Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 07:16, реферат

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі: Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс - әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Білім береті бала – бақшаларда экологиялық білім мен тәрбие мазмұны еңбек арқылы іске асырылады. Қазіргі жағдайда өндіріс табиғата күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетінің балалардың түсінуі қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбиенің міндеттері 5
мен мақсаттары
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім беру 15
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде табиғатқа экскурсияның әдіс ретінде қолданылу жолдары
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде
экскурсияның алатын орны 18
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары
арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары 20
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

кус работа.docx

— 83.83 Кб (Скачать документ)

Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу.

Ал егер республикада мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесін нақтылай сөз етсек, бізде бұл мәселе әлі де болса түбегейлі зерттеле қоймағанын, жете дәйектелмегенін мойындауымызға тура келеді. Дегенмен жекелеген ғалымдардың білім беру, тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерінде баланы  дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдісіндегі орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдірет көзі деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазіргі педагогика саласында мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына еліміздің ғажайып табиғаты арқылы тәлім - тәрбие беру мәселелерімен педагог тәлімгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрменді шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш сынып балаларына тірі табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ғылыми еңбегі осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы ізденушілер, аспиранттар үшін сындарлы дүние. Өйткені бұл еңбек республика көлемінде бастауыш сынып балаларына табиғат жайында түсінік беру мақсатын діттеген, жергілікті табиғат ерекшелігіне сай ана тілінде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы.  Сондай-ақ тәлімгердің алты жасар және төменгі сынып балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі» және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзін қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелері жүйелі қарастырылады. Әдіскердің ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлі әдіс - тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негіздей отырып жүргізуді ұсынады. Білікті ұстаз - ғалымның қай еңбегінде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдісінің негізгі әдісі ретінде объектіні тікелей бақылауға мән беріледі. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететін өте - маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгі жоспарлары мен бағдарламалары негізінде, көп іздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгілі» 1981 жыл диафильмі құнды құрал[?]. Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала  санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбак. Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.

Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндік әшекейлеу әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:

- балалардың  табиғат құбылыстарының өзара  байланысын пайымдай білуі және  себеп-салдарын анықтауы;

- әртүрлі  әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін  пайдалану арқылы мектеп жасына  дейінгі балалардың табиғатты  танып-білуге ұдайы қызығушылығын  қалыптастыру;

- тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.

Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектілерімен және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен, «аспан денелері»  түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал «табиғат құбылыстары» тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.

Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.

Ұлы ойшыл Абай табиғат туралы «Адамды қоршаған ортаның табиғаттың ішкі сырын білім - ғылым арқылы танып білуге болады» деген еді. Ы.Алтынсариннің 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қазақша хрестоматия» деген кітабында: «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» т.б. әңгімелері бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердің табиғатын сүюге, қайырымдылық пен жаңашырлыққа меңзейді.

Адамның эстетикалық сана-сезімінің дамуына әсер ететін, тәрбиелейтін құралдар аз емес, соның ішінде өнердің алатын орны ерекше. Өнер айналадағы болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық сезіміне әсер етеді, жамандықтан жиреніп, әсемдікке еліктеуіне септігін тигізеді. Қызықты өмір болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесін өнер өзіне тән құралдар мен тәсілдер арқылы айшықты бейнелеп береді. Мұның бәрі айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде киноның, теледидар мен радионың, өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдік, Отандық өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбір халықтың ұлттық ерекшелігімен біте қайнасқан әсемдік туралы өзіндік түсінігі, танымы әрқашан сақталып отырады.

Балалардың әсерлі эстетикалык ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі жұмыстар атқарды (М.Балтабаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, Н. Хмель, Е.Асылханов, В.Әлмұханбетов, Ә.Қамақов т.б.). Бірақ та бұл мәселенің аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті мәселелер мен міндеттер жеткілікті.

Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын сын тұрғысынан талдай отырып, жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер салу, т.б.) іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті мәселелердің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас-жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы пән не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін «сұлулық заңдылығына» сәйкес игертуге бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекші іс-әрекеттерінің аясында көмекші рөл атқара ма? — деген сұрақтарға жауап іздеу, нақты тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.

Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді:

1. Көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін саралауды;

2. Мектепке дейінгі жастағы көркемдік іс-әрекеттер барысында игеруге тиісті білім мен дағдылар көлемін белгілеуді;

3. Көркемдік іс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрісін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алуды талап етеді.

Көркем өнер — көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары — бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т.б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды. Мысалы: ересек адам балаға теледидардан хабарды көруге, жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.

Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т.б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т.б.) әшекейлеудік тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.

Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т.б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу, көркемдік талғам өрісін кеңейте түсудің бірден-бір сындарлы жолы.

Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Табиғи обьектілер мен құблыстарды белгілі бір топтарға біріктіру - балалардың шын заттар туралы, олардың болмысы туралы нақты түсініктерін қамтамасыз етеді. Балалардың сәндік-әшекей, ою-ернек жасау әрекеті үрдісінде әртүрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Ойлау белсенділігін артыратын мұндай тәсілдердің бірі -  салыстыру. Ол үшін тәрбиеші белгілі бір логикалық ой туғызатын жүйелі сұрақтар қоя білуі керек. Алдымен бақыланған дүниеге жалпы талдау жасайтын,одан соң өрнектің элементтері, құрылысын, түсін т.б. ажыратуды талап ететін сұрактар қойылады. Салыстырмалы бағалау балаларға кез-келген заттың безендірілу ерекшелігін, сонымен бірге құрылысындағы айырмашылықтарды байқауға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б. бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялык тәрбие меселелерін шешеміз.

Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты: 
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; 
• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; 
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;

Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету. Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады. Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 миллионнан аса оқушылар оқитын республика мектептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады. Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады. Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:

•  өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;

•  табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;

•  мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;

Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр. Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:

1. Ауыл  мектептерінің оқу-тәжірибе алатын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.

2. Мектеп  оқушылары мемлекеттік орман  шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп  отырады. Олардың негізгі атқаратын  жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын  өсіру, ағаштар отырғызу, оларды  күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай  зиянды жәндіктермен күресу.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мақсаты