Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 18:13, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Эмоция (латын тілінен аударғанда, «emovere» - уайымдау, қозу) – индивидтің өзіне әсер ететін факторларды бағалаумен тығыз байланысты қалып. Ол, әдетте, өзінің қажеттілігіне деген қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз немесе уайымдаулар түрінде байқалуы мүмкін. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады.

Содержание

Кіріспе 3
І. ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен ретінде 7
1.2Эмоция және тұлға мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау 13
1.3 Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде 15
1.4 Мотивация теориясын дамытқан ғалымдардың негізгі теориялары..............22
ІІ. ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ диагностикалауды психологиялық-шарттары 28
2.1 Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері 28
2.2 Мотвациялық процесс және еңбек мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары 31
Қорытынды 36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 37

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 97.40 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

Кіріспе 3

І. ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ  МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ  ТЕОРИЯСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ  НЕГІЗДЕРІ 7

1.1 Эмоция – мінез – құлық негізіне  жататын    феномен ретінде 7

1.2Эмоция және тұлға мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау 13

1.3 Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде 15

1.4 Мотивация теориясын  дамытқан ғалымдардың негізгі  теориялары..............22

ІІ. ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ  МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ диагностикалауды психологиялық-шарттары 28

2.1 Эмоциялық жағдайлар психологиялық  шарттардың ерекшеліктері 28

2.2 Мотвациялық процесс және  еңбек  мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары 31

Қорытынды 36

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 37

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың  өзектілігі: Эмоция (латын тілінен аударғанда, «emovere» - уайымдау, қозу) – индивидтің өзіне әсер ететін факторларды бағалаумен тығыз байланысты қалып. Ол, әдетте, өзінің қажеттілігіне деген қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз немесе уайымдаулар түрінде байқалуы мүмкін. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда. Эмоцияның әсерінен адам өзінің ішкі сезімдерін немесе оның сезімдерінің мәнін түсіне бастайды. Күшті, бірақ аз уақыттық эмоцияны аффект деп атайды. Ал терең әрі тұрақтыны сезім деп атайды. Эмоция – бұл психикалық процесс, әрекетті импульсивті қалыптастыратын негізгі сезім бейнесінің қажеттілігінің сыртқы әрекетінің мәні. Индивидке сыртқы жағдайлардың жағымды және жағымсыз әсер етуі.

И. П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты. Сондықтан  да эмоцияның белгілі түрде биологиялық  және әлеуметтік мәні бар.

Эмоция организмнің эволюцияда жақсы адаптациялану нәтижесінде  пайда болды. Эмоция - әр уақытта  қосвалентті (екі полюсі бар). Олар: жағымды және жағымсыз. Жеке заттар құрылымы және жағдайлардың маңыздылығы  эмоцияны тудыра отырып, организмге сай  келетін әректтерге бағыттайды.

Эмоция түйсік сияқты психиканың негізгі құрылысы. Егер түйсікті материалды жағынан бейнелесе, ал эмоцияда әртүрлі  жағдайларда субъективті қарым-қатынаста  болады.

Эмоциялар ішкі белгілердің  функциясын атқарады, ал олар заттық іс-әрекеттің  тікелей психикалық бейнесі болып  табылмайды. Мотивтер және жетістіктер  арасындағы қатынастарды бейнелеу эмоциялардың ерекшелігінен тұрады. Сонымен қатар  бұл жерде осы қатынастардың  рефлекциясы жайлы емес, олардың  тікелей сезімдік бейнеленуі, күйзелістері жайлы сөз болып тұр. Сөйтіп, олар мотивтің актуалдануынан есебін және субьектінің өзінің іс-әрекетін бағалауына дейін пайда болды.

Сыртқы жағдайлардың әсерінен импульстер миға екі ағынмен әсер етеді. Оның бірі ми қыртысының өзіне  сай зонасына бағытталып, осы импульстер қабылданып, оны түйсіну мен қабылдау ретінде қабылданады. Екінші ағын оларды мидың қыртысастылық қабатына (гипоталамус) алып барып, артынша оларды субъективті  эмоция түрінде орындауға мүмкіндік  береді.

   Мотивация отандық  және шет елдік психологиясындағы  іргелі проблемалардың бірі болып  табылады.Қазіргі күнгі психологиядағы  зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін , мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс-әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде, ең алдымен оларды осындай байланысқа итермелеген, түрткілер жайлы және де олар алдына азды көпті мөдшердесаналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды» Ең жалпы түрде түрткі-бұл адамды осы түрткімен  анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекеткеитермелеуші, ынталандырушы , анықтаушы.

Мотивация проблемасының  күрделігі мен көп аспектілі  оның мәнін, табиғатын, құрылымын түсінуде және де оны әр тұрғыдан зертеу әдістерінің  көп болуымен шарталады(Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, М.Аргайл, В.Г.Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И. Божовивич, К.Левин, А. Мослау, Ж.Нюттен, З.Фрейд , П.Фресс, П.М.Якбсон және т.б) Отандық психологияда мотивациялық аясын зерттеуді анықтаушы негізгі  әдіснамалық принцип мотивацияның динамикалық пен мазмұндық-мағыналық  жақтарының бірлігі жайлы ереже  болып табылады. Осы принцпті белсенді жетілдіру адамның қатынастар жүйесі мән мен мағына арақатынасы, түрткілер  ықпалдасуы жәнеолардың мәндік контексі, тұлға бағыттылығы мен мінез  –құлық динамикасы, іс-әрекеттегі бағдар сияқты т.б. проблемаларды зерттеумен байланысты.

Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі – мотивтер. Олар дидактикалық  процестің басты  қозғаушы күштері болады. Әсер етіп тұрған мотивтерді зерттеу және дұрыс  қолдану, жеке адамның дамуын бағыттайтын  мотивтерді қалыптастыру – педагогикалық  еңбектің өзегі болып табылады.

Мотивтер (латынша қозғалтамын) – оқушыларды білім мазмұнын белсенді меігертетін, өнімді танымдық іс-әрекетке ұмтылдыратын процестердің, әдістердің және құралдардың жалпы аты. Егер де оқушылардың  іс-әрекетінде мотив  болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы  мүмкін. Мотив – адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін  әрекетіне ішкі талаптануы. Демек, мұқтаждық  пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезуі  қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға  деген ынтасын көтереді.

Мотивтерді қалыптастыру педагог-ғалымдарды, мұғалімдерді ойландырып, оны зерттеуге талпындыруға. Бұл  мәселені А. К. Маркова, Г. И. Шукина, В. И. Ильин, Т. А. Матис т. б. психологиялық-педагогикалық  зерттеуде. Шет елдерде де мотивті  қалыптастыруға көп мән беріледі. Американ психологы Д. Мак Клелланд осы салада жемісті еңбек етуде. Қазақстанда Т. Сабыров, А. Бейсенбаева  т. б. осы мәселемен айналысуда.

Арнайы зерттеулер мектеп мұғалімдерінің мотивтерді зерттеуді  және қалыптастырудың жолдарын , әдіс-тәсілдерін біле бермейтінін көрсетті.

Бүгінгі таңда мектепте мотивтерді қалыптастыру әдіс-тәсілдерін жетілдіру, осы мақсатта озық технологияларды  қолдану өзекті проблемаға айналып  отыр. Мұғалімдерді мотивтерді қалыптастыруға үйрету мәселесі де бар.

Зерттеудің мақсаты: Эмоциялар және мотивациялық процестерін қалыптастырудың жолдарын ашу. 

Зертеудің міндеттері:

-эмоцияны – мінез – құлық негізіне  жататын    феномен ретінде қарастыру

-эмоция және тұлға мәселелерін теориялық тұрғыдан талдау

-мотивация және мотив мәселелерін ғылыми зерттеу пәні және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде айқындау

-мотивация теориясын дамытқан ғалымдардың негізгі теорияларына шолу жасау

-эмоциялық жағдайлар психологиялық  шарттардың ерекшеліктері ретінде қарастыру

-моивациялық процесс және еңбек мотивациясын қалыптастырудың психологиялық жақтарын талдау

 

І ТАРАУ. ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ  МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ  ТЕОРИЯСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ  НЕГІЗДЕРІ

1.1. Эмоция – мінез  – құлық  негізіне  жататын    феномен ретінде

 

Эмоция  қазіргі  теорияларда  білімнің  маңызды  түрі  ретінде  қарастырылады.  Эмоция  психологиясы  психологияның  белгілі  аймағы  болып  табылады.  Қазіргі  эмоция  психологиясында «эмоция» түсінігінің  түрлі  анықтамалары  кездеседі.  Бірақ,  барлық  теоретик –психологтардың  тәжірибелі  тұрғыдан  сай  келуі  осы  «эмоция» түсінігінің  жалпы  қабылдаған  анықтамасының  жоқтығында. Сондықтан  да «эмоция»  категориясы  мамандар  тарапынан  үлкен  қызығушылықты  туғызып  отыр. Осыған  байланысты  Э. Роштың прототивтік  ағым  бойынша талдаған  эмоция  категориясының  ішкі құрылымын зеріттеуін  қарастырамыз. П. Витгенштейн пікіріне  негізделген  бұл  ағым  бойынша, табиғи  категория  прототип  бойынша  анықталады. Эмоция  категориясы  келесі  4  өзгергіштік  бойынша  суреттеледі.

1.Жиілік.

2. Прототиптілік.

3.Бейкатегориялық.

4.Доминанттылық.

А. Ортони, Дж. Клор  және  А. Коллинз өздерінің  «эмоцияның  конгетивті  құрылымы»,  еңбегінде  эмоцияға  тек  қана  валенттілігі  бар  психикалық  пайда  болулар  ғана  жатуы  керек, яғни, жағымды  немесе  жағымсыз  сияқты  уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік  және  осы  сияқты  феноменттер  эмоция  психологиясында  қарастырылмауы  керек  дейді. Бірақ, арнайы  зерттеулердің  нәтижесі бойынша, таңқалу  эмоцияға  кіргізіледі.

К. Изарды  «Адам  мінез  – құлқының  фундаметальды  принципі  болып, эмоцияның  қабылдауды, ойлауды  және  әрекетті  ұйымдастыруы  және  күшберуі  болып  табылады, барлық  эмоция  эволюция  барысында  дамитын  адаптивті  функцияларға  ие»  деп, атап көрсетеді.

Эмоция – адамның  негізгі  мотивациялық  жүйесін  құрады. Мауер:  «эмоция  өз  әсерімен  мінез – құлықты  өзгерте  алады, сондықтан  ол  адам  өмірінде  маңызды  роль  атқарады.  Сонымен  қатар,  эмоция  интелектінің  жоғары  тәртібін  көрсетеді»  деп,  атап  өтеді.  Мінез – құлықтың  негізгі қозғаушы  күші  эмоция  болып табылады.  Осы эмоция  субьектіге  түгелімен әсер  етеді. Оны жекелеп қарастырайық.

Эмоция  және  дене. Бет  бұлшық еттерінде  эмоция  кезінде  электрофизиологиялық  өзгерістер  жүреді.  Сонымен   қатар өзгеріс мидың  электрлік  белсенділігінде,  қан  жүру және  тыныс  жолдарында  да  жүреді. (Симонов, 1975) ;  Қатты ашулану немесе  қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына  40 – 60 дүрсілге  көтеріледі.  Күшті жүретін  эмоция  кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай бірден  өзгеруі барлық  нейрофизиологиялық  системалардың көп немесе  аз  дәрежеде        бір – біріне  қосылуына әкеліп  соқты. Мұндай  өзгерістер  қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс  әрекетіне  әсерін  тигізеді. Өзгерулер  психикалық  бұзылуға  да  әкеліп  соғуы мүмкін.

Эмоция  және  қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция  басқа  мотивациялық  жағдайлар  секілді  қабылдауға  әсер  етеді.  Нормадағы  субьект  дүниені  дұрыс  қабылдаса, ал  қайғырып  немесе  уайымдап  жүрген  адамдарға  басқалардың  берген  бағасына,  белсене  мән  бермеу  тән.

Сонымен  қатар, эмоция  танымдық  процестердің  басқада  бөліктеріне  әсерін  тигізеді.  Осының  әсерінен  субьектінің  мінез – құлқы  өзгереді.

Томкинспен  Изард  эмоцияның  пайда  болуына  қабылдаумен  білім  үлкен  роль  ойнайды  деп  атап  көсетеді. Жалпы эмоция  фудаментальді деп аталады.  Өйткені ол  3  компанентен тұрады:

1.  Арнайы  ішкі  детерминацияланған  жүйкелі субстрат;

2.  Мимикалық  немесе  жүйкелі  бұлшықет  тән  комплекс;

3.  Субьективті  уайымдаумен   ерекшеленетін  немесе  фенаменалогиялық  қасиет.

Осы 3 компонент  бірігіп, эмоцияны  көрсетеді. Ал  осы пайда болған  эмоцияға  түрлі сипат тән:

1.Қызығу – толқу – жиі  уайымдалатын  жағымды  эмоция, ол  оқуды, дағды, үйрену  және  шығармашылық  талпынуды  мотивациялайды. Яғни,  осы  қызығу  нәтижесінде  субьектінің  белгілі  нәрсеге  деген процестері  артады.

2.  Қуаныш – максималды  қажет  эмоция.  Ол  сенімділік  сезімімен  сипатталады.  Бұл   Томкинс  позициясы  тұрғысынан  қуаныш  -  жүйке стимуляциясының   градиентінің  қатты  төмендеуінің  нәтижесінде пайда  болады.

3.Таңқалу  эмоцияның  бірнеше  түрлерінен  көрінеді,  бірақ  ол  эмоция  емес.  Басқаларға  қарағанда  таңғалудың  ерекшелігі  -  ол  барлық  уақытта өтпелі  жағдаймен сипатталады.  Ол  жүйке стимуляциясының бірден  жоғарлауы нәтижесінде пайда болады.

4.Қайғы – қасірет  -  бұл  эмоция  нәтижесінде адам  өзін  тастап  жібереді.  Жалғыздықты адамдармен  қатынастың  жоқтығын  сезінеді,  өзіне  жалынышпен  қарайды.

5 .Ашу – бұл кезде бет қызарып, қан қайнап кетеді.

6.Жек көру – ашумен бірге пайда болады. Ол физикалық немесе физиологиялық бұзылудың  нәтижесінде пайда болады. Ол деструктивті мінез – құлыққа алып келуі мүмкін;

7.Көргісі келмеу – жоғарыдағы екеуімен бірге пайда болады. Осы, яғни эмоцоияның үш сипаты «жаушылық триадасы» деп аталады. Өзін күштімін яғни, басқадан ақылдырақпын, білімдімін, т.с.с) сезіну осыған алып келеді. Мұның бір қауіптілігі «суық» эмоцияға келіп тіреледі, ол индивид немесе топтың деперсонизациялануына алып келеді. Бұл эмоция біреуді өлтіруде көмегін тигізеді;

8.Қорқыныш – бұл эмоция адам психикасы үшін өте зиян: адам тіпті «өлуге» дейін қорқуы мүмкін;

9.Ұят – бұл адамның тығылу немесе жоғалып кетуіне кепіл болады немесе керісінше;

10.Күнә - моральды этикалық норманы бұзу нәтижесінде пайда болады.

Біз эмоцияны мінез - құлық  бейнесі ретінде көреміз. Сонымен қатар, біз эмоцияның компоненттерін, сипатын атап өттік, енді оның комплекстерін атап өтеміз. Оның комплекстері:

1.Мазасыздану өмір ерекшелігімен байланысты, яғни субьект психикасының  белгілі бір нәрсеге мазасыздық көрсетуі;

2.Депрессия – депрессияның алғашқы психодинамикалық түсінігін Карл Абрахан берген. Ол мазасыздық пен дипрессияны қорқыныш пен  қайғы аналогиясы ретінде қарастырды.  Дефференциалды эмоция  теориясында депрессия  мазасызданудан да күрделі синдром деп аталады. Депрессия фундаменталды  эмоциялармен қатар басқа да аффективті факторлармен сипатталады, яғни, өзін физикалық нашар сезіну, жоғары уайымдаушылық.   Махаббат – аффектінің маңызды комплексі болып табылады;

Информация о работе Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері