Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 06:31, курсовая работа

Краткое описание

Жоба кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, ата-ананың отбасылық өмірдегі рөлі мен этностық құндылықтардың оған әсері анықталды. Сонымен қатар, отбасы тұлға өмірінің ең алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде негізделді. Ата-ана отбасы арқылы қоғамның сан қырлы жақтарын игеретіндіктен этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастыратындығы айқындалды. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, шағын мемлекетті құрайды. Ата-ана қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................. 2
І Теориялық бөлім. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» теориялық зерттеу...................................................................
6
І.1 Психология ғылымындағы ата-аналық рөлді зерттеу............................ 6
І.2 Этнопсихологияда ата-ана мәселесін зерттеу.......................................... 12
1бөлім бойынша тұжырым................................................................................... 15
ІІ Практикалық зерттеу. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» эксперименттік зерттеу...........................................................
16
II.1 Зерттеу мақсаты және зерттеу әдістемелері, сыналушыларға сипаттама ..........................................................................
16
ІІ.2 Зерттеу нәтижелерін талдау.......................................................................... 20
ІІ.3 Зерттеу нәтижелері бойынша психологиялық ұсыныс..........................
2бөлім бойынша тұжырым.................................................................................. 22
22
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................... 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

ғылыми жұмыс олимпиада.docx

— 113.47 Кб (Скачать документ)

Ата-ананың отбасындағы орны мен  балаға деген қарым-қатынасындағы  рөлін этнокросс, яғни салыстырмалы түрде қарастыру да негізделген. Қазіргі таңдағы ата-аналардың  көп жағдайда балаларына дұрыс бағдар бермеуі көптеген келеңсіз жағдайларға  ұшыратады. Бұл осы заманның ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені, бала «ұяда  не көрсе, ұшқанда соны істейді». Мәселен, көптеген балалардың үйден қашуы, көптеген көкек аналардың баласын тастап кетуі ата-ананың балаға деген қарым-қатынасына немқұрайлы қарауында. Оның түбінде  ұлттың ерекшеліктері мен баланың  отбасындағы рөлі де айқындалады.

Ата-ана отбасында ең маңызды  рөл атқарады. Сондықтан да, балалардың болашақтағы жетістіктері, тәрбиесі т.с.с ерекшеліктері ата-ананың отбасындағы  рөліне байланысты. Сондай-ақ, ата-ананың отбасындағы рөлі барлық ұлтта бірдей көрінгенімен, ұлттың менталитетіне  байланысты ата-ана рөлі де әртүрлі  сипатта болады.

Біз зерттеуге қазақ және орыс ұлттарының отбасыларын таңдадық. Себебі, әр ұлтта  ата-ананың жанұядағы рөлі әртүрлі. Біз қазақ ұлтының ғана емес, орыс ұлтының да этностық ерекшеліктерін, этносаралық қарым-қатынастарын жан-жақты  қарастырдық.

 Ата-ананың  отбасындағы рөлін этностық құндылықтар арқылы анықтау мәселесінде біз әрбір ұлттың қанына сіңген  қасиеттерін басты назарға алып отырмыз. Яғни, халқымыздың өзiндiк мәдени, рухани, ұлттық салт-дәстүрлерi, жалпы алғанда этностық құндылықтары айқын қалыптаса бастаған сонау қазақ хандығы тұсындағы және русь князьдігі одан бергi дәуiрлердегi тарих беттерiнде рухани-эстетикалық тәлiм-тәрбиенiң алтын қазынасы жатыр. Осы алтын қазына негізінде ата-ананың отбасындағы рөлі бүгінгі күні қажетті де, маңызды жағдайлардың бірі болып отыр. Сонымен қатар, оны жастар тәрбиесіне пайдалануда ғылыми-теориялық тұжырымдап, эксперименттік тұрғыда зерттеу басты міндеттердің бірі.

Зерттеудің  теориялық талдауында біз отбасы, отбасылық шиеленіс, этностық құндылықтармен отбасылық қарым-қатынасты ғылыми негіздеп көрсеттік. Осы орайда, біз  өз зерттеулерімізде нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы ата-ананың отбасындағы рөлін айқындауды мақсат етіп қойдық.

Отбасы  тәрбиесінде ата-ананың мінез-құлқы, тіршілік ортасы үлкен маңызға ие. Ұрпақ адамгершілік, әдептілік, инабат үлгісін өскен ортасынан, отбасынан  алады. «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз», «Шешесін көріп қызын  ал, аяғын көріп асын іш» деген  мақалдар тегін айтылмаған. Әйелді отбасының құты деп, әспеттеп-құрметтеген. Қазақ ежелден ақылына келбеті сай аналарды ардақтап, басына көтерген, баланың ғана емес, елдің анасы болған ана-апалардың мысалы аз болмағаны да сондықтан.

Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың  алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке таңытыды. Бұл зерттеуге ата-аналарды таңдағанымыздың да басты себебі осы болып табылады.

Ата-аналық кезең өмірде ең маңызды  болып саналады. Ата-аналық кезеңде  баланы тәрбиелеу, отбасылық өмірдегі өз рөлін анықтау, ерлі-зайыптылар арасындағы түсінбестікті болдырмау т.с.с  өмірдің маңызды феномендері  болып саналады.

Бұл зерттеу барысында «Отбасылық  қобалжуды  анықтау» сауалнамалары жүргізілді.

  1. «Отбасылық  қобалжуды  анықтау» сауалнамасы авторы Э.Г.Эйдемиллер және В.Юстицкис (2000) [43] Әдістеменің мақсаты:  Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау.

Кез-келген ата-аналық міндет қай ұлтта  болмасын белгілі бір ерекшеліктер арқылы жүзеге асырылады. Ата-ана мен бала қарым-қатынасының этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттей отыра, біз алдымен олардың отбасылық жағдайындағы өздерінің қалай ұстауын анықтап алғанымыз абзал. Соның барысында, отбасылық қобалжуды анықтау ата-аналар арасындағы белгілі бір көрсеткіштерін байқауға болады. Ол ұлттың ерекшелігіне байланысты этнопсихологиялық тұрғыда сан түрлі бейнеде ерекшеленеді. Мысалы, айта кететін болсақ, қазақ келіндері мен орыс келіндерінің үйінде атқаратын міндеттері де әрқалай болып табылады. Міндеттері әртүрлі болғандықтан ата-ананың отбасындағы рөлі қазақ және орыс ұлттарында әртүрлі болады.

Зерттеудегі сыналушылар респондент ретінде өздерін белсенді көрсетті. Экспериментке Алматы қаласында  тұратын 15 қазақ және 15 орыс отбасылары қатысты. Жалпы қатысушылар саны  N=60. Сыналушылардың орта жасы 20-30жас аралығындағы 5қазақ, 5орыс отбасылары; 30-50жас аралығындағы 5қазақ, 5орыс отбасылары; 50-70жас аралығындағы 5қазақ, 5орыс отбасылары.

20-30жас аралығындағы сыналушыларға  сипаттама:

  1. Елубаев Еркебұлан Қырықбайұлы-«МетроАлматы» қызметкері; Құжманова Дария Оразбекқызы-жұмыссыз;

Отбасындағы балалар саны-2;

  1. Өтеген Арман Ержанұлы- ҚазҰМУ 3курс студенті;

Қаныбекова Айдана Дүйсенбайқызы-ҚазҰУ 2курс студенті; Отбасындағы балалар саны-1;

  1. Ахметов Дәурен Алиұлы-№178мектеп-лицейінің мұғалімі;

Ахметова Жамиля Ержанқызы-«Мега»сауда  орталығында консультант-саудагер;

Отбасындағы балалар саны-2;

  1. Беккулов Талгат Сатыбалдыұлы-кәсіпкер;

Беккулова Айгуль Бахтиярқызы-жұмыссыз;

Отбасындағы балалар саны-3;

  1. Асқаров Асылхан Сражұлы-мал шаруашылығы;

Сапарова Мейрамкүл Жеңісқызы-жұмыссыз;

Отбасындағы балалар саны-3;

  1. Медведев Сергей Николаевич-электрик;

Новикова Любовь Ивановна-парикмахер-стилист;

Отбасындағы балалар саны-2;

  1. Кукушкин Владимир Кузминович-программист;

Кукушкина Светлана Викторовна-медбике;

Отбысындағы балалар саны-1;

  1. Сергеев Илья Степанович-машинист;

Сергеева Лиза Артемовна-жұмыссыз;

Отбасындағы балалар саны-3;

  1. Гагарин Юрий Симонович-күзетші;

Шолохова Юлия Ивановна-аспазшы;

Отбасындағы балалар саны-1

  1. Держинский Никита Владимирович-камаз жүргізушісі;

Держинская Любовь Алексеевна-банк қызметкері;

Отбасындағы балалар саны-3;

30-50жас аралығындағы сыналушыларға  сипаттама:

    1. Асқаров Әділхан Сражұлы-МАИ қызметкері;

Асқарова Айнаш Ерболқызы-№141 мектеп мұғалімі;

Отбасындағы балалар саны-3;

    1. Асқаров Абылай Сражұлы-кәсіпкер;

Ерходжаева Жамиля Есжанқызы-жұмыссыз;

Отбасындағы балалар саны-4;

    1. Қожақұлов Нұрлан Таңбайұлы-жұмыссыз;

Қожақұлова Дилбар Алиевна-саудагер;

Отбасындағы балалар саны-4;

    1. Мухаммедов Қадыр Өтегенұлы-кәсіпкер;

Умирова Гулмира Оралқызы-жұмыссыз;

Отбасындағы балалар саны-3;

    1. Ахметов Сейтқазы Сейдехалиұлы-стоматолог;

Ахметова Айман Сауранбайқызы-медбике;

Отбасындағы балалар саны-4;

    1. Куспанов Дмитрий Вадимович-№15 гимназияда мұғалім;

Шершнева Юлия Александровна-медбике;

Отбасындағы балалар саны-4;

    1. Петров Андрей Яковлевич-заңгер;

Семенова Валерия Павловна-менеджер;

Отбасындағы балалар саны-2;

    1. Коралев Вадим Иванович-аула сыпырушы;

Королева Кристина Владимировна-аспазшы;

Отбасындағы балалар саны-2;

    1. Шашкин Лев Львович-әскери қызметкер;

Андреева Виктория Ивановна-жұмыссыз;

Отбасындағы балалар саны-3;

    1. Андреев Михаил Михаилович-экономист;

Елисеева Елена Борисовна-№48 мектеп мұғалім;

Отбасындағы балалар саны-2;

50-70жас аралығындағы сыналушыларға  сипаттама:

    1. Шыназов Есжан Ерходжаұлы-діни қызметкер;

Шыназова Гүлзада Ерланқызы-жұмыссыз;

Отбасындағы балалар саны-9;

    1. Шегебаев Марат Ахабайұлы-құрылысшы;

Асқарова Айша Сражқызы-№2 мектеп-интернатының тәрбиешісі;

Отбасындағы балалар саны-4;

    1. Уалиев Жаңбырбай Жұматайұлы-электрик;

Уалиева Ұлбала Серікқызы-жұмыссыз;

    1. Ешмұратов Мұрат Жақсылықұлы-зейнеткер;

Ахметова Разгуль Серикқызы-саудагер;

Отбасындағы балалар саны-6;

    1. Бестибеков Сакен Аханұлы-экономист;

Бестибекова Бейсенкул Аманқызы-профессор;

Отбасындағы балалар саны-3;

    1. Крайний Николай Сергеевич-зейнеткер;

Пушкина Юлия Максимовна-зейнеткер;

Отбасындағы балалар саны-4;

    1. Аушов Никита Юриевич-зейнеткер;

Аушова Наталья Ивановна-зейнеткер;

Отбасындағы балалар саны-3;

    1. Пугачева Ирина Ивановна-зейнеткер;

Киркоров Семен Владимирович-зейнеткер;

Отбасындағы балалар саны-2

    1. Толстой Иван Сергеевич-бухгалтер;

Андреева Маргарита Николаевна-гинеколог;

Отбасындағы балалар саны-3;

    1. Пьеха Вадим Саломонович-МАИ қызметкері;

Стефаненко Анна Борсиовна-зейнеткер;

Отбасындағы балалар саны-2;

 

ІІ.2  Зерттеу нәтижелерін  талдау.

Эксперимент барысына сипаттама беріп, осы бөлімде  жүргізілген  зерттеулерге талдау жасауға  көшеміз.

Эксперимент жүргізу жоспарлы түрде жүргізілді. Эксперименттік алаңға Алматы қаласының орыс және қазақ отбасылары алынды. Экспериментке қатысушы респонденттерге әртүрлі жастағы орыс және қазақ ұлттарының отбасылары (30 қатысушы) таңдалды. Респонденттер жоғары белсенділікпен қатысты. Оларға моральдық-психологиялық жағдайлар жасалды. Эксперимент тапсырмалары мен материалдары жеке таратылды. Нұсқау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Келесі  кезекте біз әрбір психодиагностикалық  зерттеулерге талдау жасаймыз.

 «Отбасылық қобалжуды анықтау»   сауалнамасы пайдаланылды. Бұл әдістеменің авторы Э.Г.Эйдемеллер және В.Юстицкис (2000). Пайдаланылған әдістеменің мақсаты:  индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау болып табылады. «Отбасылық қобалжу»сауалнамасы 21сұрақтан тұрады. Бұл әдістемеден біз отбасына деген қатынасын, ол туралы әсерлерін анықтай аламыз. Сонымен қатар, болашақтағы отбасындағы мүмкін жағдайлардың алдын алу мақсатында мәліметтер алынады. Біздің қозғап отырған «Отбасылық қобалжу» деген ұғымда отбасының  бір мүшесі үшін, қалған мүшесі бейсанада қобалжитыны белгілі.  Қалай жауап берді

             

 Орыс және қазақ ұлттарының отбасылық қобалжу көрсеткіштері (N-60)

1-кесте.

 

Нәтиже көрсеткіштері

Орыс ұлты

Қазақ ұлты

1

Суб шкала В

47%

53%

2

Суб шкала Т

39%

35%

3

Суб шкала Н

20%

22%

Информация о работе Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктері