Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:55, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Имиджді құру – бұл қоғамды қызықтыратын және нақты бір саяси міндетті (сайлауда жеңуді, билік беделін арттыруды және т.б.) шешуге мүмкіндік беретін субъектінің қандай да бір қасиеті мен сапасын саналы түрде құру. Бұл мағынада имидж саясат саласының маңызды құрылымдық компонентін білдіреді, оның көмегімен билеуші субъектілер халықпен байланыс жасайды, халықпен қайтымды байланысты ұстауды қамтамасыз етеді, қоғамдық ой-санаға мақсатты әсер етуге мүмкіндік жасайды. Имидж – бұл саяси субъектілердің саяси капиталының маңызды формасы және бір мезгілде оны көбейтудің механизмі.
ИМИДЖДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Имидж мәні, түсінігі және құрылымы.................................................................5
1.2 Өзіндік бағалаудың мәні.......................................................................................8
1.3 Имиджді құру және қалыптастыру алгоритмі..................................................13
2. ИМИДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӨЗІНДІК БАҒАНЫҢ ӘСЕР ЕТУІ
2.1 Ғалымдардың көзқарастары...............................................................................17
2.2 Өзіндік тиімділіктердің кезеңдері......................................................................19
3. ҚАЗАҚСТАНДА ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Имидждің өзіндік бағалаудағы сипаттамалық белгісі.....................................23
3.2 Тәуелсіз Қазақстанның имиджін қалыптастыру мәселелері...........................25
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
«Экономика, басқару және құқық» факультеті
«Туризм және сервис» кафедрасы
«Имиджелогия» пәні бойынша»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Имидждің қалыптасуына өзіндік бағаның ықпалы»
1-ші курс ЭБҚ-104
тобының студенті
Саламат К.Қ.
Жетекші: ә.ғ.к.,
PhD докторы
ИМИДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӨЗІНДІК БАҒАНЫҢ ЫҚПАЛЫ
КІРІСПЕ.......................
1. ИМИДЖДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Имидж мәні, түсінігі және
құрылымы......................
1.2 Өзіндік бағалаудың мәні..........................
1.3 Имиджді құру
және қалыптастыру алгоритмі...
2. ИМИДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӨЗІНДІК БАҒАНЫҢ ӘСЕР ЕТУІ
2.1 Ғалымдардың көзқарастары..................
2.2 Өзіндік тиімділіктердің
кезеңдері.....................
3. ҚАЗАҚСТАНДА ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Имидждің өзіндік бағалаудағы
сипаттамалық белгісі.......................
3.2 Тәуелсіз Қазақстанның имиджін
қалыптастыру мәселелері....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Курстық жұмыстың өзектілігі. Имиджді құру – бұл қоғамды қызықтыратын және нақты бір саяси міндетті (сайлауда жеңуді, билік беделін арттыруды және т.б.) шешуге мүмкіндік беретін субъектінің қандай да бір қасиеті мен сапасын саналы түрде құру. Бұл мағынада имидж саясат саласының маңызды құрылымдық компонентін білдіреді, оның көмегімен билеуші субъектілер халықпен байланыс жасайды, халықпен қайтымды байланысты ұстауды қамтамасыз етеді, қоғамдық ой-санаға мақсатты әсер етуге мүмкіндік жасайды. Имидж – бұл саяси субъектілердің саяси капиталының маңызды формасы және бір мезгілде оны көбейтудің механизмі.
Имидж қалыптастыру адамның рухани-моральді және субъективті-жеке мазмұны мен діл (менталды) қасиеттері арқылы оның сыртқы келбетін сәйкестендіруге бағытталған. Ділдің маңызды құрылымының бірі - ұлттық қасиеттер, өмір салты, этнопсихологиялық ерекшеліктер - имидж қалыптастыруындағы басты бағыттарының бірі болып есептеледі.
Мемлекеттің саяси имиджі - бұл мемлекет пен шетел азаматтарының мемлекет жөнінде қалыптасқан елестік бейне. В.Н.Задорожный мемлекет имиджінің 4 компонентін бөліп шығарды. Мемлекет имиджі - әдейі бағытталатын бейне, белгілі бір шындық негізінде мамандардың жасаған келбеті. Имидждің деңгейі ретінде қарастыратын 4 компонентін бөліп айтуға болады. Біріншісі, жағымсыз жақтарды неғұрлым азайтуға, ал жағымды жақтарын соғұрлым көбейтуге көзделген алғашқы өнім. Екіншіден, алдын-ала дайындалған алғашқы өнім үстіне модельді орналастырады. Үшіншіден, имиджді трансляциялаудағы (таратудағы (БАҚ арқылы) және тираждау тәсілдері арқылы болатын ауытқулар. Төртіншіден, аудиторияның модель негізінде өз түсініктерімен қалыптасатын әрекеттің нәтижесі.
Мемлекет имиджінің ерекшелігі - ол екі жақты бағытталған, ішкі аудитория - бұл мемлекеттің ішкі имиджі және сыртқы имиджі - шетелде қалыптасатын имидж. Мемлекет имиджінің ерекшелігі оның екі жақты калыптастыруда. Мемлекеттің ішкі имиджі деп мемлекет ішінде қалыптасатын имиджін айтамыз. Оның басты аудиториясы халық болып саналады. Мемлекеттің сыртқы имиджі бұл - шетелде қалыптасатын мемлекеттің сыртқы бейнесі. Екі имидждің мақсаты мен аудиториясы түрлі болып келуіне байланысты оны қалыптастыру компоненттері де түрлі болып келеді. Халық үшін мемлекет жөнінде қалыптастыратын бейне көптеген жағдайда патриоттық және этно-әлеуметтік негізінде қалыптастырылады. Ал, сыртқы имиджі әдетте, саяси-экономикалық негіздерге сүйенеді. Мемлекетіміздің ішкі имиджі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Жолдаулары, доктриналар негізінде және белгілі бір құндылықтарды насихаттау арқылы жасалады. Жоғарыда атап кеткен патриоттық және этно-әлеуметтік негізде халықтың сана-сезіміне әсер етіп, оның кейінгісінде өмір салтына енеді де, әдет ретінде қалыптаса бастайды. Яғни, осы кезде имидж насихаттау арқылы үлгі қасиетін атқарады. Сыртқы имиджін қалыптастыруында басты приоритеттері ретінде көпвекторлы саясатын ұстанатын, экономикасы тұрақты дамыған, ұлттардың үйлесімді өмір сүріп жатқан, ислами бағыты мен қазіргі капитализм бағытында да қос дамыған, ядерлік қарудан бас тартқан бейіт ел имиджін қалыптастырды. Бұл жағдайда шетелде мемлекетіміздің сыртқы бейнесі сенім білдіруге тұрарлық, өзіндік ерекшелігіне қарай дамыған, дегенмен ұқсастық жақтары да бар деген пікір қалыптастыруға бағытталған. Шынайы имиджге жақындату жұмыстары нәтижесінде, қазіргі таңда, шетел компанияларының өзіндік қызығушылық білдіруінде (1994 ж. шетел инвесторларын іздеген кезбен салыстырғанда), Қазақстан Республикасының көптеген халықаралық ұйымдарда мүше болуында көрініс табады. Дегенмен, саяси имидж қалыптастыру өзіндік ерекшеліктерін құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Имидждің қалыптасуына өзін-өзі бағалаудың әсер етуін зерттеу барысында материалдар жинақтап, жұмысты жазу, онда имидждің мәнін ашу, түрлерін қарастыру және имидж қалыптастыруда өзін-өзі бағалаудың әсерін анықтау.
Осы аталған жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттер анықталды:
- имиджді қалыптастырудың теориялық негіздерін талқылау;
- имидждің мәнін, түсінігін және құрылымын анықтау;
- өзіндік бағаның мәнін қарастыру;
- имиджді құру және қалыптастыру алгоритмін түсіну;
- Қазақстанда имидж қалыптастыруда өзін-өзі бағалау мәселелерін т.б. зерттеу.
Өзiн-өзi бағалаудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi бағалау – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
- өзiн-өзi бағалау - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi бағалау - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ИМИДЖДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Имидж мәні, түсінігі және құрылымы
Қазіргі таңда «имидж» сөзі құлағымызға жиі шалынады. Нарықтық қатынастардың элементі ретінде ол барлық салаларға еніп болды. Саясат саласы да осы сөздің әсеріне түсті. Қазіргі кезде ешбір сайлау, ешбір сыртқы немесе ішкі саясат имиджсіз жүргізілмейді. Ендігі, өзекті болып отырған имидждің өзі не? - деген сауалға жауап беруге тырысайық.
Имидж түсінігінің анықтамасына келсек, бұл:
Имидж (ағылш. т-де кескін, келбет, икона, ұқсас, ойдағы бейне, символ үлгі) - саяси консалтингтің аса маңызды категорияларының айналадағылардың пікірін, көзқарасын туғызу мақсатында субъектінің қалыптастыратын сыртқы бейнесі, субъектіге үгіт - насихат, жарнама, наным, дәстүр арқылы оған белгілі бір көзқарас тудыру мақсатында танылатын әрекеттер жиынтығы.
Ал, Е.Почепцов бұл жөнінде былай дейді: «Имидж - бұл формасы мен мазмұны сақталған символдық сипаттама. Біз сыртқы символдар арқылы белгілі имидждің мазмұнын қабылдаймыз.
Имидж, ең біріншіден, біз үшін жағымды әсер болып табылады. Яғни, күтілетін реакцияларды қалыптастыру және екі жақты мүдделі болып отырған іс-әрекеттер түрлерін жасау». Осыдан, имидж міндетті түрде белгілі бір аудиторияға бағытталуы қажет деген шешімге келеміз. Яғни, ол белгілі бағыт алған және жағымды әсер қалыптастыруға көзделген іс-әрекеттер немесе сиволдар жиынтығы.
Имиджді қалыптастыру заңдары бойынша қалыптасқан келбетті бұзудан, бұрыннан қалыптасып келген келбетке сүйене отырып жасау тиімді деп саналады. Бұл катынаста аудитория қабылдаған келбетке объектті неғұрлым сәйкестендіру болып келеді.
Әдетте, имидж екі жақта қарастырылады: сыртқы келбет немесе бейне және маска. Бірінші жағдайда адамның ішкі мазмұнын көрсететін, соның ішінде, тұлғаның түрлі әрекеттерінде көрініс табатын қасиеттері және әрекетіне әсер ететін индивидтің психикасының ішкі фило және онтогенетикалық жақтары кіреді. Екінші жағдайда осы сәтте шешуге бағытталған маска немесе бейнесі ретінде қолданылады. Яғни, имидж бұл сыртқы «мен», оның қоғамдағы «мен» келбеті.
Имидж қалыптастыру адамның рухани-моральді және субъективті-жеке мазмұны мен діл (менталды) қасиеттері арқылы оның сыртқы келбетін сәйкестендіруге багытталған. Ділдің маңызды құрылымының бірі - ұлттық қасиеттер, өмір салты, этнопсихологиялық ерекшеліктер - имидж қалыптастыруындағы басты бағыттарының бірі болып есептеледі. Осы жағдайда мемлекеттік символикаларын мысалға келтіруге болады. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранымыз осындай этнопсихологиялық ерекшеліктерімізді көрсетіп, халықтың бойында өз еліне деген ерекше көзқарасын қалыптастырып, өмір-салтымыздың құндылықтарын анықтайды.
Имиджді қалыптастыруында объекттің ішкі қасиеттеріне назар аударуымыз кажет және осы қасиеттерді неғұрлым жағымды әсер қалыптас-тыруына бағыттаймыз. Яғни, имидж әлеуметтік-саяси жағынан белгілі мақсат үшін жасалады. Осы мақсат көптеген жағдайда сұранысты көтеру болып табылады. Имиджді қай бір салада қолдануға ұмтылсақ та, ол нарық қатынасында тауарға жасалатын имидж болса да, я саяси жағынан мемлекеттің имиджін қалыптастыру мақсатында болса да объекттің сыртқы бейнесін танылатын және сенім білдтруте тұрарлық етіп жасайды.
Имидж екі түрге бөлінуі мүмкін: белгілі бір келбетке ұмтылған идеалды имидж және шын мәніндегі шынайы (реалды) имидж. Басты міндеттердің бірі - осы екі категорияны неғұрлым жақындату.
Имидж қалыптастыруында ең біріншіден идеалды имидж жасалады, бұл жағдайда күтілетін имидж деп айтуға болады. Жоғарыда айтылған ұттық қасиеттер, өмір салты, этнопсихологиялық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, идеалды имидж жасалады да, кейін реалды имиджді осыған негұрлым жақын келбетін қалыптастыруға жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты біздің мемлекетіміздің имиджін алып қарасақ, осыдан 5-6 жыл бұрын Қазақстан Орталық Азияның бір мемлекеті ретінде қарастырылса, қазіргі таңда ол Азия мен Еуропа арасындагы көпір немесе геосаяси жағынан алғанда буфер зонасы деп те атайды. Бір ғана сөздің мағынасы мемлекеттің статусын өзгертіп, тіпті халықаралық аренада оның орнын көрсетеді. Яғни, бұл жағдайда идеалды имидждан реалды имиджге өту байқалады.
Элери Сэмпсон имидждің келесі түрлерін ажыратады:
Біріншісі бұл өткен тәжірибе мен оған сәйкес өзіне-өзін баға беру, екіншісі басқалардың баға беруі, үшіншісі белгілі бір мамандықпен сәйкес күтілетін имиджбен байланысты. Ең бірінші әсерді адамның келбеті қалыптастырады және де имидж сөзінің өзі ағылшыннан аударғанда «шағылыстыратын келбет» мағынасына жақын келеді.
Алайда, имиджді шындықтан алшақтатуға да болмайды, ол кері әсерін беруі мүмкін. Жоғарыдағы имидждің анықтамасына сәйкес шынайы имидж бен идеалды имидждің үйлесімділігі болуы керек.
Шынайы имидж бен идеалды имидждің үйлесімділігі объекттің ішкі қасиеттерінің құрамы мен күтілетін имидждің қатынасына тікелей байланысты. Сонымен қатар, имидждің «сәттілігі» ол бағытталған аудиториясына да тікелей әсер етеді. Мұндағы басты мақсат бағытталған аудитория мен жасалатын имидж арасында байланыстың болуында. Оны жүзеге асыру өзіндік технологиялар көмектеседі. Ол туралы төменде көрсетілетін болады. Осыдан келіп, біз саяси имидж түсінігіне жақындай келеміз. Саяси имидж - аудитория мен саясаткер арасындагы байланыс. Ол (саяси имидж) аудиторияның ғана емес, сонымен қатар саясаткердің де мүдделерін ұштастырады. Демократиялық қоғамдағы халықтың мемлекеттегі шешім қабылдау кезіндегі рөлінің маңызы зор. Яғни, имидж бұл халықтың талаптарына сәйкес келетін саяси өнім болып табылады.
Саяси имиджді қалыптастырудың негізін саяси технологиялар құрайды. «Саяси технологиялар» термины әлеуметтік-философиялық және саясаттану әдебиеттерінде кең қолданыста болып келеді. Дегенмен, әлі күнге дейін анықтамасы мен мазмұнына ғалымдар ортақ шешімге келген жок.
Саяси технологиялар - бұл билікке жетудің технологиясы. Бұл жағдайда тек қана саяси емес, сонымен қатар экономикалық, интеллекуалды, психологиялық, моралды, ұйымдастырушылық, діни, ақпараттық және т.б билікке байланысты айтылған. Осылайша, биліктің акырлығы технологиялардың түр-түрлерінің пайда болуына әкеледі.
Бұл саясат саласында көзделген мақсатқа жетуге бағытталған саяси жүйенің функцияларын жүзеге асыруындағы нақты белгіленген процедуралардың, әдіс-тәсілдердің жиынтығы деп те айтуға болады. Көптеген елдер тарихы билікті жаулап алу мен қолда ұстауы мәжбүрлі технологиялар арқылы жүзеге асырылғандығы осыған куә.
Саяси технологияларға жергілікті, аз уақыт ішінде нәтиже алу үшін (тактика) және глобальды, ұзақ уақытты қамтитын эффектке жету (стратегия) үшін қолданылатын тәсілдер жатады. Белгіленген технологияларды қолдану саяси жүйенің тұрақтылығын, саяси процесті басқаруын, саяси басқарудың эффективтілігін анықтайды. Саяси технологиялар көбінесе, қоғамдық дамуменен (эволюциялық немесе революциялық процестердің басым болуы), басқару типімен (демократиялық, тоталитарлы және т.б) анықталады.
Информация о работе Имидждің қалыптасуына өзіндік бағаның ықпалы