Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 21:18, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері ретінде Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасындағы өзіндік табиғаты, П.Я.Гальпериннің сатылы оқыту теориясы, Леонтьевтің іс-әрекеттің даму жайлы тұжырымдамасы, Давыдовтың дамыта отырып оқыту теориясы, В.В. Рубцовтың оқу іс-әрекетін ұжымдық тұрғыда бөлуді ұйымдастыруға негізделген теориясы, профессор С.М.Жақыповтың біріккен диалогтық танымдық іс-әрекеті жайлы және белсенді оқыту әдістемесі туралы тұжырымдамасы, профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жеке адамның дамуы жайлы еңбектері алынды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Бастауыш мекггеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негізі........................................................................................................................6
1.1 Оқыту процесіндегі оқу шылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалаудағы теориялық ой-пікірлер....................................................................6
1.2 Мотивация және белсенді оқыту әдістері - танымдык іс-әрекет арқылы
оқытудағы бағалаудың негізі.............................................................................16
1 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................22

2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқу шыларының оқыту процесіндегі бағалануларын анықтау................................................24
2.1 Зерттеудің мақсаты, өтілу барысы және бағыттары....................................24
2.2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесін бағалау..................................28
2.3 Мотивацияға байланысты білімді бағалаудың әдістемелері......................33
2 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................39
3 Дамытушы эксперименттің оқыту процесіндегі және білімді
бағалаудағы маңызы........................................................................................40
3.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері мен даму
деңгейлерін анықтайтын білім сапасыы бағалау мәселелері........................40
3.2 І-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті арқылы
білімді бағалау жолдары...................................................................................46
3.3. ІІ-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде
білімді бағалау жолдары...................................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................67

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларын-оқыту-процесінде-бағалауды-психологиялық-ерекшеліктері.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Ж.Пиаже эксперименталды бөлімнің теориялық кіріспесінде логикалық операциялардың қалыптасу мәселелерін жалпы биологиялық заңдылықтардың көмегімен ашуға тырысты. Ғалым пікірінше, баланың танымдық даму процестері биологиялық процесстер-ассимиляция (меңгеру) және аккомодация (жанасу) арқылы дамиды.

Балалардың ақыл-ой дамуының негізгі көздері - олардың өздерінің меншікті танымдық іс-әрекет процестерінің белсенділігі деп санады.

Л.С. Выготский ойлау мен тіл мәселесін психологиялык мазмұнда талдай отырып, эксперимент жасау арқылы былай деді: "Сөздің ішкі астарындағы мағынасын түсінуіміз керек. Сөз әрқашан да жеке бір затқа айтылмайды, бір немесе бір топ заттарға байланысты болады. Сөздің мағынасы болмаса, сөз болмайды, тек бос дыбыс қалады.

Тіл мен ойлау тығыз бірлікте болады. Сөздің мағынасы ойлау мен тілдің бірлігі ғана емес. Сонымен бірге қорыту мен қарым-қатынастың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігі".

Зерттеу жұмысымызға негіз болған оқу процесінде оқушы мен мұғалім қарым-қатынастары, іс-әрекет ерекшеліктерінің әртүрлілігі оқыту мен тәрбие процесінің негізінде ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет жататынын ескертеді. Тіпті, Л.С.Выготский, П.Я.Гальпериндер психиканың онтогенетикалық дамуы жайлы, оқыта алушылық туралы күрделі сұрақтар көтерген. Эксперимент олар үшін осы мәселелердің мүмкіндігін, дамудың жақын аймағын, жаңа сапалардың қалыптасуын дәлелдеу үшін қажет еді. Сонымен, эксперимент логикалық қатал дәлелдің тәсілі, құралы сияқты болды.

Эксперименттің өзін зерттеу объектісі, проблемалық жағдай деп қарауға болады, әдетте, психологтар проблемалы жағдайлар туралы айтқанда, бұл объектіге, яғни зерттелінушілер жетіп жатқан міндеттерге қатысты болады.

Әрбір сабақ үш параметр бойынша бағаланды: қиындығы (Қ-ойлау әрекетінің сипатына байланысты), толыққандылығы (Т-оқушылардың бос отырмауы, оқу әрекеттерінің түрлерінің саны), оқушылардың эмоционалды күйінін сипаттамасы (Э-ол балалардың оқу жүктемесіне оң реакция танытуынан пайда болған бағадан құралады, мұғалімнің материалды жеткізу ерекшелігінен, оқу тапсырмаларының түрі, сипатына карай т.б. байланысты болады) және оқу сабақтарының толық генетикалық хронометраж нәтижесіне әрі оқушылардың организмінің функционалды қалпына және жұмыс істеу қабілетінің өсуі де тығыз байланысты болды.

Бүкіл осы мәліметтерді салыстыру аркылы мынаны байқадық: жекелеп алғанда әрбір көрсеткіш (қиындық, толықтық, эмоционалдық) түрлі дәрежеде сабақтыц шаршатуына әсер етеді. Зерттеушілер көрсеткендей-ақ, ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтары организмнің функционалды қалпына және жұмыс істеу қабілеттілігіне бірдей әсер ететіндігі анықталды.

Мұндай жинақтауда ерекше қиындық тигізетін сабақ дүниетану болды. Бұл сабақтарда үлкен дәрежедегі логикалық міндетті шешуі және шығармашылыкден қолдану қажет болды. Бұл әрине дұрыс-ақ, себебі-дүниетану сабағы бұл - бүкіл әлемді тұтастай ұғындыратын түрлі ғылымдардың түйіскен, қосылған бір түйіні.

Одан кейін математика, қазақ тілі және ана тілі оқу бөліктерінің толықтығымен (немесе оқу әрекетінің түрлілігімен) бірінші орынға шығатын - ана тілі, содан соң математика, қазақ тілі, дүниетану. Өте жоғары эмоционалды реакция туғызатын сабақтар - дүниетану, одан кейін - математика, ана тілі, қазақтілі.

Мынандай ұғым туындайды: сабақтың бір көрсеткішінің төменгі сипаттамасы өзгенің жоғары сипаттамасымен толықтырылады. Мысалы, дүниетану сабақтары қиындығының жоғарылығы өте жоғары эмоционалды күймен толықтырылады. Ал организмнің функционалды күйін талдау және оның шаршауы мынаны көрсетеді, яғни сабақтың шаршататындығы бір қосынды яғни фактормен (материалдың күрделілігі әсіресе эмоционалдық) анықталып қоймайды, белгілі бір қосынды, яғни үш фактордың бірлігі арқылы айқыңдалады: қиындық, оқу бөліктерінің толықтығы және оқушылардың эмоционалды қалпы арқылы.

1 кесте - Бастауыш мектеп оқушыларының  оқу жүктемесіне жағымды, жағымсыз  реакцияларын қамтамасыз ететін  оқу процесінің негізгі факторларының қатыстылығы

 

Пән

Оқу процесі факторлары байқалуының жағымды деңгейі

Оқу процесі факторлары байқалуының жағымсыз деңгейі

1

2

3

Ана тілі

Қж Тж Эо

Қж То Эж

Қо Тж Эж

Қт Тт Эж

ҚоТоЭо

ҚтТоЭо

ҚоТжЭж

ҚоТжЭт

ҚжТтЭт

Қазақ тілі

ҚоТжЭж

ҚтТоЭо

КжТтЭж

ҚоТоЭо

ҚжТтЭт

ҚоТоЭт

КжТжЭт

ҚтТоЭо

ҚтТтЭо

Математика

Қо Э

Қт Э

Қт Э

ҚжТжЭж

Қж Эт

ҚоТоЭж

КжТоЭж

Табиғаттану

ҚоТоЭо

ҚоТжЭо

КжТжЭо

ҚжТтЭо

ҚоТжЭж

ҚжТоЭж

ҚоТоЭж

ҚтТоЭо


 

Оқу үрдісінің факторлары:

Қ-қиындық; Т-толықтық; Э-эмоционалдық.

факторлардың байқалу деңгейлері:

Т-төменгі, О-орташа, Ж-жоғарғы.

Сонымен, ақыл-ой ауырлығы, эмоционалды ауырлық бұлар оқу сабақтары барысында жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне, щаршаудың дамуына әкеліп соғатындығын біздер білдік.

Балалардың білімін бағалаудағы пайда болатын қиындықтардың көпшілігін мұғалімдер оқу үлгерімімен байланыстырады. Сонымен бірге, баланың бағасы ереже бойынша, белгілі жүйе бойынша жүзеге асады: аса үздік - яғни, жақсы оқушы, екі алса яғни, нашар оқушы. Мұғалімдердің 80%-ы оқудың табыстылығын еңбекқорлық, айтқанды орындағыш, ұқыптылық сияқты қасиеттер анықтайды деп есептейді.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқытудағы бағалауларын мынадай бағыттармен зерттейміз.

 

2 кесте — Бастауыш мектеп  оқушыларының оқыту процесіндегі  бағалануының зерттеу бағыттары

 

Зерттеу бағыттары

Әдістемелер

Бастауыш мектеп

1. Сөз-мағыналық ойлау.

оқушыларының оқыту

2. Ойлаудың

процесін бағалауды

рефлексивтілігінің

танымдық іс-әрекет арқылы

белсенділігі.

зерттеу

3. А.Р.Лурияның 10 сөзді

 

жаттау әдістемесі.

 

4. Зейіннің

 

тандамалылығының бағасы.

Бастауыш мектеп оқушылары

1. Бастауыш мектеп

мотивациясының қалыптасуы

оқушылары оқу

 

мотивациясының

 

бағыттылығын анықтау.

 

2. Бастауыш мектеп

 

оқушыларының

 

мотивациялық деңгейін

 

бағалауға арналған әдістеме.


 

Кестені қорыта келе, мынадай тұжырымға тоқтауға болады: оқушының танымдық іс-әрекетінің дамуы күрделі құрылым болады да, оқыту процесінде тиімділікті анықтайтын негізгі фактор болады.

Оқыту процесіне қойылатын талаптар баланың танымдық іс-әрекетіне байланысты. Оқуға талпыну оқыту процесінің негізгі тірегі болып саналады.

 

2.2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқу шыларының танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту

процесін бағалау

 

Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіндегі ойлауын, ойлаудың рефлексивтілігін, қысқа уақытты есте сақтау, зейіннің тандамалылығының бағасын анықтау.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесін ұйымдастыруда ойлаудың түрлерінің, есте сақтау мен естің түрі қысқа мерзімді естің, зейін көлемі мен тұрақтылығының таңдамалылығының дамуын ескеру қажет.

Психологтар Л.С.Рубинштейн, Н.А.Менчинская, З.М.Калмыкова, А.В. Брушлинский еңбектерінде ойлау іс-әрекеті келесі процестерден тұрады: жалпылау мен талдап қорытудан, жаңа материалдың ережесі мен принциптерін ашудың негізгі заңдылықтарын анықтаудан тұрады.

Біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаттарының бірі - оқыту процесіндегі есте сақтаудың маңыздылығын көрсету болып табылады. Зейін негізінен жеке психикалық процесте, әрі қасиет те емес, бірақ танымдық процестерге тікелей қатысты, бірге әсер етіп отырады.

Бастауыш мектеп оқушылары зейінінің психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері оның тұрақтылығы, көлемі, бөлінуі сияқты қасиеттерімен анықталады.

 

1-ші анықгаушы эксперименттің  міндеттері:

1. а) ойлаудың оқу процесіндегі маңыздылығын анықтау үшін сөз-мағыналық ойлау және ойлаудың рефлексивтілік белсенділігін бағалауды зерттеуге арналған әдістеменің материалдарын құрастыру;

б) естің маңыздылығын анықтау үшін, А.Р. Лурияның есте сақтау және қысқа мерзімдік есте сақтауды бағалауға арналған әдістемелердің материалдарын құрастыру;

в) зейін қасиеттері: зейіннің тұрақтылығын зерттеуге арналған әдістемелердің материалдарын құрастыру.

2. Сыналушыларды дамытушы экспериментке іріктеу.

3. Дамытушы экспериментке дейінгі және дамытушы зксперименттен кейін сыналушылардың ойлау іс-әрекетінің, зейін қасиеттерінің және еске сақтау түрлерінің (есте сақтау, қысқа мерзімді еске сақтау) өнімділік деңгейлерін анықтау.

4. Анықталған ойлау іс-әрекетінің, ес түрлерінің және зейін қасиеттерінің статистикалық шамаларын есептеу.

1-анықтаушы эксперименттің 1-ші әдістемесі.

Әдістеменің мақсаты: Сөз-мағыыалық ойлауды бағалау. Жабдықталуы: "Ерекше сөз" әдістемесінің бланкісі сыналушылардың заттың мәнді белгілеріы бөліп, талдап қорыту қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Әдістеме 15 сериядан тұрады, әр серияда - 4 сөз бар (қосымша А). Зерттеушінің сыналушы жауабын тіркейтін хаттама және секундомер қажет.

Жүргізілу барысы: жұмыс баламен жеке-дара жүргізіледі. Ең алдымен баланың жұмысты орындауға ынтасы бар ма, көңіл-күйі қандай дәрежеде екенін біліп алу өте маңызды. Сыналушылардың орындайтын ісі келесі нұсқау бойынша түсіндіріледі.

«Берілген әр сериядағы 4 сөздің үшеуі қандайда бір шамада бір ұғымдар және оларға тән жалпы сипаттарына орай бірігуі, ал бір сөз бұл талаптарға көнбейді. Берілген қатарға мазмұны сәйкес келмейтін сөзді тығып тастаңыздар. Тапсырманы тез және қатесіз орындау керек».

Егер сыналушы нұсқауды түсінбесе, бір-екі мысалды орындап көрсетуге болады, бірақ эксперимент бланкісінен өзгесін алу керек. Жұмыс барысын толығымен түсінгеннен кейін, өз бетінше сөзді тауып сызады. Зерттеуші баланың тапсырманы орындау барысын және уақытын хаттамаға тіркеп отырады.

Нәтижені өңдеу

1. Тапсырма ұпайлық көрсеткішпен анықталады: кілтке тура келсе (кесте - А1), дұрыс жауап болып есептеліп - 2 ұпайға, ал дұрыс емес жауап 0 ұпаймен есептеледі.

2. Тапсырманы орындауға кеткен уақытпен оны теңелту, салыстыру ұпайлары (кесте А1) саналады.

3. Сөз-мағыналық ойлаудың интегралдық көрсеткіші /А/, өнімділігінің көрсеткіштерінің қосындысы /В/ және уақытка теңелту ұпайларын /Т/ мынадай формуламен есептелінеді:

А=В+Т.

4. Сөз-мағыналық ойлаудың сынып арасындағы өзгешеліктерін анықтау үшін оларды өлшеулік көрсеткіштермен (кесте А2) анықтаймыз. Өлшеулік көрсеткіштердің ең жоғарғысы 19 ұпайлық бағалаумен есептеледі.

Сыналушы М.А., 1 а сынып.

Дамытушы экспериментке дейінгі сөз-мағыналық ойлауын бағалау. Тапсырманы орындауға 796 секунд уақыт жіберген оны кесте бойынша ұпайға теңелткенде -10 ұпай алған, ал дұрыс жауабы - 20 ұпай. А = 10-6 = 4, А = 46 өлшеулік көрсеткіш: 2 ұпайлық бағалауды береді. Дамытушы эксперименттен кейін бұл сынаушының жұмысы 9 ұпайлық бағалауды көрсетеді.

Сыналушы И.К., 2 а сынып

Дамытушы экспериментке дейінгі сөз-мағыналық ойлауын бағалау. Тапсырманы орындауға 514 секундтан артық жіберген оны кесте бойынша ұпайға теңелткенде 12 ұпайлық бағалауды берген. А=12-6=6., А = 66. өлшеулік көрсеткіші: 4 ұпайлық бағалауды береді. Дамытушы эксперименттен кейін, бұл сыналушының жұмысы 10 ұпайлық бағалауды көрсетті.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері