Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:35, реферат
Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.
2. Денсаулық
сақтау саласында басқару
Тұтас алғанда, денсаулық сақтауды басқару
органдарының атқарушы функцияларын,
олардың бөлiгiн медициналық қызметтердi
мемлекеттiк өнiм берушiлердiң дербестiгiн
көтере отырып мемлекеттiк, мемлекеттiк
емес және қоғамдық ұйымдарға кезең-кезеңмен
бере отырып, орталықсыздандыру стратегиясы
жалғасатын болады. Бiр уақытта кейбiр
функцияны: мемлекет кепiлдiк берген медициналық
көмектi қаржыландыруды, дәрiлiк заттармен
қамтамасыз етудi, денсаулық сақтау саласында
бақылауды орталықтандыру қамтамасыз
етiлетiн болады.
Кәсiби менеджерлер институтын және қазiргi
заманғы басқару технологияларын қоса
алғанда, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың
транспаренттiк нысандарын кезең-кезеңмен
енгiзу жалғасады. Сонымен қатар мемлекеттiк
басқару, стратегиялық жоспарлау, менеджмент
және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерi
бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттiк
басқару органдарының қызметкерлерiн
мiндеттi түрде оқытуды қамтитын, денсаулық
сақтау ресурстарын пайдаланудың қазiргi
заманғы және тиiмдi әдiстемелерiне ерекше
назар аударылатын болады.
Саланың экономикалық тиiмдiлiгiн бағалау
жүйесiн құру мақсатында практикаға енгiзу
үшiн қазiргi заманғы халықаралық әдiснамалық
тәсiлдердiң негiзiнде денсаулық сақтау
жүйесiнiң қазiргi заманғы жағдайына зерделеу
және талдау жүргiзiледi.
Денсаулық сақтаудың, мемлекеттiк және
жеке инвесторлардың арасындағы тәуекелдi
бөлудiң, өзара тәжiрибе алмасу негiзiнде,
халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн
қазiргi заманғы технологияларды енгiзудiң
тиiмдiлiгiн арттыру үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк
бюджетке жүктеменi азайту үшiн жеке компанияларды
мемлекеттiк және ведомстволық медициналық
объектiлердi басқаруға тарту және жекеменшiк
секторды дамыту жоспарланып отыр.
Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк, объектiлердi,
жабдықтарды жалға және жеке компанияларға
сенiмгерлiк басқаруға беру кеңiнен пайдаланылатын
болады. Әкiмшiлiк кедергiлер жойылады,
корпоративтiк медициналық ұйымдар мен
қызметтерге қолдау көрсетiлiп, ынталандырылады.
Денсаулық сақтау саласында мемлекеттiк
кәсiпорындар қызметiнiң ашықтығын көтеру
үшiн корпоративтiк басқарудың элементтерiн
енгiзудi көздейтiн нормативтiк құқықтық
базаны жетiлдiру жалғастырылады. Саланың
адами әлеуетiн басқаруды жетiлдiру мақсатында
Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын
дамыту тұжырымдамасы әзiрленедi, халыққа
психологиялық-әлеуметтiк көмек көрсету
үшiн медициналық бiлiмi жоқ мамандарды
жүйелi түрде тарту басталды.
Кадрларды бекiту үшiн, әсiресе ауылдық
жерлерде орналасқан денсаулық сақтау
ұйымдарында, денсаулық сақтау мамандарын
даярлауға, оның iшiнде жеке инвестициялар
мен демеушi қаражатын тарту жолымен келiсiмдердiң
негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдардың
мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру
практикасы жалғастырылады.
Медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
жүйесi жетiлдiрiледi. Бiрақ, материалдық
факторлармен қатар, құрметтеудiң, өзiн-өзi
құрметтеудiң және қадiрлеудiң үлкен уәждi
рол атқаратындығына байланысты, қоғамда
медицина қызметкерлерiнiң әлеуметтiк
мәртебесi мен беделiн өсiруге ерекше көңiл
бөлiнетiн болады.
Осылайша, Бағдарламаның шеңберiнде мыналар
жоспарланып отыр:
1) стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың,
бюджеттеудiң халықаралық стандарттары
мен қағидаттарын енгiзу:
тәуекелдi болжау, бағалау және басқару
жүйесiн енгiзу;
басқарушылық шешiмдердi қабылдаудың
ақпараттық жүйесiн құру және енгiзу;
медициналық ұйымдарға корпоративтiк
басқару қағидаттарын, оның iшiнде оларға
байқау кеңестерiн енгiзу арқылы енгiзу;
денсаулық сақтау жүйесi қызметiн экономикалық
тұрғыдан талдау әдiстемесiн енгiзу (саланың
тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн құру);
денсаулық сақтау менеджерлерi институтын
енгiзу;
басқарушылық шешiмдердi қабылдаудың
сапасын үздiксiз арттыру қағидаттарын
енгiзуге негiзделген бақылау жүйесiне
(СQI - РDСА) өту;
2) басқарудың ресурс үнемдеушi технологияларын
әзiрлеу және енгiзу:
аурухананы басқару саласындағы технологиялар
трансфертi;
төсек қорын оңтайландыру, БМСК қызметiн
одан әрi дамыту үшiн ресурстарды қайта
бөлу;
амбулаториялық-емханалық деңгейде стационарды
алмастыратын диагностикалық технологияларды
енгiзу есебiнен және кезең-кезеңмен қалпына
келтiру емiн ұйымдастыру есебiнен (патронаж
қызметi, емдеудi аяқтау және медициналық
оңалту жүйесi) стационардағы төсек жұмысының
қарқынын арттыру;
стационарлық көмек көрсететiн медицина
ұйымдары жұмысының негiзгi көрсеткiштерiн
(төсек айналымы, ауруханада болудың орташа
ұзақтығы және т.б.) тиiмдiлiктiң халықаралық
стандарттарына сәйкес келтiру;
денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық
жабдықтардың мониторингi, жабдықтардың
техникалық жай-күйiнiң және оны тиiмдi
пайдаланудың мониторингi жүйесiн, оның
iшiнде қымбат тұратын жабдықтарды пайдалануды
есептеу жүйесiн жетiлдiру;
жеткiзудi басқару жүйесiн енгiзу;
есепке алынатын ақпараттың толық және
өзектi болуын тексеру үшiн есепке алу-есеп
беру құжаттамасының үлгiлерiн қайта қарау,
есептiлiктiң қайталануын болдырмау;
медициналық қызметтердi статистикалық
есепке алудың және дербестендiрiлген
есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн
енгiзу есебiнен медициналық ұйымдарда
қағаз түрiндегi құжат айналымын азайту;
медициналық ақпаратты енгiзу жүйесiн
оңтайландыру (бастапқы мәлiметтердi енгiзу
уақытын қысқарту, шаблондарды енгiзу,
бiлiм беру тренингтерiн қамтамасыз ету).
3) денсаулық сақтау ұйымдары қызметiнiң
тиiмдiлiгiн арттыру:
- денсаулық сақтау ұйымдарының автономиялығын
және дербестiгiн арттыру:
медициналық ұйымдарды акционерлiк қоғамдар
мен шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындарға
кезең-кезеңмен ауыстыруды жалғастыру,
оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарында
қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын
кезең-кезеңмен енгiзу;
мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарына
басқарушылық шешiмдер қабылдауда барынша
дербестiк беру;
денсаулық сақтау субъектiлерi арасында
функциялар мен өкiлеттiктердiң аражiгiн
ұтымды ажырату;
денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамсыздандыру
ұйымдарының арсында өзара iс-қимыл алгоритмiн
әзiрлеу;
науқасты қараудың барлық кезеңiнде сабақтастықты
(медициналық қызмет көрсетудiң кезеңдiлiгi)
қамтамасыз ету;
- жекеменшiк секторды дамытуды ынталандыру:
денсаулық сақтау саласында жекеменшiк
секторды дамыту үшiн тиiстi нормативтiк
және әдiснамалық базаны жоспарлы түрде
жетiлдiру;
артық әкiмшiлiк кедергiлердi жою;
ТМККК көрсетуге мүдделi бағдарланған
корпоративтiк медициналық желiлер мен
ұйымдарды қолдау мен дамытудың, аурулардың
профилактикасының мемлекеттiк бағдарламаларын
iске асырудың және халықтың саламатты
өмiр салтын нығайтудың тетiктерiн әзiрлеу
және енгiзу, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырысты
орындауға медициналық қызметтердi, ұсынушы
жекеменшiк өнiм берушiлердi тарту бойынша
шаралар қабылдау;
негiзгi құралдарды (ғимараттар, жабдықтар)
сенiмгерлiк басқаруға және жекеменшiк
медицина ұйымдарына ұзақ мерзiмдi жалға
берудi қамтитын денсаулық сақтаудағы
мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк бағдарламасын
кезең-кезеңмен iске асыру;
- денсаулық сақтау ұйымдарында кадр саясатын
жетiлдiру:
денсаулық сақтау жүйесiнiң кадр әлеуетiн
дамытуды жоспарлауды және оны пайдаланудың
тиiмдiлiгiн арттыру тетiктерiн қамтитын
Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын
дамыту тұжырымдамасын әзiрлеу;
денсаулық сақтау мамандарын даярлауға
жергiлiктi атқарушы органдардың мақсатты
тапсырыстарын қалыптастыру практикасын
кеңейту;
денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруға
экономикалық бiлiмi бар менеджерлердi
тарту және оларды денсаулық сақтаудағы
менеджментке оқыту жөнiндегi нормативтiк
базаны қамтамасыз ету және құру;
медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
жүйесiн жетiлдiру;
медицина қызметкерлерiнiң әлеуметтiк
мәртебесiн және кәсiбiнiң беделiн, оның
iшiнде дәрiгерлердiң кәсiби қызметiн қолдау
және жарыққа шығаруда бұқаралық ақпараттық
науқандар жолымен арттыру;
кәсiби бедел мен кәсiби бәсеке институттарын
дамытуды қоса алғанда, дәрiгерлердi кәсiби
дамытудың республикалық және өңiрлiк
бағдарламаларын әзiрлеу;
медицина қызметкерлерiнiң кәсiби бiрлестiктерiнiң
(кәсiби ҮЕҰ) рөлiн арттыру және қолдау;
медицина қызметкерлерiне арналған әлеуметтiк
пакет жасауды қамтитын оларды әлеуметтiк
қорғау жөнiндегi тетiктердi әзiрлеу және
енгiзу;
карантиндiк және аса қауiптi инфекциялар
таралу қаупi болғанда медицина қызметкерлерi
үшiн профилактикалық iс-шаралар жүйесiн
әзiрлеу және енгiзу;
- денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды
дамыту:
денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық
жүйесiн одан әрi жетiлдiру және енгiзу;
ДБАЖ-да клиникалық алгоритмдер, хаттамалар
және басқа да стандарттарды iске асыру.
Сонымен бiрге мынадай мәселелер қаралатын
болады:
әлеуметтiк мәнi бар аурулардың тiркелiмдерiн
қалыптастыру;
шалғай ауылдық елдi мекендер үшiн инфрақұрылымды,
коммуникация мен бағдарламалық шешiмдердi
құру, аудандық орталықтан шалғай жерлердегi
ауылдық медицина қызметкерлерiнiң ақпараттық
денсаулық сақтау ресурсына қолжетiмдiлiгiн
қамтамасыз ету;
жедел жәрдем бригадаларын GРS-навигациясы
бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру,
жедел медициналық жәрдем бригадаларының
денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстарына
қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
қан қызметiнiң ақпараттық жүйесiн құру;
ұлттық телемедицина желiсiн кеңейту.
3. Денсаулық сақтауды
қаржыландыруды жетiлдiру.
Қаржыландыруды жетiлдiру мақсатында
өңiрлер арасында ТМККК шеңберiнде БМСК-қа
шығыстардың айырмасын кезең-кезеңмен
азайта отырып, денсаулық сақтауға шығыстар
ұлғаятын болады, сондай-ақ БМСК-та қосымша
құрамдауыштармен тариф және iшiнара қор
ұстау енгiзiледi.
ТМККК-ны жетiлдiру оны нақтылау және оңтайландыру
(объективтi өлшемдер негiзiнде) және БМСК
көлемдерiн ұлғайту жағына қарай қаржыландыруды
медициналық көмек көрсету деңгейлерi
арасында қайта бөлу және мамандандырылған
көмектiк көлемiн оңтайландыру жолымен
iске асырылады. Сонымен қатар ТМККК шеңберiнде
ұсынылатын медициналық қызметтер мен
дәрiлiк заттардың тiзбесiн кезең-кезеңмен
кеңейту жоспарланып отыр.
Медициналық-экономикалық тарифтердi
одан әрi жетiлдiру медициналық жабдықты
сатып алуға шығыстарды қосуды көздейдi,
бұл нақты келген шығындарға төлем жүргiзуге,
негiзгi қаражатты пайдалану тиiмдiлiгiн
және медициналық қызметтердi көрсету
үдерiсiнiң ашықтығын жоғарылатуға мүмкiндiк
бередi.
Азаматтардың өз денсаулығы үшiн жауапкершiлiгiн
арттыру және ТМККК-ге кiретiн қызметтерге
заңсыз төлемдер мен сыйақылардың көлемiн
төмендету мақсатында медициналық қызметтердiң
кейбiр түрлерiнiң (ТМККК-ге кiретiн) құнын
қосымша төлеу тетiктерiн жасау және енгiзу
(2015 жылы) жоспарлануда.
Авариялық және бейiмделген үй-жайларда,
әсiресе ауылда орналасқан денсаулық сақтау
объектiлерiн қайта жаңарту үшiн мақсатты
қаржы салуға үлкен мән берiледi. Дүниежүзiлiк
Банкпен бiрлескен «Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау секторында технологияларды
беру және институционалдық реформа жүргiзу»
жобасын одан әрi iске асыру шеңберiнде
денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту
мақсатында инвестициялық саясат жетiлдiрiледi,
бiрiншi кезекте ауылдық жерлерде денсаулық
сақтау инфроқұрылымын регламенттейтiн
ұлттық стандарттар әзiрленедi.
Қаржыландыруды жетiлдiру мынадай бағыттар
бойынша iске асырылады:
1) тариф саясатын және қаржыландыру тетiктерiн
жетiлдiру:
ТМККК шеңберiнде медициналық қызмет
көрсетуге медициналық жабдықты сатып
алуға арналған шығыстар тарифiне енгiзе
отырып, медициналық-экономикалық тарифтердi
одан әрi жетiлдiру;
iшiнара қор ұстауды және БМСК тарифiне
қосымша құрамдауыш енгiзу;
қаржы ағынын стационарлық көмекке жұмсалатын
шығыстарды қысқартуға және БМСК қызметi
мен аурулар профилактикасына жұмсалатын
шығыстарды ұлғайтуға қайта бөлу тетiктерiн
әзiрлеу;
медициналық ұйымдардың ТМККК-ге мемлекеттiк
бюджеттен бөлiнетiн қаражатты жұмсауының
ашықтығын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
жүйесiн жетiлдiру;
ақшалай қаражаттың ағынын жинаудың,
тiзiмдемеге енгiзудiң, бағалаудың қатаң
тәртiбiн қамтамасыз ету;
медициналық ұйымдар түрлi көздер есебiнен
алатын, оның iшiнде ақылы негiзде медициналық
қызмет көрсеткенi үшiн алатын қаражатты
есепке алу жүйесiн жетiлдiру;
медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң
түпкiлiктi нәтижеге бағдарланған сараланған
жүйесiн жетiлдiру;
2) азаматтардың ортақ жауапкершiлiгiн
арттыру және медициналық сақтандыруды
одан әрi дамыту:
ТМККК-нiң қолданыстағы жүйесiмен қатар
қоса төлеу тетiктерiн әзiрлеу және енгiзу;
шетел азаматтарын медициналық сақтандыруды
енгiзу;
ТМККК-ден тыс қызмет алуға ерiктi медициналық
сақтандыруды дамыту;
3) денсаулық сақтаудың инвестициялық
саясатын жетiлдiру:
материалдық-техникалық базаны теңестiру
және нығайту қағидатын iске асыру үшiн
бiрiншi кезекте, амбулаториялық қызмет
қуаты жеткiлiксiз өңiрлерге бағытталған
инвестицияларды жоспарлаудың ғылыми-негiзделген
жүйесiн әзiрлеу;
саланың басым бағыттары бойынша денсаулық
сақтауға салынған салымның мониторингi
мен тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн енгiзу;
Денсаулық сақтау саласына инвестициялар
тарту тетiктерiн әзiрлеу және енгiзу:
- мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктi
дамыту;
- заңнамада белгiленген тәртiппен медициналық
техниканы жеткiзудiң лизингтiк сызбаларын
пайдалану жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
- шетелдiк инвестицияларды тарту.
4. Медициналық
қызметтердiң қауiпсiздiгi мен
Медициналық көмектiң сапасы мен қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету үшiн диагностикалық, емдiк,
оңалту және профилактикалық қызметтердi
ұйымдастыру мен көрсетудiң қазiргi заманғы
технологиялары енгiзiледi, олардың тиiмдiлiгi
мен қауiпсiздiгi (нақты ауруларда немесе
патологиялық жағдайларда) дәлелдеу медицинасының
қағидаттарымен расталады. Медициналық
ұйымның деңгейiнде сапаны басқару жүйесi
(iшкi аудит) жетiлдiрiледi және клиникалық
практиканың сапасын арттыру, медициналық
технологияларды бағалау (стандарттау,
дәлелдеу медицинасының қағидаттарын
енгiзу негiзiнде) жүйесiн енгiзу, сервистi
дамыту және бағдарланған технологиялар-пациент
бойынша жұмыс жалғасатын болады. Медициналық
көмек сапасының сыртқы аудитi жетiлдiрiледi.
Қазiргi заманғы сапаны басқару технологияларын
енгiзудiң қисынды жалғасы денсаулық сақтау
субъектiлерiн аккредиттеу жалғастырылады.
Медициналық ұйымдарды аккредиттеу ұлттық
стандарттар негiзiнде, ал кейiннен халықаралық
стандарттар негiзiнде жүзеге асырылатын
болады.
Бұдан басқа медициналық көмек сапасының
халықаралық және ұлттық стандарттарын
сақтауды қамтамасыз ететiн және пациенттер
мен медицина қызметкерлерiнiң құқықтарын
регламенттейтiн нормативтiк құқықтық
актiлер жетiлдiрiлетiн болады.
1) Медициналық қызметтердiң сапасын және
қауiпсiздiгiн басқару тетiктерiн жетiлдiру:
денсаулық сақтаудың ұлттық стандарттарын
әзiрлеу және енгiзу;
сапаны үздiксiз жақсарту қағидаттарына
негiзделген, медициналық қызметтердiң
сапасын басқарудың ауруханаiшiлiк жүйесiн
(СQI) енгiзу;
клиникалық нұсқауларды, диагностикалау
мен емдеу хаттамаларын жетiлдiру, оларды
қолдану тиiмдiлiгiнiң мониторингi жүйесiн
енгiзу;
халықаралық қағидаттарға негiзделген
медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеудi
дамыту;
халыққа денсаулық сақтау ұйымы қызметiнiң
тиiмдiлiгi туралы ақпарат беру жүйесiн
әзiрлеу және енгiзу;
пациенттер мен қоғамдастықтың әлеуетiн
арттыру және жалпы денсаулық сақтау қызметтерiнiң
сапасын жақсарту процесiне қатысуын көтермелеу;
денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiн
iшкi және сыртқы аудит нәтижелерi негiзiнде
рейтингтiк бағалау жүйесiн әзiрлеу;
аккредиттелген тәуелсiз сарапшыларды
даярлау жүйесiн жетiлдiру.
2) Пациенттердiң құқықтарын қорғау институтын,
медициналық этиканы және деонтологияны
дамыту:
барлық деңгейлерде халықаралық этика
қағидаттарын енгiзу және этика комитеттерiн
құру;
пациенттер мен медицина қызметкерлерiнiң
құқығы мен мiндеттерiн регламенттейтiн
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
дәрiгер қателiктерiн олардың жiктегiшiмен
және пациенттердiң денсаулығына зиян
келтiрудiң ауырлық деңгейiмен дербестендiру
жүйесiн құру және енгiзу;
пациенттердiң құқықтарын регламенттейтiн
ақпаратқа қол жеткiзудi арттыру;
ТМККК шеңберiндегi қызметтер тiзбесiн
қосқанда, отандық медицина ұсынатын әртүрлi
ауруларды емдеудiң, профилактиканың тиiмдi
әдiстерi туралы халықты ақпараттандыру.
5.5. Медициналық, фармацевтикалық
бiлiм берудi жетiлдiру, медицинада
инновациялық технологияларды
Бағдарлама шеңберiнде дипломға дейiнгi, дипломнан кейiнгi бiлiм беру және денсаулық сақтау кадрларын үздiксiз кәсiби дамыту жүйесiн жетiлдiру, сондай-ақ ғылымды одан әрi дамыту және денсаулық сақтаудағы инновациялық технологияларды енгiзу жоспарланып отыр. «Назарбаев университетi» базасындағы Медициналық мектепте дәрiгерлердi даярлау Америка моделi бойынша жүргiзiлетiн болады. Кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесiмен салыстырғанда, бұл модель шеңберiнде Рremed мiндеттi кәсiпке дейiнгi даярлық болуы, Медициналық мектепке түсу үшiн арнайы iрiктеу рәсiмi, сондай-ақ қорытынды аттестаттау алу үшiн тәуелсiз емтихан тапсыру көзделген.
Мақсаты:
денсаулық сақтау саласының
Негiзгi мiндеттерi:
1) денсаулық сақтау кадрларына
дипломға дейiнгi, дипломнан кейiнгi бiлiм
беру және оларды үздiксiз кәсiптiк дамыту
жүйесiн жетiлдiру.
2) ғылымды одан әрi дамыту және денсаулық
сақтау саласына инновациялық технологияларды
енгiзу.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
халықаралық басылымдарда жарияланымдардың
үлесiн 2013 жылға қарай 10 %-ға дейiн, 2015 жылға
қарай 12 %-ға дейiн (2009 ж. - 6%) ұлғайту;
барлық медициналық ЖОО-ларды 2015 жылға
қарай аккредиттеу.
Қол жеткiзу жолдары
және тиiстi шаралар
1. Денсаулық сақтау кадрларына дипломға
дейiнгi, дипломнан кейiнгi бiлiм беру және
оларды үздiксiз кәсiптiк дамытуды жетiлдiру
аясында мынадай жұмыстар жоспарланып
отыр:
1) денсаулық сақтау кадрларын даярлау
жүйесiн басқару мен қаржыландырудың жаңа
қағидаттарын енгiзу:
денсаулық сақтау кадрларын даярлауды,
қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды
ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесiн
өңiрлiк қажеттiлiк негiзiнде жетiлдiру;
медициналық ЖОО-лардың, колледждердiң
бiтiрушi түлектерiнiң және денсаулық сақтау
саласының практикадағы қызметкерлерiнiң
бiлiмдерiн және дағдыларын тәуелсiз бағалау
институтын енгiзу.
2) Материалдық-техникалық базаны жаңғырту:
студенттер жатақханаларын салу;
медициналық ЖОО-лардың оқу-клиникалық
орталықтарын және зертханаларын халықаралық
стандарттарға сәйкес қазiргi заманғы
жабдықтармен толық жарақтандыру;
3) медициналық және фармацевтикалық бiлiм
беру жүйесiн жетiлдiру:
Қазақстан Республикасының медициналық
және фармацевтикалық бiлiм беру жүйесiн
одан әрi дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған
тұжырымдамасын әзiрлеу және iске асыру;
дәрiгерлердi халықаралық озық стандарттарға
сәйкес «Назарбаев университетi» базасында
даярлаудың инновациялық жүйесiн енгiзу;
шетелдiк аккредиттеу ұйымдарының қатысуымен
медициналық ЖОО-ларды аккредиттеу;
шетелдiк үздiк тәжiрибелердi ескере отырып,
медициналық бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын
жетiлдiру;
инновациялық бiлiм беру технологияларын
енгiзу, профессорлар мен оқытушылар құрамының
әлеуетiн көтеру, шетелдiк үздiк тәжiрибенi
тарту;
медицина қызметкерлерiнiң үздiксiз кәсiптiк
бiлiм беру және дамыту жүйесiн жетiлдiру.
2. Ғылымды одан әрi дамыту
және денсаулық сақтау
1) медицина ғылымын басқарудың және қаржыландырудың
жаңа қағидаттарын енгiзу:
мультиорталық зерттеулерiн, оның iшiнде
жетекшi әлемдiк ғылыми орталықтармен
дамыту;
денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулердi қаржыландырудың
гранттық жүйесiн дамыту;
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми
зерттеулердiң нәтижелерiн бағалаудың
халықаралық индикаторларын енгiзу;
2) медицина ғылымының инфрақұрылымын
жаңғырту:
Астана қаласында регенеративтiк медицина,
молекулалық биология және жасуша технологиялары
орталықтары бар «Өмiр туралы ғылыми орталық»
ғылыми-зерттеу кешенiн құру;
әлемдiк үздiк стандарттарға сәйкес келетiн
жабдықтармен жарақтандырылған ұжымдық
пайдаланылатын 2 ғылыми орталық құру;
ЖОО ғылымының деңгейi мен сапасын арттыру;
денсаулық сақтау саласында жоғары бiлiктi
ғылыми кадрларды даярлау, оның iшiнде
РҺD магистратура және докторантура шеңберiнде
ғылыми-педагог кадрларды даярлау бағдарламаларын
жетiлдiру;
әлемге танылған ғалымдарды шақыра отырып,
жас және перспективалы ғалымдардың шетелде
тағылымдамаларын ұйымдастыру.
5.6. Дәрiлiк заттардың халық үшiн
қолжетiмдiлiгiн және сапасын
Дәрiлiк заттардың қолжетiмдiлiгi
мен сапасын арттыру мақсатында пациенттерге
дәрiхана мен дәрiлiк затты таңдау құқығын
беру арқылы халықты амбулаториялық дәрi-дәрмекпен
қамтамасыз етудi реформалау жүргiзiлетiн
болады.
Бұл тетiк фармацевтика нарығындағы субъектiлердiң,
оның iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
көпшiлiгiн амбулаториялық дәрi-дәрмекпен
қамтамасыз етуге қатысуға тарту жолымен
халыққа дәрiлiк заттардың нақты қолжетiмдiлiгiн
жақсартуға мүмкiндiк бередi.
Жоспарланып отырған iс-шаралар бүкiл
халықтың сапалы дәрiлiк заттарға тең қол
жеткiзуiн қамтамасыз етедi, қаржы ресурстарын
ұтымды пайдалануға мүмкiндiк бередi, дәрiлiк
заттар бағасының жыл сайынғы өсуiн төмендетедi,
тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген
көлемiнiң шеңберiнде сатып алынатын дәрiлiк
заттардың көлемi мен тiзбесiн кеңейтедi
және отандық фармацевтика өнеркәсiбiн
дамыту үшiн жағдай жасайды.
Мақсаты: халықты сапалы, тиiмдi, қауiпсiз дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету, олардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң шеңберiнде қолжетiмдiлiгiн ұлғайту.
Негiзгi мiндеттер:
1) халықты сапалы дәрiлiк заттармен қамтамасыз
ету жүйесiн жетiлдiру;
2) денсаулық сақтау ұйымдарын қазiргi
заманғы медициналық техникамен жарақтандыру
және олардың сервистiк қызмет көрсету
жүйесiн қалыптастыру;
3) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың және медициналық техниканың
айналысы саласында сапаны бақылау жүйесiн
жетiлдiру.