Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 20:48, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.

Содержание

I Кіріспе бөлім.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары

ІІ Негізгі бөлім.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілі сабақтарында байланыстырып сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту
ІІ Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру
2.1. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеу тілін дамыту барысында ТТШТ технологиясын қолдану
ІІІ Мазмұны
ІV Тақырыбы Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту бойынша жұмыс формасы
V Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу

VI Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейінгі балалардың байланысты.docx

— 70.68 Кб (Скачать документ)

Мысалы, оқушылар белгілі бір тақырыпқа байланысты бөлінген кейіпкердің атынан сөйлеу үшін (байланыстырып әңгімелеу үшін) ойын кезінде оларға көмек ретінде қысқа тірек сөздер түрінде берілген карточкалар ұсынылды:

…. түсті





(Қыс  түсті),

балалар ……….





 

 

(балалар  далаға шықты),

Содан кейін …….





(содан  кейін олар аққала жасады). 

 

Яғни,  мұғалім бастамасын беріп, оқушыға мазмұнын толықтыруға жағдай жасады.  Бұндай жұмыс әңгіменің мазмұнын логикалық ретілігімен құруға ықпал етті. Мысалы:

Табиғатты аялайық (іскерлік ойын)

Кейіпкерлер: табиғат қорғаушысы,  «Жасыл әлем» ұйымының мүшесі, тәртіпсіз бала.

Құрал-жабдықтар: тірек сөздер жазылған карточкалар(жасыл дала, өсімдіктерді күту, таза ауа,көшелерді сәндеу, гүлдер, кбелектер).

Табиғат қорғаушысы: «Балалар, сендер айналаға қараңдаршы. Даланың барлығы жасыл түсті ағаш – олар бізге таза ауа береді. Ал алуан-алуан гүдер көшелерімізді сәндейді. Сондықтан, осы өсімдіктерге күтім жасап жүріңдер!

Тәртіпсіз бала: «Мен өсімдіктерге күтім жасамаймын, өйткені олардың бізге қажеті жоқ. Мен жануарларды өсіргенді жақсы көремін».

«Жасыл әлем» ұйымының мүшесі: «Сен айтып отырған жануарларға да ағаштар, гүлдер т.б. керек. Олар күн ыстық кезінде ағаштың көлеңкесінде дем алады, ал гүлдер көбелек және бал арасы сияқты жәндіктерге азық береді. Сол үшін табиғат барлығымызға таза күйінде керек».

Табиғат қорғаушысы: «Түсіндің бе, табиғатты не үшін  аялау қажет екенін?»

Тәртіпсіз бала: «Иә, табиғат адамдарға, жануарларға өмір сүру үшін керек. Мен енді табиғатты күтемін және аялаймын» [11]. 

 

Айналаға қараңдаршы





 

  

 

Өсімдіктерге күтім жасау





 

  

 

Жануарларды жақсы көремін





 

  

 

Ал оқыған әңменің мазмұнын қайта айтып беру кезінде сюжеттік-рольдік ойын ұйымдастырылды. Яғни, әңгіменің мазмұны бойынша рольдерге бөліп, сол арқылы қойылым қойылды. Сюжеттік-рольдік ойынға қатысушы оқушы оқыған әңгіменің мазмұнын жақсы білуі шарт. Мысалы:

Мақтақыз бен мысық 

(сюжеттік-рольдік ойын)

Кейіпкерлер: 1 оқушы – автор, 2 оқушы – Мақтақыз, 3 оқушы –мысық, 4 оқушы- сиыр, 5 оқушы – ағаш т.б.

1 оқушы: Бірде Мақтақыз үйін сыпырып жүріп мейіз тауып алады. Ол мысығын шақырады, мысығы келмей қояды. Мақтақыз мейізді өзі жеп қояды. Біраздан соң мысық келеді.

2 оқушы: -Мені неге шақырдың?- деп сұрайды

3оқушы: -Айтпаймын –дейді Мақтақыз

2 оқушы: -Онда мен сенің қатығыңды төгемін- деп мысық қатықты төгеді

3 оқушы: -Ал мен сенің құйрығыңды кесіп аламын-дейді Мақтықыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

2 оқушы (мысық): -Құйрығымды берші,- деп сұрайды.

3 оқушы (Мақтақыз): – Қатығымды төле

1 оқушы: Мысық сиырға барады да одан сүт сұрайды.

4 оқушы(сиыр): – Маған жапырақ бер. Мысық ағашқа барып жапырақ сұрайды, ағаш су сұрайды. Көшеде екі қыз шелекпен су алып келеді. Мысық олардан су сұрайды.

Қыздар сағыз алып кел дейді. Мысық дүкеншіге барады, дүкенші жұмытқа алып кел дейді, мысық тауықтарға барады. Олар тары сұрайды. Мысық тышқанды ұстап алады да: -Үйіңде не бар? Тез алып кел, – дейді  [11].

(Сөйтіп ертегінің мазмұны сюжеттік-рольдік ойын арқылы толық жаңғыртылды).

Байланыстырып сөйлеу тілін  дамытуға арналған жұмыстар жүйесінің тиімділігін осы ойын арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту баланың сабаққа деген   қызығушылығын оятады. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеу тілін ана тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдану оқытудың тиімділігін арттырады. 

 

 

 

 

 

ІІ Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру

1.  Байланыстырып сөйлеуге  үйрету туралы түсінік 

Бала  табиғатының,  жаратылысының  жалпы  табиғи  мүмкіндігінің  бір

белгісі  –  кіші жас кезеңіндегі сөзге құлақ қойғыштық қабілет нышандары. Тәні таза,  жаны  сау  бала  қалай  жетілсе,  тілі  де  солай  жетіледі.  Бастауыш  сыныпта қазақ тілін оқыту  әдістемесін жасаған әдіскер ғалымымыз С.  Рахметова: «Бала тілді  ешбір  ереже  білмей-ақ,  оқымай-ақ  сөздерді  қиыстырады,  сөйлемдер құрастырады, ойын жеткізе алады. Мұның барлығы ауызша сөйлеу шеңберінде ғана.  Бірақ,  өкінішке  орай,  біздің  мектептерімізге  келетін  балалар  отбасының сөйлеу  дәрежесінде  екенін  естен  шығармауымыз  керек.  Қазіргі  мәселе–балалардың ана тілін еркін меңгеруіне, сөзді таза қолданып, дұрыс құрастырып, сөз  тіркестері  мен  сөйлемдерді  өзара  жүйесімен  құрастырып  жеткізе бермейтігінде.  Көбінесе  олардың  сөздері  жаттанды,  не  орысшадан  тікелей аударған күйде келеді»,  -  деп жазды [45].  Бұл үшін әдістемеде не істеліп келген және  не  істеліп  жатыр?  Бұл  сұраққа  жауап  бере  қою  да  оңай  емес.  Өйткені

қазақ тілін орыс аудиториясында оқыту бойынша  алғаш ғылыми еңбек жазған әдіскер ғалымымыз Ш.  Сарыбаев сабақ практикалық сабақ болмайынша, яғни сабақ  сөйлеу  сабағы  болмайынша,  сол  тілде  үйренушінің  байланыстырып сөйлеуі жүзеге аспайтынын кезінде ескерткен болатын.Байланыстырып сөйлеудің  екі формасы бар: өзара  ауызекі  сөйлесу және ойды  өз  атынан,  өзге  адамның,  не  кітап  мазмұны  бойынша  ауызша  әңгімелеп айтуы. Бұл мәселе орыс тілді аудиторияда да, қазіргі қазақ тілді аудиториядағы орысша сөйлейтін балаларда бірдей дамытуды қажет етеді.

Сөз  –  ойдың сыртқы формасы. Ойың орысша  болса, қазақша ой жеткізе

қою  қиын.  Байланысты  тіл  деп,  кем  дегенде,  үш,  әйтпесе  одан  да  көп

сөйлемдерден  тұратын  ойды  жүйелі  құрастырылған  мәтінмен  жеткізуді

айтамыз.

Байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіруде нәтиже  шығару үшін,  сол тілде баланың сөздік қорының мол болуына қол жеткізілуі керек.

Тіл  негізінен  табиғи  түрде,  табиғи  қалыптасқан  ортада  дамытылатын

құбылыс екендігі белгілі. Дей тұрғанмен,  екі-үш тіл қатарынан қолданылатын ортада  бір  тілдің  екіншісіне  кедергі  келтіретіні,  бір  тілдің  екіншісін  басып тұратыны байқалады. Сондықтан да тілді жасанды түрде  де  меңгерту мәселесі туындап отыр. Ол үшін қандай жолдар керек? Үй-ішінде тілі орысша шыққан баламен  ата-анасы  ана  тіліне  аударма  түрде  сөйлесуі  керек  пе?  Жоқ,  басқа жолдарын қарастырамыз ба? Сұрақтар, кедергілер көп. Балалардың байланысты сөйлеуі  қазақ  тілі,  тіл  дамыту,  қоршаған  ортамен  таныстыру  сабақтарындабіртіндеп  үйретіледі.  Балаға  әр  сабақта  берілетін  сөздерді  өзге  сөздермен мағыналық  байланысқа  түсетіндей  етіп  беру,  баланың  келесі  сабақта  сол сөздерден  тіркестіріп  бір  ой  шығаруға  болатынын  түсінуін  қамтамасыз  ету  – олардың  байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастырудың  басты  жолы.  Жеке сөздерді,  бір  ғана  ұғым  не  бірнеше  мағына  беретін  сөз  бен  сөз  тіркестерін сызбадан, таңбадан көзбен көріп, көңілмен мейірлене  қабылдағанда ғана балада байланыстыра  сөйлеу  пайда  болады.  Кеңес  заманы  тұсында  одаққа  кіретін  он алты  республиканың  балабақшаларына,  мектептің  бастауыш  сынып оқушыларына  қанық  бояулы  қабырғаға  ілетін  суреттер  топтамалары  шығарылып  тұратын.    

              Балалар  тақырыптық  суреттерді  пайдаланып,  көрмеген самолеттерінің,  метролардың,  т.б.  аттарын  біліп  алатын,  көрмегендерін

көңілдерімен армандап, сөйлемдер құрастыратын. Бүгінде  компьютерді, суретті кітапшаларды  қолданып,  балалармен  үлкендер  мемлекеттік  тілде  сөйлесіп, үйреніп    келе  жатқанын  мадақтап,  бағалап  отыру  республикада  тіл  саясатын тұрақтандырудың  бірден-бір  амалы.  Қазақ  тілін  ана  тіліндей  құрметтеп,мемлекеттік тілде балабақшадан бастап ауызша сөйлету негізі бағдарламаға сай етіліп, дұрыс салынса, байланыстыра сөйлеу мақсаты сонда нақты орындалады. Баланың  байланыстырып  сөйлеуіне  қажетті  құралдардың  түр-түрлерін компьютермен  жасап  алудың  жолдары  көп.  Әрбір  тақырыптық  лексикалық тілдік материалдар өтілгеннен соң,  балалардан ауызша сөйлеу тестілері алынуы керек.  Топ  балаларының  айналасындағы  қарым-қатынас  нысандарына  сәйкес мазмұнды тақырыптық суреттер, жергілікті және  балалар әдебиетіндегі  классик жазушылардың  шығармашылығынан  лайықты  мәтіндер  топтамасы  әзірленуі балаларды байланыстырып, өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге ыңғайлайды.

Сонымен, тіл дамытудың үш бағыты әр деңгейде, әрбір оқыту сатысында

баланы сөйлеуге жетелейтіндей деңгейде ұсталуы керек. Олар:

1. Балалардың лексикалық  минимумының сөйлеуге бағыттайтындай  етіліп

беріліп, олардың жетілдіріліп отырылуы;

2.  Балалардың  қарапайым  грамматикалық  білім  деңгейлерінің  әр  сабақта

бекітіліп,  жетілдіріліп  отырылуы,  яғни  әр  мәтіндегі  әр  тіркестің,  сөйлемнің байланысына  назар  аудартып  отыру.  Осы  екі  деңгейдің  грамматикалық, орфоэпиялық,  мәнерлілік  просодияларын  ұстанған  бала  ғана  байланыстырып сөйлеу деңгейіне жете алады. Осылардың сан алуан әдістерін сабақ мақсатына қарай таңдай білу– қазақ тілі мұғалімінің кәсіби міндеті.Сөйлетуге  үйретудің  арнайы  шарттары  бар.  Барлық  оқыту  сатыларында оқытуда ол әрдайым екеу: біріншісі–адамға өз ойын басқаға сол тілде білдірудің қажеттігі  болуы;  екіншісі–сөйлеушінің  басқа  адамға  жеткізетін  мағлұматы болуы.  Бұл  орайда,  топ  ішінде  өткізілетін  сөз  жарыстары,  балабақшада  «Біз мемлекеттік  тілде  сөйлесеміз»  атты  арнайы  күндер  мен  апталықтардың ұйымдастырылуы,  жол  көліктерінде,  телефон  байланыстарында,  тұрмысқа қажетті  қоғамдық  орындарда  тілдік  қатысымның  мемлекеттік  тілде  орныға бастауы негізгі шарттар болмақ.

2. Диалогты және  монологты сөйлеуді үйрету әдістері

           Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай  диалогты  және монологты сөйлеу  болып  екіге  бөлінеді.  Диалог  гректің  dia  –  бірнеше  және  logos  –  сөз, сөйлеу  дегендерінен  шыққан,  яғни  бірнеше  кісінің  сөйлеуі  дегенді  аңғартады. Шынында,  диалогтық  сөйлеу  кемінде  екі  адам  арасындағы  сөзге  байланысты құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар біріне-бірі  қақпайлап,  реплика  тастап,  сұрақ  қойып,  оған  тиісті  жауап  алып отырады.  Бірінің  сөзін  бірі  қайталап,  оны  қуаттай  сөйлеп,  сөздер  мен сөйлемдерді тұжырымдай түседі.

            Диалогты сөйлеу тіліне  практикалық тұрғыдан үйренуге  тиісті орындарды пайдаланып  отырған  жөн.  Ал  арнайы  ұйымдастырылатын  қазақ  тілі материалдарын  оқыту  үдерісінде  балалардың  қазақ  тілінде  сөйлеу,  жазу дағдыларын  арттыру  мақсаты  іске  асырылады.  Бұл  мақсатта  балаларға мазмұнды суреттер тарату, белгілі тақырыпқа ауызша әңгіме жоспарын құрату, тірек  сөздер  жиынтығын  бекіткен  соң  өзара  тілдік  қатысымға  түсіру,  тілге үйреніп жатқан топ атынан хат мәтінін құрастыру, телефон,  телеграф, теледидар ойындарын  ойнату,  әр  түрлі  тақырыптық  әңгіме-сұқбат,  саяхат,  мұражай қызметкерлері  туралы  сахналық   қойылымдар  сияқты  әңгіме  әдістер і  арқылыбалалардың  сол  нысандарға  деген  қызығушылығы,  белсенділігі  артады. Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме -  диалог  сөйлеудің  бір  түрі  есебінде  әрі  теориялық,  әрі  практикалық  жұмыс

жүйесі үшін пайдаланылады. 3-4 жастағы балалардың тілдік ерекшеліктерінің бірі–тілдік міндеттердің бұл жаста күрделене берілуі. Өйткені «Баланың өзі лингвистік қабілетке бейім келетін тұсы» деп зерттеуші К. Чуковский бағалаған кезең–осы кезең. 4 жастың аяғына қарай балалардың жеке қабілеттері айқындала бастайды, сөйлеу тілі бір деңгейде  дамып  келе  жатқан  балалардың  өзінде  бір-бірінен  айырмашылықтар

байқалады.  Себебі  балаларға  берілетін  дидактикалық  материал балалардың психикасының  осы  құпия  кезеңінде  өте  әсерлі  болуы  керек.  Оның  бейнелеп, әсемдеп  сөйлеуіне  алғы  шарт  болатын  үлкеннен  естіген  әсерлі  әңгімесі, айналадан  көрген  әсем  табиғат  сұлулығы,  суреттің  таңғажайып  колориті, персонаждардың айқын көңіл-күй, қимыл-әрекеттері –бәрі-бәрі ықпалды болса, бір  баланың  тілін  екіншісінен  артық  етеді.  Бала  өмір  сүретін  әлеуметтік  ортаәсері  оның  қандай  мозаика  сала  алатынын,  қандай  суретті  қабылдап  ой  түйе алатынын  үйрететін  болады.  Зерттеушілердің  айтуынша,  үлкендер  балаларға осы  жаста  мазмұнды,  әсерлі  ынтымақтастық  құра  алса,  баланың  әңгімелеп сөйлеу тілі бірден қалыптасады. Бұл жетістік баланың 5 жасындағы монологты сөйлеуін,  6  жаста  кез  келген  тақырыпқа  әңгіме  құрастыра  алуын  еркін

қамтамасыз  етеді.  Әрине,  бұл  кезеңдер  -  тілі  ана  тілінде  шыға  бастаған

балалардың тілдік дамуының деңгейлік кезеңдері. Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  қазақша  дамыту  алдымен тәрбиеші-педгогтің өз сөзінің мәнеріне, тілінің тазалығына, мәдениетті сөйлеу қабілетіне  байланысты.  Бала  тілінің  дамуына  тікелей  басшылық  жасау үйретушінің өз кәсібіне деген қызығушылығы мол болуы үшін оның теориялық білімі тереңдетіліп отыруы керек. Өкінішке орай, ана тіліміздің даму барысын ғылыми  негізде  сипаттап  жазған  еңбектер бүгінде  шамалы,  ал  суреттер топтамасы енді ғана шығарыла бастады. 4-ке  қараған  балаға  берілетін  тапсырманың  күрделігі  тәрбиешінің  оған көмекке  келуімен  жеңілдетілгенмен,  әр  баланың  жеке  мүмкіндіктері  әр  түрлі болатындықтан,  көптеген  мәселелерді  ескеруге  тура  келеді.  Алғашқы сабақтардың  өзінде  тәрбиеші  балаларды  еркін  түрде  жауап  қатуға  тартады. Оларға өз тұрмысы, жақын адамдарының еңбегі, оларға көмегі жайында айтып берулерін  сұрайды.  Жекелеген  заттарды,  жеке  заттар  салынған  суреттерді

сипаттауға  баулиды,  «сөз»  туралы,  «дыбыс»  туралы  түсініктер  береді.  Сөз ішінен  белгілі  бір  дыбысты  дәл  табуға  үйренеді.  Өлеңдерді мәнерлеп  жатқа айтуы  кезінде  балаларға  түрлі  ойыншықтар  беріліп,  үстелдің  жанына  келіп оларды  сипалап,  қозғалтып  сөйлеулеріне  еркіндік  беріледі.  Балалар  топтағы картиналар топтамалары бойынша әңгіме құрастырады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу