Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 13:12, курсовая работа

Краткое описание

Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.

Содержание

Кіріспе

1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері

1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері

1.3. Ойлау формалары

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары

2.1. Оқыту барысында балалардың ойлау процесін дамыту

2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға колдану

2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акерке.doc

— 216.50 Кб (Скачать документ)

 

    Бұл  машықта заттың орнынан дұрыс  белгілеу және оларды бір-бірінен  ажыратуға, 1-ден 5-ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру негізгі мақсат деп анықтап алдық. Машық ойын түріне және сұрақ-жауап әдістерін қолдану арқылы құрылады. Көрнекіліктерден түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстық (үйрек, қаз, тауық, қораз, күркетауық) үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар, магнитофон қолданылады.

 

    Машық  барысы: Өтілетін тақырыпты тақтаға  жазып, оның неізгі мазмұнын  түсіндірдім. Тақырыпқа байланысты  оқулықта берілген суреттерді  және диагностикалық альбомда жинақталған материалдарды қолдана отырып кіріспе әңгіме жүргіздім. Одан әрі тақырыппен байланысты отырып, магнитофоннан құстын дауысын тыңдап, әр құстың дауысын ажыраттым. Одан кейін оқушылар үйдегі құстар туралы әнгімелеп берді. Олардың санын айтты. Машықты одан әрі сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, балалардың нені түсініп, ал нені түсінбей қалғанын анықтап алып, олармен дамыту жұмысын жалғастырдым. Балаларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.

 

    - Балалар,  суреттен нелерді көрдіңдер?

 

    - Құстарды.

 

    - Кәне, бұл суреттегі құстардың аттарын  атаңдаршы.

 

    - Үйрек,  тауық, қаз, қораз, күркетауық.

 

    Осы  арада оқушыларға жабайы және  үй құстары туралы түсініктеме  бердім.

 

    - Балалар,  мына суреттегі құстар нешеу?

 

    - Барлығы бесеу.

 

    - Қазір  біздер «Орынды тап» ойынды  ойнаймыз. Осы суреттегі құстардың  орнын енді санмен сұрап, тиісті  орындарын белгілейміз.

 

    - Үйрек  нешінші орында?

 

    - Бірінші.

 

    - Тауық  ше?

 

    - Екінші.

 

    - Қораз  ше?

 

    - Үшінші.

 

    - Қаз ше?

 

    - Төртінші.

 

    - Күркетауық  ше?

 

    - Бесінші.

 

    Балалар  олардың орындарын цифрмен белгілейді. Одан кейін қалташаға «Құстарды»  ретпен өзінің орнына орналастыруға  көмектесіп балалар ойынын одан  әрі жалғастырған жөн. Сосын  «Күн мен түн» ойыны жүргізіледі. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жұмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушыны тақтаға шақырдым. Ол құстың орнын ауыстырып қойды. «Күн» дегенде оқушылар басын көтеріп, көзін ашты. Оқушыны тақтаға шақырдым. Ол құстарды өз орнына дұрыс қоя білуі тиіс. Қалған оқушылар құстардың орнын дұрыс тапқанын бақылап отырды.

 

    «Орынды  тап» бұл ойынды заттарды, құстарды  сөреге, немесе сатыға қою тәртібімен  де алмастыруға болады. Ойын тәртібі  жоғары ойынға ұқсас. Сөредегі  құстың орнын ауыстырып қоямын, оқушы өз орнына дұрыс қоюы керек. «Баспалдақ» ойыны да осылайша жүргізіледі. Бұл арада да құстың орнын ауыстыр, оқушы оларды өз орнына қояды. Бұл ойынды оқушының өзінің қалауынша ойнайды. Ойын тәртібін былай жасадым. 1, 2, 3, 4, 5 цифрларын партаға отырған оқушыларға үлестіру керек. Тақтадағы қалташаларда құстың орындары өзгертіліп ретсіз қойылған. Оқушылар өздеріде цифрлары бойынша құстардың суреттегі ретімен өз орнына тұра қояды. Ойын тез әрі шапшаң ұйымдастырылады. Сабақты түрлендіру мақсатын көздеп, оқып бердім.

 

    Қораз

 

    Ақ  қораз-ау, ақ қораз,

 

    Сауысқандай  сақ қораз,

 

    Таң  атқанша шақыр да:

 

    Тауықтарды  бақ қораз.

 

    Оқушылар  өлеңде «Қораз» деген сөз неше  рет, ал «тауық» деген сөз  неше рет айтылғанын санап  отырады. Кейін оқушылар «қораз» сөзі 4 рет, «тауық» сөзі 1 рет (барлығы 5 рет) айтылатынын айтты. Сергіту жаттығуын да сабақтағы құстардық сәйкестігін талдадым.

 

    Қаңқ-қаңқ  қаздарым,

 

    Тізені  сәл бүгіндер.

 

    Қолды  артқа ұстаңдар.

 

    Қазға  кәне, ұқсаңдар.

 

    Алға  мойын созыңдар,

 

    Сол  қалыппен жүріңдер

 

    Ілгеріліп  озыңдар,

 

    Солай  етіп байқа да:

 

    Он  шақты рет қайтала.

 

    Қант  жая жалма-жан,

 

    Талпынғандай  ұшуға.

 

    Иілем  де, қол созам:

 

    Аяғымның  ұшына.

 

    Сабақты  одан әрі «Тез табамыз», «Кім тез» ойындарын жалғастырған. Ойын тәртібі бойынша оқушылар партаға басын қойып жатады. Өзім көрсеткіш таяқпен партаға құстардық орнына сәйкес сан қанша болса сонша рет тықылдатамын. Оқушы неше рет соғылғанын тыңдап, дыбыс санына қарай (1, 2, 3) деп санды айтады. Кейін сол санмен құстық орнын белгілеп, оның атын айтады. Мысалы: 3-рет соғылды. Ол – қораз. 4 саны – ол қаз және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың  ой-өрісін дамытуға қолдану

 

    Ойлау  процесі жақсы дамыған адам  көптеген заттар мен құбылыстарды  талдап, бір-бірімен салыстырып, ортақ  қасиеттерін тауып, оларды жүйеге  келтіруге шапшаң болады. Осы  ойлаудың ерекшелігін қалыптастыруға  арналған көптеген шығармашылық  тапсырмаларды пәндердің ерекшеліктерін байланысты жинақтап оны тиімді қолдануға болады. Олар геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасын, түрі мен түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын табу арқылы баланың қоршаған ортадағы нәрселерді біртектестігін түсінуге, ұқсастығын және айырмашылығын табуға негізделген күнде олардың ойлау қабілетін дамытады.

    Шығармашылық  тапсырмалардың басым көпшілігі   дидактикалық ойын ретінде ұйымдастырылғандықтан  дамыту сабақтарының мазмұны  балаларға тартымды және қызық түрде келтіріледі.

    Бастауыш  сынып мұғалімдері тәжірибесінде  шығармашылыққа баулитын дидактикалық  ойындар көп мөлшерде жинақталған.  Олар «Ақ сүйек», «Поезд құру»  , «Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Бейнені  құрастыру», «Артығын табу», «Не  жетіспейді» т.б. түрлері кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Біз осы параграфта бірнеше түрін қолдану әдістемесін келтіріп отырмыз.

 

    Шығармашылық  тапсырмалардың, ішінде заттардың  формасын, түрін, түсін, кеңістікте  орналуын дұрыс қабылдауға арналғандарының  ролі өте үлкен. Мысалдар келтіреміз.

 

    Бейнені  құрастыр

 

    Ойынның  тәрбиелік мәні. Қиылған әр түрлі  геометриялық фигуралардан белгілі  бір бейнені құрап жасауға  үйрету. Түстердің үйлесімділігін  сезінуге, сурет салу, жапсыру кезінде  заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлау мен қиялды дамытуға әсер ету.

    Қажетті  көрнекіліктер. Тіктөртбұрыштар,  үшбұрыштар, үлкен-кіші көлемдегі  дөңгелектер, әр түрлі көлемдегі  төртбұрыштар, балалардың іс-әрекетін  бағыттауға арналған үлгі суреттер.

 

    Ойын  ережесі.

 

    а)  Қиылған пішіндерді қарау, талдау, қандай бейне жасауға болатынын балаларға ойланта білу;

 

    ә)  бейнені белгелі бір затқа  ұқсата құрастыру;

 

    б)  егер оның бір немесе бірнеше  бөлшегін өзгертсе, басқа қандай  бейне шығаруға болады?

 

    Ойынға  басшылық:

 

    Тәрбиеші  желкенді қайық, аққара т.б.  формалар мен  түр-түстерде  жасалған қиықтардан жапсырып  жасалған үлгілерді көрсетіп, олардың  құрлысына, неше бөліктен тұратынына, қандай пішіндерден құралғандығына  және түстеріне назар аудартады.  Осындай пішіндердің барлық түрі, көлемі жағынан да әр түрлісі өз қолдарында болу керек.

 

    Тапсырма:

 

    Алдыларыңда  жатқан қағазда және тақтада  ілінген үлгілерде бірнеше фигуралар  бар (пішіндер).

 

    Осы  пішіндерден қандай бейне құрап  жасауға болатыны ойланыңдар.

 

    Осы  және басқа фигураларды құру  арқылы баланың бейнелік, бейнелі  - сюжеттік т.б. ойлау түрлері  қалыптасады.

 

    Заттар  мен құбылыстардық ара қатынасы, олардың кеңістікте орналасуы  т.б. көптеген ұғымдарды меңгеруіне  мүмкіндік туады.

 

    Осы  жерде мысалы ретінде балалардың құрған фигуралы үлгісінде желқайық, арба, адам, үй фигураларын келтіруге болады.

 

    Осы  сияқты көптеген фигураларды  жасау арқылы балалардың сәйкестіктерді  анықтауы қалыптаса бастайды. Ол  ассоциативтік ойлаудың қалыптасып  келе жатқанының белгісі болып табылады. Жасалған фигуралар үй тұрмысында қолданылатын заттар, құрақ көрінісі т.с.с. көптеген балалардың шығармашылығын көрсететін нәрселер болып келді.

 

    Шығармашылық  ойындарды қолдау арқылы балалардың  ойлау қабілетін дамытуға арналған  дидактикалық ойындарды  жыл мезгіліне байланысты түрлендіруге болады. Көктемде «Әдемі гүлдер» ойынын жүргізген өте тиімді.

 

    Ойынның  тәрбиелік мәні:

 

    - әдемі  гүлдердің суретін салуды, бедерлеп  мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік  дағдыларды еркін меңгеруді үйрету;

 

    - қиылған  ұсақ бөлшектерден өздеріне таныс  гүлді құрастыру;

 

    - гүлдің  құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін  табуға, кеңістікте дұрыс орналастыра  білуге жаттықтыру;

 

    Қажетті  көрнекіліктер:

 

    - әдемі  гүлдер суреттері;

 

    - қиылған  әр түрлі, түсті, ұсақ қиындылар;

 

    - құрылым  түзуге түстері пішініне сәйкес  әр түрлі болуы қажет;

 

    - тақта,  мольберт немесе фланелограф. 

 

    Ойын  ережесі:

 

    а)  гүл жапырақтарының ерекшелігіне  назар аударып, сәйкес пішіндер  таңдау;

 

    ә)  түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, өздері білетін гүлдер жасау;

 

    б)  гүлдер жайында білетін өлең-тақпақтар,  жұмбақтарын айтып, өсемдікті  әсерлеу.

 

    Ойынға  басшылық:

 

    Бұл  ойында балалардың айналадағы  өмірден, қоршаған ортадан өсімдікті сезіне қабылдауынан туған ойларын іс-әрекет барысында көрсетулері ұсынылады.

    Сабақтың  басында бұрынғы сабақтарда суретін  салған заттардың формаларын, оларды  үйлесімді құру тәсілдерін ойға  түсіріп, қайталау жүргізу қажет.  Сонан соң келесі гүлдердің құрамды бөліктері жеке-жеке салынған карточкалар таратылып беріледі. Осы бейнелерді оқушылар қиып алып, бөлшектерді құрастыру арқылы гүлдерді жасау тапсырылады.

    Тапсырманы  орындау барысында балалардың  шығармашылығын одан әрі дамыту  үшін тек берілген фигураларды ғана қолданбастан, әр бала өз қиялындағы табиғаттың көптеген көріністерін есіне түсіріп, тіптен тәжірибесінде болмаған, фантастикалық өсімдіктердің гүлдерін де салуына мүмкінішілік берген дұрыс. Нәтижесінде кейбір балалардың суретінде ғажайып бақ, онда өсіп тұрған гүлдер табиғатта кездесетіндерге ұқсағаны мен өзіне тән кейбір ерекшеліктермен сипатталатын болып шығуы әбден мүмкін.

    Шығармашылық  тапсырмалар ата-аналарының шаруашылық  жұмыстарымен, орындайтын қызметімен, отбасында қолданылатын тұрмыстық бұйымдардың көркемделуімен байланысты болуы да мүмкін. Тақырыбы қанша қилы болса, оның баланың шығармашылық ойын дамытуға тигізетін әсері сонша әсерлі болып келеді. Осы мәселені ескере отырып сабақтағы тапсырмаларды сабақтан тыс өткізген машықтарда жалғастырып, баланың ойлау қабілетін одан да терең дамытуға болады.

 

    Мысал  ретінде балалар орындаған бір   жұмыстың үлгісін келтіріп отырмыз.

    Бұл  тапсырма арқылы балалар заттың  құрамды бөліктің кеңістікте  орналасуын дұрыс қабылдауы және  бейнелі ойлау қабілеті дамиды.

    Қазақ  тілі сабағында дыбысты дұрыс  қабылдауы және оның жазылуын  ұштастыру үшін:

    1.  «Дыбысқа саяхат жасау»  тәсілін  қолдануға болады. Осы тәсіл арқылы  баланың ойлау қабілетінің тағы  бір көрінісін дамытамыз. 

    2.  шо...ер, ши...ер, ...утбол, т.с.с. сөздерді қолдану  арқылы ф дыбысын дұрыс айтуға үйрету жұмысы жүргізіледі.

 

    Ойынның  шарты:

 

    Көп  нүктенің орнына тиісті әріпті  тауып қою.

 

    Мақсаты:  Жаңа әріпті қолданып, үйрену.

 

    Ойын  барысы:

 

    Жаңа  әріпті тезірек үйрену үшін  жоғарыда көрсетілген кестенің  бірнеше варианттары жасалып,  нүнтелелердің орнына ф әрпін  қойған балалардың танымдық қызығушылығын  арттыруға арналған бірнеше карточкалар,  ойыншықтар және басқа дидактикалық  материалдыр кеңінен қолданылады. Психодиагностикалық альбомның біреуі әріптерді дұрыс айтуға үйретететін жаттығулыр мен басқада дидактикалық материалдыр жинағынан тұратын болуға тиіс. Осы альбомды қолдана отырып баланың тілін дамыту, вербалдық-логикалық ойлауын қалыптастыру шаралары жүргілсе баланың тілі анық, қысылмай сөйлейтін болады.

 

    «Ақсүйек»   ойыны (Белгісіз санды табу).

 

    Дидактикалық  мақсаты:

 

    Белгісіз  санды табуға, өртектің мәнін  табуға, жасырынып тұрған санды  тауып жаттауға арналған ойын.

 

    Мазмұны:

 

    Ойынға  сынып толық қатысады. Кестедегі   белгісіз сандардың орнында «Ақсүйек»  тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса,  сол табады. Дұрыс шығармаса, ол  бала «ақсүйекті» көрмей одан  әрі қарай аттап кетеді. Сабақтың  үстінде жүргізгенде бұл ойынды  ойша шешетін болса, машықтар барысында бұл ойынды қолдану арқылы балаланың қимыл әрекеттерін де қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері