Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:55, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Имиджді құру – бұл қоғамды қызықтыратын және нақты бір саяси міндетті (сайлауда жеңуді, билік беделін арттыруды және т.б.) шешуге мүмкіндік беретін субъектінің қандай да бір қасиеті мен сапасын саналы түрде құру. Бұл мағынада имидж саясат саласының маңызды құрылымдық компонентін білдіреді, оның көмегімен билеуші субъектілер халықпен байланыс жасайды, халықпен қайтымды байланысты ұстауды қамтамасыз етеді, қоғамдық ой-санаға мақсатты әсер етуге мүмкіндік жасайды. Имидж – бұл саяси субъектілердің саяси капиталының маңызды формасы және бір мезгілде оны көбейтудің механизмі.
ИМИДЖДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Имидж мәні, түсінігі және құрылымы.................................................................5
1.2 Өзіндік бағалаудың мәні.......................................................................................8
1.3 Имиджді құру және қалыптастыру алгоритмі..................................................13
2. ИМИДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӨЗІНДІК БАҒАНЫҢ ӘСЕР ЕТУІ
2.1 Ғалымдардың көзқарастары...............................................................................17
2.2 Өзіндік тиімділіктердің кезеңдері......................................................................19
3. ҚАЗАҚСТАНДА ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Имидждің өзіндік бағалаудағы сипаттамалық белгісі.....................................23
3.2 Тәуелсіз Қазақстанның имиджін қалыптастыру мәселелері...........................25
Қазақстан – кең географиялық кеңістік иеленген, жер көлемі бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Мемлекетіміздің территориясында түрлі діндер мен ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл тарихи, мәдени, ұлттық және дүниетанымдық ерекшеліктеріміз мемлекеттілігіміздің қалыптасуының негізі болып табылады.
Сондықтан, мемлекет имиджі – бұл мемлекеттік жүйенің сипаттамалық белгілеріне ие өзара объективті байланыстар шегіндегі экономикалық, географиялық, ұлттық, демографиялық қарым-қатынастардың кешені. Ол әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, ұлттық-конфессиялық үрдістердің үдерістерін айқындайды. Мемлекет бейнесі сыртқы әлеммен байланыстар нәтижесіндегі әлемдік қоғамдастықтың санасында қабылдануының өзіндік көрсеткіші іспеттес.
Ақпараттық қоғам кеңістігінде имиджелогияның өзіндік ерекше орны бар. Мемлекет имиджін қалыптастыруға байланысты қойылатын талаптар қоғамдық өмірдегі ақпараттық технологиялардың өсуімен байланысты. Имидж толықтай ақпараттық өнімге айналды.
Сондықтан мемлекет имиджі түсінігі өзге ұғымдар секілді түрлі аспектілер негізінде қарастырылады. Мемлекет бейнесін кешенді зерттеу барысында ел имиджін өз азаматтарының қабылдау деңгейі қарастырылғаны жөн. Сонымен бірге, шет ел тұрғындарының көзқарастары тереңірек сарапталуы қажет. Өйткені, халықаралық имидж мемлекетке инвестициялық қаржылардың көптеп бөлінуіне, туризмнің дамуына, іскерлік әлем әріптестігіне жол ашып қана қоймай, тәуелсіз Қазақстан халқының мақтаныш сезімі мен Отанға сүйіспеншілігін жоғарылатады.
Сонымен, берілген тақырыпты зерттеу барысында имидждің жалпы мағынасы, қызметі, қалыптасуы және түрлері қарастырылды.
«Имидж» деген сөздің ағылшынша кескін, келбет, икона, ұқсас, ойдағы бейне, символ, үлгі деген мағыналары барлығын анықтадық. Ол саяси консалтингтің аса маңызды категорияларының айналадағылардың пікірін, көзқарасын туғызу мақсатында субъектінің қалыптастыратын сыртқы бейнесі, субъектіге үгіт-насихат, жарнама, наным, дәстүр арқылы оған белгілі бір көзқарас тудыру мақсатында танылатын әрекеттер жиынтығы.
Имиджелогия – саяси технологияларды, ондағы процестер мен құбылыстарды, саяси тұлғаның жетекшілік қабілеттерінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейтін саясаттану ғылымының саласы.Имиджелогия саясаттану ғылымының жалпы методологиялық парадигмаларына сүйене отырып, саяси білімдерді жинақтап қорытады, саяси қарым-қатынастар мен процестің даму тәжірибесін, саяси интелегенттардың қызметін сараптайды, саяси жетекшіліктің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, саяси интеллигенцияның жай-күйін, биліктің ресурстары мен оның түрлерін, т.б. зерттейді. Имиджелогияның қалыптасуы мен дамуы саяси құндылықтар мен саяси қарым-қатынастардың жаңа формаларының қалыптасуына және әр түрлі нақты тарихи типтегі мәдениеттерде саяси жетекші қызметінің алуан түрлі көрініс алуымен тікелей байланысты. Ол, көбінесе, уақытқа, нақтылы тарихи жағдайларға, қоғамдағы үстем идеялық-саяси көзқарастардың жүйесіне, адамдардың жеке басының даму деңгейіне, дүниетанымына, саяси мәдениетіне тәуелді. Имиджелогия мәліметтер жинаудың әр түрлі әдістерін (кешенді социология зерттеулер, сауалнамалар, саяси кейіпкерлерді, тарихи хабарларды сараптау) қолданады. Соңғы кездері саяси жетекшілердің бейнесі мен өмірбаянын жүйелі психологиялық бейнелеу әдісі кеңінен қолданылып келеді. Имиджелогия өзінің үлгілері мен әдістерін саяси ғылымдардың барлық жүйесінен алады.
«МЕН» концепциясы
шынайылықтың әртүрлі
Имиджді қалыптастыруында объекттің ішкі қасиеттеріне назар аударуымыз кажет және осы қасиеттерді неғұрлым жағымды әсер қалыптас-тыруына бағыттаймыз. Яғни, имидж әлеуметтік-саяси жағынан белгілі мақсат үшін жасалады.Имиджді қалыптастыру заңдары бойынша қалыптасқан келбетті бұзудан, бұрыннан қалыптасып келген келбетке сүйене отырып жасау тиімді деп саналады.
Имидж қалыптастыру адамның рухани-моральді және субъективті-жеке мазмұны мен діл (менталды) қасиеттері арқылы оның сыртқы келбетін сәйкестендіруге багытталған. Ділдің маңызды құрылымының бірі - ұлттық қасиеттер, өмір салты, этнопсихологиялық ерекшеліктер - имидж қалыптастыруындағы басты бағыттарының бірі болып есептеледі.
Имиджеология – бұл имидждің қалыптасуы мен оны жүзеге асыру технологиялары мәселелерін зерттеуге әлеуметтану, психология, мәдениеттану, философия және саясаттану секілді ғылымдарды тоғыстырған теория. Ол – ақпараттық қоғамдағы мәдени шараларды жүзеге асырудағы маңызды қызмет атқаратын гуманитарлық технология.
Жалпы мемлекет
имиджі оның құрылымын
Отандық және шетелдік авторлардың түрлі сараптамалық материалдарын зерттеу және жүйелеу барысында Қазақстанның оң имиджінің қалыптасуындағы төмендегідей мәселелерге мән берілді:
- билік пен басқару жүйесіндегі, еліміздің қоғамдық өмірінің барлық салаларындағы тұрақтылық;
- сыртқы инвесторларды
тарту мақсатындағы отандық
- еліміздің құндылықтарына сәйкес келетін түсініктердің қалыптасуына ықпал ететін идеологиялық қимылдар;
- қылмыстық әлеуметтік құбылыстың сипаттамалық белгілерін жоққа шығаратын қоғамдағы жоғары білімділік, мәдени және рухани әлеуетінің басымдығы;
- әлемнің барлық
Өңір имиджі мына құрамдас бөліктерден құралады: біріншіден, өңір мәртебесі. Бұл елдің өзге аймақтарының құрылымы мен иерархиясындағы орны: даму деңгейі, мемлекеттің экономикалық, саяси, мәдени өміріндегі рөлі. Өңір мәртебесі ақпараттық, қаржылық, кадрлық ресурстармен қатар, өзге өңірлер мен елдер арасындағы сыртқы байланыстармен айқындалады; екіншіден, өңір келбеті. Бұл аймақтың сыртқы көрінісі арқылы анықталады (архитектура, табиғи ерекшеліктер, өңірдің орналасуы, көше тазалығы және т.б.). Сонымен бірге, өңірдің фольклоры, стереотиптері мен мифтері, аймақтың рәміз белгілері де имиджді айқындайды.
Имиджді құру технологиясының негізінде саясаткер өміріндегі саяси оқиға немесе әрекет жатыр, олар қоғамда оң көзқарас тудырудың алғышарты бола алады, мысалы, басшының халық алдындағы абыройлы әрекеттері, өмірбаянының жағымды қасиеттері, қоғам пікірінде оң бағаға ие болған сөздері және т.б
Имиджді құру әдетте саяси белсендінің тандап алынған типі негізінде жүзеге асады: «сыбайлас жемқорлықпен күресуші», «шындық үшін күресуші», «саяси қысым құрбандары», «отан қорғаушысы», интеллигент-интеллектуал» жіне т.б. Сонымен қоса бұл тип басшының өзінің психологиялық типіне, оның кәсіби қасиеттеріне, саяси сахнада көрінген қасиеттеріне сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ әрине басшы өзара қатынас жасайтын және қолдау көрсететініне үміттенетін топтың да типіне сай болуы керек. Мұндай имиджді құрудың мақсатында осы тип көрінісін беретін универсалды сыртқы стандарттары қолданылады: күш-жігер профилі – «отан қорғаушысы үшін», көзілдірік – «интеллигент» үшін және т.б.
Сондықтан мемлекет имиджі түсінігі өзге ұғымдар секілді түрлі аспектілер негізінде қарастырылады. Мемлекет бейнесін кешенді зерттеу барысында ел имиджін өз азаматтарының қабылдау деңгейі қарастырылғаны жөн. Сонымен бірге, шет ел тұрғындарының көзқарастары тереңірек сарапталуы қажет. Өйткені, халықаралық имидж мемлекетке инвестициялық қаржылардың көптеп бөлінуіне, туризмнің дамуына, іскерлік әлем әріптестігіне жол ашып қана қоймай, тәуелсіз Қазақстан халқының мақтаныш сезімі мен Отанға сүйіспеншілігін жоғарылатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Имидждің қалыптасуына өзіндік бағаның ықпалы