Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 21:18, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері ретінде Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасындағы өзіндік табиғаты, П.Я.Гальпериннің сатылы оқыту теориясы, Леонтьевтің іс-әрекеттің даму жайлы тұжырымдамасы, Давыдовтың дамыта отырып оқыту теориясы, В.В. Рубцовтың оқу іс-әрекетін ұжымдық тұрғыда бөлуді ұйымдастыруға негізделген теориясы, профессор С.М.Жақыповтың біріккен диалогтық танымдық іс-әрекеті жайлы және белсенді оқыту әдістемесі туралы тұжырымдамасы, профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жеке адамның дамуы жайлы еңбектері алынды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Бастауыш мекггеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негізі........................................................................................................................6
1.1 Оқыту процесіндегі оқу шылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалаудағы теориялық ой-пікірлер....................................................................6
1.2 Мотивация және белсенді оқыту әдістері - танымдык іс-әрекет арқылы
оқытудағы бағалаудың негізі.............................................................................16
1 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................22

2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқу шыларының оқыту процесіндегі бағалануларын анықтау................................................24
2.1 Зерттеудің мақсаты, өтілу барысы және бағыттары....................................24
2.2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесін бағалау..................................28
2.3 Мотивацияға байланысты білімді бағалаудың әдістемелері......................33
2 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................39
3 Дамытушы эксперименттің оқыту процесіндегі және білімді
бағалаудағы маңызы........................................................................................40
3.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері мен даму
деңгейлерін анықтайтын білім сапасыы бағалау мәселелері........................40
3.2 І-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті арқылы
білімді бағалау жолдары...................................................................................46
3.3. ІІ-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде
білімді бағалау жолдары...................................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................67

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларын-оқыту-процесінде-бағалауды-психологиялық-ерекшеліктері.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Алдыңғы сабақтың рефлексиясы: өткен қазақ тілі сабағында нендей тақырып өткендігін еске түсіру "Етістік" тақырыбы. Келесі тәрбиелік сағатының тақырыбы - "Дара және күрделі етістіктер". Бұл тақырыпты бекіту үшін алдымен етістіктің өзін еске түсіру. Етістіктің дара, күрделі болып бөлінетіндігін айта кету, мысалдар келтіру. Балалардың өздері мысалдар келтіргені жөн. Енді осы дара, күрделі етістіктер түрлерін меңгеру мақсатында "Суретті жұмбақтар" ойыны өткізіледі.

Ойын мақсаты: балалардың ойлауының, тілінің, қимылдарының ептілігінің қалыптасуы.

Мұғалім столында үлкен қорапта көптеген кішкентай түрлі жайттар бейнеленген суреттер жатады. Балалар кезекпен шығып, тақта алдында сол алған суреттерін қимылмен көрсетеді. Қалған балалар Ошыдды, затты атаулары тиіс. Дұрыс атаған бала тақтаға ойынды жүргізуші ретінде шығады. Аса белсенділік танытқан балалар еңбегі ескеріліп, мадақталып бағаланады.

Келесі календарлық жоспар бойынша өтілетін сабақ тақырыбы Сын есім. Оған сабақ ретінде 8 сағат берілген. Сол сағаттардан кейін сын есім туралы білімді бекіту мақсатында қосымша тәрбиелік өткізіледі.

Тренинг "Сиядағы". Аддын-ала балаларға таратылатын таза сурет қағаздары, бояу (гуашь) дайындалады.

Балалардың қолдарына қылқалам беріледі де, өздері ұнатқан бояуларына матырып, дақты қағаз бетіне түсіріп, ол қағазды екінші қағаз бетіне түсетіндей етіп бүктеулері тиіс болады.

Нұсқау: егер кейбір балалар салған дақтарының не нәрсеге ұқсайтындығын айтуға қиналса, топтық талқыға салуға болады.

Міндетті түрде дақтың не нәрсеге ұқсайтындығын, түсін атап отырып, яғни зат есім мен сын есім сөздерін дұрыс сөз тіркесі етіп тұруды талап ету қажет.

Мысалы: көк-ала бұлт; қызыл көбелек; қара күшік; түрлі-түсті гүлдер; қызыл жауқазын; қоңыр түйе; қызыл помидор; сары бақ-бақ т.б.

Сын есімі өте күрделі тақырып болғандықтан тағы да осындай білімді бекіту жаттығуы ретінде "түстер" ойыны өткізіледі.

Ол үшін жүргізуші ортаға шығып, барлық оқушыларға кезекпен түстерді атап (қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара, қоңыр т.б.), әр түске бес түрлі затты атаулары тиіс. Өр түске, бес зат атауын 1 минут ішінде айтуы қажет. Бес затты қайталап айтуға болмайды. Дұрыс атап, белсенді болған балалар еңбегі түрліше дәрежеде бағаланады. Келесі қазақ тілінен жоспар бойынша өтілетін тақырып: "Сын есім" (6 сағат).

Сабақтың соңына таман, белгілі бір уақыт ішіңде "Рет бойынша қатарға тұр!". ойыны жүргізіледі. Оқушылар ойыңды жүргізушінің бұйрығы бойынша келесі ретпен қатарға тұрулары тиіс:

- бойлары бойынша;

- аттарының алфавиттегі реті  бойынша;

- фамилияларының реті бойынша;

- шаштарының түсі бойынша;

балаларды осылай бір-бір рет жүргізуші тұрғызады да, есте сақтауларын сұрайды. Әр түрлі сипат жөнінен нешінші екендіктерін әр қайсысы біліп, есте сақтаулары тиіс.

Кейін балалар отырады да, жүргізуші бұйрығымен әр түрлі сипат жөнінен қатарға тұрады.

Келесі календарь жоспары бойынша сабақ тақырыбы "Сөйлеу мәдениеті". Балалармен мәдени орындарда, көлікте т.б. телефонмен қалай дұрыс сөйлесуге болатындығын үйретіп, олардың қаншалықты сөйлей алатындығын тексеру мақсатында тәрбиелік-сауықтық кеш жеткізуге болады.

Тақырыбы: "Мен қандаймын?" тренинг сабағы.

Мақсаты: оқушылардың мәдени - сауатты сөйлей білу шеберліктерін шыңдау, жағымды мінез сипаттарын тәрбиелеу; ұлттық ана тілінде оқушыларды еркін, анық сөйлеуге тәрбиелеу, олардың пәнге деген, жалпы оқуға деген ынта-ниеттерін түрлі танымдық психологиялық жаттығулар арқылы жетілдіру. Сабақ ерекше дәстүрлі емес амандасулардан басталады.

1. Оқушыларға өз бойларыңдағы  кемістіктерді байқау, түзет мақсатында  анкеталық сұрақ беру, яғни бойларындағы жақсы және жаман қасиеттерді теріп жазу.

2. ІІ-ші сынып оқушысына тән қадір-қасиеттерді әр оқушы өзін тұрғыда ретке келтіру тапсырмасы. Ол қадір-қасиеттер:

1. ақша көп болу

2. денсаулық

3. батырлық

4. білімділік

5. көпшілдік

6. Мәдениеттілік, сыпайылық

7. Адалдық

8. Еңбекқорлық

9. Мақтаншақтық

10. Өркөкірек, тәкаппарлық

3. Телефонменен рөлдік ойын.

Оқушылар екі оқушыны және мамасының рөлдерін бөліп алады.

Ал, қалған тыңдаушы оқушылар екі топқа бөлініп ойнаған балалардың қайсысының сөйлесу мәнерлерінің дүрьтс, қайсысыныр бұрыс екендігін анықтайды.

4. Соңғы тренинг "Ашығын айтқанда". Барлық оқушылар бір-бір қағазға келесі сауалдарға жауап береді:

1. Осы сабақга мен келесі жайларды  білдім..........

2. Осы сабақга ең пайдалысы  маған.......................

3. Сабақта жіберген қателерім, мыналар...............

4. Маған ұнамағаны.................................................

5. Ең қатты ұнағаны, кім қалай сабақта жұмыс жасады?

6. Келесі сабақтарда мен басқаша  жасар едім.............

Сабақта үлкен білімділік, асқан белсенділік танытқан оқушылар мадақталып, бағаланады.

Ал, жыл бойы өткенді қайталау кезінде осы жылда жүргізілген бүкіл жаттығуларды оқушылармен бірге еске түсіріп, есінде қатты қалғандарын қайталап өткізуге болады.

Осындай түрлі танымдық психологиялық жаттығулар көмегімен оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін шындап, бекітуге болады. Және осындай тәрбиелік мәні зор психологиялық танымдық ойындар, жаттығулар, тренингтер сөзсіз олардың бойында білімге, ана тіліне деген құштарлықты, пәнге деген қызығушылықгарын оятып, жетілдіре түсері сөзсіз.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бұл дипломдық зерттеу жұмысында бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде білімді бағалаудың психологиялық ерекшеліктері сөз болады. Теориялық зерттеу бөлімінің өзі үш үлкен маңызды мәселелерді қозғайтын бөліктерден тұрады.

Оқыту процесіндегі білімнің сапасына қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар қатары анықталады. Ресейлік, шетелдік, Қазақстандық психолог-ғалымдар, өзге ғылымдар өкілдерінің құнды ой-пікірлері айқындалады.

Жүйелі бағалау жайындағы психологиялық талдау психолог-ғалым С.М.Жақыповтың зерттеуінше, оқытушы мен оқушының танымдық іс-әрекеттерінің бірлескен жағдайында ғана жүзеге асады.

Дипломдық зерттеу жұмысы мазмұнын мотивация, белсенді оқыту әдістері жайлы теориялар да толықтыра түседі.

Оқу мотивациясы жайлы жазған атақты психолог С.Л. Рубинштейн, Дж.Брунер, В.В.Давыдов, А.К.Марковалардың көзқарастары толығымен ашылып, бастауыш мектеп окушыларының білімін бағалауда тұрақты негіз болуға жарайтындығы дәлелденді.

Зерттеу жұмысы профессор С.М.Жақыповтың оқыту процесіндегі біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет туралы теорясын толық басшылыққа ала отырып, оқыту нәтижелілігіне қол жеткізуді көздейді.

Теориялық бөлімде С.М.Жақыповтың "Студенттердің танымдық іс-әрекетін оқыту процесінде басқару" деген еңбегіндегі белсенді оқыту әдістерінің де мазмұны ашылады. Белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдана отырып, бірлескен біріккен-диалогты танымдық іс-әрекетке қол жеткізуге болатындығьі сөз болады және эксперименталды зерттеу әдістемелері көмегімен дәлелденіп, маңыздалады. Білім сапаларының көрсеткіштерін анықтайтын көзқарас, қатынастарды бөліп көрсететін болсақ, келесі ғалымдар еңбектеріне тоқталып, сүйенуге болады.

Білім мен шеберліктің қүрамы мен мазмұнына негізделген қарым-қатынас (Г.И.Батурина, Б.П.Есипов, М.И.Зорецкий, И.Я. Лернер, Ш.Скаткин). Бұл қатынас шеңберінде білімге ғылыми мәліметтер жүйесінің бірлігі, жинағы деп талап қоятын дәрежедегі оқушылардың Білім сапаларының көрсеткіштері ерекше бөлініп көрсетіледі. Олар мыналар: білімнің толықтығы (яғни бағдарламаға сәйкес меңгерілетін объект жөніндегі бүкіл білімдердің саны), білімнің тереңдігі (берілген білімнің өзіне сәйкес өзге білімдермен саналы байланыстар орнату саны), жүйелілік (білімнің кейбір бірлігі тұстарын, олардың кезектестігінің иерархиясын сезіну), жүйелік (ғылыми теория құрылымына білім бірлігі құрылымының сәйкестігі).

Осы сапа - қасиеттердің қалыптасып, дамуы оқыту бағдарламасының көлемі мен мазмұнына байланысты.

Дипломдық зерттеу жұмысында теориялық және тәжірибедегі баға, бағалау ұғымдарының мәні ашылып, түсіндіріледі. Қазақстандық педагог-ғалымдар Р.М. Қоянбаев, Т.С. Сабыров т.б. бағалау, оқу білімінің сапасы жайлы құнды көзқарастары да зерттеу жұмысында сөз етіледі.

Оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекеті арқылы білімді бағалаудағы теориялық ой-пікірлер қатарын шетелдік ғалымдар Б.С.Блум, Дж.Коллиз, А.Анастази, Ж.Пиаже, Копеланд еңбектері толықтыра түседі. Отандық психология өкілдері З.И.Калмыкова, Н.А.Менчинская, М.А.Семенова, С.Ф. Жуков. Н.Ф.Талызина, И.В. Ривина, Т.А. Цукерман, А.В.Захарова еңбектеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелік мүмкіндіктеріне жауап беретін оқу әрекетінің пәндік мазмұны ретінде теориялық білімдер және ғылыми түсініктер аумағындағы әрекеттің жалпыланған тәсілдері болатындығы анықталады.

Оқушының оқу-танымдық әрекетінің мазмұны мына сияқты білімнің сапалы сипатында байқалады, бұл: заттылық (пәнділік) - оқушы үшін түпкі қатынасты және оның қасиеттерін бөліп алу; жүйелік-түпкі, бастапқы қасиеттердің жеке байқалу тұстарын шығара алу мүмкіндігі; жалпыламалық - көптеген қасиеттерді тұтас бір негізгі жеткізу.

Оқушының оқу-танымдық әрекеттерінің пәнділігі, жүйелілігі және жалпылығы ол балада теориялық (ғылыми) түсініктің қалыптасқандығын білдіреді.

Пәнділік және жүйелік көрсеткіштері міндетті түрде өзара байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайды, дегенмен И.В.Ривина жасаған диагностика әдістері баланың әрекетінің жүйелілігіне бағалауға тікелей мақсатты бағытталған.

В.А. Львовский жұмыстарында оқушылардың заттылығы, жүйелілігінің қалыптасқандығы анықтауға диагностикалық міндеттердің типологиясы жасалған.

Тиімді дамыту бағалауының барысында баланың жалпы дамуын бағалау арқылы емес, ең алдымен бағалаудың негізі -оқу әрекеті арқылы жүзеге асатындығы үнемі есте сақтау керек. Ал, бағалау жоқ жерде түзету, толықтырылу енгізілмегендіктен, оқыту ісі тұңғиыққа тірелері сөзсіз.

Зерттеу жұмысыңда белсенді оқыту әдістері де башылыққа алынады. "Оқытудағы белсенді әдістер" термині 1960 жылдардың соңында пайда болды. "Жаңа дегеннің өзі - жақсы ұмытылған ескі" дегендей-ақ, белсенді оқыту әдістерін тіпті ертедегі грек оқымыстылары (Сократ б.э.д. 399-469) басқарылатын диалог ретінде қолданған екен. Онда тыңдаушылар пікірталасқа тартылып, тек қана проблеманы шешіп қоймай, оған қажетті білімді игеруге тырысқан екен.

Ал, қазіргі таңда белсенді оқыту әдістерінің негізінде топтық пікірталас орын алады.

"Топтық пікірталас" термині  батыс-европалық әдебиеттерде, ал "ми  шабуылы" термині ағылшын-американ  философиялық әдебиеттерінде қалыптасып  бекіді. Топтық пікірталас, ситуациялық-рөлдік  ойындар т.б. кешені қолданылған  жағдайда нақты практикалық, кәсіби қарым-қатынас дағдыларына үйретуге арналған окыту әдістері әлеуметтік-философиялық.

Зерттеу жұмысының анықтаушы эксперимент бөлімі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекет негізінде оқыту процесін бағалауға бағытталады және ол бағалану бағыттары анықталады. Олар:

1) бастауыш мектеп оқушыларының  оқыту процесін бағалауды танымдық  іс-әрекет арқылы зерттеу. Бұл  бағыттың әдістемелерін құрайтындар: сөз-мағыналық ойлау, ойлаудың рефлексивтілігінің белсенділігі, А.Р.Лурияның 10 сөзді жаттау әдістемесі, зейіннің тандамалылығының бағасы;

2) бастауыш мектеп оқушыларының  оқу әрекетін бағалау әдістері. Бұл бағыт әдістемелері: бастауыш мектеп оқушыларының жазбаша тіл шеберліктерін бағалау және жазбаша сөйлеудің психографологиялық сипаттамасы;

3) Бастауыш мектеп оқушылары  мотивациясының қалыптасуы.

Бұл бағыттағы әдістемелер:

1. Бастауыш мектеп оқушылары  оқу мотивациясының бағыттылығын  анықтау. С.Д. Дубовицкаяның әдістемесі.

2. Бастауыш мектеп оқушыларының  мотивациялық деңгейін бағалауға  арналған Н.Г. Лусканованың әдістемесі.

Зерттеу жұмысымыздың барысы бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің негізінде білімді бағалаудың маңыздылығын ашып көрсетті.

Бастауыш мектеп оқушыларының сөз-мағыналық ойлаудың рефлексивтілігінің белсенділігі, есте сақтау, зейіннің таңдамалылығының бағасын дамытатын экспериментке дейінгі және дамытатын эксперименттен кейінгі нәтижелердің мәнділігін анықтау үшін Спирменнің коэффициенттік корреляциясының рангілеу формуласы бойынша анықталды.

Дамытатын эксперимент бастауыш мектеп оқушыларының іс-әрекетінің негізінде білімін бағалаудағы маңыздылығын үшін жүргізілді.

Сыныпқа алынған бірінші, екінші сыныптың алтауының үшеуі эксперименталды сыныпқа, үшеуі қадағалаушы сыныпқа бөлінді. Осы 2 топқа да бірдей анықтаушы зерттеудің бірінші "көлденең кесу" эксперименттік оқу жылының басында бірінші тоқсанның 1-ші жартысында жүргізілді.

Оның жеке өлшеулік көрсеткіштерінің мәнділігін және дұрыстығын анықтау үшін Спирменнің коэффициентін рангілеу коррекциясының формуласы бойынша анықталды.

Бірінші "көлденең кесу" зерттеуінде эксперименталдық және кадағалаушы сыныптардың арасында ешқандай өзгешелік жоқ екені дәлелденді. Кейін экспериминталды топтарды бөліп алып, дамытатын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мектептердің эксперименталды зерттеуге алған сыныптары мен қадағалаушы сыныптардың арасында дамытатын эксперименттен кейін жоғары мәнділікке қол жеткізілді.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері