Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 07:16, реферат
Зерттеудің өзектілігі: Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс - әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Білім береті бала – бақшаларда экологиялық білім мен тәрбие мазмұны еңбек арқылы іске асырылады. Қазіргі жағдайда өндіріс табиғата күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетінің балалардың түсінуі қажет.
Кіріспе 3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбиенің міндеттері 5
мен мақсаттары
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім беру 15
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде табиғатқа экскурсияның әдіс ретінде қолданылу жолдары
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде
экскурсияның алатын орны 18
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары
арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары 20
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
- пайдалы
жануарларды қорғау және
- фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар
табиғатқа зиян келтіретін адамдармен
күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды
анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық
тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін
бұзушыларды әшкерлейді.
5.
Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте
жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар:
кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы
білім беретін мектептерде
Қоғам
мүшелері мектептегі жастар ұйымымен
ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық
штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады.
Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.
Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді.Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды. Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты. Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының БАҚ және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі. Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқын бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау – экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылды.
Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы. Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті.
Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады. Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз. «Тіршілік иелерінің өміріне қажетті түғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау - өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету – осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында.
Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді. Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылаулаларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының бақампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі. Табиғатты бейнелеу әдісі – экологиылқ тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады. Тіл дамыту іс-әрекетінде үлкен ерекшелік үлесіне қарай «табиғатты бейнелеу әдісінен» «сөздік әдеби әдісін» өз бетінше бөліп қарауға болады. Сөз белгілі бір формада және деңгейде кез келген іс-әрекетті қолдайды және ол экологиялық тәрбиеде үш маңызды қызмет атқарады. Мәселен, «диалог» түрінде (әңгіме де, пікір алмасуда) үлкен мен баланың қарым-қатынасында табиғат туралы және ондағы адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктердің көрініс табуымен нақтыланады.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім беру.
Экологиялық білім беру – балабақшада үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі. Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты. Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған. Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор. Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі. Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді. Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету. Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады. Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 миллионнан аса оқушылар оқитын республика мектептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуға болады. Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалык, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халыктық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата-аналар, мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлықка алуға баулу.
ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой - өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз.
Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму денгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байқап - көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалык тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.
Экологиялық білім берудің басты міндеттері:
- өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.
- қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.
- қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру.
- табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.
- адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдарымен жеткізу. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай жұмыс түрлерін орындауға болады:
- «Экологиялық соқпақ», «Қызыл кітап», «Жасыл аймақ», «Дәрілік өсімдіктер» орталығын құру, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру.
- үлестірмелі материалдар жинақтау (гербарий, суреттер жинағы, табиғат туралы мақал-мәтелдер т.б.)
- экологиялық тақырып аясындағы бағдарламаны жүзеге асыра білу жолдарын таба білу, басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттерімен сабақтастыру.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде
табиғатқа экскурсияның әдіс ретінде қолданылу жолдары
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде
экскурсияның алатын орны
Экскурсия (лат. excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық. Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғылыми жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т.б. экскурсиялар болады. Экскурсия оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда экскурсия оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық және мектептен тыс экскурсиялар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, қоршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты спектлерді қарастырады.
«Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу»
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мақсаты