы в котором соответствует в отвлеченной форме понятия: одушевленный деятель с хотением и способностью к действию, самые действия и эффект. Все это повторяется многие сотни и тысячи раз, и тип, живого деятеля, производящего явления или перемены предметах внешнего мира, как наиболее первичный, становится в душе ребенка шаблоном для объяснения их». (3, 56)

Балада ұғымның қалыптасу процесіндегі заттық әрекеттің маңызын зерттей келе, Сеченев сол кездегі әлемдік психологиядағы онтогенездегі ойлау дамуы туралы ұғымды басып оздым. Ол бұл проблеманың талдауының материалиістік ғылыми негізделген жолдарын көресетті. Бірақ жеткілікті түрде жүйелі бақылау мен эксперименттің (түрлі жас кезеңіндегі баланың іс-әрекетін зерттеуде) болмауынан, Сеченев бала психикасының дамуының жалпы тенденцияларын көрсете алмады.

Ойлауды зерттеуге жаңа мүмкіндіктер  психологияның балалар психикасын зерттеудегі жүйелі бақылау мен  эксперименттерге көшкенде ғана жасалынды. Бала психикасының даму барысын ұзақ және жоспарлы түрдегі жазба бақылауының негізінде жасалған Ч.Дарвинның «Бала өмірін бақылау» еңбегі жарияланды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап баланың ойлауы экспериментальды түрде зерттеліне басталды. Бұл саладағы алғашқы зерттеушілердің бірі орыс ғалымы И.А.Сикорский баланың ойлау қабілетінің жұмыс жасауына байланысты өзінің зерттеулерін жүргізді. Аз уақыт ішінде зертеудің жаңа әдістемелерімен қаруланған балалар психологиясы, баланың ойлау әрекетінің мазмұны туралы үлкен материал қорын жинақтады. (10, 41) Сонымен қатар онтогенетикалық дамудың түрлі кезеңдеріндегі ойлау процестерін дефференциялау мүмкіндігі туды. Бірақ баланың ойлау әрекеті бойынша материалдың қарқынды жинақталуы (Батыс Европа және Америка Құрама Штаттарында), өкінішке орай бала ойлауының ғылыми негізделген концепциясына жасалуына әкелінеді. Бұның себебі баланың психикасының дамуын зерттеуде экспериментпен бақылаудың кеңінен қолданылуы, буржуазиялық психологияны қамтып алған терең методологиялық дағдарыспен сәйкес келіп қалды.(3, 18) Сол себепті Америкада және Батыс Еворпада идеалистік, механистикалық теориялар көбейді. Бұлар балалар психологиясының жинақталған фактілерін дұрыс түсінуге бала ойлауын әрі қарай зерттеудің дұрыс қойылуына бөгет жасады. Сонымен қатар ХХ ғасырдың басына дейін ойлауды зерттеу процестерін формальды түрдегі анализдің және ассоциацияны анықтауға негізделді. Жалпы ассоциацианың орны мен ролі осы күнге дейін зерттелініп келеді. Бірнеше авторлар ассоцианистердің ойлауының дамуы процестерін ассоциацияның туындауына әкеледі деген талпыныстарын жоққа шығарады. Зерттеуші ғалым Пратт (1928) ойлау бойынша жүргізген 46 зерттеулерінен кейін, ассоцианизмді жоққа шығаруға негіз болатын ойлаудың селективтілігін және бағыттылығы сияқты факторлар деп дәлелдейді. Шетел психологиясында да ассоцианизм ойлау әрекетінің кең контекстісін, интеллектуалды процесс пен мотивтердің өзіндік ерекшеліктерін ескермегендіктен үлкен сынауларға түсіп отырды. Хамтри (1951) бұл сындарды жинақтай келе былай дейді: «Классическая теория критиковалась на том основании, что опыт не воспроизводился тем же самым путем, что мышление направлено, что умственные элементы изменяются, когда они входят в новую комбинацию, что мы сознаем связи – все это было бы невозможным, если бы существовали лишь изолированные идеи – что образы и ощущения вследствие этого частичны, а мысли общи». (21, 146)

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамыту