Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 18:13, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Эмоция (латын тілінен аударғанда, «emovere» - уайымдау, қозу) – индивидтің өзіне әсер ететін факторларды бағалаумен тығыз байланысты қалып. Ол, әдетте, өзінің қажеттілігіне деген қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз немесе уайымдаулар түрінде байқалуы мүмкін. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады.

Содержание

Кіріспе 3
І. ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен ретінде 7
1.2Эмоция және тұлға мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау 13
1.3 Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде 15
1.4 Мотивация теориясын дамытқан ғалымдардың негізгі теориялары..............22
ІІ. ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ диагностикалауды психологиялық-шарттары 28
2.1 Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері 28
2.2 Мотвациялық процесс және еңбек мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары 31
Қорытынды 36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 37

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 97.40 Кб (Скачать документ)

XX ғасырдың 30-шы жылдарынан  бастап тек адамға қатысты  мотивацияның арнайы тұжырымдамалары  пайда бола бастады. Мұндай  тұжырымдамалардың алғашқысын К.  Левин ұсынды. Содан кейін А.  Маслоу, К. Роджерс сияқты гуманистік  психология өкілдерінің еңбектерінде  жариялана бастады. 

Ресейден XX ғасрыдың басында  мотивация мәселесін алғашқылардың  бірі болып көтерген А. Ф. Лазурский. Ол 1906 жылы «Очерк науки о характерах»  еңбегін жариялады. Мұнда тілек  және ұмтылыс, мотивтер күресі мен шешім  қабылдау, шешімдердің тұрақтылығы  және толғаныс импульстерін іштей ұстап  тұруға қабілеттілік мәселелері қарастырылған /8,42б./. Бұл сү\ұрақтар қазіргі  уақытта да өзектілігін жойған жоқ.

Ұмтылыс, тілек және «қалау»  мәселелерінің ерік және еріктік  актімен байланысы жөнінде өз еңбектерінде көрнекті психолог Н. Н. Ланге (1914) баяндайды. Ол «қалау» - бұл әрекеттегі ерік деп көрсетті .

XX ғасырдың 20 жылдары мотивация  мәселесін В. М. Боровский, Н.  Ю Войтонис те биологизаторлық  тұрғыдан түсіндіреді /10;11/.

Л. С. Выготский де адам мінез-құлқының мотивациясы мен детерминациясы мәселесін назарынан тыс қалдырмады. Ол «Педология подростка» атты  оқу  құралында қызығушылықтың мәніне және оның жеткіншектік кезеңдегі өзгерістеріне  арнайы үлкен тарау арнайды.  Л. С. Выготский ұмтылыс пен қызығушылықтың сәйкестігі мәселесі бала мінез-құлқының және қызығушылығының  эволюциясымен  шартталатын жасөспірімнің психикалық дамуының кілті деп санады .

Баланың психикалық дамуындағы с-әрекеттің ролі қазіргі уақытта  көптеген зерттеулермен дәлелденген (Л. В. Занков, А. А. Смирнов, В. В. Давыдов, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская, П. Я. Гальперин, Г. С. Гостюк, Л. В. Скрипченко, З. М. Истомина, Д. Б. Эльконин, Н. Ф. Талызина)

«Жоғарғы психикалық функциялар дамуының тарихы» - атты еңбегінде Л. С. Выготский «Мотивтер күресі»  мәселесіне көп көңіл бөледі.Ол алғашқылардың бірі болып мотив пен стимулды бөліп қарастырып, ерікті мотивация туралы айтады.

1940-жылдары мотивацияны  «ұстанымдар теориясы» тұрғысынан  Д. Н. Узназде қарастырып, белсенділік  көзі нақ қазір жоқ, бірақ  ағзаға қажетті қажеттілік деп  түсіндіреді.

Ең алғашқы рет «мотивация»  сөзін А. Шопенгауэр «Четыре принципа досточной причины» мақаласында  қолданды. Онда мотивация-психологиялық  іс-әрекеттің себебі мен оларды бағындыру  жолдары деп қарастырады.  Қазіргі  таңда мотивация психологиялық  құбылыс ретінде әртүрлі түсіндіріледі. Бір жағдайларда – факторлар  жиынтығы бағыттаушы және қолданушы  мінез – құлықты  анықтап беретін , келесі жағдайда – мотивтер жиынтығы ретінде қарастырылады, ал үшінші жағынан  – ағзаның белсенділігі тудыратын  және оның бағыттылығы іздену деп  қарастырады. Сонымен қоса, мотивацияны  нақты іс-әрекетті психикалық реттейтін  үрдіс ретінде қарастырады, қозғалыс мотиві үрдісі ретінде және механизм ретінде қарайды, іс-әрекеттің нақты  формаларының тәсілдерін және бағытталғандығының т. б. анықтайды, іс-әрекетпен талаптануға жауап беретін үрдістер жүйесінің жиынтығы ретінде де қаралады .

Мотивация қажеттілікпен өте тығыз байланысты. Оның себебін Абрахам Маслоу өте дәл тауып жазған еді. Себебі, оның айтуы бойынша мысалы, бір қажеттілік өтелме се, мотивация жүзеге аспауы мүмкін. Оның айтуы бойынша биологиялық қажеттіліктерге қарны ашу, шөлдеу, ауруды сезіну, ұйқысы келу т. б. жатады. Соған орай оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастыруда ең алдымен ең алдымен физиологиялық қажеттіліктер өтелуі тиіс деп ой түюге болады. Себебі қарның ашып тұрса, немесе шөлдеп тұрсаң, оқушының оқуға мотиві түгел тілек-ниеті болмас еді.

Адамның өз белсенділігі оның дамуының , өмірінің барлық мезгілінде , барлық кезеңінде шешуші фактор болып  табылады. Бұл жөнінде Л. В. Кузнецова  былай деп атап көрсетеді: «Белсенділік баланың өзін қоршаған ортамен өзара  әрекетіне кең мүмкіндікті қамтамасыз етеді, өсіп келе жатқан жанды заттың өмірлік талаптарын қанағаттандырудың  қажетті жағдайы болып саналады, ағзаның ортамен теңгерілуінің  барлық механизмдерінің пайда болу жағдайы болып табылады. Алайда, бала тек ағза ретінде ғана емес, сондай-ақ жеке бас ретінде де дамуы  үшін, әлжуаз нәрестеден қаіргі қоғамның толыққанды мүшесіне айналуы үшін, оның белсенділігін ересектер, жетілген адамдар басқаруы тиіс. Дені сау  ағзаға тән белсенділік саналы адамдық іс-әрекетке айналуы тиіс» .

Бұл табиғи белсенділіктің  адамның саналы іс-әрекетіне айналуы  өзінен-өзі немесе сыртқы әсермен  бола қалмайды , бала өмірінің алғашқы  күнінен – ақ әзірленіледі, бағытталынады, әдетке айналындырады және ересек адамдар  тексеріп отырады.  Бұл әрекеттерге  баланы ересек адам әдейі үйретеді, не оның өзі еліктеу жолымен оларды меңгереді. Олар біртіндеп сәйкестендірілген, ұйымдасқан сипатқа ие болады, күрделі  де байланыста бола түседі. Осылай адамдық  қызметтердің бастамасы :ееңбектк, ойындық, бейнелеушілік, оқу іс-әрекеттері пайда  болады. Осыған орай К. Д. Ушинский бала табиғатының негізгі заңы бала іс-әрекетті қажет ететіндігінде деп көрсетеді.

А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет пен әрекетке тәуелсіз , іс-әрекеттің  артында тұрған, қажеттіліктердің қанағаттануына тәуелді, белгілі бір эмоциялармен байланысты деген нұсқауы өте  маңызды /68, 102б/. Бұл адамның сол  іс-әрекеттен қанағат алуына орай, оның эмоционалдық , сезімдік, өзіне  сенімділігі, белсенділігі т. б. қасиеттерінің  дамуы жүзеге асатынын көрсетеді.

Адамның іс-әректінде биологиялық  және әлеуметтік шынайы нағыз бірлестік  өріс табады. Белсенділіктің тегі биологиялық, бірақ ол ересек адамның әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетімен «мәдениет-тендірілмейінше», яғни «әлеуметтендірілмейінше» , баланың  жеке бас ретінде дамуына әсер ете алмайды. Тек ойын, оқу, спорт, еңбек , қоғамдық іс-әрекетте өз мәтінін  таба білсе ғана баланың белсенділігін  оның дамуының маңызды факторына  айналады.  Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзіледі. Әрекеттің операцияға айналуы туралы А. Н. Леонтьев былай деп жазады: «Әрекеттің мақсаты оның орындалуының шарты ретінде келесі әрекетке кіргенде, бірінші әрекет екіншінің жүзеге асыру тәсіліне, саналы операцияға айналады» .

Баланың алты, жеті жастан кейінгі  жетекші іс-әрекеті оқу болып  есептеледі. Дегенмен, олар үшін ойын іс-әрекеті  әлі де өз маңызын жоймайды. Сол  үшін ересектер бала сабаққа дұрыс  дайындалса  оған ойнауға рұқсат береміз деп айтуы мүмкін. Бұл  жағдайда балада оқушының өз міндетін орындауы, жақсы баға алу-түсінілетін  мотив , және реалды әрекетті мотив  – сүйікті ойнын ойнау тілегі болады. Яғни, сабаққа дайындалу  әзірше ол үшін әрекет , ал іс-әрекет ойын болып  саналады. Бірақ, кей жағдайда сабаққа дайндалу оқушы үшін қызықты  болуы мүмкін, яғни түсінілетін мотив  реалды мотивке айналады, сабаққа  дайындалу әрекеттен іс - әрекетке айналады. Бұл туралы А. Н. Леонтьев былай деп жазды: «Жалпы тәрбие өнерінің мәні «түсінілетін мотивтер» және «реалды  әрекетті мотивтердң» дұрыс сәйкестігін  жасауда , сонымен бірге іс-әрекеттің  табысты нәтижелеріне уақытында  көңіл бөлу , сол арқылы жеке тұлғаның өмірін басқаратын жоғары типті реалды мотивтерге ауысуды қамтамасыз етуде  емес пе екен?».Оқушы есейген сайын, оның жеке бас ретіндегі қалыптасуында  қоғамдық-еңбектік іс-әрекет соғұрлым зор роль атқара бастайды. Яғни, А. Н. Леонтьевтің сөзімен аййтсақ  «адам дамуының қозғаушы күші негізгі  іс-әрекеттің ауысуымен анықталады»  .

 

 

1.4 Мотивация теориясын дамытқан ғалымдардың негізгі теориялары

 

Мотивацияның мазмұндық  теориялары бірінші кезекте адамдарды  әрекетке итермелейтін қажеттіліктерді  анықтауға бағытталыған. Мотивацияның қазіргі заманғы тұжырымдамаларының ең негізін қалаушылардың ішінен үш адамды атап айтуға болады. Олар: Абрахам  Маслоу, Фредерик Герцберг және Дәвид  МакКлелланд.

Маслоудың қажеттілік теориясы (иерархиясы)

Американ психологы Абрахам  Маслоу жасап шығарған кең танымал  және кең түрде қолданылатын қажеттіліктер  теориясы мына негізгі идеялардан және алғышарттардан тұрады:

Адамдар үнемі белгілі  бір қажеттіліктерді сезінеді;

Адамдар қатты сезілетін  қажеттіліктердің жиынтығын байқайды; ол қажеттіліктер бөлек топтарға бірігуі мүмкін;

Қажеттіліктер топтары бір  – бірімен иерархиялық қатынаста  орналасады;

Қажеттіліктер қанағаттанбаған  жағдайда олар адамдарды белгілі  бір іс – әрекеттерге итермелейді;

Егер де бір қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнына қанағаттандырылмаған басқа қажеттілік пайда болады;

Жоғары деңгейдегі қажеттіліктер  төменгі деңгейдегі қажеттіліктер  жалпы түрде қанағаттандырылған соң белсенді түрде адамға әсер ете  бастайды;

Жоғары деңгейдегі қажеттіліктер  төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге  қарағанда  амалдардың көп мөлшерімен қанағаттандырылуы мүмкін;

Маслоудың теориясы бойынша  қажеттіліктерді бес топқа бөлуге болады:

Физиологиялық қажеттіліктер.Тамақ,демалыс,баспана  және т.б.Оларды  қанағаттандырудың  негізгі құралдарының бірі- ақша, жоғары  еңбекақы  болып  табылады. Бұл  ең негізгі қажеттіліктер, себебі олар өмір сүруге қажет. Бұған тамақ ішуге, суға, ауаға, ұйқы, тыныштық қажеттіліктерін  жатқызуға болады. Кейбір қоғамдарда бұл қажеттіліктер жеткіліксіз  түрде, ал индустриалды дамыған елдердеге  тұрғындардың бөлігі осы қажеттіліктерін  қанағаттандыруы туралы көп абыржымайды. Осы қажеттіліктер қанағаттандырылған кезде олар енді негізгі мотиватор  ролін жоғалтады да, адам өзінің назарын басқа қажеттіліктерге  аударады. Осылайша,  негізгі  физиологиялық  қажеттіліктерді  қанағаттандырудың  негізгі  құралдары-бұл  материалдық  ынталандырулар:еңбекақы,әлеуметтік  игілік.

Қауіпсіздік және болашаққа  деген сенім қажеттілігі. (өмірді,денсаулықты  сақтау,  ертеңгі  күнге  және  зейнетақымен  қамтамасыз  етуге  деген  сенімділік  және т.б.)Ал бұл  топқа қоршаған ортадағы физикалық  және психологиялық қауіптерден  қорғану және физиологиялық қажеттіліктер  болшақта қанағаттандырылуына сенім  жатады. Маслоу қауіпсіздік дегенде  тек жауға қарсы тұру ғана емес, сонымен қатар ауа райының  жағымсыз салдарынан қорғану, киі, техникалық құрал – жабдықтармен, транспортқа  байланысты, өрт, су тасқыны т. б. қауіптерде қорғануды жатқызады.   Ал психологиялық  қажеттіліктер де өте маңызды  мотиваторлар болып табылады. Психологиялық  қажеттіліктерге болашақта адамдардың зейнетақы алуына сенім, медициналық  сақтандыру және жұмыссыздыққа берілетін  жәрдемақылар жатады.

 

3.2.  МакКлелландтың қажеттілік  теориясы.

  Д.МакКлелланд  иеленген  қажеттіліктер  теориясын   ұсынады.  Онда  ол  қажеттіліктердің  үш  денгейін  бөліп  көрсетеді: 

- табыс;

- билік;

- қатыстылық;

   К. Альдерфердің ERGтұжырымдамасы   басқаларға қарағанда жаңа болып   табылады.  Ол өмір қажеттіліктерін   Маслоу пирамидасын  төменгі   екі  сатысына  сәйкес  түренді   келтіреді; байланыс  қажеттіліктерін   қарым – қатынас  жасаудан, мойындаудан, қолдау  көрсетуден, топ қауіпсіздігінен  тұратын,  пирамиданың үшінші  сатысына, сонымен   қатар  жарым-жартылай екінші, төртінші  сатыларға  ұқсас   етіп  келтіреді; адамның  мойындауға  және  өзінің  тұжырымдауға  ұмтылуы   негізінен  Маслоу  пирамидасының   жоғары  екі  сатысына  парапар   келетін  өсу қажеттіліктерін   келтіреді.

  МакКлелландтың қажеттілік  теориясы адамның қызметке деген  мотивациясын анықтайтын кең  таралған қажеттіліктер концепциясы  болып табылады. Ол жоғарғы деңгейдегі  қажеттіліктерге арқа сүйенеді. МакКлелландтың пікірінше, адамдарда  басты үш қажеттілік болады: билікке  ұмтылу, жетістікке жету және қатысушылық. МакКлелландтың идеяларына сәйкес,  бұл қажеттіліктер қатты сезілетін жағдайда олар адамдардың жүріс – тұрысына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар олар осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қандай да бір әрекет жасауға мәжбүрлейді.

Билікке ұмтылу қажеттілігі  басқа адамдарға үстемдік етуге  тырысудан көрінеді. Мұндай адамдар  батыл, әрі өз көзқарасына берік  болады. Олар өте шешен және басқалардың  көңілін аударылуын талап етеді.

    Жетістікке жету  – қажеттілігі табысқа жетуден  ғана емес, жұмысты табсты аяқтауға, талпыныстан көрінеді. Бұлар өз  табыстарын жария етуге тырысады  және нақты бағалануын талп  етеді. 

    Қатысушылық қажеттілігі  – Маслоу теориясына ұқсас.  Мұндай адамдар достық қатынастар  орнатуды әлеуметтік қарым –  қатынас жасауға, басқаларға көрсетуге  талпыныс үстінде болады. 

 

Герцбергтің қос факторы  теориясы

ΧΧ ғасырдың 50 – 60 ж. ж. Фредерик Герцберг өзінің серіктестерімен бірге  мотивациянвың адамдардың жүріс  – тұрысына, қанағаттанушылығына  немесе қанағаттанбаушылығына қандай әсер ететіні туралы зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында ол өте ірі  фирманың 200 инженерлері мен кеңсе  қызметкерлерінің төмендегі сұрақтарға жауап беруін өтінді:

1. Қашан өзіңізді қызметтегі  міндеттеріңіз орындалғаннан кейін  өте жақсы сезінесіз?

Қашан өзіңізді қызметтегі міндеттеріңіз орындалғаннан кейін  нашар сезінесіз?

Ф.Герцберг  өмірде  тек  қанағаттану  ғана  емес,  сонымен  бірге  кейбір  қажеттіліктердің  қанағаттандырылмауы  да  адамның  іс-  әрекетіне  ықпал  ететінін  көрсетті.  Б

Осы зерттеулердің негізінде  оның жасаған қорытындысы өзіндік  ерекше болып шықты. Герцбергтің  қорытындысы бойынша, алынған жауаптарды екі категорияларға бөлуге болады:

Біріншісі – «гигиеналық  факторлар»;

Екіншісі – «мотивациялар» деген.

Гигиеналық факторлар  – істелетін жұмыс қоршаған ортамен  байланысты.(жалақы,  сыйақы,  ішкі  ортаның  жағдайы  және  т.б.)

Мотивация – жұмыстың мәні мен сипатына байланысты  (мойындауға,  табысқа,  шығармащылық  өсуге,  жұмыс  бабынада  жылжыуға  және  т.б.)

Информация о работе Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері