Керемет ертегі айтушы Д. Родари
және ТТШТ бағыттаушы авторлары келесіні
мәлімдейді:
- Ертегілер балаларға
жеткілікті түрде берілмейді
- Балалардың қиялының
дамуында, ойлауында, сөйлеуінде және
белсенді адамгершілік қаситеттерін
тәрбиелеуде ертегілер толық
көлемде пайдаланылмайды.
Мектепке дейінгі жас ерекше,сондықтан
бала қалай қалыптасса,солай оның өмірі
жалғасады.Әр баланың шығармашылық потенциалын
дамыту үшін бұл кезеңді өткізіп алмау
маңызды.
Мектепке дейінгі бейімделген
ТТШТ-технологиясы жан-жақты шығармашылық
ұранымен баланы оқытуға,және тәрбиелеуге
септігін тигізеді.
Жұмыстың әдістері мен тәсілдері:
Ертегілердің негізгі жұмысында
мәселені мазмұндау әдісі, эвристикалық
әдіс, ішінде ойыны бар әдістер басты орын
алады.
Балалармен жұмыс фронтальды
түрде жүреді.Ертегіні жан-жақты қарастыру
үшін, ерекше сызба жасалған.
· Ертегі және экология
· Ертегінің аты
· Адамгершілік сабақ
· Жағымды қасиеттерді тәрбиелеу
· Тілдік жаттығу
· Ойлауын,қиялдауын дамыту
· Ертегі мен математика
· Ертегі арқылы бала қолы дамиды
Бұл сызбаны шығарманың мазмұны
мен көлеміне қарай өзгертіп отыруға болады.
Бөлім саны аз да, көп те болады.Әрбір ұсынылған
ертегінің сөздері өзінше мағынасына
қарай негізгі жоспарға бір не екі қойылған
мәселелерді алға шығарады, қалғаны сәйкес
үлеспелі болып қалады. Егер ол балаларға
қызықты, пайдалы және керек болса, бір
сызбадан өз бетімізше тапсырмалар мен
сұрақтарды таңдаймыз.
Ойлауды дамытудың бір әдісі
ол қиял және сөз, яғни екі қысқа ертегі
мен әңгімені қосындысы жаңа мазмұнмен
көрінуі болып табылады. Бұл жағдайда
белсенді рөлде сөз және балның қиялы
орын алады. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында
басшылықты ересек адам алуы қажет.
Балалармен ойлап шығару және
түрлі жоспар жасауға болады:
· ескі заттың жаңа үлгісін
ойлап табу
· өзін немесе отбасы мүшелерін
жанды не жансыз затқа айналдыру
· өзі жайлы ертегілер қиялдап
құрастыру
Адамгершілік сабағы не үшін
қажет?
Ол өз мойына сәл ғана қалыпты
емес түсінік беруге жүктеме алады: ертегініңбастымақсатынеде,яғникішкентайтаңдаушынынегебағыттайды,
қандайадамгершілікқұндылықтардыбалабойына,
санасынасіңдіреді.
Мұндай дәстүрден тыс тәсіл
балаға ертегінің немесе ертегі кейіпкерінің
қандай қасиеті жақсы екендігін, қандай
қасиеті жаман екендігін, жаңа жағыдай
тудыруға, қай жерде ертегі кейіпкерінің
түзелуіне болатындығын, мейірімділіктің
жеңетіндігін, қатігездіктің жазаланатындығын
, тек қатты және адамгершілік қағидаларына
қарсы емес мысалдар арқылы түсіндіруге
мүмкіндік береді.
Құрастырушы ойдың негізі болып:
адамның жағыдайын жақсарту үшін барлық
нәрсені, жетілдіруге, өзгертуге ,жақсартуға
болатындығы- баланың шығармашылық ұраны
болуы керек. Біздің негізгі мақсатымыз
- адамгершілік қасиетті тәрбиелеу.
Толып жатқан тәрбиелеу мен
тәсілдерде ертегі соңғы роліорнын алмайды.
Көп себептерге байланысты балалар қаһарманды
жақсы көреді, ол жақыны болып кетеді,
оны үлгі қылады. Осы салада адамгершілік
тұрғысындағы маңызды сәттерге назар
аударамыз. Яғни,балалар салыстырады,
дәлелдейді. Бұл ойды жүзеге асыруда «Жақсы-жаман»
ойынын пайдалану тиімді.
Ауызша сөйлеу мәнері мынаған
бағытталған:
«Тілдік жаттығу» Біріншіден
сұрақтар қоя білу. Ауызша сөйлеумен бірге
арнайы оқыту қажет. Бұл жоспарда сөздерді
құрастыру, сөзтіркестері, сөйлем құруға
үлкен мағына бөлген жөн.
-бірнеше түбірлес сөздерді
ойлап шығару(бас: басылды, басқарды,
басталды, т.б. )
-екі сөзден тақпақ
шығару,екі жолды тақпаққа көшу(барды,
алды.
Түлкі қонаққа барды, Тырна
досын қарсыалды)
Ұзын таратылған сөз құрастыру
ойыны «Әр қайсынан бір сөзден»
Балаларға жазбаша тілдесу
жанрын ашу маңызды.Ол мысалы:
Телеграмма.,қысқа хаттар,жазулар
т.б
«Ертегі және экология»
Табиғат жайлы айта отыра эволюция
құбылысы немесе динамикасы жайлы түсініктер
жібермеу.Балаларға табиғат өзара байланысты
және әрі қарай дамитынын түсіндіру. «Жақсы-жаман»
ойынын пайдалануға болады.
Ертегі қолды дамытады
Балаларға бір нәрсені бейнелеуге,қиюға,жапсыруға
ұсыныс жасау.Ол үшін құрал-жабдықтар,кітаптар,
иллюстрациялар, жүйелі оператор қажет.
Пікірсайыс - ең бір тиімді жаңашылдық,білім
алу,методологиялық шешім. Инновациялық
«Пікірсайыс» педагогикалық бала дамуына,оның
жеке шамасын ашуға бағытталған. Пікірсайыстың
негізгі мақсаты интеллектік қабілеті
дамыған еркін азаматты,өмірге деген шығармашылдық
қабілетін,жеке сезімтал жауапкершілігі
мен адамгершілігін тәрбиелеу
Қорытынды
Бүгінгі таңда еліміздің білім
беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға
негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз
ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси
өмірге белсенді араласуға қабілетті,
өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде
тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын
жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасында « мектеп
жасына дейінгі балалардың мазмұны
баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға,
жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып,
оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін,
шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру
қажеттігі» көрсетілді.
Мектепке дейінгі балаларын
байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімділігі
мынадай шарттар орындалған жағдайда
артады: егер балаға берілетін мәтін жайлы
теориялық білім мен қажетті білік, дағдылар
нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері
саналы түрде меңгерілсе, балаларды байланыстырып
сөйлеуге үйрету жұмысы жаңа технология
талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік
және электрондық оқу құралы арқылы т.б.)
жүргізілсе, онда балалардың өзіндік әрекеттері
мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз
етіліп, ойын тиянақты түрде жазуға дағдыланады,
өйткені баланы байланыстырып сөйлеуге
үйрету әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті
мен логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге
мүмкіндік ашады.
Қазіргі таңда қазақ тілін оқыту
әдістемесінде балалардың қоғамдағы түрлі
іс-әрекеттерін жандандыруға, кез келген
ортада өз көзқарасын, пікірін ашық түрде
айтуға, жүйелі түрде жеткізуді үйретуге
бағытталған жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін
іздестіру міндеті тұр. Сондықтан мектепке
дейінгі тан бастап белсенді түрде жазба
тілде қарым-қатынас жасауға үйрету, қажетті
сөйлеу дағдыларын жас ұрпақтың бойына
сіңіру байланыстырып сөйлеуге үйрету
әдістемесі арқылы іске асады.
Қорыта келе байланыстырып
сөйлеу тілін жетілдіруде нәтиже шығару
үшін, сол тілде баланың сөздік қорының
мол болуына қол жеткізілуі керек.
Тіл негізінен табиғи
түрде, табиғи қалыптасқан ортада
дамытылатын құбылыс екендігі белгілі.
Дей тұрғанмен, екі-үш тіл қатарынан
қолданылатын ортада бір тілдің
екіншісіне кедергі келтіретіні,
бір тілдің екіншісін басып
тұратыны байқалады. Сондықтан да тілді
жасанды түрде де меңгерту мәселесі
туындап отыр. Ол үшін қандай жолдар керек?
Үй-ішінде тілі орысша шыққан баламен
ата-анасы ана тіліне аударма
түрде сөйлесуі керек пе?
Жоқ, басқа жолдарын қарастырамыз ба?
Сұрақтар, кедергілер көп. Балалардың
байланысты сөйлеуі қазақ тілі,
тіл дамыту, қоршаған ортамен
таныстыру сабақтарындабіртіндеп
үйретіледі. Балаға әр сабақта
берілетін сөздерді өзге сөздермен
мағыналық байланысқа түсетіндей
етіп беру, баланың келесі сабақта
сол сөздерден тіркестіріп бір
ой шығаруға болатынын түсінуін
қамтамасыз ету – олардың байланыстырып
сөйлеуін қалыптастырудың басты
жолы.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1.Кішібаева Д. Ұлттық ойындардың
пайдасы.//Бастауыш мектеп, 2004. 2.Тұрыскелдина
М.Т.Дене шынықтыру оқыту әдістемесі
(3 сынып)- Алматы1999.
3.Мухина С., «Мектеп жасына
дейінгі балалар психологиясы».
Алматы, 1986.
4.Қаженбаева
А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту//Отбасы және балабақша, 2002, №1.-Б.
5.Алпысбаев Т.
Қазақ халық әдебиеті. Т.З; Ертегілер.
─ Алматы, 1975.
6. Қазақстан республикасының 2011-2020
жылдары білім беру жүйесін
дамыту бағдарламасы. 2011. 5-9б.
7. ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық
түзету арқылы қолдау туралы
заңы». 2002. 7-11б.
8. В.В.Воронковой . Воспитание и обучение
детей во вспомогательной школе. Под ред.
М. 1991. 321с.
9. Аксенова А.К. Методика обучения русскому
языку во вспомогательной школе. М., 2004.
362с.
10. Петрова В.Г., Белякова И.В. Кто они дети
с отклонениями в развитии? – М, 1998. 207с.
11. Луцкина Р.К. Особенности развития
устной и письменной речи учащихся вспомогательной
школы в процессе обучения: Автореф …
кан. пед. наук. М, 1974. 17с.
12. Омирбекова К.К. Формирование связной
письменной речи учащихся 4-х классов вспомогательной
школы (на материале сюжетных картин):
Автореф … кан. пед. наук. М., 1985. 17 с.
13. Бектаева К.Б. Система работы над изложением
в старших вспомогательной школы: Автореф.
дисс. кан. пед. наук. М, 1982.18 с.
14. Абаева Г.А. Формирование устной связной
речи слабовидящих детей 6-7 лет средствами
казахского фольклора. Автореф. дис.кан.
пед.наук. Алматы, 2006. 21б.
15. Выготский Л.С. Развитие устной речи.
Собр. соч.: в 6-ти т. М.: просвещение, 1982.
Т. 3, 160-172с.
16. Бектаева К.Б, Букежанова Г. «Ана тілі»
(1, 2, 3, 4 сынып). Мектеп – 2003. 229б.