Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 06:31, курсовая работа
Жоба кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, ата-ананың отбасылық өмірдегі рөлі мен этностық құндылықтардың оған әсері анықталды. Сонымен қатар, отбасы тұлға өмірінің ең алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде негізделді. Ата-ана отбасы арқылы қоғамның сан қырлы жақтарын игеретіндіктен этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастыратындығы айқындалды. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, шағын мемлекетті құрайды. Ата-ана қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді.
КІРІСПЕ.................................................................................................................. 2
І Теориялық бөлім. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» теориялық зерттеу...................................................................
6
І.1 Психология ғылымындағы ата-аналық рөлді зерттеу............................ 6
І.2 Этнопсихологияда ата-ана мәселесін зерттеу.......................................... 12
1бөлім бойынша тұжырым................................................................................... 15
ІІ Практикалық зерттеу. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» эксперименттік зерттеу...........................................................
16
II.1 Зерттеу мақсаты және зерттеу әдістемелері, сыналушыларға сипаттама ..........................................................................
16
ІІ.2 Зерттеу нәтижелерін талдау.......................................................................... 20
ІІ.3 Зерттеу нәтижелері бойынша психологиялық ұсыныс..........................
2бөлім бойынша тұжырым.................................................................................. 22
22
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................... 31
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................... |
2 |
І Теориялық бөлім. «Ата-аналық рөлді түсінудің
этнопсихологиялық ерекшеліктерін»
теориялық зерттеу....................... |
6 |
І.1 Психология ғылымындағы ата-аналық рөлді
зерттеу....................... |
6 |
І.2 Этнопсихологияда ата-ана мәселесін
зерттеу....................... |
12 |
1бөлім бойынша тұжырым........ |
15 |
ІІ Практикалық зерттеу. «Ата-аналық рөлді
түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін»
эксперименттік зерттеу....................... |
16 |
II.1
Зерттеу мақсаты және зерттеу әдістемелері,
сыналушыларға сипаттама .............................. |
16 |
ІІ.2
Зерттеу нәтижелерін талдау........................ |
20 |
ІІ.3 Зерттеу нәтижелері бойынша психологиялық
ұсыныс........................ 2бөлім бойынша тұжырым........ |
22 22 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
23 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................ |
31 |
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Жоба кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, ата-ананың отбасылық өмірдегі рөлі мен этностық құндылықтардың оған әсері анықталды. Сонымен қатар, отбасы тұлға өмірінің ең алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде негізделді. Ата-ана отбасы арқылы қоғамның сан қырлы жақтарын игеретіндіктен этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастыратындығы айқындалды. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, шағын мемлекетті құрайды. Ата-ана қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді. Осы сатыдан өту барысында, ата-ана адамзаттың рухани қазынасы болып табылатын қасиеттерді, яғни, үлкенді сыйлауға, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке, имандылық пен парасаттылыққа тәрбиелей отырып, оның негізінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастырады. Ата-ана баласын тек тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар білім алуда, мамандық таңдауда, өмірлік ұстанымды табуда бағыт-бағдар береді және көмектеседі.
Жұмыста ата-ананың отбасылық өмірдегі рөлі, этностық құндылықтары қарастырылып, эксперимент арқылы зерттелді және психологиялық тренингтер, яғни отбасылық психотерапия кешені арқылы отбасылық дағдарыстардың алдын алуға болатындығы айқындалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда ата-ананы отбасылық өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау басты міндеттердің бірі болып табылады. Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар, ғылым мен техниканың жетістігі тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай, өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін ата-ананың психологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың рөлі ерекше.
Қазiргi кезде ата-ананың бойында
рухани-адамгершілік мәдениетiн дамытудағы
отбасының ешбiр талас
Психологиялық тұрғыда ұлттық құндылықтар арқылы ата-ананың отбасылық өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыра, сонымен қатар, демографиялық, этнопсихологиялық, әлеуметтiк, мәдени және өзге де факторларды мұқият ескере отырып, отбасы тәрбиесiн дамытудың жаңа бағытын анықтау заман талабы болып отыр. Осы орайда, басты мәселелердің бірі – ата-ананың бойында ұлттық құндылықтар негізінде отбасылық өмірге жауапкершілікпен қадам жасауды негіздеу болып отыр.
Жоғарыда айтылған өзекті мәселені шешу жолдарын iздестiру этностық құндылықтарды рухани негіздеп, оның болашақ ұрпақ тәрбиесiндегi рөлiн зерттеуде, сондай-ақ нарық жағдайындағы отбасылық құндылықтарды анықтаумен жүзеге асыруда жатыр.
Бүгінгі күні дүние жүзіндегі кез-келген халық сияқты, біздің елімізде де мәдени мұралардың құрамдас бөлiгi болып табылатын отбасы мәселесінде терең педагогикалық-психологиялық идеялар мен тәрбиелiк тәжiрибелердiң жиынтығы қалыптасуда. Отбасы тәрбиесі мен отбасылық қарым-қатынас мәселесі дүние жүзіндегі кез-келген ұлттың тұтас даму тарихы мен оның салт-дәстүрiндегi, әдет-ғұрпындағы, фольклорындағы, ән-музыкасы мен қол өнерiндегi сондай-ақ көркем шығармалары мен тарихи этнопсихологиялық материалдарында аса бай негiздерiн құрайды. Осы орайда, бұл бай тәжiрибенi игеру мен ғылыми жүйеге келтіру; отбасы тәрбиесiнде оны пайдаланудың ғылыми теориялық негiздерiн жасау; отбасы тәрбиесіндегі этнопсихология негiздерiн педагогтардың теориялық және практикалық қызметіне айналдыру; этностық құндылықтардың алғышарттарын жастарды отбасылық өмiрге дайындау процесiнде пайдалану аса маңызды.
Отбасы әлеуметтік институттардың бірі ретінде тұлғаны ең басты әлеуметтендіру ортасы болып табылады. Тұлға осы айтылған әлеуметтік ортада өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, сонымен қатар, құндылықтарын игере отырып, нені білу қажет, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар алады да, сол ортада басқалармен қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгереді. Ата-ана отбасында әртүрлі сипаттағы өмірлік төтенше жағдайлар мен ахуалдарда өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеуші ғалымдар, атап өтер болсақ, А.Г. Харчев, А.Н. Антонов, З.И. Файнбург, Д. Горборинко өзінің еңбектерінде оның маңызды функцияларының қатарына ата-ананың үгіт-насихаты мен түсіндірулері, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі хал-ахуалы деген тұжырымдар жасайды. Сонымен қатар, аталмыш ғалымдар отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеттері мен мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалай алу критерийлері қалыптаса отырып, жасаған қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не жағдайда жазаланатындығын, сондай-ақ, рухани қазына әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының
Қазіргі таңда өзекті мәселелердің
бірі ретінде отбасының құрылымы
өзгеріп, оның мүшелерінің саны азайып,
әсіресе онда бала саны да кеми түскені
анық. Әсіресе, қоғамда болып жатқан
әлеуметтік, экономикалық, мәдени және
саяси жаңғырулар мен әртүрлі
қоғамдық сипаттағы және әлемдік
деңгейдегі ақпарат алмасулар отбасы
мүшелерінің арасындағы тұлғааралық
қарым-қатынас сипатына да өз әсерін
тигізіп отырғаны белгілі. Бүгінгі
нарық жағдайында ата-аналардың
көпшілігінің жұмыс бастылығы
бала уақытының көбін енжар
Бүгінгі күні отбасы жайлы мәселелер көптеген ғылым салаларының зерттеу нысаны ретінде қарастырылып келеді. Бұл ғылыми зерттеулерде отбасы ұғымының мазмұны ашылып, оның құрылымы, функциясы, ондағы мүшелердің өзара қарым–қатынасы және оған қатысты мәселелерді шешуде көптеген тұжырымдамалар ұсынылды. Бұл ғылыми тұжырымдамалар қазіргі кезде ғылым саласында өз орнын тауып, практикаға енгізілуде.
Жоғарыда атап көрсеткендей,
тұлға дамуында отбасы
Отбасылық қатынастар бойынша зерттеулер жүргізіп, осы ұғымға анықтама ұсынушылардың бірі А.Г. Харчевтің пікірінше «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қарым-қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершілікпен, жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады».
Қазіргі кезде жаһандану мен нарық жағдайында отбасы мәселелерінің арасында ата-ана мен бала арасындағы қарым -қатынаста түсінбеушілік пен келіспеушілік жиі орын алып отырғаны белгілі. Осының салдарынан біріне –бірі түсіністікпен және кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, оларға психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындап отырғанына куә болып отырмыз. Осы орайда, қазіргі таңда отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажеттігі туындап отыр. Әсіресе осы келеңсіздіктердің алдын алу үшін ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу уақыт талабынан туындағаны сөзсіз.
Зерттеу мақсаты- ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Зерттеу обьектісі - әртүрлі этностағы ата-аналар (қазақ және орыс этностары)
Зерттеу пәні –тұлғаның ата-аналық рөлді түсінудегі этнопсихологиялық ерекшеліктерінің мазмұны.
Гипотеза: тұлғадағы ата-аналық рөлді түсіну мазмұны этнопсихологиялық фактілерге тікелей тәуелді болады (менталитет, тіл, дін, т.б.)
Зерттеудің жаңалығы.
Зерттеудің теориялық
Зерттеуде отбасында ата-ананы
этностық құндылықтар арқылы дайындау
жолдары мен тәсілдері
Ресей ғалымдары Леонтьев[1], Выготскийдың[2] іс-әрекет концепциясын негізге ала отырып, ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін қарастырдық. Ал шетел ғалымдарынан С.R. Rоgеrs[3], М.М.Бахтин [4]жұмыстарын негізге ала отырып, ғылыми жұмысымызды жаздық. Ал қазақ ғалымдарынан С.М.Жақыпов[5], С.Қ. Бердібаева[6], Н.М.Садыкова[7], Кабакова[8] зерттеулерін қарастыра отырып, ғылыми жұмыс жазу барысында пайдаландық.
Зерттеудің эксперименттік маңыздылығы.
Ата-ананы отбасылық өмірге психологиялық дайындығын анықтауда пайдаланылатын әдістемелер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп қолданылды, нәтиже көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға әкеледі. Сонымен қатар, модификацияланған сауалнамалар құрастырылды. Зерттеу көрсеткіштері мен қолданылған психокоррекциялық әдістемелер психолог әрекетінің құрылымы мен стратегияларын әсерін жоғарылатуға әкеледі. Алынған теориялық қортындылар мен практикалық нұсқауларды ата-анамен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында, психодиагностикалық және кеңес беруде қолдануға болады.
І Теориялық бөлім. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» теориялық зерттеу.
І.1 Психология ғылымындағы ата-аналық рөлді зерттеу.
Информация о работе Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктері