Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:55, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Имиджді құру – бұл қоғамды қызықтыратын және нақты бір саяси міндетті (сайлауда жеңуді, билік беделін арттыруды және т.б.) шешуге мүмкіндік беретін субъектінің қандай да бір қасиеті мен сапасын саналы түрде құру. Бұл мағынада имидж саясат саласының маңызды құрылымдық компонентін білдіреді, оның көмегімен билеуші субъектілер халықпен байланыс жасайды, халықпен қайтымды байланысты ұстауды қамтамасыз етеді, қоғамдық ой-санаға мақсатты әсер етуге мүмкіндік жасайды. Имидж – бұл саяси субъектілердің саяси капиталының маңызды формасы және бір мезгілде оны көбейтудің механизмі.
ИМИДЖДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Имидж мәні, түсінігі және құрылымы.................................................................5
1.2 Өзіндік бағалаудың мәні.......................................................................................8
1.3 Имиджді құру және қалыптастыру алгоритмі..................................................13
2. ИМИДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӨЗІНДІК БАҒАНЫҢ ӘСЕР ЕТУІ
2.1 Ғалымдардың көзқарастары...............................................................................17
2.2 Өзіндік тиімділіктердің кезеңдері......................................................................19
3. ҚАЗАҚСТАНДА ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Имидждің өзіндік бағалаудағы сипаттамалық белгісі.....................................23
3.2 Тәуелсіз Қазақстанның имиджін қалыптастыру мәселелері...........................25
1.3 Имиджді құру және қалыптастыру алгоритмі
Имиджді қалыптастыру алгоритмі – ұйымның немесе көшбасшының имиджін қалыптастырудағы іс-әрекеттерді орындауда қалыптасқан реті. Типтік имиджді қалыптастыру алгоритмі келесі тәртіптерден тұрады:
1. Қоғам ішіндегі объект туралы қалыптасқан образды табу, ал бұл кімнің имиджін қалыптастыру керек екен объект.
2. Талапкер қоғам күтетін белгілі мінезді, жоғары бағалы белгілерге ие
болу керек.
3. Қоғам күтетін,
ерекше имиджді құрастыру
4. Имидждің, іс- әрекеттердің жоспарын қалыптастыру стратегиясын құрастыру (түзету).
5. Имиджді қалыптастыру
үрдісін қосу, бұл – құрастырылған
имидждің мінездемесін
6.Имиджді қалыптастыру үрдісін бақылау (стратегиялық және тактикалық жоспарларды іске асыру арқылы). Имиджді қалыптастыру объектінің аралық деңгейлерін өлшеу және оларды ең ерекше имидж үлгісімен салыстыру.
7. Ең ерекше үлгіге түзетулер (қажет болса) жасау (оны ең тиімді үлгіге айналдыру), сонымен бірге оны іске асыру стратегиясы мен тактикасы.
8. Қалыптасқан имидждің мониторингі, оны сақтау мен жаңарту қызметі (қажет болса).
Саяси объектілердің оң бейнелерін (имидждерін) құру ең маңызды тұжырымдалатын ПР-технологиялардың бірі болып табылады. Мұндай объектілерге жеке тұлғалар да, бірлескен құрылымадар да (партиялар, қозғалыстар), тіпті жалпы мемлекет немесе мемлекет аралық ұйымдар да бола алады.
Имиджді құру – бұл қоғамды қызықтыратын және нақты бір саяси міндетті (сайлауда жеңуді, билік беделің арттыруды және т.б.) шешуге мүмкіндік беретін субъектінің қандай да бір қасиеті мен сапасын саналы түрде құру. Бұл мағынада имидж саясат саласының маңызды құрылымдық компонентін білдіреді, оның көмегімен билеуші субъектілер халықпен байланыс жасайды, халықпен қайтымды байланысты ұстауды қамтамасыз етеді, қоғамдық ой-санаға мақсатты әсер етуге мүмкіндік жасайды. Имидж – бұл саяси субъектілердің саяси капиталының маңызды формасы және бір мезгілде оны көбейтудің миханизмі.
Басшының имиджін
құру да маңызды болып отыр, мұнда
билеушілік режимі мен стиліне деген
қоғамның талаптары шоғырланып, анықталады.
Имиджде көрсетілген қасиеттер
бойынша адамдар саяси жағдайла
Имиджге әрқашан
белгілі бір жасандылық, сендіретін
күш, мінез-құлықтың беріктілігі (инерттілік),
олардың айқындығы мен
Имидж әсерінің басымды салдарын сөз ете отырып, саясаткерлер әдетте оның құрылуын маман-психологтерге, кеңесшілерге, кәсіби сарапшыларға ұсынады. Олар адамға бастапқыдан тән нірсені мүлдем өзгерте алмайды, бірақ тек олар ғана сол бейнеге халық қабылдайтын және оң бағасын беретін қасиет бере алады. Имидждің стихиялы қалыптасуы үлкен тәуекелділікке апарады, себебі саяси басшы халықпен қатынас жасайтын телеарна мен баспасөз олардың атағы мен беделін түсіре алатын қасиеттерді көрсете алады. Бекер емес, Н.Макиавелли де патша үшін «халық алдында сөзіне берік, қайырымды, шын ниетті» болып көріну өте маңызды, яғни халық оны қалай көргісі келсе, сондай болуы қажет. Мұндай жағдайда оның қасиеттері мен сипаттамаларының көпшілік (топтық) сана-сезім қажеттілігі мен құндылығына сәйкес болуы имидж сәттілігінің басты критерий болып табылады. Олай болса имиджді көпшілік қажеттіліктің өзіндік жеңілдігі, саяси өмірдің жеке формасы ретінде түсіндіруге болады. Сәтті жасалған имидждің арқасында кейбір саясаткерлер, мысалы, Дж.Вашингтон, тірі кезінде ұлт символы бола алады.
Имиджді құру технологиясының негізінде саясаткер өміріндегі саяси оқиға немесе әрекет жатыр, олар қоғамда оң көзқарас тудырудың алғышарты бола алады, мысалы, басшының халық алдындағы абыройлы әрекеттері, өмірбаянының жағымды қасиеттері, қоғам пікірінде оң бағаға ие болған сөздері және т.б.
Имиджді құру әдетте саяси белсендінің тандап алынған типі негізінде жүзеге асады: «сыбайлас жемқорлықпен күресуші», «шындық үшін күресуші», «саяси қысым құрбандары», «отан қорғаушысы», интеллигент-интеллектуал» жіне т.б. Сонымен қоса бұл тип басшының өзінің психологиялық типіне, оның кәсіби қасиеттеріне, саяси сахнада көрінген қасиеттеріне сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ әрине басшы өзара қатынас жасайтын және қолдау көрсететініне үміттенетін топтың да типіне сай болуы керек. Мұндай имиджді құрудың мақсатында осы тип көрінісін беретін универсалды сыртқы стандарттары қолданылады: күш-жігер профилі – «отан қорғаушысы үшін», көзілдірік – «интеллигент» үшін және т.б.
Нақты саяси белсенді имиджінің көп түрлілігін ескере отырып, қолданылатын технологиялар негізінен оның маңызды параметрлеріне, оның ішінде: қарым-қатынас стиліне (қарапайым, достық, ресми емес); қалыпты емес жағдайда өзін-өзі ұстауына; дағдарысқа деген әрекетнеі; ым-ишарат, артикуляцияға қатысты. Осыған орай имиджді құрудың белгілі бір бағыттары мен тәсілдері бекітілген: бодибилдинг (ым-ишарат жасау техникасы, бұлшықет әрекеттері), фейсбилдинг (артикуляцияны, сыртқы келбетін түзеу тәсілі) және т.б.
Имидж құру үрдісі әр түрлі ақпараттық технологияларды қолдануда ескереді, олар: саяси (электоралды) нарықты және оның сегментациясын (дауыс берушілердің белгілі бір топтарының қажеттілігі, құндылығы және басқа да сипаттамаларының ерекшеліктерін көрсету мен суреттеуді) танып-білуге; берілген имидж параметрлерін өндіруге; имиджді түзеуге және көтеруге; имиджді нарықта (жарнама жолымен) ұсыну және сату; бәсекелестерді «шығару» (бәсекелестер әрекетін бақылау және сәйкесінше әрекет қолдану; антижарнама және контржарнама әркеттерді (бәсекелестерге қатысты) іске асыруға бағытталған. Имиджді құру және оны сақтап қалу тұрақты үрдіс ретінде көрінеді, оның уақыты басшының саяси нарығында болу уақытымен тең.
Мұндай кезде жағдайлардың өзгеруіне (аясаткердің сайлаудан сайлау органында жұмысқа ауысуы кезіндегі жағдайға) байланысты белгілі бір тактикалық амалдар ғана ауыса алады. Имидждің түрлі шегін үгіттейтін ұандай да бір амалдарды жиі көрсету және қайталау кезінде саясаткер бейнесінің есте сақталуы артады, оның бейнесі халықты осы саясаткерге қатысты белгілі бір қолдау көрсету мен ынтымақтастыққа бағыттай отырып, қоғамның ой-санасында қалыптасып бекітіледі.
2. ИМИДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӨЗІНДІК БАҒАНЫҢ ӘСЕР ЕТУІ
2.1 Ғалымдардың көзқарастары
Өткен ғасырдың екінші жартысында өріс алған стиль құрылымының қалыптасуы, психологиялық теорияға негізделеді. «Өзіндік бағалау» деген түсініктің өзі, кәсіби қызметтің және жеке тұлғалы кәсіби маманның дара бейнесінің даму ерекшелігімен түсіндіріледі.
Кімде-кімнің өзіндік бағалауы, кәсіби және жеке тұлғалық деңгейінде немесе сол деңгейі жоғары болатын мамандар тиімді әрекет ететіндігі жалпыға мойындалған.
Адамға өз
тәртібін бейнелеу қажет, яғни
ол өзге адамдармен қарым-
Э. Фромманың көзқарасы бойынша, адам, тәртібін реттеу арқылы әлеуметтік қағидаға шексіз бағынады: жеке тұлға өзімен-өзі болуды тоқтатады; ол мәдениет құрылымы қалай талап етсе, сондай жеке түрге айналады және олар оны өздері қалағандай көргісі келетіндіктен, ол басқаларға ұқсас болып қалыптасады. Адамдар қажеттілік сезімінің тұрақтылығын және беріктілігін қауіпсіздік сезіміне ұқсас қалыптастырады.
Гордон Оллпорт
болжағандай, адам тәртібі
Маңызды детерминанттық тәртіп, жеке тұлғаның кескіні және ауыспалы жағдайы болып табылады. Реймонд Кеттел, бұл жағдайда, қандай да бір адамның мінезін болжау қиын деп мойындайды. Нақты болжауды көтеру үшін әлеуметтанушы тек жеке тұлға игеретін кескінді ғана қарастырмау керек, жеке тұлғаның ауыспалы кескініне қатысты емес, ол сонымен қатар осы кезде адамның көңіл күйін және әлеуметтік рөлінің ерекшелік жағдайын талап етеді. Тәртіп өзара әрекет кескіні мен ауыспалы жағдайда анықталады. Кескін, қоршаған ортаның тұжырымдамасында, әлеуметтік және табиғи орта әсерімен қамтамасыз етіледі. Бұл кескін тәртіптің ерекшелігі мен стилін бейнелейді, оқу үдерісінде меңгеруі және үлгісін қалыптастыруы, оның жеке ортасына әсер етеді. Р. Кеттел кескінді жүйелеу жалпы және бірегей маңызы барына сенімді.
Жалпы кескін
– бұл әртүрлі дәрежедегі
Джулиан Роттер мәнмәтін жағдайының маңызды рөлін және оның адам тәртібіне әсер етуін баса айтты. Ол жиынтық белгісінің наразылығын, осы әлеуметтік жағдайда адамды күту нәтижесінде тәртіптік нығайтуға мақсатты теория құрайды. Бұл тәртіптің ерекше жағдайының шамасын болжау үшін, Джулиан Роттер төмендегідей формуланы ұсынды:
Мінез-құлық потенциалы = күту + нығайту құндылығы
Тәртіптік құрлымның механизмінде жасалған талдау бойынша, келесідей қорытынды жасауға болады:
Демек, мінез-құлықты қалыптастыру қоршаған факторларға, әлеуметтік талаптарға және құбылыстардың тиімділігіне тәуелді болады. Мысалы, зерттеуші Альберт Бандураның айтуынша адам мінез-құлқы қажеттіктердің ішкі процесстерінің бір қатарына бағынатынын белгілейді (әуес болулар, ниеттер), ол санадан төмен деңгейде жұмыс жасайды. Демек, «өзара детерминизмнің үштігі» деген А. Бандураның тұжырымдамасында, адам мінез- құлқына қоршаған орта ықпал еткенімен, ол адамның өзіне байланысты болады, демек, адам өз мінез-құлқына ықпал ете алады.
Өзара детерминизмнің үштігі
Нұсқағыштар (әсердің векторлары) екі жақты көрсетеді, бұл демек қолданыстағы үш өзара детерминизмінің әрқайсысы өзгермеліге ықпал етуге қабілетті.
2.2. Өзіндік тиімділіктердің кезеңдері
А.Бандура, соңында адамдар, ашық мінез-құлықтың және қоршаған жағдайлардың өзара әрекеттесу арасындағы өнім және өз ортасының қалыптастырушысы болатындығын айтады. Демек, әлеуметтік-когнитивті теория өзара себептің үлгісін бейнелейді, аффективті және басқа жеке тұлғалық факторлар мен қоршаған орта оқиғалары өзара тәуелділік детерминанты болып жұмыс жасайды. Альберт Бандураның көзқарасы бойынша, тәртіп үлгісінің бақылауымен адамдар нақты тәртіптік реакциясының конгнитивті бейнесін қалыптастырады және бұл кодпен жазылған ақпарат, олардың әрекеттерінің бағдары болып қызмет етеді. Адамдардың өз қабілеттіліктерін білу тиімділігі, Бандура тұжырымдамасы бойынша, мінез-құлық тиісті ерекше есепте немесе ахуалды қалыптастыруды сезінуге жатады. Тиімділіктің өзіндік бағасы эмоциялардың әдептілік жолында, себебі, ол мінез-құлықты қалыптастыруға және пайда болуына ықпал етеді.
Информация о работе Имидждің қалыптасуына өзіндік бағаның ықпалы