Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 20:48, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.

Содержание

I Кіріспе бөлім.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары

ІІ Негізгі бөлім.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілі сабақтарында байланыстырып сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту
ІІ Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру
2.1. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеу тілін дамыту барысында ТТШТ технологиясын қолдану
ІІІ Мазмұны
ІV Тақырыбы Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту бойынша жұмыс формасы
V Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу

VI Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейінгі балалардың байланысты.docx

— 70.68 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

I Кіріспе бөлім.

Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары

 
ІІ Негізгі бөлім. 
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері

1.1. Мектеп жасына  дейінгі балаларды ана тілі  сабақтарында байланыстырып сөйлеу  тілін ойын арқылы дамыту 

ІІ Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру

2.1. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеу тілін дамыту барысында ТТШТ технологиясын қолдану

ІІІ Мазмұны

ІV Тақырыбы Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту бойынша жұмыс формасы

V Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу 
 
VI Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.

Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.

Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген  сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А.М.Бородич:  ”Байланыстырып сөйлеу – адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе,  Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші [1,25-27 б.].

      Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.  Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.Баланың сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігі пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттеріне орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғн тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастыру болып табылады[2, 112-146 б.]. 

     Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады. 
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу. 
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын)түсіндіру[3,215-216б.]. 
3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу. 
 Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға баға жетпес нәтиже береді. Балаларға жасына қарай көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Мысалы:

Қараңғыны түреді, 
Ылғи жалғыз жүреді.     Ай)

  Домалап кетеді, 
  Қайта домалап жетеді. (доп) 
 Жаңылтпаштар айту баланың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады. 
  Қаштым  қатты -  ақ 
  Ұшты  қалпақ, 
  Балақ  сатпақ, 
  Аяқ  батпақ[4,135-184б].

Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда. Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын  Отанын, елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге, париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады. 
 Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:

1.     Денсаулық

2.     Еңбек пен мамандық

3.     Өнер

4.     Имандылық пен адамгершілік

5.     Патриоттық

6.     Эстетикалық

7.     Табиғатқа деген сүйіспеншілік

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.  

 

       Сондықтан кез- келген  сабақты өткізу үшін дидактикалық  ойындар қолдана білу керек. Мысылы  «Сауат ашу»  оқулығында  тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар[5,112-146 б.].

        Тіл  дамыту, сауат ашу сабақтарында  да ролдік ,сюжеттік ойындарды  қолдануға болады. Ролдік ойындар  мектепке дейінгі балалармен  өмірінде елеулі орын алады. Бұл  ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

Қорыта келгенде,сөз  – тәрбиешінің еңбек құралы.Баланың  ой – өрісін кеңейту, ақыл – ойын дамыту, мінез – құлқын, еркін тәрбиелеудің бірі – мұғалімнің сөзі арқылы іске асады. Өзімізді қоршаған өмір тіршілігімен бөбектерді таныстырып, білім беруде баланың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне сақтағанын байқау, жалпы құралмен: ойыншықпен түрлі затпен, оқу құралымен, суретпен көрсетіп балаға үйретуде мұғалімнің әбден төселген, сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің қалыптасқан  үлгісі болады. Сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі - тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдану деген сөз.

Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Мектеп жасына дейінгі  балалардың  сөздік қоры, сөйлеу мәнері, сөз сарыны соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешінің  сөздік қоры бай, тілі орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал. Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту- халық шығармашылығын  ұрпақтан – ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі болып келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері  
 
            Байланыстыра сөйлеу дегеніміз қарым-қатынас пен өзара түсінісуді қамтамасыз ететін ашық мағыналы айтылым (логикалық үйлескен бірқатар сөйлемдер) болып табылады. Сұхбаттас үшін түсінікті болуы байланыстыра сөйлеудің негізгі сипаттамасы болып табылады. 
            Байланыстыра сөйлеу дегеніміз - бұл өзінің заттық мазмұнының бүкіл маңызды жақтарын көрсете білетін тіл. Сөз екі себеппен байланыспауы мүмкін: осы байланыстар түсінікті болмағандықтан немесе осы байланыстар сөйлеуді тиісті дәрежеде айқындалмағандықтан. 
            Байланыстыра сөйлеу дегеніміз - бұл өзара байланысқан және тақырыбы жағынан біріккен, аяқталған үзінділердің бірыңғай мағыналық және құрылымдық тұтастығы. 
            Ана тіліне оқыту жүйесінде байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру тілдің дыбыстық жағын, сөздік құрамын, тілдің грамматикалық құрылымын меңгерумен өзара байланысты көрініп, тілдің семантикалық компонентімен жұмыс істеу ерекше орынға ие болады. 
           5-7 жаста сөйлеу ерікті дербес үдеріске айналады. Балаға сұхбаттасы анық түсінуі үшін сөйлеу кезінде мазмұнды жеткізе білу маңызды. Сұхбат, тыңдау, пайымдау, әңгімелер мен ертегілер құрастыру түріндегі ерекше сөйлеу іс әрекеті өзгешеленіп тұрады. Ол өзіндік мотивтер мен мақсаттарға ие болып, арнайы ұйымдастырылған оқыту барысында ғана дамиды, мұнда ересек адам баланың сөзіне белгілі бір талаптар қояды (мазмұнды өз бетінше, мәнерлі жеткізе білу, мәжбүрлемеген сұхбатты қолдау, сұраққа жауап беру және т.б.), оларды қалай орындау керектігіне үйретеді. Сөйлеу интеллектуалды ақыл-ой қызметіне айналады. 
            Байланыстыра сөйлеудің негізгі функциясы – коммуникативті қызмет, негізгі екі формада - диалог пен монологта іске асырылады.  
           Диалогты сөйлеу тілдің коммуникативтік қызметінің ерекше айқын көрінісі болып табылады. Ғалымдар диалогты тілдік қарым-қатынастың бастапқы табиғи формасы, сөйлеу қатынасының классикалық формасы деп атайды. Диалогтың басты ерекшелігі я бір сұхбаттастың тыңдауымен және келесі сұхбаттастың сөйлеуімен кезектесіп отырады. Монологты сөйлеу – тыңдаушылардың жылдам реакциясына арналмаған, ұзақ уақыт ішінде орын алатын байланысқан, логикалық бірізді айтылым. Ол салыстырылмайтын едәуір күрделі құрылымға ие, бір адамның тыңдаушыларға бейтаныс ойын білдіреді. Сондықтан айтылым ақпараттың неғұрлым толық құрылымынан құралып, барынша ашық болып келеді. Монологты сөйлеу ішкі мотивтермен ынталандырылады, оның мазмұны мін тілдік құралдарын сөйлеушінің өзі таңдайды. Маңызды айырмашылықтарына қарамай, диалог пен монолог бір-бірімен өзара байланысты болып келеді. 
          Әңгімелесу тілі – ауызша сөйлесудің ең қарапайым түрі. Ол жағдайға байланысты, эмоционалды әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етеді. 
           Психологтардың пайымдауынша, байланыстыра сөйлеуде балалардың тілдік және ақыл-ой тәрбиесі тығыз байланысты болады. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігі байланыстыра сөйлеуді дамытуда біраз қиындықтарға кездеседі, мұның өзі тілдік жүйенің негізгі компоненттерінің жете дамымауымен байланысты. Балалардың бойында қабылдау, зейін, қиял сияқты жетекші психикалық үдерістердің дамуындағы екіншілік ауытқулардың болуы байланыстыра сөйлеуді дамытуда қосымша қиындықтар тудырады. 
            Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың монологты байланыстыра сөйлеуді жеткіліксіз меңгеруі: 
- әдеби мәтінді баяндауда логика мен бірізділіктің бұзылуымен;  
- бір ғана байланыстыру типін қолданумен (формалды-шығармашылық, тізбекті есімдікті); 
- сөздердің реті бұзылатын жай синткасистік құрылымды пайланауымен; 
- жағдайлық элементтердің, кідірістердің, артық қимылдардың көп болуымен; интонациялық және лексикалық мәнерсіздікпен расталады.  
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілінде бірыңғай мүшелерден құралған сөйлемдер саны арта түседі, жай және құрмалас сөйлемдердің көлемі ұлғаяды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай бала барлық шылауларды және оларды меңгеру ережедерін иегетін болады. Алайда, бірінші сыныпқа баратын балалардың өзінде мәтіннің негізгі бөлігін (55%) жай сөйлемдер құрайды. 
            Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үшін: 
енжар және белсенді сөздікті белсенді қалыптастыру үшін (сөзді түсіну мен сөзді айту); 
дыбыстардың айтылуын қалыптастыру: дыбыстардың анық артикуляциясы, сөздерді есту, сөздерді дыбыстық талдау дағдыларын меңгеру үшін; 
грамматикалық дұрыс сөйлеуді дамыту үшін; 
монологты және диалогты сөйлеу тілін қалыптастыру үшін; 
мәнерлеп сөйлеудің интонациялық құралдарын пайдалана білуін дамыту үшін (тон, қарқын, ырғақ және т.б.); 
мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстыра сөйлеуі мен тілдік қарым-қатынасын дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. 
           Мектеп жасына дейінгі балаларға тән білуге құмарлықты (зерттеуші қызығушылық) пайдалана отырып, бала білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы болатындай педагогикалық технологияларды қолдану керек. Осындай іс әрекетте ғана баланың басты психикалық қасиеттері мен тұлғасы дамитын болады. 
           Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас құзіреттілігі шегінде ана тілінің негізгі нормалары мен ережелерін меңгеруі, оларды нақты жағдайда шебер пайдалана білуін қалыптастыру, негізгі коммуникативтік дағдыларды игеруі – мектепке дейінгі ұйым педагогтарының алдында тұрған негізгі міндет

1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілі сабақтарында байланыстырып сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту

 

«Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасында» көрсетілгендей ҚР білім беру саясатының құзырлы міндеті – білім беру сапасын көтеру болып табылады. Басты міндеттердің бірі халықтың барлық сатыдағылары үшін сапалы білім алудың қолжетімдігін қамтамасыз етуді қарастырады.  Осы тұжырымдардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға да қатысты және 2002 жылы жарық көрген «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» заңында бекітілген. Осы заңды жүзеге асыру бағытында республикада ана тілінде оқытудың психологиялық және педагогикалық теориясы мен практикасын дамытудың жағымды нышандары жасалуда.

Соңғы жылдары зияты зақымдалған балаларға арналған көмекші мектептерде қазақ тілінде оқытатын сыныптар қарқынды түрде ашылуда. Жалпы білім беретін мектептердің 12 жылдық оқытуға ауысуына байланысты және бүкіл білім беру жүйесінің осыған сәйкес қайта құрылуымен арнайы түзету мектептерінде дайындық сыныптар ашылуда. Бірақ қазақ тілінде оқытатын арнайы мектепке дейінгі мекемелерінде және бастауыш сыныптарында бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыздандыру жоқтың қасы. Бастауыш сыныптарында сөйлеу тілін дамыту бойынша қазақ тілінде оқу материалдары өңделіп жасалмаған. Оқу бағдарламасымен қамтамасыздандырылмағандықтан қосымша (екіншілік) ауытқулар пайда болуы мүмкін, мысалы сөйлеу тілінің дамымауы, байланыстыра сөйлеу тілінің қалыптаспауы т.с.с.  Екіншілік ауытқулардың негізгі көрінісі балалардың толыққанды байланыстырып сөйлеу тілі дағдыларының қалыптаспауы болып табылады, ал оның өз кезегінде қарым-қатынастың дамымауына әкеп соғады.

Нәтижесінде зияты зақымдалған балалардың әлеуметтенуі қиындай түседі, қоршаған орта туралы түсінігінің жеткіліксіздігіне себеп болады. Арнайы педагогикадағы оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болғандықтан, оқу-тәрбиелеу үрдісінің басты назарында негізгі міндетті жүзеге асыру тұру керек.

Ғылыми әдебиетті талдай келе, олигофренопедагогикада зияты зақымдалған балалардың ерекшелігін Ресей авторлардан В.В. Воронкова,  А.К. Аксенова, В.Г. Петрова, ал  Қазақстандық ғалымдардан Р.К. Луцкина, Қ.Қ. Өмірбекова,  К.Ж. Бектаева зерттегенін анықтадық. Тифлопедагогика саласының белгілі маманы Ғ.Ә. Абаева көру кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда қазақ фольклорын кең қолдануды қарастырады. Ал арнайы білім беру саласының ірі ғалымдары Қ.Қ.Өмірбекова, К.Ж. Бектаева зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айтуын, сөздік қорын, грамматикалық құрылымын және байланыстырып сөйлеу тілінің компонеттерін қарастырған, осы мәселеге байланысты әдістемелік ұсыныстар берді.

Дегенмен, қазақ тілінде оқитын зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мәселесі жүйелеуді, толықтыруды және жаңа тиімді жолдарын іздестіруді қажет етеді.

Сөйлеу тілінің дамуы, ана тілінің байлығын меңгеру үрдісі қазіргі психологиялық зерттеулермен тығыз байланыста қарастырылады, себебі психология тұлға дамуының түрлі аспектілерін, психикалық процестердің дамуындағы сөйлеу тілінің ролін анықтап көрсетеді. Зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттерді талдау барысында барлық зерттеушілер С.Л. Рубинштейн берген сипаттамасына сүйенетінін білдік. Оның пікірі бойынша барлық сөйлеушілер үшін, кез-келген сөйлеу тілі оның ойын, қалауын білдіріп тұрады, сондықтан байланыстырып сөйлеу тілі болып табылады екен, бірақ байланыс формасы даму барысында өзгеріп отырады. Л.С. Рубинштейн байланыстырып сөйлеу тілі туралы былай деп жазған: – Бұл оның өзінің мазмұны негізінде түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу тілі. Баланың сөйлеу тілі алдымен жағдаяттық сипатта болады, кейін даму барысында сөйлеу тілінің мазмұны мен қызметі өзгереді, бала оқыту кезінде байланыстырып сөйлеу тілін меңгереді.

Ана тілі сабағында меңгерілетін әңгімелер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар, тақырыпқа сай сюжеттік ойын түрлері баланың  нақтылыққа, логикалық ойлауға, сөздік қорын және грамматикалық құрылымын жетілдіруге, байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға зор ықпал етеді. Сондықтан, зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін ана тілі сабақтарында тақырыпқа сай түрлі ойындар арқылы дамыту тақырыбы қазіргі таңда өзекті деп білеміз. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылған ойын түрлерін ұсынып отырмыз.

Оқушылар өзінің ойын немесе айтуға қажетті ақпаратты бөліктерге шартты түрде бөліп, мазмұнына сәйкес бейнелерді елестетіп, сол бойынша сөйлеу тілін жүйелеуге, бір-бірімен  байланыстыруға  дағдыландыру.  Бұл жерде оқушыларға түрлі әрекеттерді орындау кезінде қалыптасқан біліктілігі мен дағдыларын қолдануға жаттықтыру қарастырылды.  Яғни, жұмыстың соңғы кезеңінде оқушыларда қалыптасқан біліктілік пен дағдылары бекітілді. Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушылары практикалық тұрғыда берілген тапсырмаларды орындай отыра, түрлі жағдаятта (түлі мәтінге байланысты) жоспар құруға, оны схема-сурет ретінде бейнелеуге және сол бойынша әңгімелеуге жаттығады. Оқушылардың іс-әрекеті іскерлік және сюжеттік-рольдік ойын түрінде жүзеге асты.  Яғни, берілген тақырыпқа сәйкес оқушылар белгілі бір кейіпкердің рөліне еніп, сол тұрғыдан пікір-таласқа немесе әңгімелесуге қатысады. Ана тілі сабағында қолданған іскерлік ойындардың негізгі мақсаты – оқушының өз ойын жүйелі әрі нақты жеткізуге үйрету, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру; өзіндік көзқарас қалыптастыра білуге және өз пікірін қорғауға дағдыландыру.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу