Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 06:31, курсовая работа
Жоба кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, ата-ананың отбасылық өмірдегі рөлі мен этностық құндылықтардың оған әсері анықталды. Сонымен қатар, отбасы тұлға өмірінің ең алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде негізделді. Ата-ана отбасы арқылы қоғамның сан қырлы жақтарын игеретіндіктен этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастыратындығы айқындалды. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, шағын мемлекетті құрайды. Ата-ана қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді.
КІРІСПЕ.................................................................................................................. 2
І Теориялық бөлім. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» теориялық зерттеу...................................................................
6
І.1 Психология ғылымындағы ата-аналық рөлді зерттеу............................ 6
І.2 Этнопсихологияда ата-ана мәселесін зерттеу.......................................... 12
1бөлім бойынша тұжырым................................................................................... 15
ІІ Практикалық зерттеу. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» эксперименттік зерттеу...........................................................
16
II.1 Зерттеу мақсаты және зерттеу әдістемелері, сыналушыларға сипаттама ..........................................................................
16
ІІ.2 Зерттеу нәтижелерін талдау.......................................................................... 20
ІІ.3 Зерттеу нәтижелері бойынша психологиялық ұсыныс..........................
2бөлім бойынша тұжырым.................................................................................. 22
22
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................... 31
Ата-аналық психологиясы –ата-аналықты психологиялық құбылыс ретінде зерттеуге бағытталған психологияның саласы. Психологиялық тұрғыдан қарағанда, ата-аналық әке мен ана тұлғасының бөлігі ретінде қарастырылады. Өмір бойындағы ата-аналықтың дамуының ерекшеліктері (құндылық ретінде, мінез-құлық пен эмоционалды сфераға әсер ететін фактор ретінде және т.б.) және осы дамуға жағымды немесе жағымсыз әсер ете алатын жағдайлар зерттеледі. Ата-аналарға әр түрлі өмірлік кезеңдерде (ата-аналықтан кейінгі кезеңді қоса –ол кезде балалар ата-аналарының қарамағын енді керек етпейді) психологиялық көмек көрсету әдістері құрастырылады. Балалар тұлғасының дамуына қоршаған ортаның жағдайлары мен табиғи нышандардың қалайша әсер ететіні зерттеушілердің назарын баяғы кездерден бері өзіне қаратып жатыр. Уақыт өте келе, ата-аналықты бала өміріне әсер ететін «шарттардың» бірі ретінде ғана емес, ата-аналардың тұлғасының дамуының маңызды кезеңі ретінде қарастыра бастады. Ата-аналықты ғылыми зерттеуге психоаналитикалық теориялардың, диадикалық тәсілдің, тәуелділік теорияларының пайда болуы түрткі болды. Ата-аналардың күйі (психологиялық күйі де осыған жатады) мен өмір жағдайларының балаларымен қарым-қатынасына әсер етуін зерттеу үшін перинаталды психология пайда болады. Осы ғылымның зерттеулерінде анықталған факттардың кейбіреулері (мысалы, құрсақ ішіндегі ес) сол кездегі ғылыми зерттеулердің ішінде түсіндіріле алмады. Сонымен қатар, дәл сол кезеңде балацентризм позициясынаөтіп жатқан европалық қоғамдағы ата-аналық толқулар мәселелері зерттеуші психологқа жаңа сұрақтар қойды. Алғашқыда ғылыми зерттеудің пәні ретінде ата-аналық психологиясының тек бір бөлімі –аналық психологиясы болды. Бұның себебі, дәл сол ананың баласымен деген байланысы алғашқыда ерекше қатты болады. Аналық психологиясы ғылыми бағыт ретінде Ресейде Г.Г.Филиппова[9] еңбектерінің арқасында пайда болды.
Ата-аналық әр түрлі ғылыми салалар (медициналық, мәдениеттанушылық, генетикалық және т.б.) позицияларынан белсенді зерттеліне басталды.
Зерттеу пәні ретінде бастапқыда
ғылыми зерттеулерде көлеңкеде қалған
әке рөлі де қарастырыла бастады.
Осы жұмыстардың арқасында ата-
Ата-аналық психологиясы –
ғылымдағы өте жас бағыт, ол бірнеше
түрлі ғылыми салалармен бірге қызмет
етеді (пән аралық бағыттанады) және
тәсілдердің жүйелілігімен
Ата-аналық психологиясында келесі бағыттарды бөледі:
Ата-аналық психологиясының маңызды ерекшелігі оның профилактикалық бағытталуында болады: жасөспірімдер мен жастарды ата-аналыққа дайындау; ерлі-зайыпты жұбайларды бала біту, жүкті болу, туу мен баланы тәрбиелеуге дайындау; бала дамуының ең бірінші кезеңдерінен бастап репродуктивті жүйенің жұмысы мен дамуының бұзылуының себебі болатын психологиялық мәселелердің профилактикасы.
Ата-аналық психологиясы мен
ата-аналықтың
Қазіргі уақытта отандық және шетелдің психологияда жауапкершілікті зерттеуде екі негізні тәсіл анықталды:
Жауапкершіліктің жеке жақтарын зерттеуде келесі бағыттар бөлінеді:
Жүйелі тәсіл позициясынан жауапкершілік келесі жақтардан зерттеледі:
Кейінірек тұлға жауапкершілігінің жеке жақтары мен аспектілерін қарастыруға тоқталамыз.
Жауапкершілік пен еркіндіктің арақатынасы мәселесімен келесі зерттеушілер айналысты: К.А. Абульханова-Славская[10], М.М. Бахтин[11], А.В. Брушлинский[12], Р. Косолапов[13], С.Ф. Одуев[14], Э.И. Рудковский[15], В.В. Ильин[16], А.Г. Спиркин[17], М.Ф. Цветаева[18], С.R. Rоgеrs[19] және т.б. Зерттелетін мәселенің көп авторларының ойларынша, келесі заттар анықталған:
Жауапкершілік психологиясының ең басты сұрақтарының бірі –бұл жеке және әлеуметті жауапкершіліктің арақатынасы туралы сұрақ.
Жауапкершіліктің
ең құрастырылып жатқан мәселелерінің
бірі –бұл жауапкершілікті тәрбиелеу
мәселесі. Отандық психологияда жауапкершілікті
тәрбиелеудің сензитивті кезеңдері
мен оның пайда болу жасы туралы
сұрақ әлі шешілмеген болып табылады.
Авторлардың мәліметтері
Психологиялық құбылыс ретіндегі ата-аналық жүйелік, комплексті және феноменологиялық тәсілдердің тұрғысынан зерттеушілер қарастыратын қиын құрылым болып табылады.
Жүйелік тәсіл бойынша, отбасын бір жалғыз тұтас, бірыңғай психологиялық және биологиялық ағза ретінде және барлығына жалпы отбасылық өзара байланыстарды мойындау керек. Сондықтан, ата-аналық феноменін жүйелік тәсіл тұрғысынан қарастырғанда, зерттеушілер оны отбасылық жүйемен тығыз байланыста сипаттайды.
Жүйелік тәсіл ұстанымдарын ата-аналық феноменіне байланысты қолданғанда, келесі заттарды белгілеуге болады:
Ата-аналықты ерекше психологиялық
құбылыс ретінде түсіну үшін, зерттеушілер
феноменологиялық тәсілді қолданады.
Бұл тәсіл – құбылыс (зат) мәнінің
дұрыс болып табылатын
Ата-аналық феноменінің құрылымындағы ата-аналық жауапкершілік
Р.В. Овчарованың[23] ойынша, ата-аналық – «ата-ана ретіндегі өзі туралы нанымдары, білімдері мен ойларының эмоционалды және бағалы түрде сипатталған жиынтығыболып табылатын әлеуметті-психологиялық феномен. Индивидуалдылықтың үстіндегі тұтастық ретінде, ата-аналық жаңа өмірдің басы мен баланы өмірге әкелуді шешкен екі ерлі-зайыптыны әрқашанда өзіне қосады».
Р.В. Овчарованың пайымдауынша, ата-аналық өзінің дамыған формасында келесі заттарды өзіне қосады:
Адамзат баласының отбасындағы тәрбиесі қай ғасырдың болсын өзекті мәселелерінің бірі болды. Ежелгі антикалық дәуірден бастап ойшылдар ата-аналық тәрбие мен отбасылық өмірге дайындық жасау мәселесіне ерекше мән берген. Соның бір дәлелін грек ойшылы Платонның көзқарастарынан табамыз. Оның пікірінше, адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет деген тұжырым жасайды. Ал, белгілі ойшыл Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған.
Отбасындағы ата-аналық рөлдің мәселесін көптеген шетел философ ойшылдары жан-жақты қарастыруға тырысты. Солардың бірі классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасындағы ата-аналардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Ал, Фихте[24] отбасының негізі-махаббат десе, Гегель[25] бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен.
Француз ағартушысы Ж.Ж. Руссо[26], швейцарлық И.Г. Песталоцци[27], орыс педагогтары К.Д. Ушинский[28], Н.К. Крупская[29], А.С. Макаренко[30] т.б. еңбектерінде өздері өмір сүрген замандарына сәйкес отбасы тәрбиесін қарастырған.
Кез-келген ата-ананың өмір жағдайы материалдық және рухани құрылымдармен, тіпті құндылықтармен сипатталады. Оның табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары материалдық жағын білдірсе, ал, руханилықты құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Отбасының әрбір мүшесі бір-бірімен
тығыз байланыста, ерекше жанашырлық
пен сүйіспеншілік сезімде
Отбасының жүйелеріне тоқталып өтсек.. Отбасы жүйесінің динамикасы оның өмірлік циклімен тығыз байланысты. Біріншісі–жұптар немесе ерлі–зайыптылар жүйесі болып табылады. Бұл некеге отырумен жүзеге асады. Мұнда ерлі–зайыптылар өзара әрекет жасайды және атқаратын рөлдерді қабылдауға не қабылдамауға бейімделу (аккомодация) процесі басталады.
Ата–аналық жүйе ерлі–зайыптылардың балалары дүниеге келген соң пайда болады. Өз кезегінде ата-аналар жүйесі өзгеріп отырады, сонымен қатар, балалардың жасерекшелігіне қарай бейімделеді. Сондай-ақ, ата–аналар жүйесі отбасындағы барлық өсіп келе жатқан балалардың қажеттіліктерін ескеруге міндетті болып табылады. Өз кезегінде жоғарыда аталған жағдайлар, әрине тек жасерекшеліктік ғана емес, дара – психологиялық сипаттамаларымен және жыныстық ерекшеліктерімен негізделген бірқатар қиындықтармен тығыз байланысты.
Ал, балалар жүйесі балаға тек «бала болу» мүмкіндігін тудырады, қатарластарының қарым–қатынасы енгізілмейтіндей құзіреттіліксіз және жауапкершіліксіз тәжірибелі қарым–қатынас жасауға болады. Балалардың қарым-қатынасы қатарластарымен және ересектермен өздігінен байланыс орнату үшін оған қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін ерекше тәжірибе алаңына айналады.
Жоғарыда атап отырған жүйелердің бөлініп шығуы олардың ішкі және сыртқы байланыстарын анағұрлым анық көрсетуге мүмкіндік береді. Ал бұл байланыстар отбасы құрылымын оның шекарасы тұрғысынан сипаттайды. Осы шекаралардың жүйелері олардың арасындағы және ішіндегі қарым–қатынастарды реттеуге жағдай жасайды. Мұндай шекараларды С.В. Ковалев[31] қарастырды.
Белгілі шетел ғалымы және индивидуалды психологияның негізін салушы А. Адлер[32] некеге психологиялық дайындықтың сәтті болуы адам өмірінің стилімен және оның түптұлғасымен негізделеді деп тұжырымдайды. Аталмыш ғалымның пікіріне сай бірнеше жылдан кейін оның махаббат пен некеге туралы пайымдауы толығымен өзекті болып шықты. Ғалымның пікірінше, махаббат пен некеге психологиялық дайын болу үшін ең алдымен әлеуметтік тұрғыда бейімделген болу керек. Шын мәнісінде тұлғаның махаббат пен некеге деген қабілеттілігі адам өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ қалыптасады. Ересек адамдар отбасында тұлғаның қасиеттерін тани отырып, алдағы уақытта қателіктер жібермеуге тырысады. Бұл ғалым әрбір тұлға шешетін өмірдің ерекше үш саласын немесе ерекше үш бағытын бөліп көрсетеді. Алғашқы екі сала жастық шақта неке мен махаббатқа дайындалуды үйретеді. Екі жастың арасындағы басты міндеттердің бірі неке болып табылады. Бірақ көп жағдайда жастар мұны жалғыз өзі немесе көп адамдардың шешімінен табуға үйреніп кетеді. Өйткені көп жағдайда жастардың өз бетінше шешім қабылдауларына іскерліктері жетіспей жатады. Ғалым өмірде дұрыс бағытты таңдау кәсіби істі және пайдалы әрекетті талап етеді деп санайды. Бұл қасиеттерден айрылған адам махаббат сезімімен өзгелермен қарым–қатынас жасауға әлі дайын болмайды.
Информация о работе Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктері