Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 13:12, курсовая работа

Краткое описание

Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.

Содержание

Кіріспе

1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері

1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері

1.3. Ойлау формалары

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары

2.1. Оқыту барысында балалардың ойлау процесін дамыту

2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға колдану

2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акерке.doc

— 216.50 Кб (Скачать документ)

 

    «Поезд  құру»

 

    Поезд  - паравоздан және мысалдар жазылған  вагондардан  тұрады. Мұғалім  мысалдарды есептен шыққанда  ол вагонның номерлері болатынын түсіндіреді.

 

    Ойынның  мақсаты:

    Қосу  және азайтуды есептеуге дағдыландыру  және баланың ауызша есеп шығаруға  қабілетін дамыту.

 

    Бірінші  сыныпта онға дейінгі сандармен   Математикалық амалдарды үйрету  барысында  «Баскетбол» ойынын, «футбол»  ойынын тағы басқа топпен ойнайтын қызықты ойындар түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол.

 

    Ойын  шарты:

 

    Сандарды  есептеп, «10»-шы доптарды қызылмен, «9»-жасылмен боя. Қай доп қай  сеткаға түседі?

 

    Доп  пен сетканың түсі бір-біріне  сәйкес келуі керек. Бірінші тапсырма орындалғаннан соң екінші ретте сегізінші допты қызылмен, жетінші допты жасылмен бояу керек. Ол доптағы есеп шығарылып, балалар ұпай жинайды.

 

    «Алма  теру» ойыны.

 

    Мақсаты:

 

    Бір  таңбалы сандарды қосу және  азайтуды үйрету, ауызша есепке дағдаландыру, ойлау  қабілетін дамыту.

 

    Керекті  құралдар:

 

    Алма  бағының суреті, магнит тақтасы,  жеке-жеке орналасқан бірнеше  алма жемісінің суреттері және  оларды теріп салуға арналған  себеттер.

 

    Мазмұны:

 

    Магнитті  тақтаға үлкен алма ағашының суреті ілінген. Ағашта ілінген алмалардың орнына алма жемісінің суреті салынған карточкалар ілінген. Ойын барысында балалар тиісті карточканы үзіп алып, оны тиісті себетке салып отырады. Себеттің сыртына нәтижелері жызылып койылады. Балалар өздері қалаған себеттерін таңдап алып, соған тиісті алманы салып отырады. Ойынға бір сәтте 5-6 бала қатысады. Немесе бүкіл сынып болып қатысуға да болады.

 

    Себетті  кім бұрын толтырса, солар мұғалімге  сол сәтте тапсырады.

 

    Жүргізуші  алма ағашын басқада заттармен ауыстырып, бұл ойынның варианттарын жасап шығаруына болады.

 

    «Керуеншілер»   ойыны.

 

    Мақсаты:

 

    Баларға  бір таңбалы сандарды ондықтан  аттап қосуды меңгерту және  ауызша, жазбаша жылдам есептеуге  дағдыландыру, балалардың ойлау қабілетін дамыту.

 

    Мазмұны:

 

    Жүргізуші  оқушыларға керуен ойынын ұйымдастыру  жолдары түсіндіріледі. Тақтаға  алдымен 8 баланы тақтаға шақырып  алып, оларды тізбек құрғызып  тұрғызады (керуен қатарындағы  ботақандар). Соңынан тағы да 6 қыз  балалар шақырылады. Тақтадағы керуен тізбегі толықтырылады. Алдымен 10 саны шығатындай етіп, бірінші екі қыз бала, сосын тағы екі қыз бала, ал соңынан 4 қыз бала шақырылады. Барлығы түйенің қимылын көрсетеді. Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:

 

    - Керуен  тізбегіне тағы неше ботақандар тіркелді?

 

    - Керуендер  тізбегін 10-ға толтыру үшін неше  ботақан тіркеледі?

 

    - Ең  соңынан керуенге тағы қанша  ботақандар қосылды?

 

    - Барлығы  неше ботақан болды?

 

    Амалдарды  жасап болғаннан соң оқушыларға  тағы басқа ойын түрлерінде тапсырмалар беруге болады.

 

    «Бәйге»   ойыны.

 

    Мақсаты:

 

    Бір  таңбалы сандарды қосу және  азайту, ондықтан аттап қосуға  байланысты мысалдар шығарып  жаттықтыру, ойлау қабілетін   дамыту.

 

    Көрнекі  құралдар:

 

    Әр  топқа арналған кішкентай жалаушалар, сол ойынға қатысқан балаларға арналған нөмірлер, қосымша мысалдар жазылған карточкалар, плакаттар.

 

    Мазмұны:

 

    Жүргізуші  сыныптағы оқушыларды бірнеше  топқа  бөледі де, оқулықта  жоқ тапсырмаларды  карточкаға  жазып, оны оқушыларға таратып береді. Немесе барлық есептер жазылған плакаттарды қолдануға болады. Бәйгеге түсетін бала алдын ала бірінші турдың есеп-мысалдарын шығарып, жарысқа қатысуға жолдама алады. Жарысқа қатысуға жолдама алған топтың балалары алдымен бір-бірден тақтаға шығады.

 

    Жүргізуші  жарыс тәртібімен балаларды таныстырып  шығады. Екі бала өздеріне тиесілі   жолдың бойындағы есеп-мысалдарды  шығара отырып, алға жылжиды. Кім  бірінші  болып мысалдарды  шығарып мәреге жетсе, сол топ  жеңімпаз болып  есептелінеді. Мәреге жеткенше қатысқан бала шаршады деп есепке басқа балаларды да «жанкүйерлер» арасынан шығарып қосып отыруға болады.

    Ойынды  күрделендіріп келесі сабақтарда  басқа варианттармен немесе тіптен  басқа атпенен қолдануға болады.

    Бәйге  ойыны варианттарын түзету-дамыту машықтарында балалардың барлығын ойынға тартуға, олардың ұялшақтық, тұйықтықтан шығаруға тағы да басқа психологиялық проблемаларды шешуге қолдану жолдарын анықтауға болады.

 

    «Жамбы  ату» ойыны.

 

    Мақсаты:

 

    Балаларды  өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру, есептерді тез және дұрыс орындауға баулу, есептеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.

 

    Көрнекі  құралдар:

 

    Үлкен  дөңгелек, карточкалар, кестелер, ойыншықтар, кішкене доп.

 

    Мазмұны:

 

    Тақтаға  үлкен дөңгелек ілінеді, дөңгелектің  іші төрт секторға бөлінеді.

 

    Әр  секторға 1, 2, 3 сандары жазылады.

 

    Бала  қолына ойыншық жедені алып  оны дөңгелек ішіндегі секторларға  дәлдейді (атуға  кішкентай допты  қолдануға болады). Бала атқан  оғы қандай санға тисе, сондай  номердегі карточканы алып, ішіндегі тапсырманы орындайды. Әр тапсырма бір ұпай, карточкада 2, 3 немесе одан көп тапсырмалар болуы мүмкін. Бала осылайша ұпайлар жинайды. Кім көп ұпай жинаса, сол бала ұтқан болып есептеледі.

 

    Бұл  тапсырманы орындау барысында баланың табысты болуға құмарлығы артып, ол барлық алдында тұрған қиындықтарды тайсалмай орындауға бел байлайтындай қасиет біртіндеп дамиды.

 

    Бірінші  сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін  дамыту барысында олардың ірі  және майда қимыл әрекеттерінің  дамуына, саусақтарының ептілігін нығайтуға және сол сияқты жалпы дамытуға арналған тапсырмалар аралас жүргізгеннің орны бар. Мектепке келген балалардың бірқатары әлеуметтік жағынан «ержетпеген», оқытуға қажетті дағдылары қалыптаспаған болуы мүмкін. Сондықтан олармен түзету-дамыту жұмыстары басқа мазмұнда, тек психокоррекциялық мағынасы бар түрде жүргізіледі. Біз өз дипломдық жұмысымызда бұл проблеманы зерттеу міндетін өзімізге жүктемегендіктен осы қасиеттерді қалыптастыруға арналған әдістемелерді бұл жерде талдаған жоқпыз.

 

    Шығармашылық  тапсырмалар балалардың барлық  таным процестерін бір-бірімен  ұштастырып жан-жақты дамуына  мүмкіндік береді. Бұл тапсырмаларды  өңдеп, көптеген вариантта қолдануға  болады.

 

 

 

    2.3. Ойлау  процесінің  даму деңгейін  анықтау және дамыту  әдістемелері.

 

    Бастауыш  сынып оқушыларының ойлау процесі  осы жас кезеңінің ішінде екі  сатыда жүретінін ескеру қажет.  Бірінші сатыда (ол шамамен 1-2 сыныптағылар) балалар ойлау әрекетінде  нақтылы заттарға, оның дәл баламаларына, бейнеленулеріне сүйенеді. Ал 3-4 сыныптарда оқушылар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игере алады (мысалы: стол – зат есім), олардың логикалық ойлауы анық көрініс беріп, талдау мен топтастыру, жүйеге келтіру және сол сияқты күрделі оперецияларды жасайды. Осы жас шағындағы балалардың ойлау процессін зерттеуге арналған әдістемелер мол. Олардың ішінен балалардың интеллектуалдық дамуына әсері өте үлкен, логикалық мағынасы барларын осы жерде келтіреміз.

 

    Логикалық  ойлауды дамыту әдістемесі.

 

    Мақсаты:  балалардың логикалық ойлауын  дамыту.

 

    Балалардың  таным процестерін дамытуға арналған  көптеген графикалық және сөздік  жаттығулар жасалған.

 

    Ұсынылып  отырған графикалық-сандық тест.

 

    Орындау  ережесі:

 

    1 санынан 19-ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет. Әр шеңбердің ішіне бір сан жазылады. Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады. Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді және жаттығу орындалмайды.

 

    Сандарды  дұрыс орналастырғанда қарама-қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30-ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне, ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығу керек. Сандарды толық орналастырып болғаннан соң әр диагональ бойында орналасқан үш санды бір-біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30-ға тең болатындай ретін табу керек. Орындауға 10 минут уақыт беріледі. Егер бірінші реттен ретін таба алмаған бала тағы уақыт беруді өтінсе, оған екінші және үшінші рет орындап көруге мүмкіндік берген дұрыс. Сондықтан орындауға берілген уақыт баланың логикалық ойлауына шектеу қоймауы керек.

 

 

 

    Дұрыс  жауабы: Ортадағы шеңберге 10 санын  орналастыру керек. Сонан соң,  сыртқы шеңберлер ішіне 1 санынан  бастап 9-ға дейін ретімен жазып шығамыз. Олардың қарсы тұсында диагональ бойымен орналасқан барлық шеңберлерге сандарды суммасы 30-ға тең болатындай етіп жазып шыққанда тапсырма дұрыс орындалады.

 

    Оқушылардың  әрекеттеріне психолог араласпай,  өздері шешу жолын дербес табуына мүмкіндік  беруі қажет. Балаларға тапсырманы үндемей отырып орындау керек  екені ескертіледі, ал шешу жолдарын қадағалау үшін психолог әр баланың жұмысын орындау парағына қарап, тапқан логикасының дұрыстығын өзі белгілеп отырады.

 

    Оқушылар  тапсырманы орындау барысында оның шешімін табудың көптеген варианттарын жасап көрді. Олар ортадағы шеңберге бір санын қоюдан бастады. Бір-екі  вариантты жасап көргеннен соң мәселені дұрыс шешу үшін ортадағы санды табу керек екенін түсінгендер дұрыс орындап, басқа оқушыларға көмек көрсете бастады. Бұл жерде баланың логикалық ойына үлкен әсерін тигізетін нәрсе – олардың ортадағы санды табу қажет екеніне түсінгені. Орындау барысында тапқырлық, шығармашылық көрсеткен балалардың саны 4 болды. Жүргізілген зерттеу нәтижесі келесі кестеде көрсетілген.

 

    4-а   сыныбы оқушыларының логикалық  ойлауды өлшеу тапсырмаларын  орындауы  Қатысқан оқушылар Бірден тапқан Екінші реттен Үшінші реттен Таппаған

1. Ауелбасова  С.     1 

2. Әлекеева Н.       1

3. Базар Ә.       1

4. Бөкенбай Ө.   1   

5. Дүйсенбаев  Қ.       

6. Мақұлбекова Г.     1 

7. Медетбек С.     1 1

8. Назарұлы Н.       1

9. Нығметжан Р.   1   

10. Ораз Ұ.       1

11. Рай Ш. 1     

12. Шәріпова Ғ.       1

 

 

 

    Кестеде  көрсетілгендей шешу жолын бірден  тапқан балалар саны 8 пайыздан аспады, ал екінші және үшінші санды қойып барып тапқандар саны 42 пайызға жақындады.

 

    Осы  тапсырманы 6-б сынып оқушыларымен  жүргізгенде олардың көрсеткіштері  4-ші сынып оқушыларының көрсеткіштерінен  төмен болды. Осы зерттеу нәтижесіне сүйене отырып балаларды шығармашылық тапсырмаларды орындауға ерте баулымаса олардың логикалық ойлауының дамуына мүмкіндік болмай қалады деген тұжырымдама жасадық. Келесі кезеңде балаларға зак ұсынған логикалық ойды дамыту тестерін орындаттық.

 

    А.З.Зак ұсынған «оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау және дамыту» әдістемесі.

 

    Мақсаты: 4 сынып оқушылардың логикалық   ойлауының және интеллектуалдық   кабілетінің даму деңгейін анықтап  оларды дамыту.

 

    Бұл  әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.

 

    1-ші  тапсырма. «Анаграммалар» әдістемесі.

 

    Мақсаты:  Бастауыш сынып оқушыларының  ойлау процестерінің даму деңгейін  анықтау және олардың интеллектуалдық  қабілетін дамыту.

 

    Орындау  ережесі: тапсырманы орындату  алдын балаларға анаграмма не  екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз сөздегі әріптердең орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Берілген уақыт ішінде орындалған сөздерді есепке алып, баланың логикалық ойлауының даму деңгейі анықталады.

 

    Мысалы: анаграммада «ОЛТС» әріптері  берілген. Олардың орнын ауыстыру  арқылы «стол» деген сөз құрылады.

 

    Тапсырма: Келесі анаграммаларды шешу арқылы  берілген сөздерді тап.

 

    Тапсырмаларды  орындау барысында қосымша түсіндірудің  ешқандай қажеті жоқ.

 

    Орындауға  10 минут уақыт беріледі.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері