Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:55, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Имиджді құру – бұл қоғамды қызықтыратын және нақты бір саяси міндетті (сайлауда жеңуді, билік беделін арттыруды және т.б.) шешуге мүмкіндік беретін субъектінің қандай да бір қасиеті мен сапасын саналы түрде құру. Бұл мағынада имидж саясат саласының маңызды құрылымдық компонентін білдіреді, оның көмегімен билеуші субъектілер халықпен байланыс жасайды, халықпен қайтымды байланысты ұстауды қамтамасыз етеді, қоғамдық ой-санаға мақсатты әсер етуге мүмкіндік жасайды. Имидж – бұл саяси субъектілердің саяси капиталының маңызды формасы және бір мезгілде оны көбейтудің механизмі.
ИМИДЖДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Имидж мәні, түсінігі және құрылымы.................................................................5
1.2 Өзіндік бағалаудың мәні.......................................................................................8
1.3 Имиджді құру және қалыптастыру алгоритмі..................................................13
2. ИМИДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӨЗІНДІК БАҒАНЫҢ ӘСЕР ЕТУІ
2.1 Ғалымдардың көзқарастары...............................................................................17
2.2 Өзіндік тиімділіктердің кезеңдері......................................................................19
3. ҚАЗАҚСТАНДА ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Имидждің өзіндік бағалаудағы сипаттамалық белгісі.....................................23
3.2 Тәуелсіз Қазақстанның имиджін қалыптастыру мәселелері...........................25
Саяси технологиялар әмбебап қолданылмайды, әрбіреуі белгілі бір міндет шешуге багытталады. Өзінің мазмұны мен құрылымы бойынша күрделі болып келеді. Саяси технологиялардың құрылымы жөнінде айтатын болсақ, оның компоненттері түрліше келуі мүмкін. Дегенмен, оның негізгісі:
Саяси биліктің жағымды имиджін қалыптастыру үшін, алдымен, саяси технологияларды ғылыми жағынан дұрыс қолдану арқасында саяси процесске әсер етіп, ал оның субъектісіне өз мүддесіне жетуге көмектеседі. Қазіргі кезде имидж қалыптастыру күнделікті қажеттілік, ол өзіндік «жарнама» қызметінде істейді. Келбетін неғұрлым тартымды болса, соғұрлым сені танып сенім білдіре бастайды. Алайда, имидж қалыптастыру ол кезде процес емес. Жарнама заңдылықтары бойынша тауарды тану үшін оны жарнамалайды, бірінші рет оны танымауы мүмкін, тіпті байқамай қалуы мүмкін, екінші рет тыңдап кетіп қалуы мүмкін, алайда, жиырмасыншы рет көргенде тұтынушы қызығушылығын танытады. Имидж де сол сияқты бірінші рет нәтижесін көрсетпеуі де ықтимал, дегенмен, жоғарыда атап өткен саяси технологиялар нәтижесінде бірте-бірте көзделген формасын қалыптастырады.
Қорытындылай келе, имидж бүгінгі қажеттілік және оған назар аудармау мүмкін емес. Бүкіл сфераларды қамтыған бұл феноменды ғылыми жағынан дұрыс қолданған жағдайда, өз нәтижесін көрсетеді. Ол өз алдына экономи-калық байланыстар болса да, саяси байланыстар болса да мемлекеттің танымалдығын білдіріп, халықаралық аренада беделін анықтайды.
1.2 Өзіндік бағалаудың мәні
Өмірдің мағынасы
– ол адамның санасындағы
«Өзін-өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.
Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.
1. Тұлғаның мотивациялық
аумағы: мінез-құлықтың және іс-
2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.
3. Тұлғаның құндылықтық-
4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік.
Өзiн-өзi бағалау сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы.
Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:
1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
2. Адам өз iс-әрекетiн
өзгелердiң iс-әрекетiмен
3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.
С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi.
Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi.
Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi бағалау» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.
Өзiн-өзi бағалаудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi бағалау – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
- өзiн-өзi бағалау - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi бағалау - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.
Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру.
З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.
Гештальттерапияда өзін-өзі бағалау адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.
1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.
2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.
3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.
4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару.
Өзіндік бағаны дифференциялауға арналған зерттеулер бойынша, өзіндік бағаның бес параметрлері (физикалық сапа, сәттілік, интеллектуалды даму, тұлғааралық қатынас және жауапкершілік) бар. Егер әр жас категорияларының өзіндік қырларын салыстырсақ индивидуалдылық вариациялар туындайды. Жас келген сайын күшейетінін байқаймыз. Жас бала барлық сапалар бойынша, өзін бірдей бағалайды, ал ересектеу балалар өздерінің стильдерін және өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі.
Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі.
Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.
Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты елестету жүйесі.
Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.
Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).
Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.
Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын әр түрлі мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
Психологияда өзін-өзі бағалау саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал.
Өзiн-өзi бағалау аймағы мен саласы жайлы кең түрде Д. Лафта және Г. Интрома «Джогари терезесiн» көрсеттi.
Кесте 1. «Джогари терезесi»
Мен өзім жайлы жақсы білетінім |
Өзім жайлы білмейтінім | |
Мен жайлы өзге адамдардың білуі |
Арена |
Соқыр дақ |
Мен жайлы өзге адамдардың білмеуі |
Жасырын аймақ |
Белгісіз |
Арена - мен өзiм жайлы бiлетiнiм және мен туралы қоршаған ортадағы адамдардың бiлуi.
Соқыр дақ - мен жайлы басқа адамдардың бiлуi, бiрақ мен өзiм бiлмеуiм.
Жасырын аймақ - мен өзiм жайлы бiлуiм, бiрақ өзге адамдар мұны байқамайды.
Белгiсiз - мен өзiм жайлы және өзге адамдарда мен туралы бiлмеуi.
Сонымен, өзiн-өзi тану пәнiнiң қорытындысы Арена терезесiн жоғары деңгейге көтеру, кеңейту, ал соқыр дақ аймағын тарылту, жасырын аймағын нақтылау, яғни ненi өзге адамдардан жасыру, ненi ашық көрсету мен мақсатқа жету үшiн ненi қолданған пайдалы және оны жетiлдiру. Осындай модельдi қолданса тұлға өзiндік бақылау жасай отыра, өзге адамдардың тұлға жайлы не ойлайтынын бiле алады.
Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады
1. Эмоционалды құндылық қатынасы
2. Өзiн-өзi тану
3. Өзiн-өзi реттеу
4. Өзiн-өзi бақылау
5. Өзiн-өзi бағалау
«Мен» субьект ретiнде әртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң әсерiнен өзiн-өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.
Өзiн-өзi тану процесi
1. Өзiн-өзi танудың
түсiну және түсiне алмау
2. Мақсаттылық.
Жеке адам өз алдына қандайда
бір мақсат қояды және
3. Өзiн-өзi бағалаудың қанығуы әртүрлi өмiрлiк жолдарында кездеседi. Тұлға тек жағдайды, өзге адамдарды бiлiп қана қоймай, өз мүмкiндiгiн, қасиетiн, өзiнде бiлген жөн.
4. Өзiн-өзi бағалаудың аяқталмауы - бұнда ересек адамдардың өмiрi бай және шынайы тұлға. Өзiңдi толық тану мүмкiн емес, тiптi әлеуметтiк ортада орны зор, қабiлеттi деп санайтын адамның өзi де жоғары деңгейде өзiн-өзi тани алмайды.
Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: «-Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай қабылдайды?», «Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?»-деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.
Информация о работе Имидждің қалыптасуына өзіндік бағаның ықпалы