Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 20:48, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.

Содержание

I Кіріспе бөлім.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары

ІІ Негізгі бөлім.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілі сабақтарында байланыстырып сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту
ІІ Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру
2.1. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеу тілін дамыту барысында ТТШТ технологиясын қолдану
ІІІ Мазмұны
ІV Тақырыбы Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту бойынша жұмыс формасы
V Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу

VI Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейінгі балалардың байланысты.docx

— 70.68 Кб (Скачать документ)

Міндетті түрде картина қарастыру кезінде балаға айтылуы қиын дыбысты

бірнеше  рет  айтқызып  жаттықтыру  тапсырмасы  ескеріліп  отырылады.  Әрбір айдың  1-2  күнін  сурет  қарастырып  әңгіме  құрауға  жоспарлау  балалардың сүйікті әдетіне айналғанда, баланың ауызша сөйлеу тілі тиісті нәтиже бермек. Кішкентайлар  тобында  қарастырып,  тапқан  картиналар  топтамасы,  атап айтқанда,  «Тіл  дамытуға  арналған  дидактикалық  үлестірмелі  материалдар» (1987), «Суретті сөздік» (1989), С.  Веретенникованың  «Домашние животные», В.  Ватуринаның «Мы играем», О.  Соловьеваның «Картины для детских садов» деген   кеңестік  кезеңдегі  сурет  сериялары  мен  картиналар  алуан  түрлі  болып келді.  Қазір  ол  суреттер  жаңа  техникалық  құралдардың  түрлерімен толықтырылғаны  болмаса ,  өмірдегі  бұрыннан  бар  құбылыстардан  алысқа кете  қойған  жоқ.  Қазақ  халқының  ұлттық  салт-дәстүрлері  мен  Қазақстан Республикасының  жаңа   рәміздерімен  толықтырылды.  «Біз  текшелермен ойнаймыз»  (Е.И.  Радина),  «Біз  шана  тебеміз»  (Е.Г.  Батурина),  «Тройлейбус және  ойыншықтар»  (Э.П.  Короткова),  «Мысық  мәулендерімен»,  «Тауықтар»

(С.А.Веретенникова)  сияқты  суреттерге бүгіндері  жаңа  мазмұнды

картиналы  авторлық  ертегілер  «Таба  нан»  (Р.  Айсаров),  «Мақта  қыз  бен

мысық»  (Әуелбаева  С.),  т.б.  қосылды.  Сол  сияқты  топта  ойнатылатын

«Телехабар  даярлайық»,  «Қыдыр  атаның  сыйлықтары»,  «Открыткалар

дүңгіршегі»,  т.б. драматизациялық ойындарға әзірленген үлестірмелі суреттер бойынша сипаттама әңгімелер құрату да тәжірибеге енгізіліп келеді.

Ақыл-ой  тәрбиесінің  негізгі  болып  табылатын  тіл–өмір  шындығын

таныту  құралы.  Сөз  өнеріне,  тіл  байлығына  тәрбиелеу  ісі  баланың  ең  жас кезінен  басталуы  заңды  болмақ.  Бұл  жағдайлар  көрнекті  психолог-педагог ғалымдардың  сәби  тіліндегі  ерекшеліктері  мен  заңдылықтарды  зерттеу мәселесіне арналған еңбектерінде  баланың сөз қорын, сөйлеу тілін дамыту оның  психологиялық  процестерін  (ойлау,  қабылдау,  елестету,  түйсіну,  т.б.) жетілдіруге тікелей әсер ететіндері жан-жақты дәлелденген. Бұрынғы одақтың және  кейінгі  жылдары  республика  ғылыми-зерттеу  лабораторияларында жүргізілген  эксперимент  нәтижелері  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың сөздік  қорларының  даму  мөлшерін,  кейбір  балалардың  сөйлеу  тіліндегі ерекшеліктерді,  сөз  түсіну  және  грамматикалық  тұлғаларды  немесе  жүйелі байланысты сөйлеу дағдыларын меңгерту, тағы да басқа тіл меңгеру үстіндегі психикалық процестерді анықтағанын көреміз.

Балаларды  диалог  немесе  сөйлеу  тіліне  үйрету  —  әңгімелесу  (сөйлесу) түрінде де, балалардың үлкендермен немесе өзара сөз қатынасына түсу түрінде өтеді.Мектеп  педагогикасында  әңгімелесу  деген  сөздің  терминологиялық, мағынасы  кез  келген  бір  пән  —  табиғаттану,  тарих,  көркем  жазу  және  т.  б. бойынша  теориялық  білім  берудің  әдістерінің  бірі  екені  мәлім.  Әңгімелесу процесінде  әңгімелесу  шеберлігі  артатыны,  диалог  жүрізу  қабілеті  дамитыны, демек,  тілдің  тиісті  синтаксистік  формалармен,  сондай-ақ  болмыстың  белгілі бір  саласын  бейнелейтін  лексикамен  байитыны  назарға  алынбайды.  Басқаша айтқанда,  тілдік  акт  ретінде  мектептегі  әңгімелесу  нақты  мақсат  емес,  білім беру құралы; ал балалардың  тілін әңгімелесу процесінде байыту жай қосымша пайдалы құбылыс ретінде қабылданады. Мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерде  әңгімелесу  баланың  байланыстыра сөйлеу  қабілетін  дамыту  үшін  жүргізіледі.  Бірақ  тіл  міндетті  түрде  шындық құбылыстарды  бейнелейтін,  белгілейтін  болғандықтан,  мектепке  дейінгі мекемелерде  өткізілетін  әңгімелесулер  мектептердегідей  білім  береді. Тәрбиешінің  айтқан  мазмұны    «Балалар  бақшасындағы  тәрбие  бағдарламасы» бойынша  анықталады.  Әңгімелесулер  әр  жағдаятта,  әр  келкі  тақырыпта

өткізіледі. Мысалы:

1) баланың өзі туралы (Айканың  мұрны кәне? Мұрнынды керсетші»);

2) отбасы туралы («Сен  кімді жақсы көрересің?  —  «Әкеңді ме?»; «Әкеңді

қалай  жақсы  керетініңді  көрсетші»;  ал  кейінірек  :  «Сенің  әке-шешең  кімдер, қайда  істейді?»  —  «Менің  әкем  жүргізуші   болып  жұмыс  істейді.  Мен  де әкемдей  боламын»;  бұдан  кейін:  «Сен  өскенде  кім  боласың?»—  «Мен  әкем сияқты инженер боламын. Менің әкем жұмысты жақсы істейді »;

3)  осылайша  балалар  бақшасындағы  ересек  адамдардың  еңбегі  туралы

(аспаздар, аула тазалаушылар, күтушілер, т. б.);

4)  тұрмыстық  және  еңбекке  керекті  заттар  туралы  (үй  жиһаздары,  ыдыс-аяқ,  киім,  еңбек  құралдары  және  т.  б.  Не  үшін  керек,  неден  жасалған,  түсі қандай, т.б.;

5)  жылдың  әр  маусымындағы  табиғат  көріністері  туралы   (жанды  және

жансыз өсімдіктер, жабайы аңдар, үй жануарлары);

6)  қоғамдық  өмір  туралы:  атақты  адамдар  туралы,  еңбек  ардагерлері,

Отанды  қорғау  жолында  ерлік  көрсеткен  батырлар  туралы,  елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев туралы әңгімелесуге болады. Тәрбиеші балалармен күнделікті қарым-қатынас жасау  барысында ерекше етіп өткізген әңгімелеріне балаларды алдын ала  әзірлеп, арнайы  сабақ ретінде

де жүргізеді. Әзірленген әңгімелесу деп аталатын осы форманы ажырату үшін тәрбиешінің айтқанын қайталауға құрылған  «Әзірленбеген әңгімелесулер»  деп те атаймыз.

Әзірленбеген әңгімелесулер, мысалы, балаларды жуындыру кезінде, тамақ ішкенде,  серуенге  шығуға  жиналып  жатқанда,  серуендеп  жүргенде,  ойын үстінде,  еңбекпен  шұғылданғанда,  т.б.  уақыттарда  өтеді. Әзірленбеген әңгімелесулер  деген  сөз  балалар  тұрғысынан  алып айтқанда,  өз  мәніне  ие (себебі  олар  тәрбиешінің  өздерімен  не  туралы  сөйлесетінін,  көңілдерін  не нәрсеге  аударатынын  білмейді),  ал тәрбиеші  болса, міндетті  түрде  осы  жағ-дайлардың  бәріне  алдын  ала  дайындалған  болуы  тиіс,  өйткені  ол  —  арнайы мамандық алған балалармен сөйлесе алу  шеберлігін меңгерген адам. Кез келген жағдайлары  әр  сөзімен  ол  балаларды  өз  ана  тілін  дұрыс  сөйлеуге  баулиды. Тәрбиеші өз ана тілінің синтаксистік  құрылысын, дауыс ырғақтарының айтылу мәнерін жақсы білуге тиіс:  егер олай ете алмаса, онда ол  бұл салаға жарамсыз болып есептеледі. Сөйтіп, тәрбиеші күнделікті қызмет бабымен қарым-қатынас жасау қажеттілгінен туындайтын балалармен арадағы әңгімеге грамматикалық формалар  іздеп,  өз  сөзінің  әуенділігін  (фонологияны)  қарастырып  арнайы дайындалмайды, өзінің тіл құбылыстарын айыра білетін қабілетіне сенеді, бірақ та ол әр әңгіменің тақырыбын күні бұрын әзірлеуге тиіс.Әңгіменің тақырыбын тәрбиеші өзінің күнделігіне бірді-екілі сөзбен күндік жұмыс  жоспарына  жазып  қояды.  Мысалы,  «Балалар  бақшасындағы  тәрбие бағдарламасында» сәбилер тобында:

1.  Балабақша бөлмелері  туралы;

2.  Балабақша қызметкерлері  туралы;

3.  Бөлмелердегі жұмыс  түрлері туралы;

4.  Балабақшадағы өздерінің  күн тәртібі туралы;

5.  Мезгілге қатысты  киімдер туралы;

6.  Табиғат бұрышындағы  кезекшілік туралы;

7.  Ойындардың шарттары  туралы;

8.  Жылдың төрт мезгіліндегі  өзгерістер туралы;

9.  Отбасы туралы;

10.  Жақын достары туралы;

11.  Мерекелер  жайында  әзірлендеген  әңгіме-сұхбаттардың  тақырыптары

берілген.

Тәрбиеші  міндеті  -  осы  бағыттағы  тақырыпқа  тақырыпшаны  жоспарға

енгізуі.  Балаларға  «Киім»  деген  жалпы  тақырыпта  әңгіме  өткізу  керек  болса,тәрбиеші күнделігіне  ол «Пальто» немесе «Бас киім» деп көрсетілсе болғаны; «Программада...»  бес  жастағы  балалармен  «Аспаздардың  жұмысы»  туралы әңгіме өткізуі керек делінсе, ол тәрбиеші күнделігінде «Көже» немесе «Сорпа» деп  жазылуы  мүмкін;  «Бағдарламада...»  7  жастағы  балалармен  «Табиғат аясында еңбек ету» тақырыбы ұсынылса, ол күнделікте «Жапырақ жинаймыз», «Құстарды  жемдейміз»,  «Қызанақ  отырғызамыз»  болып  жазылады.  Демек, әзірлендеген  әңгіме-сұхбаттардың  тақырыптары:  «Малақай»,  «Көже», «Қызанақ  отырғызу»  деп  лексикалык  тиянақты  бір  сөзбен  жоспарға  алуына болады.  Бірақ,  тәрбиеші  осы  тақырыптар  төңірегінде  балалармен  қай  кезде қалай  сөйлесу  керек  екенін  күні  бұрын  білсе,  қалған  айтылар  сөздер  әңгіме үстінде  өзінен-өзі  өрбіп  жатады.  Үш  жастағы  балалармен:  Серуенге  жиналу үстіндегі әзірленбеген әңгіме былай өтуі.

Тәрбиеші: Қазір күз кезі. Бас киімдеріңді жақсылап киіңдер. Алмас, сенің

бас киіміңнің әшекейі қандай әдемі! Мұндай тамаша бас киімді саған кім тоқып берді?

–Әжем. ол ... жіпті.. . былай ...

Тәрбиеші. Қарашы! Ең жуан жіптен тоқыған екен, жарасымды болып

тоқылыпты. Солай ма, Алмас?

Алмас (дұрыс айтуға тырысқанмен, кейбір сөзді тұтас айта алмай). Тамаша

бас киім. Әжем жүн жіптен тоқыды.

Тәрбиеші.  Балнұр, ал саған мына ашық, көк түсті бас киімді кім тоқыды?

Бауы қандай әдемі.

Балнұр. Мамам ... дүкеннен ... сатып әкелді.

Тәрбиеші  сұрақтар қою  арқылы  балалардың  барлығымен  сөйлеседі,

кейбіреулерінің  киінуіне  көмектеседі.  Әрқайсысының  киімдерін  түсін  атап айтып немесе басқа бір белгілерін  (бауы, өрнегі, лента,  т. б.)  мақтап балаларды әңгімеге тартады. Балалар жауап қайтарады,  өз ойларынан бір сөздерді тауып қосып айтады.

Тәрбиеші.  Алмас,  бас  киіміңді  құлағыңа  түсіріп  ки!  Ол  құлақты  желден

сақтауы керек. Түсірдің  бе? Енді жылы болған шығар, саған?  Алмас  -Түсірдім. Жылы.  Осындай  сұрақтарды  тәрбиеші  әрқайсысына  әр  түрлі  формада  барлықбалаға  қояды.  Серуендеп жүргенде тәрбиеші  оңтайлы сәтті тауып, балалардың көңілін  тағы  да  бас  киімдеріне  аударады.  Онда  мынадай  сұрақтар  қойылуы мүмкін:— Сезесіңдер ме, сыртта қандай салқын?

– Қазір жылдың, қай маусымы? Күз?

–  Жазда жылырақ еді.  Естеріңде ме, жазда біз өзен  жағасына барғанда күн

қатты ысып кетіп еді, ә?

– Балалар жазда қалпақ киеміз, иә?

–  Қазір қалпақпен жүруге болмайды! Салқын! Қазір тоқыма бас киім кию

керек,  әйтпесе  құлақтарыңа  салқын  тигізіп  аласыңдар.  Ауырып  қалуларың  да мүмкін.

Бес жастағы  балалармен: Балалар бақшасының  үстел  басында  әзірленбеген

әңгіме.

Тәрбиеші. Балалар! Көкөніс туралы кім қандай жұмбақ біледі?

Жазира: Қалдырып сыртқа бұрымды, қызыл қыз жерге бұғынды.

Тәрбиеші. – Сенің жұмбағың жақсы екен, Жазира.

Мақсат, осы жұмбақтың шешуін білесің бе?

Мақсат: Білмеймін.

Асқар: Ол — сәбіз, сәбіз.

Тәрбиеші.  Жақсы!  Асқар!  Жара-айсың  .  Ал  сен,  Мақсат,  ас  үйге  барып,

аспаз Рәзия апайдан біліп келші, бүгінгі түскі тамаққа  сәбізден қосылған тамақ дайындады ма  екен?  (Тәрбиеші  жүгіруге ұмтылған Мақсатты бөгеп.)  Балалар, Мақсат Рәзия апайдан қалай сұрауы керек?

Алмас:  Бүгін  бізге  түскі  тамаққа  сәбіз  қосылып  дайындалған  тағам  бере

ме?

Дәулет: Рәзия апай, сіз бүгін сәбізден бір нәрсе әзірлейсіз бе?

Сарагүл: Рәзия апай, тілеуіңіз болсын, айтыңызшы, сіз сәбіз әзірлейсіз бе?

Олжас: Рәзия апай, мархабат! Сіз сәбіз әзірлейсіз бе?

Дәния: сіз сәбіз әзірлейсіз бе? Немене деуші еді...тілегіңіз орындалсын!

Тәрбиеші:  Алдымен  мазалағанымыз  үшін  Рәзия  апайдан  кешірім

сұрауымыз  керек,  содан  кейін  сұрақ  беруте  болады.  Енді  сен  айтшы,  Майя, (Тілі жетіктеу бір баланы тұрғызады.)

Майя:  Рәзия  апай,  кешіріңіз,  тілеуіңіз  болсын,  сіз  бүгін  түскі  тамаққа

сәбізден тағам әзірлейсіз бе?

Тәрбиеші.  Жарайды,  жақсы,  Айқын,  (сұрақты  басқа  балалардан  гөрі  тілі

нашарлау  балаға  қояды.)  қайталашы.  Ал  Мақсат,  сен  енді  Рәзия  апайға  бара бер.

Жоғарыда әңгіме басталардан бұрын тәрбиеші аспазбен келісіп алуы керек:

барған бала  «Мен бүгін  сендерге  екінші дәмге  сәбіз  котлетін  дайындадым»  —деген жауап алып қайтатындай болуы керек. Әр  жастағы  балалармен  еркін  қатынас  жасаудан  тұрған  жоғарыда келтірілген  үш  әңгімедегі  тәрбиеші  сөзін  талдай  келе  айтарымыз:  ол  ең алдымен  балалардың  сөздік  қорының  молаюы  үшін  белсене  қызмет  етеді;

олардың өздеріне таныс сөздердің мағынасын түсінуіне көмектеседі; балаларды тәрбиеші  қолданған  сөйлемнің  синтаксистік  құрылымын  қайталап  айтуға жетелейді,  сөйтіп,  олардың  тілінде  жоқ   грамматикалық  дағдыларды қалыптастырады. Балаларды  ұялтып,  не әңгімеге  араласудан алшақтатып алмау үшін,  әңгіме  үстінде  тәрбиеші  балалардың  фонетикалық  қателерін  көп түзетпейді .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеу тілін дамыту барысында ТТШТ технологиясын қолдану

 

Мектепке дейінгі шақтағы бала тілін дамытуда ТТШТ технологиясын қолдану арқылыбалалардың түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, тілдерін ширатып, өз бетімен жұмыс жүргізуін дамыту мен сөз таптарын меңгертуі мен өз ойын еркін жеткізеді. Сондай – ақ, балалардың шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда   ТТШТ  технологиясын   технологиясын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге, сөздік қорын молайтуды  дамыту.

Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезеңде баланың бойындағы табиғи бар дарындылықты   жан – жақты  дами бастайды. Сондықтан  да осы шақтағы баламен анағұрлым жан- жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке

тұлғаны дамытуда «Тапқырлық тапсырмаларды  шешу теориясы» технологиясын қолданудың маңыздылығы зор.

Баланың шығармашылық потенциалының тұлға ретінде даму мәселесі ірі білім беру мақсатының біріне жатады. Балабақша жағдайында балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен ұстаздың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ТТШТ технологияларын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге үйретудегі міндеттері:

·        Жан - жақты шығармашылық дамуын қамтамасыз ету және білім беру тәрбиесін құру

·        Өзге адамдарға деген сүйіспеншілік және сыйлау қасиеттерін,  төзімділік қалыптастыру

·        Ұлттық мәдениетке, ұлттық шығармашылыққа, салт-дәстүрге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сонымен қатар ТТШТ технологиясы бойынша миға шабуыл және пікірсайыс әдісін қолдану:

Миға шабуыл жасау алгоритмі:

1. Тапсырманы мұқият оқып  шығу,оның ғылыми шешу болжамын  және мағынасыз шешімдерін ұсыну.

2.Ұсынылған болжамдарға  талдау жасау, ықтимал жауабын  талдау

Күтілетін нәтиже: балалар берілген материалды меңгеру барысында әрекеттің тиімділігі балалардың шығармашылық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеуді дамытады және психологиялық жағымды атмосфера туғызады.

Шығармашылық адамның қызметін және ондағы шығармашылық ойлауынның болуын шамалайды. Дарынды адам тәрбиелеу үшін балалық шақтан бастап шығармашылық қабілетті қалыптастыру керек, яғни мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен қарау.

Ертегілер әртүрлі:көңілді, көңілсіз, сиқырлы, бойыңды баурап алады, оның бәрі балаларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелейді, көптеген қызықты білімді қамтиды. Өз бойларына батылдық, беріктілік, мықтылық, ертегі кейіпкерінің зұлымдық немесе адамгершілік қасиетін пайдаланады. Қай жерде балалар болса,сол жерде ертегі де болады. Балалар оны жақсы көреді.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу