Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 18:13, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Эмоция (латын тілінен аударғанда, «emovere» - уайымдау, қозу) – индивидтің өзіне әсер ететін факторларды бағалаумен тығыз байланысты қалып. Ол, әдетте, өзінің қажеттілігіне деген қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз немесе уайымдаулар түрінде байқалуы мүмкін. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады.

Содержание

Кіріспе 3
І. ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен ретінде 7
1.2Эмоция және тұлға мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау 13
1.3 Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде 15
1.4 Мотивация теориясын дамытқан ғалымдардың негізгі теориялары..............22
ІІ. ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ диагностикалауды психологиялық-шарттары 28
2.1 Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері 28
2.2 Мотвациялық процесс және еңбек мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары 31
Қорытынды 36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 37

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 97.40 Кб (Скачать документ)

4. Жаушылық – агрессияның негізі ретінде анықталады.

Жалпы осы сипаттамаларға сүйене отырып мынандай қорытындыға келеміз: «Адам мінез-құлқының әр түрлі жағын  эмоциялар арқылы көреді екенбіз». Ал эмоция дегеніміз не? Оған анықтама бермес бұрын бірнеше теорияларға тоқталамыз.

Фрейдтің психоаналитикалық  теориялары психология тарихында және мінез-құлық ғылымында белгілі бір себептерге байланысты  үлкен роль алып отыр. Фрейд санасыздық, түс динамикалығын сақтау мезанизмдері санасының дамуы, қысылу, көтерілу, тұрақтылық, өзгергіштік, балалар сексуалдығы сияқты эвристикалық концепцияларды шығарды. Мұның барлығы аффект (эмоция) концепциясы болып табылады.

Фрейдтің инстинктік қызығушылық  теориясы мотивацияның классикалық  психоланалитикалық теориясының  ядросы болып табылады. Сөйтіп Фрейд: «аффект немесе эмоция психикалық өмірде  тек қана қозғаушы күш болып табылады». Сонымен қатар, ол кейінгі еңбектерінде: «аффект немесе эмоцияны адам психикасына фантазияны және тілекті итеруші күш ретіндегі интропсихикалық фактор» деп атап көрсетеді.

Психоаналитикалық теорияларды  анықтай отырып, Рапапорт  - инстинктік қызығуды немесе мотивті  интропсихикалық  күш ретінде анықтайды.

Түрлі теорияларға сүйене отырып, эмоция механизмі туралы келесі түсініктерді береді: Сөйтіп, қабылданған  обьект танылмаған  инстинкті энергияны  мобилизациялау  инициаторы болып  табылады деп  атап көрсетеді, егерде осы  энергияның шығуына  ашық жолдар болмаса, (яғни, бұл инстинктивті  талаптың конфликті болу жағдайлары) онда ол басқа канал арқылы жол  тауып, түрлі әрекеттерге әкеліп соғады. Осының әсерінен «эмоционалды түр» немесе  эмоционалды сезім  – симультанды немесе бірінен  кейін  бірі немесе жалғыз иекті  болуы мүмкін. Біздің қоғамда инстинктің пайда болуының  ашық жолдарының сирек болуына байланысты,  түрлі  интенсивті эмоционалды разряд жиі болып тұрады.  Сондықтан да біздің психикалық өмірімізде  «инстинкті эмоциялардан» басқа  (бірден көтерілу,  қорқыныш және т.с.с.) түгелдей эмоционалдық пайда болу иерархиясы бар (яғни, конвенционалдыққа, интелектуалдыққа негізделген).

Эмоция туралы, Рапапорт: «Аффект сигналдар жиынтығы секілді  шындықты танудың  ойлау механизмі»:

Джон Боулби: «Үйреніп қалғанннан басқа өте күшті сезіммен шығарылатын мінез-құлық жоқ (нет поведения сопроваждающегося более сильным чувством  чем привязанность)» - деп көрсеткен.

Сонымен, эмоцияның толық  анықтамасын беру үшін біз үш  аспектіге  тоқталып өтеміз:

а) Эмоцияны сезіну;

ә) Жүйке, эндокринді, тыныс  және организмнің  тағы басқа жүйелерінде болып жатқан процестер;

б) Бақылауға берілетін эмоциялық комплекстер, дәлірек айтсақ, түс арқылы белгіленетіндігі.

Сөйтіп, Шахер берген анықтама бойынша, эмоция дегеніміз, физиологияны қоздыру функциясымен біріккен  функция оның бағасы және субьектінің сол жағдайға қатынасы. Бұл эмоцияның когнитивті  теориясымен байланысты.

Ал Лазарус, Авериль оқиғаларға, өмір жағдайларына адамның берген бағасын танымдық процестерден пайда болған құбылыс деп суреттейді, ал Арнольд болса бағаны  интуитивті  автоматтандырыланған  процесс ретінде анықтайды. Томкинс бұл проблеманы неврологиялық дәрежеде қарастыра отырып,  эмоция нейронды  стимуляцияның өзгеруімен бірге пайда болады деп көрсетеді.

Сонымен, мінез-құлық - психологиялық  дәстүрлерде кеңінен қолданылатын жалпы термин. Биховиористер  бұл  терминді бақыланып отырған реакцияның  мәнін ашуға қолданды., бірақ көптеген ғалымдар оны кез-келген  организмдік  функциялар ретінде (аффективтік, когнитивтік  немесе қозғалыс) анықтауда қолданды.

Осыған байланысты, эмоция мінез-құлық ретінде  қарастырылған  жоқ, ол мінез-құлық негізінде жататын  феномен ретінде қарастырылды.

Әрбір адам басқа адамдардан өзінің  даралық еркшелігімен ерекшеленеді. Ол даралық өзгешелік мінез болып  табылады. «Мінез» деген психологиялық  қасиеттің төркіні гректің  «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі –  із қалдыру.  Сондықтан да, мінез  дегеніміз әрбір адамның   жеке басына тән өзіндік  психологиялық  қасиеттерімен  ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам мінезінің даралық еркшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – еретедегі  грек философы  Теофраст (б.э.д. ІҮ-ІІІ  ғ.ғ.). Бірақ ол мінезді адамның  адамгершілік санасына тән қасиет  дейді.

Лабюерде (ХҮІІІ ғ.) «Теофраст  мінездері» деген еңбегінде мінезді  осы мағынада қолданған. ХІХ ғасырда  француз ғалымы А.Бен мінезді  тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады.

Т.Рибо мінезді  сезім  мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі, әрі педагог П.Ф.Лесгафт  ерік қасиеті дейді.

И.Кант (ХҮІІІ ғ.) мінезді  темпераментпен салыстыра отырып, оны  адамға жүре пайда болатын  қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның  даралық қасиеттеріндегі  туа  пайда болатын ерекшеліктер  мен  жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.

Т.Рибо мінезді адамда туа  пайда болатын  икемделу десе,  ал Малапер, Фулье және тағы басқалары  мінездің туа пайда болуымен қатар  жүре пайда болатын ерекшеліктері  де  бар дейді.

Полан мінездің барлық сипаттары  адамның  тіршілік жағдайымен байланысты деген  пікір айтады.  Сонымен, мінез жөніндегі мұндай екі түрлі  көзқарас қазірге дейін өзара  талас-тартыс туғызып келеді, әйтседе  мінез адамның жүре пайда болатын  фенотипті ерекшелігі.

К.Рубин айтуы бойынша  «баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы  өзара интроиндивидуалды  және макрожүйелі  күйі әрекетімен  реттеледі. Интроиндивидуалды  күштер негізінде тума физиологиялық  процесстерге жататаны темперамент  ерекшеліктері арқылы қарастырылаы».

Адамдар түрлі іс-әрекеттермен айналысады, осы іс-әрекеттермен айналысу барысында  оларды белгілі бір  мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтың басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық  теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептер мен факторларды талдау.  Мотивациялық теориялардың көбінде  мінез-құлық белсенділігінің  3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез-құлық  жекелік және ситуациялы деп аталатын  екі фактор әрекетінің нәтижесі:

1. Жекелік фактор –  жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, дағды,  бағыттылық);

2. Ситуациялы фактор –  сыртқы, яғни, адамның айналасындағы   жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы,  бағасы, қатынасы,  физикалық жағдайлары  және т.с.с.).

Адам мінез-құлқының себептері  американ  психологтары Эдвард, Лиси, Ричард  және Руян «өзіндік детерминация және ішкі мотивация» теорияларымен  түсіндіреді.  Ол бойынша мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтың да екі типі бар:

1. Сыртқы мотивация және  оған сай  мотиві немесе  себебі бар мінез-құлық;

2. Ішкі мотивация және  оған сай мотиві бар  немесе  себебі бар мінез-құлық. 

 

 

Сыртқы мотивацияның әсері

Ішкі мотивацияның әсері

Іс - әрекет ұзақтығына байланысты ағым.

Сыртқы себебі бар мінез-құлық  сыртқы күш кеткеннен кейін тоқтап қалады.

Ішкі себебі бар мінез-құлық оған  пайда болуына әсер ететін  заттар жоқ болып кетсе де,  біраз уақыт созылуы мүмкін.

Зерттелушілер біршама жай  тапсырмаларды тыңдайды, бірақ оны  тек қана керек кезде ғана орындайды.

Біршама қиын тапсырмаларды таңдайды.

Іс - әрекет алгоритмизациясының  дәрежелері

Канитивтілікке  жағымсыз әсер қалдырады. Алгоритмдік әдістерді  талап ететін  іс - әрекеттердің орындалуын  жеңілдетеді. Эвристикалық мәселелердің шешілу  жылдамдығының сапасын  төмендетеді.

Канитивтілікке жағымды  әсер қалдырады. Эвристикалық әдістерді  талар ететін  іс - әрекеттердің орындалуын  жеңілдетеді.

Креативтілік

Креативтілікті күшейтеді. Спонталдылықты  төмендетеді.

Креативтілікке мүмкіндік  береді.

Эмоция

Басқалармен өзара әрекет кезінде  жағымсыз эмоцияларда пайда  болады.

Қызығу эмоциялары пайда  болады, қуанышты қозу туады  т.с.с.

Мектептегі оқу

 

Ішкі мотивация кезінде  мектеп бағдарламаларын  нәтижелі игереді және теориялық мәліметтерді игеруде  жоғары дәрежеге ие болады, мемоникалық процесстердің сапасының  жақсаруы байқалады.

Өзін сыйлау

 

Ішкі мотивацияның болуы  өзіндік бағалауын жоғарылатады.




 

Жоғары психикалық жағдай (қуаныш, мазасыздық, таңқалушылық) немесе төменгі психикалық жағдай (өкіну, көңілсіздік  т.б.) үйлесімсіз жағдайларға жатады.

Сонымен «үйлеспеушілік», «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты екен. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары үйлеспеушілікті (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі бір  көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді екен.

1.2.Эмоция  және тұлға мәселелерін теориялық  тұрғыдан қарау

 

Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде, педагогика мен клиникада, шығармашылықта және адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Адамдардың эмоцияларының негізінің  зерттелуі психологиялық-педагогикалық  тұрғыда маңызды, өйткені өсіп келе жатқанұрпақтың тәрбиесі балаларға  тек білімдердің, іскерліктер мен  дағдылардың нақты жүйесін оқытуды  ғана емес, сонымен қатар, олардың  айналасындағы ақиқатқа және адамдарға  нақты эмоционалды қатынасты  қалыптастыруды болжайды.

В.К.Вилюнас эмоцияларды  жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі  ретінде қарастырды. Автордың ойынша эмоционалды құбылыстың құрылымы бір  жағынан – қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан – эмоционалды  күйзелістердің өзінен тұрады деп есептеген.

Эмоцияларды теориялық мәселелеріне Л.С.Выгодский көп көңіл бөлген. Ол эмоцияларды ойлаудың субъектінің  сезімдік-заттық іс-әрекетімен байланысының ішкі, психологиялық механизмі ретінде  қарастырды. Олар ағзаның енжар күйі емес оны белсендікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын  оятады және реттейді. П.Я.Якобсон өз уақытында сезімдер, көңіл-күй, аффектілер мен эмоциялар сияқты эмоционалды  үрдістерді эмоционалды өмірмен  байланыстырды. Адамда нақты заттардың  немесе құбылыстардың шеңберіне  арналған эмоционалды қатынас сезімі ең негізгі сыңары болып табылады.

А.Г.Ковалев сезімдерге жеке тұлғаның нақты заттық бағдарға ие тұрақты қатынастарын, яғни махаббат және жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім – тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция – сезімнің көрінетін үрдісі. Сонымен, сезімдер – нақты жағдайлардың жалпылану  нәтижесі ретінде онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.

Өмір сүру барысында адамның  эмоциялары мен сезімдері күрделеніп және жіктеліп дамудың ұзақ жолынан  өтеді. Адамның эмоционалды аймағында  төмендегідей негізгі жағымды өзгерістер болады:

  1. Жақсы мен жаманға барабар эмоционалды реакциялардың пайда болуы;
  2. Жаманға мойынсынбауы;
  3. Қоршаған өмірдің құбылыстарының кең шеңберіне дауыс беру іскерлігі сияқты эмоционалды қабілеттіліктің өсуі.

Эмоциялардың дамуы субъектінің  іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы, оның қоршаған адамдармен өзара қатынастарының сипатына, оның нақты қоғамдық құндылықтар  мен талаптарды меңгеруіне, мінез-құлықтың ережелерін меңгеруіне байланысты.

А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович  эмоциялардың дамуы мінез-құлық  мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарың пайда болуымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен авторлар өздерінің зерттеулерінде мінез-құлықтың жаңа мотивтерінің қалыптасуы барысында  баланың эмоционалды көріністерінің сипаты біршама өзгереді деген қорытындыға  келді.

Я.Рейковский эмоциялар адамның  әрекеттерін реттейді деп есептейді, яғни, эмоционалды үрдістердің дұрыс  жүрмеуі – психикалық ауытқулардың бастамасы болып табылады.

Эмоциялар психикалық үрдістермен, атап айтқанда, ойлаумен, еспен, қабылдаумен, қиялмен т.б. тығыз байланысты. Адамның  ойлауы эмоционалды компоненттерді қамтиды. Алайда, психологтар интеллектуалды және эмоционалды аймақты бөліп  қарастыруда.

О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген. Ол лабораториялық үлгілерде ойлау  тапсырмаларын шешу барысында пайда  болатын эмоциялардың пайда болу жағдайларын және қызметтерін шешуді ұсынған.

Соңғы жылдарда эмоциялардың саласына қатысты білімдер ұдайы  өсуде. Бұл білімдер әр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық  мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияныңұдайы өсуде. Бұл білімдер әр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық  мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияның өкілдері эмоцияларды вербальды емес қарым-қатынас  ретінде зерттеді. Тұлға психологиясы эмоциялардың басқа мотивациялы  құрылымдармен байланыса алатын жолдарын көрсетіп, аффектілі күйлердің  тұлғаның қызмет етуімен байланысы  жайлы біздің білімдерімізді толықтыра  түсті. Сонымен бұл мәселе психологияда бүгінгі таңда кеңінен жан-жақты  қаралып жатыр деуге болады,  бірақ қазіргі кезеңдегі біздің қоғамымызды әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың  өзгеруімен байланысты эмоция мәселесін  кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі  талап етілуде. 

Информация о работе Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері