Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 06:31, курсовая работа

Краткое описание

Жоба кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, ата-ананың отбасылық өмірдегі рөлі мен этностық құндылықтардың оған әсері анықталды. Сонымен қатар, отбасы тұлға өмірінің ең алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде негізделді. Ата-ана отбасы арқылы қоғамның сан қырлы жақтарын игеретіндіктен этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастыратындығы айқындалды. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, шағын мемлекетті құрайды. Ата-ана қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................. 2
І Теориялық бөлім. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» теориялық зерттеу...................................................................
6
І.1 Психология ғылымындағы ата-аналық рөлді зерттеу............................ 6
І.2 Этнопсихологияда ата-ана мәселесін зерттеу.......................................... 12
1бөлім бойынша тұжырым................................................................................... 15
ІІ Практикалық зерттеу. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» эксперименттік зерттеу...........................................................
16
II.1 Зерттеу мақсаты және зерттеу әдістемелері, сыналушыларға сипаттама ..........................................................................
16
ІІ.2 Зерттеу нәтижелерін талдау.......................................................................... 20
ІІ.3 Зерттеу нәтижелері бойынша психологиялық ұсыныс..........................
2бөлім бойынша тұжырым.................................................................................. 22
22
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................... 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

ғылыми жұмыс олимпиада.docx

— 113.47 Кб (Скачать документ)

В-кінә (вина)

Т-отбасылық қобалжу (семеяная тревожность)

Н-нервтік-психикалық күш салу (нервно-психическое напряжение)

Кесте мен  диаграмма-Сымбат

Отбасылық қобалжу сауалнамасы бойынша үш суб шкалада орыс ұлты жоғары көрсеткішті көрсетті.  «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасының нәтиже көрсеткішін төмендегі суреттен көруге болады.

 

Қазақ және орыс ұлттарының отбасылық қобалжуыларын анықтау сауалнамасы барысында төмендегідей нітижелерді алдық:

В суб  шкаласы бойынша орыс ұлтының  отбасылық қобалжуы 47%, ал қазақ ұлтының отбасылық қобалжуы 53% құрады.

Т суб  шкаласы бойынша орыс ұлтының  отбасылық қобалжуы 39%, ал қазақ ұлтының отбасылық қобалдуы 35% құрады.

Н суб  шкаласы бойынша орыс ұлтының  отбасылық қобалжуы 20%, ал қазақ ұлтының отбасылық қобалжуы 22% құрады.

ІІ бөлім бойынша тұжырым.

Эксперименттік  бөлім екі кезеңде ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде орыс және қазақ ұлттарының отбасына деген қатынасына талданып, пайыздық көрсеткіштері талданды.

Екінші  кезеңде психопрофилактикалау мақсатында «Отбасылық психотерапия» бағыттарын көрсету арқылы орыс және қазақ отбасыларының этностық құндылықтары негізделді. Бұл кезеңде этностық құндылық көрсеткіштерін анықтап алдық.

Этностық  құндылықтардың отбасылық өмірге дайындауда көрсеткіштері анықталып, қазақ және орыс ұлттарының оған қатынасы зерттелді. Отбасылық қобалжулар мен эмоциялық қатынасы этностық құндылықтар арқылы негізделді.

Зерттеу нәтижелері бойынша  психологиялық ұсыныс.

Біздің теориялық және экспременттік  бөліміміздің қорытындысы бойынша  ата-ана мен қарым-қатынасының отбасындағы татулығын сақтауға арналған  психотерапиялық әдістемелерді жүйелеп ұсынуды жөн санап отырмыз. 

Төменде отбасы психотерапиясында көбірек  қолданылатын тәсілдер беріліп отыр:

  • Үнсіздікті мәнді пайдалану;
  • Тыңдай білу қабілеті;
  • Сұрақтаркөмегіменмеңгерту;
  • Қайталау;
  • Жинақтаужәнетүйіндеу;
  • Аффект бейнесіннақтылау (ашыптүсіндіру);
  • Конфрантация-ерлі-зайыптыларда саналы меңгерілмеген белгілер, қатынас және мінез-құлық таптаурындарын қайта өңдеу  мен саналы меңгеруге мақсатталған;
  • Рөлдердеойнау;
  • «Жанды скульптура» жасау;
  • Бейнетүсірілімдердіталдау.

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 


 

 

 

 

Отбасылық психотерапия мектептері және бағыттары

 

Қорыта  келе, отбасылық психотерапия тұлғаның оған деген жағымды қатынас орнатуына, отбасылық шиеленістің алдын алуға бағытталған практикалық психологияның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоба жұмысымыздың тақырыбы бойынша жүргізілген жұмыстарды талдай келе біз төмендегідей қорытындыларға келеміз:

Біріншіден, отбасы психологиясында  қалыптасқан тұжырымдамалық көзқарастарға  теориялық талдау жасау арқылы ғылыми принциптерге сипаттама жасалынды. Теориялық талдауда ата-ананың отбасындағы орны, оның функциясы мен іс-әрекеттеріне және отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне анықтама жасалып, сипаттама берілді.

Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихолгиялық ерекшеліктері анықталып, оның кеңестік, шетелдік және отандық психология ғылымындағы зерттелуі теориялық тұрғыда жүйеленді. Ата-ананың отбасындағы рөлі, функциялары, ерекшеліктері мен құрылымдары тұжырымдалды. Оның үстiне қазіргі таңда қазақ және орыс отбасыларының көптеген дiни дәстүрлерi мен қағидалары этнопсихологияның элементтерiмен тығыз байланыса келе халықтың тұрмыс-тiршiлiгiне тереңдей бойлап, оның ажырамас бөлiгiне айналып отырғаны дәйекті тұжырымдармен беріледі. Халықтардың қанына сіңген ұлттық сипаттамалардың нақышына айналған құндылықтарды отбасылық өмірде пайдалану мәселесімен айналысқан ғалымдардың еңбектері жүйеленді.

Отбасында әке мен ананың қарым-қатынасы тұлғаның болашақтағы отбасы егесі ретінде  қалыптасуының негізі болып табылатындығы  тұжырымдалады.

Екіншіден, түрлі ұлт өкілдерінің отбасындағы рөлін анықтауда мектептің, яғни әлеуметтік институттардың рөлі теориялық тұжырымдалып, олардың әрқайсының орны жүйеленеді. Отбасылық дағдарыстар мен шиеленістер себептері анықталып, қазіргі таңдағы түйткілді мәселелердің шешу жолдары бойынша тұжырымдар жүйеленді.

Отбасындағы ата-ана рөлін қазіргі таңдағы түйткілді жағдайларды саралай келе оны шешуде этностық құндылықтардың рөлі көрсетіледі. Отбасылық қарым-қатынастардың жай-күйін, сондай-ақ,  оның өнегелік ахуалын, әлеуметтік, құрамын, демографиялық ерекшеліктерін ескеріп, ата-аналарды оған дайындау және оған негізделген зерттеулерді жүргізу аса маңызды екендігі баса айтылады.

Қазіргі таңдағы ұлттар тарихи дамудың өзіндік жолынан өткен, өзінің бай мұралары арқылы  жалпы адамзаттық мәдени өркениетке зор үлесін қосу жағдайында дәстүрлер, әдет-ғұрыптар отбасылық өмірді ғылыми негіздеуде этнопсихологиямен тығыз астасып жатырғаны белгілі.

   Сондықтан қазақ және орыс халқының мәдениетіндегi, әдебиетiндегі, өнердегi, этнопсихологиясындағы ұлттық және жалпы адамзаттық мәселелердің басты тақырыбы жалпы және айрықша қасиеттерi болып есептеледi. Жалпы  алғанда-оларды жақындастырады, ал айрықша қасиетi болса сол, олардың әрқайсысы ерекше мәнге ие болып келетінінде болып табылады.

Отбасы қоршаған әлеммен эмоциялық байланысқа түсе отырып, оны сезінеді, оқиғалардың мәнділігін түсінеді. Осы орайда, жоғарыдағы айтылғандардың барлығы дерлік құндылықтарға бағдарланған  өзіндік анықталу болып табылады. 

Қазақ және орыс халықтарының ұлттық тұрмыс-тiршiлiгі мен жалпыадамзаттық мәселелері бүгiнгi таңда әртүрлі халықтардың этнопсихологиясын зерттеушiлердi толғандыруда. Осы орайда, халықтық психологияның ұлттық ерекшелiктерiн бүгінге жеткен тарихымен және өткен тарихи кезеңдерiмен салыстыра отырып қарастыру дәстүрге айналып келедi.

Экспериментке қатысқан респонденттердің белсендігі жоғары болды.

Эксперименттік  бөлім екі кезеңде өткізілді.

Бірінші кезең психодиагнстикалық әдістерді  пайдаланау арқылы ата-ананың отбасындағы рөлі мен эмоциялық қатынасы анықталды. Бұл жерде қазақ және орыс ұлттарынан құралған отбасылардың берген жауаптарына математикалық-статистикалық талдау жасалып, нәтижелері кесте мен суреттерде көрсетілді.

Екінші  кезеңде отбасылық психотерапия бағытын көрсету арқылы ата-аналардың отбасылық және этностық құндылықтары анықталды. Қазіргі жаһандану мен нарық жағдайындағы ата-аналық рөлдің этнопсихологиялық құндылықтары анықталды. Тұлға өмірінде құндылықтардың алар орны ерекше екені сөзсіз. Себебі, өмірлік құндылықтар тұлғаның бағыттылығын анықтайды. Сондықтан толыққанды үйлесімді тұлға дамуында құндылықтар рөлі ерекше. Осы орайда, отбасылық құндылықтарды негіздеу арқылы біз болашақтағы ата-ана мен бала қарым-қатынастары дағдарыстардың алдына алу мүмкіндігі артары сөзсіз.

Сонымен, біздің зерттеуміздің нәтижелері этнопсихологиядағы ата-ана мен бала қарым-қатынасындағы рөлдерді түсінуін дамытары сөзсіз.

  1. Теориялық бөлімді біз 2 категорияға бөліп қарастырдық. Қорытындылай келе, осы категорияларға өзіндік сипаттамаларды берейік.
  1. Психология ғылымындағы ата-аналық рөлді зерттеу категориясы бойынша қорытындылай кетсек. Қазіргі таңда ата-ананы отбасылық  өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау басты міндеттердің бірі болып табылады. Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар, ғылым мен техниканың жетістігі тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай, өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін ата-ананың психологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін отбасылық  қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың  рөлі  ерекше.

Қазiргi кезде ата-ананың бойында рухани-адамгершілік мәдениетiн  дамытудағы отбасының ешбiр талас  тудырмайтын рөлi жөнiндегi зерттеулер ғылыми түрде дәлелденген. Осы орайда, әлеуметтік кешенді құбылыс ретінде  отбасының аса күрделi процесстерін талдау, оның қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау және ата-ананың отбасындағы рөлі маңызды мәселлердің бірі болып табылады. Бұл айтылған мәселелерге орай түйіткілді мәселелер бүгінгі күні қоғамның өзекті мәселелерінің қатарынан орын алып отырғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қоғамға тән жалпыланған дүниетанымдармен қатар, бүгінгі таңда жоғалып келген немесе бұрын күштеу мен қандай да бір саяси идеялар нәтижесiнде айрылған аса маңызды қасиеттердiң орнын толықтыруда және адамзаттың рухани мәдениетiнiң негiзiн қалауда отбасының орны ерекше бола отырып, тек сонда ғана  жүзеге асырылатыны даусыз.

Психологиялық тұрғыда ұлттық құндылықтар арқылы ата-ананың отбасылық  өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыра,  сонымен қатар, демографиялық, этнопсихологиялық, әлеуметтiк, мәдени және өзге де факторларды мұқият ескере отырып, отбасы тәрбиесiн дамытудың  жаңа бағытын анықтау заман талабы болып отыр. Осы орайда, басты  мәселелердің бірі – ата-ананың бойында  ұлттық құндылықтар негізінде  отбасылық  өмірге жауапкершілікпен қадам жасауды  негіздеу болып отыр.

Ата-аналық психологиясы –  ғылымдағы өте жас бағыт, ол бірнеше  түрлі ғылыми салалармен бірге қызмет етеді (пән аралық бағыттанады) және тәсілдердің жүйелілігімен сипатталады. Оның теоретикалық моделі әлі де қалыптасып, эксперименталды мәліметтермен  дәлелденуде.

Ата-аналық психологиясында  келесі бағыттарды бөледі:

  • Перинаталды психология;
  • Аналық психологиясы;
  • Әкелік психологиясы;
  • Әке мен ананың өзара қатынасының психологиясы;
  • Ата-аналықтың жалпы мәселелері.

Ата-аналық психологиясының  маңызды ерекшелігі оның профилактикалық  бағытталуында болады: жасөспірімдер  мен жастарды ата-аналыққа дайындау; ерлі-зайыпты жұбайларды бала біту, жүкті болу, туу мен баланы тәрбиелеуге дайындау; бала дамуының ең бірінші кезеңдерінен бастап репродуктивті жүйенің жұмысы мен дамуының бұзылуының себебі болатын психологиялық мәселелердің профилактикасы.

Ата-ананын манызды міндеті  балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық  жанұя мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне  жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің  төмендеуі жанұя өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкелді.

Ата-аналық психологиясының  бірнеше теоретикалық сұрақтары әлі толық анықталған жоқ. Бұл жағдай жалпы ғылыми-психологиялық парадигмадағы кейбір тұрақсыздық пен қарқынды дамуынан қиындай түседі. Практикалық қолдану, қазіргі уақыттағы сұранысқа қарамастан, дамудың бастапқы кезеңдерінде орналасып жатыр: психологиялық мекемелердің келісушілігі және бірыңғайлығы жоқ; жұмыстың практикалық әдістерінің барлығы әлі теория тұрғысынан толығымен түсіндірілген жоқ.

  1. Этнопсихологияда ата-ана мәселесін зерттеу категориясында біз әр ұлттың этностық құндылықтарын қарастырдық. Этнопсихология мәселесі зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты, яғни этностық құндылықтар негізінде отбасылық өмірге ата-ананы дайындау туралы болып отырғандығында екендігін ескерсек, алдымен тарихи мағлұматтарға тоқталып соңынан салт-дәстүр, әсіресе діни дәстүрлер мен ұйғарымдардың ықпалдастық дәрежесін қарастыруға болады.

Этностық құндылықтар  болып саналатын халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан кез-келген ұлттың өзiне тән  сипатын айқындай түсетiн асыл қасиеттер  болып табылады. Этнопсихология әрбір  ұлттың психологиялық ерекшеліктерін және өмір жағдайларының психологиялық  негіздемелерін ұсынады.

        Этнопсихологиядағы  ата-аналық психология мәселесі –ата-аналықты психологиялық құбылыс ретінде зерттеуге бағытталған психологияның саласы. Психологиялық тұрғыдан қарағанда, ата-аналық әке мен ана тұлғасының бөлігі ретінде қарастырылады. Өмір бойындағы ата-аналықтың дамуының ерекшеліктері (құндылық ретінде, мінез-құлық пен эмоционалды сфераға әсер ететін фактор ретінде және т.б.) және осы дамуға жағымды немесе жағымсыз әсер ете алатын жағдайлар зерттеледі. Ата-аналарға әр түрлі өмірлік кезеңдерде (ата-аналықтан кейінгі кезеңді қоса –ол кезде балалар ата-аналарының қарамағын енді керек етпейді) психологиялық көмек көрсету әдістері құрастырылады.

Ата-аналық феномені бір  уақытта бірнеше жоспарларда  көрінеді. Осы жоспарлардың әржақтары оның ұйымдасуының құрамдас құрылымын ашып көрсетеді. Ата-аналықты сипаттау және талдау феномен презентациясының барлық жоспарларын қамту керек. Біріншіден, бұл әйелдің немесе еркектің ата-аналыққа әсер ететін индивидуалды-тұлғалық ерекшеліктерінің жоспары. Келесі жоспар екі ерлі-зайыптыларды олардың құндылық бағыттарының, ата-аналық позицияларының, сезімдерінің және т.б. бірлігінде қамтиды, яғни отбасылық жүйеге қатысты ата-аналық талданады. Үшіншіжоспар ата-аналықты ата-аналық отбасылармен өзарабайланыста бекітеді. Ал төртінші жоспар ата-аналықты қоғамжүйесіне деген қатынасын да ашады.

Информация о работе Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктері